Қазақия газеті

Еуропалық ғалымдар Қазақстандағы киіктердің қырылуының себебін анықтады
Англия мен Германияның зертханаларында зерттеуден өткізілген киіктердің қалдықтары көрсеткендей, түз тағыларының жаппай қырылуына геммарогиялық септимация деген дерт себеп болған.

Қазақстандық ғалымдар жаттап алғандай «пастереллез» дегеннен басқа уәж айта алмай, осы әрекетсіздіктері үшін Елбасынан ескерту алғаны белгілі. Енді міне, отандық ғалымдардың қауқары жетпеген мәселені шет елдік сарапшылар шешуде. Киіктердің қалдықтарын ғана емес, жүретін жолын, жайылымдарын түгел зерттеп, зертханалық талдаудан өктізген шет елдікт сарапшылар жоғарыда аталғанадй қортындыға келіп отыр. Бұл дерттің мәні – киіктердің ағзасында түрлі улы заттар жиналып, содан қазаға ұшырайды. Аурудың туындауына себеп ретінде шет елдік сарапшылар далада көктемде көбейетін кенені айтып отыр.

The post Еуропалық ғалымдар Қазақстандағы киіктердің қырылуының себебін анықтады appeared first on Қазақия газеті.

Қызылорда облыстық білім басқармасының назарына
Редакциядан:

«Қазақия» республикалық газетінің редакциясына Қызылорда облысынан лицензиясы бекітілмеген мектепте сабақ бергені үшін басшылардың орнына кінәлі болып, айыппұл төлеп жатқан Анар Жолмырзаева деген ұстаздан хат келді. «Тек балаларға білім беріп, тәрбиелегенім болмаса, ешқандай кінәм жоқ. Мені құқық бұзушы ретінде тағайындап отыр, бұл мәселені шешу үшін басшылар жүру керек емес пе? Менің қолымнан не келеді, қайда барам, не істеуім керек? Қашанғы құқық бұзушы болып, айыппұл төлеп отырам. Не үшін?»-деген сұрақтарын қойып, ашына хат жазған қарапайым ұстаздың хатын жариялап отырмыз. Қызыл Орда облыстық білім басқармасындағылар, білм министріндегілер осы ұстаз көтерген мәселеге назарын аударса, мәселені әділімен шешсе деген өтінішіміз бар.

Қарапайым мұғалімнің жан айқайы

Қарашеңгел аудандық округінің «Водокачка» елді мекеніндегі Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепке қарасты «Қарашегел»бастауыш сыныбы

1998-1999 оқу жылында ашылған. Мектеп тұрғын үйдің бір бөлмесінде орналасқан. 11 оқушы білім алды. Ғимараттың жекеге өтіп, мектебіміздің бөлмесі Е.Тұманбаев дегеннің иелігінде болып қалды. Оны Е.Тұманбаевтың бұзып алуына байланысты мектеп директоры Ш.Беделбай бос тұрған тұрғын үйді сатып алуға бюджеттен қаржы сұрауға сұраныс тастады. Сөйтіп 2012 жылы 17 тамызда А.Кубееваның бос тұрған үйін мектепке лайықты деп, 600 000 тг бюджеттен бөлініп сатып алынды. «Қарашеңгел бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме екендігі және бұл мектептің лицензиясы жоқ екендігін бізге ешқандай басшы ескерткен жоқ. №103 мектепке қарасты «Қарашеңгел» бастауыш сыныбы» деп алынған жетістіктерімізге де атауын осылай жазып жүрдік. №103 орта метептің лицензиясы негізінде бастауыш класы ретінде жұмыс жасап келеміз. Қазіргі кезде жоғарғы білімі бар

2 мұғалім,1тазалықшы жұмыс жасайды.14 оқушы білім алуда.

2014-2015оқу жылының 12-15 қараша аралығында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Тексеру барысында: Мектеп заңды тұлға ретінде бекітілмеген,білім беру қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік лицензия алынбаған, спорт залы, асханасы, медициналық кабинеті, кітапханасы жоқ деп анықтады. Және де бұл мектепке сендер бағынбайсыңдар, сендер бөлек мектепсіңдер,- деп түсіндірді. Не деп жауап берерімді де білмедім, себебі: мені ешкім түсінген жоқ. Бізге сағат бөліп, жалақымызды жазатын №103 орта мектеп болатын. Керекті жабдықтардың барлығын осы мектеп берді. «Қарашеңгел» бастауыш мектебі 2001 жылы 3 шілдеде аудан әкімі шешімімен құрылды деп қате тұжырым жасағаннан осылай болғанын сонда барып бірақ білдік. Біз бұны ешқашан естімегенбіз. Ал біз болсақ жаңадан мектеп ретінде, заңды тұлға ретінде бекітілмек түгілі, кім екенімізді білмедік.

