Сіз мындасыз:

Сайлауымыз нұрлы болсын!
Сайлауымыз нұрлы болсын!

 

Тағы да сайлау,тағы да мерзімінен бұрын Президент сайлауы,яғни, солай істеу керек болғаны да? Тек мені мазалайтын қазіргі еліміз бүкіл бюджетті миллиардтап кесіп үнемдеп жатқанда, Ресей ақшасының құнсыздануына байланысты Қазақстанның теңгені орыстың жыртығын жамап жатқан қиын заманда қыруар ақша кететін«сайлау» спектаклі кімге керек? Біз «Мәңгілік Президент» мәртебесін берген Н.Ә.Назарбаевтың беделіне, оның  90% дауыспен қайта сайланатынына әлде біреулердің күмәні бар ма? Сайлау болады дегенше халықтың ақшасы желге шашылып, әртүрлі даңғазарларға ұласады.Әр жақтан әншілер мен асабалар шақырылады, олар әрине тегін ән шырқап ,би билемейтінін ел біледі. Қазіргі  бастауыш сыныптағы бүлдіршіндердің күніне бір ішетін тамағынан қағуға  дейін ұсыныстар болып жатқанда, қорытындысы  белгілі  қойылымға млрд-тап ақша шашқанымыз дұрыс па?

Қазақ ежелден той жасап, ас беріп, ат шаптыруға құмар. Бұрында сауын айтып, ас бергендер тек өз дәулетімен оған тілеулес, қазіргіше айтқанда спонсорлардың жәрдеміне сүйенсе, бүгін биліктегілер қазынаның қаржысын біз үшін мәні мен мазмұны беймәлім әртүрлі жиындарға, саммиттерге жұмсайды. Мысалы, сізге ЭКСПО-17 керек пе десек,мен үшін тиынға қажеті жоқ болып көрінеді. Неге десеңіз,біз дүние жүзінің алдында немен мақтана аламыз? Улатып-шулатып қазынаның қыруар қаржысына шығарған жалғыз тік ұшағымызбен  бе? Әлде Премьерден Ренштабына ,әкімшегінен  әкіміне дейін сотталып жатқан жемқорларымызбен бе?Қазіргі таңда біздегі жалғыз мақтанышымыз- ол біздің  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев. Себебі, шетелдіктер ол кісіні біледі, ал бізде басқа елден асқан жетістік бар деп өз басым айта алмаймын. Енді түсінік бере кетсем мен 2005- жылдан бергі әртүрлі сайлауларға бақылаушы ретінде (оппаз.партиялар атынан)қатысып келдім.

Әрбір сайлау спектакль, тоғыз  ай сайын бағдарлама. Кімнің сайланатыны белгілі. Сонда біз кімді алдағымыз келеді? Шетелдіктер өз мүдделері үшін сайлаудың әділ өткеніне келісе салғанымен, халық бәрін көріп отыр. Қазір сайлауға Нұр Отан партиясының ноқталы мүшелерімен, кешегі кеңестік кезеңдегі әдетінен арыла алмаған зейнеткерлерден басқа ешкім де қатыспайтыны шындық.

Ешкімде  Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін де, ел алдындағы беделін де  оған қазір тайталас түсетін тұлғаның жоқ екенін де жоққа шығармайды.Сондықтан, аз қаржымызды далаға шашпай-ақ,бәріміз сыйлайтын Елбасымызға сенім білдіре салмаймыз ба? Олай дейтінім,біз әртүрлі қиындықтардың зардабынан бүгін Ұлттық қорға қол салуға мәжбүрміз.Ұлттық қор дегеніміз- бүгінгі әкелердің келер ұрпағына қалдырар мұрасы. Атамыз қазақ ежелден ұрпағына енші беріп, мирас қалдырып отырғаны шындық. Сонда біз оларға не қалдыра аламыз? Табиғат байлықтары әркімнің үлесінде кеткен, мұнайы сарқылған, экологиясы бұзылған,құлазыған қу даланы қалдырамыз ба?

Бүгінгі күні өздерін дырдай оппозиция санайтын партия серкелері қарапайым халықтың алдында беделі де, сіңірген еңбегі де шамалы адамдар. Сондықтан, оларға халықтың ақшасын шығындамағанымыз дұрыс тәрізді. Менің пікірім биліктің шешімін өзгерте алмайтынын білсем де, өз арымның алдындағы беделімді жоғалтпау мақсаты ғана жазуға түрткі болғанын айтқым келеді. Сайлауымыз нұрлы, мұнайымыз құнды болсын,ағайын!

 

Минал Кенжеков, Атырау қаласы

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Апрель 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Жоғарыға