
Тұңғыш президент күнін балабақшадан бастап барлық басқарма мен мемлекеттік мекемелер де «дүрілдетіп» тойлады. Барлық білім ордалары үшін бұл бұлжымас мерекеге айналды. Ойын-сауықтың сан алуан түрін «ойлап» тапқандар ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр… Дұрыс қой. Тек, Қызылорда облысындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі сияқты олар өздерінің ерекшеліктерін жұртқа паш етпесе болды. Бұл зияткерлік мектебіндегілер өткенде бір сұмдық мереке өткізіп, зәремізді ұшырды. «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояған» дегендей, қазақылықты қалпақтарымен ұрып тастағандар сонау ирландықтардан бастау алған «Хэллоуин» мерекесін тойлады. Бет ауыздары қан-қан, түрлі қан сорғыштар бейнесінде боянып алғандар, ойына келгендерін көрсетті. Қолын кесіп тастағандары мен қаны сорғалаған өліктер, ыңыранған әруақтар жайлап алды.
«Бұл қалай?» дедік шыдамай. Сасатын олар ма? «Мұнда шетелден келген ұстаздар дәріс береді»- деді. Ау, әрбір келген шетелдіктің мәдениеті мен салт дәстүріне жығыла берсе, жалпақ Сырды жайлап жатқан қазағымнан не қалмақ? Айтайын дегенім осы «мереке» туралы әне бір кезде мәжіліс депутаты Құрманғалы Әли де айтып еді:
-Кіре берісте қып-қызыл қанға боялған адам мүрдесі, қуыршақ жатты. Музыкасы құлақ тұндыратын жайсыз. Айнала тола өңшең шайтан, мыстандар, қолдарына ұстағаны шиша…
Онсызда күнделікті атыс шабысы көп батыстың киноларынан басымыз айналып жүргенде, олардың қаңсық мәдени ойындары сонда патшамыздың атындағы зияткерлік мектебіне таңсық болғаны ма? Шетелдің мұғалімдері ілім берсе өздерінің салт-дәстүрін тықпалауы керек пе? Қайта зияткерлік білім ошағы өзіміздің зиялы да инабатты, ибалы салт дәстүрімізді жаңғыртпай ма? Әлде президентіміз осындай оғаш «дәстүрді дамытыңдар» деп қаржы бөліп пе еді, ол мектептерге? Баяғыда бір орыс отырған жерде 100 қазақ анау түсінбей қалады деп орысша сөйлейтін. Енді шетел «өкпелеп қалады» деп қаракөздерімізді, жат көріністерге, жат қылықтарға тәрбиелемейтін шығармыз, а?
Суреттер Қызылорда қ. химия-биология бағытындағы зияткерлік мектебі сайтынан алынды








































17 пікір
08.12.2014 - 18:51
Негізі бұл мақала дұрыс емес! «Хэллоуинді» өткіздік, бірақ бұл «Қазақ халқының дəстүрлерін дəріптемеу я болмаса жаңғыртпау»деген мағына емес! Бұл тек Қызылорда қаласындағы НИШта емес, бүкіл мектепте өткізілді. Сонымен қатар, бізден басқа да қаншама мекемелер мен мектептер тойлады осы мейрамды, сондықтан күнəнің бəрін Назарбаев Зияткерлік Мектебіне жапқанның қажеті жоқ! Бір қазақпызба, олай болса салт-дəстүрімізді бірге дəріптеп, жаңғыртайық, бөліп жармай!
08.12.2014 - 20:22
Бұл пікір мүлдем дұрыс емес, Назарбаев Зияткерлік мектебіне жалған жала жабылып отыр,Нақты мәліметтерге сүйенсек:
«Хэллоуин» күні 25 қазанда аталып өткен болатын,ал Елбасы күні 1 желтоқсан.
Елбасы күні Назарбаев Зияткерлік мектебі ерекше атап өтті.
08.12.2014 - 20:47
Саламатсыздарма! Бириншиден, онда хеллоуин 31 казанда отти. Екиншиден, ол НЗМ ге келген агылшындар ушин жасалган. Ушиншиден, онда ешкандай куыршак болган жох. Ал музыка ойнамады. Тортиншиден, Президент кунин баскалардай жаксылап, улттык расимде тойладык. Бесиншиден, мектепке депутат келген жох. Мундай кауосектерди таратпауларынызды сураймыз!
08.12.2014 - 20:55
Бұның барлығы өтірік
08.12.2014 - 22:26
Ай қазақтар-ай. Артық қылам деп тыртық қылдындар ау. Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде хэллоуин мерекесі 31 қазанда өтті. Ал Елбасымыздың мерекесі 1желтоқсан емес пе!? Осылай бола тұра жалған ақпаратты халық арасына таратып, өтірік жаңалық жасауға Газет басшылығы, журналистері ұялмайсыздарма. Елбасы атындағы мектеп Елбасымыздың мерекесіне орай осындай іс жасайды деп ойлайсыздарма?