Оқу үрдісін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес емес, 2007ж 27 шілдедегі 319-ІІІ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы №1270» Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» қаулысын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодекісінің 634 баб, 635 бабтың 1тармағымен,1б,636,638 баптарын басшылыққа ала отырып, құқық бұзушы деп танып, Қызылорда қаласына және ауданға екі жерге 46 300 және 55 560 теңге көлемінде айыппұл төледім. Сот болды. Сотқа мектеп басшысы да, аудандық білім бөлімінің өкілі, заңгер де қатысқан жоқ. Шырылдатып мені ешкім түсінген жоқ және сөзімді де тындамады. Сөйтіп аз уақыт ішінде құқық бұзушы ретінде кете бардым. Әділеттілік біздің елімізде барма өзі? Осы қателіктерді ретке келтіру 6 ай уақыт ішінде шешілуі тиіс деп танылды. Сол күннен бастап мектеп болу үшін бірінші заңды тұлға етіп бекітіп алу керек, сіз уақытша меңгерушінің міндетін атқарушысыз әзірге деп қол қойдырды. Сөйтіп 2014 жылдың 31 желтоқсаннында коммуналды жеке мектеп деп «Жарғы» жасап берді. Оны алып аудандық білім бөліміне тапсырдық.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Е. Қалниязға бірнеше рет жаңадан меңгеруші тағайындауын сұрадым және мені жұмыссыз қалдырмауын өтіндім. Бюджеттен қаржы сұрауын талап еттім. Уақыты келгенде меңгерушіні осы қаладан тағайындап берем деп, шығарып салып отырды. Келесі айда барғанымда аудан әкімінің шешімін күтіп отырмыз деп басшы да заңгер де шығарып салды. Олар не деп шешеді соны күтесіз,-деді.

Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі А. Әбілхан мырзаға да барып көмек сұрадым. Ол кісі аянған жоқ, үш рет білім бөліміне хат жолдады. Заңдылығымен қаралуда деген жауапты олар да алды. Сөйтіп жүргенде олардың заңдылығымен қаралуда деген жауаптарын беріп, уақыт созып жүргенде 6 (алты) ай уақыт өтіп кетті.

2015 жылдың 9 маусымдағы №220/н бұйрығымен 11-12 маусым аралығында кемшіліктерді қайта орнына келтіру мақсатында тексеру қайта жүргізілді.Тексеру барысында кемшіліктердің жойылмағаны анықталды. «Білім туралы» Заңның 5 бабының 44 тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы нұсқама берді. Яғни айыппұлсыз 6 ай мерзімде білім стандартына сәйкес мектеп болуын 2015 жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімді белгіледі. Егер орындалмаса шара қолданатынын ескертті. Мен 14 сағатпен еңбекақы алып жүрген қарапайым қатардағы мұғаліммін. Мен №103 орта мектептің қызметкері ретінде міндетімді атқарып жүрмін. Мен ешқашан меңгеруші болып тағайындалған жоқпын және осы қызметке жүктелетін еңбек ақы алған жоқпын.

Тексеру барысындағы қорытынды нәтижесін алып, 2015 жылдың 25 маусымында Аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қалнияз мырзаның алдына сұраныс жазып бардым, бұрынғы жауапты тағы алдым. 2015 жылдың шілде айының ішінде шешімін табады деп мені сендірді. Бұл жауапты қанағат тұтпадым. Менің қателескенім жауабыңызды жазбаша беріңіз деп айтпаппын. Хатшы Альмира деген қызға сұранысымды тіркеу туралы талон бересің бе?,-деп ем, «Жоқ, сіз арыз емес, сұраныс жазып отырсыз, сізге бере алмаймын» деп жауап берді. Енді менің басшы Е.Қалниязға кіргенімнің дәлелі жоқ, оған куә мен сияқты 4 мектеп бар шырылдап жүрген Тасөткел, Жалпақ, Майлыбас, Қарашеңгел бастауыш мектептері. Бұл жауапты қанағат тұтпадым. Аудандық білім бөлімінің жауабын негізге ала отырып, Аудандық құқық бөлімінің қызметкерінің бірінен осы жағдай бойынша кеңес сұрауға бардым. Олардың жауабы: Аудандық білім бөлімі бізге Водокачка елді мекенінде орналасқан «Қарашеңгел» бастауыш мектебінің жабылуы туралы айтып отыр. Бұл ретте біздің тарапымыздан аудандық білім бөлімінің емес Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы М.З.Шермағанбет мырзаның бұйырығымен жабылады деп ескертті. Яғни Аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қалнияз жалған жауапты тағы беріп отырғаны ма? Мен жүре берсем тағы жалғанның және басшылардың жіберген қателіктерін көтеремін бе?-деп қорқам. Мен де анамын, менің де отбасым бар. Күйеуім болса ІІ-топ мүгедегі.Менің тек балаларға білім беріп, тәрбиелегенім болмаса, ешқандай кінәм жоқ. Бұл жерде мені құқық бұзушы ретінде тағайындап отыр, бұл мәселені шешу үшін басшылар жүру керек емес пе? Менің қолымнан не келеді, қайда барам, не істеуім керек? Қашанғы құқық бұзушы болып, айыппұл төлеп отырам. Не үшін? Өзім аурумын , қан қысымым жоғары. Бала-шағамды осы жалақыммен асырап жүрмін. Мен қай мектепке бағынам. Аудан білім бөліміне балалар саны мен оқу тоқсанының қортыныдысын ғана тапсырамын, оған №103 орта мектептің басшысының қолы мен мөрін бастырып тапсырамын. Ол үшін маған жалақы төленбейді. Коммуналды жеке мектеп дейді,-мөрі жоқ, лицензиясы жоқ,басшысы жоқ бұл қандай мектеп?- маған осыны түсіндіріңіздерші.Шешімі болмайтын нәрсе жоқ қой,қолынан келетін басшылар неге қашады ? Неге шешімін тауып, мен сияқты қарапайым мұғалімге неге қол ұшын бермейді? Заңды еңбек демалысын да тынығу, демалу үшін беріледі емес пе? Менде осы мәселенің шешімін таба алмай жүргендіктен, ешқандай демалыс болған жоқ. 2014-2015 оқу жылының тексеру барысынан бастап ауру таптым. Отбасымның да берекеті кетті. Жаңа оқу жылын бастау да мен үшін үлкен уайым боп отыр.

