Сіз мындасыз:

Қытайда Қазақ хандығының тарихына қатысты жиын өтті
Қытайда Қазақ хандығының тарихына қатысты жиын өтті

Халықаралық Түркі академиясы (ITA) Қытай астанасы Бейжіңде биыл құрылғанына 550 жыл толатын Қазақ хандығының тарихына қатысты ғылыми жиын өткізді, деп хабарлайды Қазақия.

«Шараны академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі биыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтетінін атап айтты», делінген академияның баспасөз қызметі таратқан ақпар хатта.

Қазақ тарихы, оның ішінде Қазақ хандығының мемлекеттік негіздері туралы жан-жақты мағлұматтар берілген алқалы жиынға қытай ғалымдары қызығушық танытқан. Әсіресе Халықаралық Түркі академиясының ғалымы, профессор Бақыт Еженханұлының Қазақ хандығының тарихы туралы қытай-мәнжу мұрағат құжаттарына сүйеніп жасаған баяндамасын ықыласпен тыңдады. Ол Қазақ хандығына қатысты ғылыми негіздегі жаңа деректер ұсынды.

Қытай Қоғамдық ғылым академиясы Әлеуметтік зерттеулер институтының директоры, профессор Сун Чжунчжи, Бүкілқытайлық этникалық аз ұлттар тарихын зерттеушілер Қауымдастығының бас хатшысы профессор Лю Чжэньин, Қытайдың шекаралық аймақтарын зерттеу институтының бұрынғы басшысы, профессор Ли Цин Шэн және өзге де танымал қытай ғалымдары сөз сөйлеп, Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты пікір білдірді.

Белгілі тарихшы, професор Бай Цуй Циң соңғы жылдары Қазақстан тарихшыларының Цин мұрағатындағы Қазақ тарихына қатысты құжаттарды жинастыру, зерттеу жұмыстарын жоғары бағалады. Оның сөзінше, 1950-ші жылдан бері қазақ халқы мен тарихы, мәдениетіне қатысты қытай тілінде 2600-ден астам ғылыми мақалалар мен ондаған кітаптар жарық көрген. Бертінде бұл салада докторлық және магистрлік зерттеу жұмыстарының саны артқан. Олардың арасында жергілікті жас қазақ ғалымдарының да қарасы молайып келеді. Бай Цуй Циң сондай-ақ «тақырыптарды қайталамау, дереккөздерді тиянақты жинақтау мен терең талдау мәселесінде қазақстандық әріптестерімізден үйренеріміз көп. Сол себепті сіздермен  ынтымақтастықты арттыруымыз керек», — деді.

Ғылыми басқосу соңында Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты бірнеше институт Халықарлық Түркі академиясымен бірлесіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын білдірді. Бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ортақ шаралар атқару және ғылыми жинақтар шығару туралы сөз болды. Ынтымақтастық шеңберінде Қытай мұрағаттарына жол ашылып, Қазақ хандығына қатысты тарихымызды түгендеуге мүмкіндік туары сөзсіз.

Бейжің сапары аясында Халықаралық Түркі академиясының ғалымдары Қытайдың бірінші тарихи музейінен Қазақ хандығына қатысты бұрын жарық көрмеген құнды құжаттар тапқанын айта кету керек. Қазақ хан-сұлтандарының Цин патшалығына жолдаған шағатай және қалмақ тілдеріндегі хаттары, Қазақ хандығы мен Цин мемлекеті дипломатиясына байланысты мәнжу тіліндегі маңызды жазбалар табылып, көшірмелері  алынды.

Түркі академиясының ұйымдастыруымен өтетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты халықаралық деңгейдегі мұндай ғылыми жиындар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

1 пікір
 

  • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы

    04.02.2015 - 13:14 Ответить

    Қазақ халқының тарихы жайында Қытайда өткен ғылыми конференцияның маңызы өте зор. Өйткені, Қазақ халқы мен Қытай халқы… б.э. бұрынғы КӨНЕ ЗАМАНДАРДАН көршілес өмір сүрген өте ЕСКІ ХАЛЫҚТАРҒА жатады. КӨНЕ ТАРИХТАРЫ да егіздің сыңарындай бірге жетілген ел. Тіпті, КОНФУЦИДЕН бастап… Қытай халқының данышпандары аталып жүрген, көптеген ТҰЛҒАЛАРДЫҢ тегінің Түркі екені де белгілі. Сондықтан, «Қазақ хандығының 550-жылдығы» — Ұлттық тарихымызды ЖҮЙЕЛЕУ мен НЕГІЗДЕУДІҢ басы ғана екенін түсінуіміз керек. Бұл — мосының үш сирағы тектес (бір иә екі сирақпен мосы тұралмайды) — ҰЛТТЫҚ ТАРИХ — ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА — ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ — жасалынбай ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ оңға баспайтынын түсінетін уақыт жетті. ІСКЕ СӘТ…

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Апрель 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Жоғарыға