09.12.2014 - 18:17
авторга аитатиним билмей, толиктаи зерттеп алмай жатип жариялаудин кажети жок. Елбасымыздын кунин ерекше атап откен болатинбиз. бул карапайым мектептеги кузги балл мейрамынын орнина жасалган болатын. Оздериниз Назарбаев Зияткерлик мектебин сондай иске барады деп ойлаисиздарма?
10.12.2014 - 13:13
Ақпараттың қаншалықты шын екенін білмей, қалайша осындай мақала жазасыз?! Біріншіден, бұл біздің қаракөздерімізге ағылшын тілін үйретіп жүрген шетелдік әріптестеріміздің халықаралық тәжірибе апталығы аясында өткізілген “20 минуттық“ іс-шарасы, қазан айында өткізілген. Екіншіден, Тұңғыш Президент күнін “қан сорғыштар“ бейнесінде емес, “Қазақстан үшін, Елбасы үшін“ деген ұранмен көк аспанға 800 әуе шарларын ұшыру сән-салтанатымен атап өтті. Меніңше, бұл мақаланың осы бағытта жазылуының себебі — автордың көздеген жеке бір мақсаты бар.
10.12.2014 - 14:33
бұл жерде әңгіме 1 желтоксан мерекесін хэллоуйншілеп өткізген немесе өткізбегендігінде емес, мәселе қазаққа жат еш бір тәрбиелік мағынасы жок қайдағы бір бөтен елдің хэллуйн мерекесін қазақ қыз-балдары атап өтуінде
10.12.2014 - 21:49
Жеткер Жүсіпов мырза бұл ойыңыз толықтай қателік егер сіз басқа елге барғанда (Америка,Австралия ) Наурыз тойын тойлап жатса сізге ұнайды ма ұнамайды ма?Осылай жамандап жатқанша, 1-желтоқсанды қалай атап өткенімізді жазбайсыз ба? Бұл мақтанғандық немесе міндет емес , БІЗ ӨЙТКЕНІ ЕЛІМІЗДІҢ ПАТРИОТЫМЫЗ.Бір елдің дәстүрімен еліміздің дәстүрі жер мен көктей(бұл біздің ойымыз)
11.12.2014 - 12:22
Негізі, «Қазақия» газеті өз сайтына адамға ой салатын, тәрбие беретін мақалаларын салғаны дұрыс деп ойлаймын. Мәселен, газеттің осы мақала шыққан санында шетелге сатылып кеткен қазақ қызының халқына жолдаған хаты» деген Байыт Қабанұлының бүкіл қазақты қынжылта алатын өлеңі шықты. Билік басындағы ағапаларымыз оқып, еліміздеешетелге бала беру мәселесіне айрықша көңіл аударар ма еді деген ойым бар. Әйтпесе, обал емеспе оларға. сол беттегі Г.Байданова деген тілшінің де «қимаймын» атты әңгімесі де жастарға зор тәрбие берер еді. екеуі де қан тазалығы мен рушылдық қатынасты өздерінің махаббатарынан да артық көреді. нағыз қазақ осындай болуға тиіс
11.12.2014 - 15:33
Шатастырганда да шатастырыпсындар.Жалган акпаратты таратып не степ журсиндер 1 айда каншама айырмашылык бар.1 айда бир осимдик осип шыгады.Ал сендер 1 айды бир кун кылып жибергенсиндер ма билмим.Короче Президент кунын салтанатты турде тойладык.Бырак хеллоуинмен косып емес.
12.12.2014 - 13:44
Бұл не деген өтірік? Қазақия деген атты газет осындай мақала жазады деп ойламаппын! Хэллоуинды қалай қарсы алғанымызды жазып, Президент күнін қалай күткенімізді жазбапсыздарғой! Әлде ол жұртқа қызық емес пе?Өтірік жалғанды көп жазады екенсіздер!
13.12.2014 - 10:19
Пікір жазушыларға: Автор Сіздерге «Назарбаев атындағы мектеп Президент күнін тойламады» деп отырған жоқ… Басқа мектеп түгілі, Президент атын алып отырған мектеп қайда барады оны тойламай!… Автор Сіздерден тек қана «Осы — «Хуеллуйн» тойын неге Астанаға барып, Президенттің Ақордасында, Президенттің көз алдында, Президентпен бірге тойлап келмедіңіздер?» деп сұрап отыр. Себебі, «Хуеллуйн тойы» деген сияқты «той» Қызылорданың қалың қазағы үшін — жат, оғаш, әдепсіздік, есалаңдық!. (Оны көшеге шығып жұрттан сұрасаңыздар — айтады). Сіздер — «Ол тойларыңызды неге Ақордада тойламайсыздар?» деген нақты сұраққа жауап беріңіздер одан да!