Осы аталып өткен мәселе бойынша мектептің жеке коммуналды болуына байланысты мектепті стандартқа сай етіп, оның лицензиясын алуға бюджеттен қаржы бөлдіруіңізді немесе №103 орта мектепке қарасты сынып етіп қалдыруға көмектесуіңізді Сізден өтінемін.

Водокачка елді мекенінің тұрғыны

«Қарашеңгел» бастауыш мектебінің мұғалімі Анар Жолмырзаевадан

04.08. 2015 жыл

The post Қызылорда облыстық білім басқармасының назарына appeared first on Қазақия газеті.

Тіл мен тәуелсіздік ажырамас ұғым
Қостанайлық полиция мен сот қызметкерлерінің Ақтолқын атты қызымыздың құжатты мемлекеттік тілде толтыруды талап етуін қанағаттандырмақ түгіл, мазаққа айналдырған оқиғасы тәуелсіздіктің маңызды бір шартына тағы да еріксіз назар аудартып отыр. Мемлекеттік тілді аяқасты ететін түрлі оғаштықтар өкімет қызметіндегі төрешіктердің де, түрлі қызмет көрсету саласында істейтіндердің де тараптарынан әлсін-әлсін көрініс беріп қалатыны жайында айтылып-ақ жүр.

Басқа – басқа, бірақ біздің тәуелсіздігіміздің бас қорғаны болуға тиіс мемлекеттік органдар қызметкерлерінің биік мәртебеге ие өз ана тілін қадірлей алмауы өте көңілсіз ойларға жетелейді. Мемлекеттік тілде жұмыс істеуге қауқарсыз, мемлекеттік тіл мүддесін қорғауға құлқы, ерік-жігері, табанының бүрі жоқ сондайлар теріс қылығымен төбе көрсеткен сайын қазіргі таңда тілімізге ғана емес, тәуелсіздігімізге де қатер төніп келе ме деп қаламыз. Біз мұны қауіп еткеннен айтамыз. Ылайым оның беті аулақ. Дегенмен ондай зұлматтың алдын алу жөн. Ондай зұлматқа қарсы тұратын күш, тәуелсіздіктің қалқаны, қорғаны болуға қабілетті күш – ұлттық биік рух. Рухтың бекем тұғыры, сөз жоқ, білім. Алайда ол да аз, білімі зор және ақша тапқыш, бірақ ұлттық рухы кемшін, мемлекетінің конституциямен бекітілген тілін менсінбейтін адам тәуелсіздігімізге қорғаныш бола алмайды.

Аздаған шегініс

Тоталитаризм құрсауынан құтыла қоймаған тәуелділік замандағы кеңестік парламент замана лебін – орнына келтірілуге тиіс тарихи әділеттілік талабын дәл түйсінген еді. Сондықтан да Тәуелсіздік Декларациясына алдағы кезеңде қазақтың ұлттық мемлекетін орнату керек деген мақсатты шегелеп жазып қойған болатын. Алайда, тәуелсіз ел болғалы, қазақтың ұлттық мемлекеті орнамақ түгіл, көп саладағы ұлттық мүддесі соншалықты қорғала қойған жоқ. Керек десеңіз, әлдебір жоғары дәрежелі ақылманның айтуынша – ХХІ ғасырда ұлттық мемлекет құрамыз деу кері кеткендік, барып тұрған анахронизм көрінеді. Сөйтсек, ел серкесі өзінің сөздерінің бірінде атап айтқандай, біз о бастан «этностық емес, азаматтық қауымдастықты» көздейтін мемлекет құру бағытын ұстанған екенбіз. Бұл тұжырымды ана жылы ел бірлігі доктринасы жобасынан көргенімізде, баршамыз біраз дүрліктік. Сонда, үлкенді-кішілі функционерлердің «доктрина ішінде қазақстандық ұлт туралы бір сөз жоқ қой» деп көлгірсуіне қасақана, бұған халық ашық қарсылық көрсетті. Ақырында, Тәуелсіздік Декларациясында тұжырымдалған мақсатты бұрмалау себептерін түсіндіріп кешірім сұраудың орнына, Халық ассамблеясы және оны қимылға келтіруші ірілі-ұсақты данышпандар мен бұранда-клерктер «қазақтың емес, жалпы халықтың азаматтық мемлекетін» құрамыз деп шулады. Бұл, шындап келгенде, қазақ халқын ақымақ және тобыр көрушілік, турасын айтқанда, қазақты жек көрушілік, оның ұлттық мүддесін аяқасты етушілік әрекеттің нақты көрінісі еді. Тәубә, Доктринаның қабылданған нұсқасында ептеген жетістік бар – онда қазақ тілін әркімнің мемлекеттік тіл ретінде білуге міндетті екендігі айқын тұжырымдалды. Мемлекеттік тілдің өмірімізде алар орнын Президент Нұрсұлтан Назарбаев та ұдайы шегелеп айтумен келеді.

Дей тұрғанмен, сол науқан кезінде мынаған анық көзіміз жетті, ұзақ жылдарғы отарлық ахуалда көкірекке байланған ұлттық идеяға – ұлттық мемлекет құру идеясына берілгендік, ұлт мұратына адалдық сезімі біздің билік тізгіндерін ұстаған көсемдеріміздің санасына ұяламапты. Олар Алаш қайраткерлері дәуірінен бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, арман боп келе жатқан осы тарихи әділеттілікті Доктринада болашақтағы міндет ретінде көрсетуге қарсы болыпты. Ал мұның себебі олардың рухы пәстігінде, ұлттық рухани тәрбиесінің кемшін жатқанында екені қай-қайсымызға да аян.

Революциялық өзгерістер қантөгіссіз, жоғарғы жақтан жасалды, бірақ, сол шақта, қазақ мүддесін түбегейлі шешуге мүдделілер жоғарыда сан жағынан шамалы боп шықты. Себебі ұлтқа қызмет етуге құлшыныс, ұлттық рух, рухани ұстаным біздің қазақ қайраткерлері санасында әсіре сақтықпен, жалған интернационалистік сезіммен алмастырылған еді. Мынандай заңды сұрақ туады. Билік неліктен қазақ мүддесін терең және жан-жақты қарастырмайды? Қарастырмайтын себебі – өткендегі деформациялар мен бұрмалаулардың бәрін заңдылық деп есептейді. Сондықтан да: «Тарих солай шешті, біз көпұлтты мемлекетпіз, басқалармен есептеспей болмайды» деген теріс те әділетсіз пікірді қайталаудан жалықпайды. Ондай көзқарастың артта қалған кезеңдердегі отарлаушылық, басқыншылық, орыстандыру және жазалаушылық қылмыстардың бәрін ақтап жіберетініне, тәуелсіздік туын көтерген мемлекетқұрушы ұлтты кемсітіп, төменшіктететініне мән бермейді. Ал дұрысында – еліміздің әрбір азаматы өзінің ұлттық белгісіне қарамай, қазақ халқы құрап отырған қазақ саяси бірлестігінің бір мүшесі екенін мойындауға тиіс. Бұл – ел мен жер иесі болып табылатын қазақ халқын құрметтегендік болар еді. Алайда олай айтуға арланып, «Біз – Қазақстан деп аталатын географиялық аумақтың тұрғынымыз, біз де мемлекет құрушымыз» деу, айналып келгенде, қазақты құрметтемек түгіл, менсінбеудің, қорлаудың тура өзі боп шығады.Осындайда еске түседі, еліміздегі түркі халықтары өкілдерінің бір әнші қызы шетелдік журналистің «сіз қазақсыз ба?» деген сұрағына «құдай сақтасын!» деп шошына жауап берген еді. Мәймөңкелейтін не бар, мұның астарында – бізбен бірге тұрып жатқан отандастарымыздың шын тарихты, ащы, қайғылы қазақ тарихын білмейтіндігі, білсе, оны қасақана елемейтіндігі, әділет, тарихи шындық, әділдік, иман деген ұғымдарға көңілі босай қоймайтындығы, тиісінше, есігінен кіріп, төріне шыққан кеңпейіл де аңғал қазақты қадірлемейтіндігі жатыр.

Қазақ мүддесі азаматтардың ұлттық рухы жоғары болғанда шешіледі. Ал ұлттық рухты ұштаудың қарапайым жолы – мемлекеттілігімізді қалпына келтіру барысындағы күрестер мен орын алған қиғаштықтарды, большевизмнің саяси репрессиялары мен «аштық саясаты» практикасын, солардың астары мен қайғы-қасіретке тұнған салдарларын жұртқа ашып көрсету. Баршаны қайғылы қазақ тарихымен тәрбиелеу. Сондай жолмен ел бірлігін нығайта түсуге, барша жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруғақол жеткізген жөн. Қазақ елінің бірден-бір заңды қожайыны болып табылатын қазақ халқына қатысты тарихи әділеттілік орнату ісіне күллі жұрт септесуі қажет, шыққан ұлттық тегіне қарамай, қазақ мүддесі төңірегінде топтасуы керек. Осындай мақсат көздейтін кешенді іс-шараларын жүргізу арқылы,бұндай көзқарастың жасампаздығына бәрінің көзін жеткізуге болады.