17.12.2014 - 17:41
Әбдірашит Бәкірұлы, сәлеметсіз бе?! Автордың атынан қаншама көзі көрген халыққа жауап қайтарып отырсыз, рахмет! Мен де сөзімді көп созбайын, айтарымды айтайын. Алдымен, сіздің мәселенің түйіткілін шешпей тұрып, екінші бір сұрақты қойғаныңызға жөн болсын демекпін. Мақаланың сиқы анау, сіздің дәл алдыңызда тұрған болсам, «Әәәйй, мына мақаланы осы Елбасы атындағы мектептің 100 ұлағатты тұлғасы оқыр оқыса, бірақ 700-ден астам баланың жүрегіне сонша кірбің салармысыз» дер едім. Қазыбек би бабамда айтып кеткен, сіз секілділерге жауапты: «Біз қазақ мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» деп. Сол секілді бізде, танымдық қабілетімізді арттырып, алар тәрбиемізді алып жатқан ақ періште жандармыз. БІЗДІҢ ТӘРБИЕМІЗГЕ СОНША АЛАҢДАУЛЫ БОЛСАҢЫЗДАР, онда ұғыңыздар мынаны, «Өмірлік подиум, жүреміз тоқтамай» және «Оби про-комфортты» пайдаланыңыз деп ұғындыратын, «Активия» деп қарнын жалтыратып шыққан ханымдардың қарымын, се*суалды қабілетті арттыруға көмектесетін дәрі бар екенін көрсететін ЖАРНАМАЛАРДЫҢ қазіргі жайын жазыңыздар.
Міне, 700 мыңнан астам тұрғыны бар Қызылорданың болашақ ұрпағының тәрбиесіне залал беретін нәрсе, МҰНЫҢ ҚАСЫНДА ХЭЛЛЕУИН, АЙНАЛАЙЫН болып қалады. Ақыры адуынды журналист екенсіздер, көрейін күштеріңізді. «Тыныш жатқан жыланның құйрығын басуды» қатырасыздар (шағатынымен жұмыстарыңыз жоқ). Жыланның құрығын басып, батыр болған қазақ көрген жоқпын, мен әлі. Байқап отырған шығарсыз, сөздеріммен көп нәрсенің басын шалып кеттім. ……. өсіретін де өсіміз, өшіретін де өзіміз. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дер…», сондықтан да болмас елдің баласының тірлігін жасамайық, ағайын.
20.12.2014 - 02:04
Құрметті Аяз би, «кемедегінің жаны бір» дегендей — Сіз бен Біз бір кемедеміз. Олай болса Қызылорда ма, Алматы-Ақтөбе ма — мұндай, ұлттық тәрбиге жат оқиға ескерусіз қалмауы тиіс. Мен автордың атынан емес, өз атымнан «Ақыры Елбасы атын алған екенсіздер, неге мына «Хеллуиин» деген тойларыңызды Елбасы мәртебесіне лайық тойламадыңыздар, тым болмаса Елбасын шақырмадыңыздар?» деп сұрақ қоюымның себебі де сондықтан. Сіздердің осындай қазақ тәрбиесіне жат «мерекесымақты» тойлап, одан кейін оны жарнамалаудан бұрын «Осы әрекетімізбен біз өзіміз атын арқалап жүрген Елбасының абыройына нұсқан келтірмейміз бе?» деп ойлануға өрелеріңіз бен саналарыңыздың жетпегені ме сонда? Онда қалай ұстаз болып, Елбасы атындағы мектепте жүрсіздер? Мен шәкірттерді еш кіналамаймын. Олар тәрбиеленушілер! Оқушылар емес, мына Сіздер — тәрбиелеушілер «балық басынан шіріп тұр» деген жағдайға тап болып отырсыздар. Осы сөздерім қате десеңіздер — тойлай беріңіздер мұнан да сорақы тойларды — тек анау Барсакелмес аралына барып… қазаққа зиян болмайтындай етіп!
Ал Активия туралы білмейді екенмін. Пайдалы сусын ба ол, не дәрі ме? Бизнес пе?
21.12.2014 - 21:38
Қаракөздеріне жандарын ашыса шетел мен мұхит асқан балапандарды неге қайтармайсыңдар!
10.02.2015 - 12:18
Бауырлар! Өзгелер біздің мерекелерімізді тойлап жатса, ол біз үшін құптарлық жай, ал біздің өзгелердің мерекесін тойлауымыз құпталмауы тиіс! Балаларымызға осындай қарапайым да маңызды нәрселерді өзіміз ұғындырып, түсіндіруге тиіспіз