Саралайтын кезең келді

Бүгінгі таңда біздің көңіліміз толмай тұрған рухани-мәдени ахуал, әрине, бір қарағанда, қоғамдағы демократиялық өзгерістер өнімі. Себебі, құндылық өзгерді, әлеуметтік даму үлгісі өзгерді. Бірақ, сол өзгерістерді жетелеу, бағыттау жұмыстары ойдағыдай болмады. Ал оның себебі – идеялық тұғыры боркемік, ұлттық рухы төмен, солқылдақ, тәуелсіздікті баянды ету сынды биік идеяға емес, жеке адамға, құлқынға қызмет етушілер тобының сыбайластықпен шырмалып, қара құрымдай қаптап жүргенінде және солардың қараны ақ, ақты қара деп ұғындыруда алдарына жан салмай әрекет етуінде жатыр. Әдебиет пен өнердің 28 қайраткерінің 2008 жылдың басындағы «Саралайтын кезең келді!..» деген ашық хаты соның нақты дәлелі болды. Бұл хатты бірнеше күн бойы «Таным» клубында талқылаған жұрт оны ешкімге әбүйір әпермейтін жеке басқа табынушылықтың салдары, нақ сол культке құлдық ұратын залалды жағымпаздықтың көрнекі көрінісі деп тапты. Осы бір дерт біздің рухани болмысымыздың деформацияға ұшырағанын әйгіледі. Бірақ біз жақсылықтан күдер үзбеуге тиіспіз. Тәуелсіздікті баянды етуге тиіс саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму мәселелерін тек рухы биіктер ғана ойдағыдай шеше алады. Біздің азаматтарға парызын қазақтың ұлттық мүддесі тұрғысынан айқындап алу үшін жаппай рухани-адами-имани-ахлақи тұрғыда жаңару қажет. Ұлттық биік рухты күллі халқымыз, жастарымыз бойға сіңіріп, өткір түйсінетін дәрежеге қол жеткізуіміз керек. Тәуелділік дәуіріндегі советтік патриотизмді күйттеген тәрбие жүйесі жойылды, бірақ, тәуелсіз еліміз өзінің құрмақ ұлттық мемлекетінің мақсат-мүддесіне сай келетін, тәуелсіздік күрескерін қалыптастыратын тәрбие жүйесін жасай қойған жоқ. Бірінші орынға ақша шыққан заманда рухани-мәдени тіршіліктің мән-мағынасы елеулі түрде өзгерді. Бүгінгі іс адамдары арасында рухани ақау қатты сезіледі. Шынайы қазақы, ұлттық мүдде әлі күнге дейін жалпы ұрандар тасасында қалдырылуда. Мемлекеттің ұлттық мүддемен суарылып-шыңдалған патриоттарын – рухы биік отаншыл азаматтарды тәрбиелеп өсіруге жеткілікті мән берілмеуде. Құқықтық мемлекет орнату, базар қатынастары, әлеуметтік құрылымдағы, өмір салтындағы өзгерістер, қоғамдық-саяси бағдардың әртүрлілігі рухани-мәдени болмыстың бетімен жіберілуімен астасып жатыр. Шындап келгенде, бұдан ширек ғасыр бұрын жария етілген ұлттық мемлекет құру бағдарын жоғалтпай, ұлттық рух тізгінін қолда ұстағанда –ең жоғарғы мінбеден азаматтық мемлекет орнатамыз деген, ұлттылықты тәрк ететін жалған ұран алға тартылмас еді, біз бүгінгі алаңдаушылыққа ұрынбаған болар едік.

Жалпы білім беру мектептеріндегі кемшілік

Оқу жүйесі, әлгінде айтқанымыздай, рухани-мәдени мәселелердің өте пәрменді құрамдас бөлігі. Ол отансүйгіштіктің, ел бірлігін сезінудің, жеке тұлғаның рухани-имандылық тұғыры бекем отаншыл ретінде қалыптасуының алғышарттарын жасайды. Қоғамның рухани саулығының дәрежесін анықтайтын да білім. Білім рухқа нәр береді. Рух – биік мақсатқа қол жеткізу үдерісі кезінде адамдарды жоғары идеялар айналасына тығыз топтастырып, біріктіруге қабілетті. Сол себепті де рухы мықты, адами-имани ұстанымы берік азаматтар қатарын тұтастыра қалыптастыру қажет. Бұл тарапта мектеп айрықша маңыздырөл атқарады. Алайда сабақ өткізу тілдері әртүрлі жалпы білім беру мектептері күні бүгінге дейін мемлекеттік тілді өз дәрежесінде оқытып-үйретуді – ел бірлігін қамтамасыз етудің осынау базалық шартын – сақтап жатқан жоқ. Орыс тілді бірінші сыныпқа тіл туралы заң қабылданған жылы барған балалар мектеп бітіргелі он алты жыл болған екен. Олар бүгінде орда бұзар отыздан асып кетті, қазіргі капитализм құрылысшыларының бел ортасында. Осы уақытқа дейін тәуелсіз еліміздегі орыс орта мектептерін бітірушілердің саны бірнеше миллионға жетті. Егер олар мемлекеттік тілді шынымен мектепте біліп шыққан болса, бүгінгі таңда тіл проблемасы күн тәртібіне шығарылмас еді. Өкініштісі, оқу органдары өз міндеттерін атқара алмай келеді. Олар орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту орайында орын алған көзбояушылыққа көз жұмып қарайды. Шындап келгенде, тәуелсіз еліміздің оқу жүйесі барлық мектепті мемлекеттік тілге көшіру мәселесін жүзеге асыруы керек, өзге тілдер қажеттігіне қарай, негізінен, пән ретінде оқытылуға тиіс. Мұндай тәртіп – мемлекетті пышыраудан, бөлшектенуден сақтаудың кепілі. Рас, жұртты Украина мысалымен қорқытуға бағыт алынған бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, бұл мәселе тақау жылда алға тартыла алмайды. Қазіргі таңда оқу тілі бөлек мектептерде мемлекеттік тілдің толыққанды және өте сапалы оқытылуы мәселесіне қойылатын талап пен жасалатын жағдайды күшейту ләзім. Оның орнына, өкініштісі, салалық министрлігіміз оқу мерзімін ұзарту, оқулықты шетелдіктерге жазғызу «жаңалығымен» бас ауыртып жүрген сыңайлы. Тіл туралы заң шыққалы бері мектеп қабырғасында тәрбиеленген миллиондаған қыз-жігіттіңмемлекеттік тілді білу дәрежесітиісті салалық министрлігіміздің сараптауына алынбады, қажет қорытынды жасалмады. Соның салдарынан әлі күнгі пәленінші жылы бәрі де қазақша сайрайтын болады деп жалаң ұрандатумен жүріп жатырмыз. Реформашыл министрлік бірінші кезекте оқу орындарында мемлекеттік тілді дұрыс та нәтижелі деңгейде оқытуға назар аударуы тиіс.

Өнер тілімен тәрбиелеуге мән беру ләзім

Жасалған мәдени мұра ескерткіштерін қалың жұртқа өнер тілімен насихаттауды ынталандырып, ұйымдастыру жөн. Ал біз оның орнына, имандық тұғыры күдікті, тәрбиелік тұрғыда залалды, азаматтарымыздың ұлттық рухын төменшіктететін, қазақтың ұлттық мүддесіне, қазақ елі азаматының отаншылдық сезімін ұштауға қызмет етпейтін, керісінше, қорлану сезімін туғызатын фильмдерді мемлекеттік қаржыға түсіреміз. Және оларды мәдениет жетістіктері деп дабыралатамыз. Бұл да біздің билік буындарындағы азаматтарымыздың біліктілігіне көлеңке түсіреді. Талантты адам жалпы әлемге арналған абстрактылы озық шығарма емес, өз еліңе, халқыңа қызмет ететін туынды жасауға тиіс. Егер шын мәнінде ұлт еңсесін көтеретін шығарма сомдай алсаң, ол міндетті түрде әлемдік жауһарлар қатарына қосылады. Өзіңнің де, өнеріңе тиек еткен халқыңның да жақсы аты шығады. Ал ұлтыңның абыройына нұқсан келтіретін туындың арқылы өзіңнің талант ретіндегі атыңды шығаруың мүмкін, есесіне, әлем көзінде халқыңды бишара күйге түсіресің, қорлайсың. Бұл жайында жай сөзбен шектелмеген жөн, өйткені, олай етсек, болашақта ондай әрекеттер жалпыазамзаттық деген жалау жамылып қайталана береді. Ұйымдық шара жасап, өнердегі бағыт-бағдарды, отаншылдық ұстанымды нақты тұжырымдау керек. Елдің тарихын, мәдениетін білмейтін, оны мақтан ете алмайтын, дарынын соны үстемелеу жолына жұмсай алмайтын адамға мемлекеттік тапсырыс берілмесін. Тәуелсіздікті отаншылдық сезіммен байытатын өнер ісін ұйымдастыра алмағандар мәдениеттің тиісті саласын басқару тұтқасында тұрмауы жөн ғой деп ойлаймыз.Ұлт мүддесін ойлаудан гөрі қайткенде әлемге танылуды мақсат еткен осындай дерттен батыл арылу жөн. Өнер, әсіресе кино мен теледидар өнері биік рухты тәрбиелеуге, ұлттық мемлекетің, тарихың үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге пәрменді әсері бар құрал, сол ұмытылмауға тиіс. Биылғы үлкен мерейтойға – қазақ елінің 550 жылдығына орай түсірілмек кинотуынды көңілдегі көп күдікті жойып, үмітімізді ақтар деген ойдамыз.

Тыныс-тіршіліктің бар саласында ұлттық рух сезілуге тиіс, кім-кімге де, әсіресе үлкенді-кішілі әкімшілік тізгініне қолы жеткендерге ұлт мүддесін әрдайым жоғары ұстау абзал. Тәуелсіз елдің алғашқы заңдарының бірі дін бостандығы жайында қабылданды да, елге миссионерлерді қаптатты. Дамыған ел дінбасыларының құшағына құлаған әйгілі Бораттың «жабайы» елін «озық» дінге тарту үшін қаржы беретін байлар қатары көбейіп жатса керек, солардың ықпалы болуы да ғажап емес – есін жиған қазақ елі парламентінің дін хақындағы залалды заңға оң өзгеріс енгізуге де қауқары жетпеді. Алдағы уақытта мұның да оң шешімін табуды ұмытпау керек шығар.Жекжатшылдық, рушылдық аурулардан сау болуға ұмтылған жөн. Ондай қасиеттер – топшылдыққа емес, биік идеяға берілгендік – рухы биік адамдардың бойынан сөзсіз табылады. Ал биік рухты тәрбиелеу үшін, айталық, «Мәдени мұра» бағдарламасымен жасалған жұмыстарды ел игілігіне пайдалануды жолға қою, жаппай оқу, білім көтеру өз алдына, жер-жерде тарихтың ащы, қасіретті беттерін жаңғыртатын іс-шараларын жүзеге асыру қажет. Өйткені оның ел тұтастығын сезіну, елдің бірлігін арттыру орайында атқарар қызметі ересен. Барша ұлт өкілдерін ортақ мақсатқа ұйытудағы маңызы зор. Сондықтан да қазақ жерінің залыми саясат салдарынан қалай босатылғанын, аштан қырылған көшпенділер сүйегі үстіне келімсек жұрттың қандай тәтті ұранмен топырлатылғанын, олардан қазақтың қасіретті тарихы жасырылғанын көрсету керек. Сырттан келген жұртты – арамыздағы бүгінгі отандастарымызды біз титімдей де кінәламаймыз, бірақ олар жоғарыдан жүргізілген орыстандыру, елдікті жою саясатының жанама қолшоқпары болғанын ұғынуға тиіс, сөйтіп, қазақтың ұлттық мүддесінің қорғалуына септесуге міндетті.

Қостанайлық полицай мен оның жақтаушылары секілді өз дүмшелеріміз қаптап жүргенде, өзге текті жұрттың баршасына қайткенде тіл үйретеміз, қазақша сөйлеуді талап етеміз дегенге үйір болмау дұрыс шығар. Әр ұлт өкілі өз тілінде сөйлей берсін, қазақ тілін олар соны білуге мұқтаж болғандықтан, ешкімнің зорлауынсыз, ерікті түрде оқуы керек. Бүгінгі күнге дейін, яғни тіл туралы алғашқы заң қабылданғаннан бергі 26 жыл ішінде бөлінген қаржы, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде – елімізді мекен ететін өзге жұрттар мемлекеттік тілден әлдебір дәрежеде хабардар болып қалғаны анық. Бірақ үйренген, игерген азын-аулақ сөздік қорын қолдануға ешқандай мұқтаждық та, қажеттілік те жоқтықтан, көпшілігі мемлекеттік тілді жылдам естен шығаруда. Осы орайда, бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының барша жақсы жақтарын жуып кететін басты кемшілігін көрсете кеткен дұрыс. Бағдарламаны жасаушылар күллі әлемдік тәжірибелерді қарастыра отырып, қолда тұрған қарапайым жәйтті – өзімізде жасалған істерді қорытып көруді, пәлен жылғы жұмыс неге нәтижесіз болып тұр деген сауалға жауап іздеуді, сондай-ақ, жаңа бағдарлама бастауында осы уақытқа дейін атқарылған істер кешені мен оның нәтижесі тұруы тиістігін ұмыт қалдырған. Ширек ғасыр бойы құлаққа сіңісті болған мемлекеттік тілден үйренген, игерген азын-аулақ сөздік қорын қолдануға ешқандай мұқтаждық та, қажеттілік те болмағандықтан, кім-кімнің де ұмытатынын ескермеген. Егер оны қаперіне алған болса, жаңа құжатта сол мемлекеттік тілді білуге ынта тудыратын шаралар кешенін жасауды бірінші кезекте ескерген болар еді. Құжат ең алдымен елімізде мемлекеттік тілдіңөкімет қызметінде қалтқысыз қолданылуын қамтамасыз ететіндей болуға керек еді, Қостанай оқиғасына қарағанда, бұл бір ұмыт қалған мәселе екен. Бағдарлама, сондай-ақ, мемлекеттік тілді білуге қажеттілік, мұқтаждық туғызу шараларын жасауды көздеуге тиіс еді, өкініштісі, ондай жәйт мүлдем айтылмаған.

Ең алдымен, мемлекеттік тіл жайындағы конституциялық талаптың билік құрылымдарының өзінде орындалмай отырғаны ескеріліп, соны түзеуге тырысу мақұл.Шамасы, көптен айтылып, түрлі жобалары ұсынылып жүрген, бірақ әлдебір күштер кедергі жасап келе жатқан «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заңды қабылдау уақыты жеткен шығар. Мемлекеттік аппарат пен оның буындарыөз ісін мемлекеттік тілде дұрыс жүргізсін, билік тармақтары, барлық бюджеттік мекеме, қаржы-қаражат саласы бірінші кезекте мемлекеттік тілде жұмыс істесін. Бұлардың ішінде, келушілерге ыңғайлы болу үшін, мемлекеттік тілдегі құжатты кез-келген қажеттігі туған тілге тегін немесе коммерциялық негізде аударып берушілер қызмет көрсететін болсын. Жиналыстарда мемлекеттік тілден өзге тілдерге ілеспе тәржіме жасау жолға қойылсын. Осындай мақсатта – қазақшадан басқа тілдерге аударатын аудармашыларды жүйелі дайындау ісі ойластырылсын. Ресми жиындар ілеспе аударма аппаратурасымен жабдықталған залдарда, міндетті түрде мемлекеттік тілде жүргізілсін. Міне осындай істер мемлекеттік тілдің іргесін бекітіп, қажеттігін еселеп қана қоймай, тиісінше, халықтың мемлекеттік тілді құрметтей отырып, оны қайткенде білуге деген ынтасын арттырар еді.

Ана тілінің тағдырын ұдайы назарда ұстап, жанқиярлықпен күресіп келе жатқан көрнекті қайраткер Мұхтар Шахановтың қазақтарды тіл білуі жағынан төрт топқа бөлетіні мәлім, соның бір тобына ол қазақ тілін де орыс тіліндей жақсы білетіндерді, бірақ, жеме-жемге келгенде, қазақ мүддесін сатып жіберуге оң иығын беріп тұратындарды жатқызады. Ондайлар, әдетте, көлгірси сөйлеп, қазақ тілінің «дамымағанын» алға тартады. Осы тұста өнердегі аса әйгілі бір тұлғамыздың мемлекеттік тілімізді тап солай деп жариялы түрде кемсіткені еріксіз еске түседі. Сондай көзқарастың салқыны қолданыстағы құжаттың атауында да тұр.Бағдарламаның аталуын «Тілдерді қолдану мен дамытудың…» деп жалпақшешейлетпей, қазақ тілінің әлдеқашан дамыған тіл екенін есте тұтып, мәселенің тамырын дөп басатын атауға тоқтаған орынды еді. Мәселе –қазақ тілінің қоғамдық-саяси функциясын арттыруға, оны мемлекеттік тілге тиесілі деңгейде кеңейтуге билік орындарының мүдделі болуында. Олар еліміздің негізгі заңын сақтауға бірінші кезекте міндетті болуға тиіс. Халықтың нөл бүтін нөл пәленше пайызын ғана құрайтын мемлекет қызметшілерін конституциялық талапқа сай келетіндей етіп жасақтап алу аса қиын шаруа емес. Осы жәйт бағдарламада соншалықты «мен мұндалай» қоймайды. Қазақ тілін «дамыту» мен оның «қолданылу аясын кеңейту», қанша дегенмен, екі бөлек ұғым, ал біз үшін қазіргі таңда екіншісі аса өзекті болып тұр. Жоғарыда тілге тиек еткен Қостанай оқиғасы мұны растай түседі. Әрдайым есте ұстайық – тілімізді, яғни ұлттылығымызды, тиісінше, тәуелсіздігімізді тек ұлттық рухтыңмықтылығымен, ұлттық мемлекет сипаттарын нығайтумен ғана баянды етуге болады.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ

The post Тіл мен тәуелсіздік ажырамас ұғым appeared first on Қазақия газеті.

Кедей жомарт
Үш жүзге мәлім болған Алшын, Кете тайпасының, Құлыс аталығынан Жиенбай жырау Дүзбенбетұлы(1864-1929) жайлы ұстазым, Машарап Әлиевтен(1916-1987) естіген әңгімем еді.

Қыс айы. Арқадан Бұхараға мал айдаған байлар, керуен салып салтанатын жоғалтпаған заман. Сырдарияның мұзынан өтіп жатақ, егінші елдің үстімен өтетін сүрлеу жолмен Қызылдың құмына келіп ілігеді. Қызыл құмды қыстаған ел төбенің шуақ бетінен жеркепе қазып, астығын ұраға сақтап өткен-кеткен саудагерлермен дән, талқанын алмастырып керек-жарағын түгендеп отыратын кез. Бағанағы бай, мырзалар алдын ала хабар салмай Жиенбай жыраудың үйіне келіп түседі. Ойлары «Осы Жиенбайға айлап жырлатып, үйір-үйір жылқы, қора-қора мал айдатып жібереміз. Сол сыйымыздың бір кәдесін көрейік»- деп, сынаққа ала келеді. Жиенбай мал жыйнамаған кісі. Қолындағын халыққа бөліп беріп отыратын «кедей жомарт» жан екен. Қонақтар сәлем бере жеркепеге кіріп келеді. Жырау үйінде екен. Қонақтардың сәлемін алып болғасын есік жақта босағаға қараса әйелі көзге көрінбейді. Ол заманда қонақ жайғасқан соң әйел тапсырма күтіп отыруы шарт еді… Жырау амандық-саулық сұрасып біраз отырып қалады. Әйелі қонаққа беретін ештеңенің ретін таппай шығып кетеді… Мырзалар өз істерінен өздері ұялып отырса, біреуі «Жиекемнің үйінен қара су ішкеніміз, қымыз ішкенмен бірдей емеспе? Ауыз тиіңдер- деп, ыдыспен мұздай суды жағалатады. «Жоқтық- жомарт ердің қолын байлайды»- деп, Жиекем сабырын сарықпай отыра береді. Қонақтардың ішіндегі үлкені:

— Жиеке бүгін Шыбынтай Әлдебайдың аулына еруміз. Өзіңізді көріп сәлем берейік деп інілеріңіз ат басын бұрып едік. Бізбенен бірге болыңыз -деп, өтініш айтады. «Жоққа жүйрік жетпейді» соған келісіп, қонақтар сыртқа беттейді. Есіктен шығып қонақтардың алды тұрып қалыпты. Қараса екі тайқазан ет күн шуақ бетте бұрқылдап қайнап жатыр екен. Жанында жарақты жігіттер. Қонақтар аң-таң. Сол кезде Жиенбай жырау:

-Ал жігіттер, қазан қайнап қалыпты. Сыбағаларыңды жеп кетерсіздер- деп, қонақтарын қайта ішке кіргізеді. «Жыраудың киесін сол кезде көрдік. Төрде отырған Жиенбай басқадан бір бас биік отырды. Сөзі де, өзі де жолға түсіп жөнелді»- деп отырады екен көргендер.Қонақтар етті жеп отырып, бір-біріне:

— Бұл кісі сыртқа шыққан жоқ. Ішке ешкім кірген жоқ Сонда мына жылқыны кім сойды?- деп, сұрап отырады…

Жиенбай жыраудың бәйбішесі Балшаш анамаз Жетіру Керейт Даңмұрын ақынның апасы екен. Қонақтардың сынап келгенін біліп «Қонақ асы бере алмай ұяттан Жүзге мәлім Жиенбай өлгенше, астындағы аты өлсін»-деп, ер-тоқымын аударып тастап, жігіттерге сойдырып қазанға салып жіберген екен. Асыл ана,- елге сын, ерге мін болар тұста азаматының арын солай қорғап қалады. Бұл жағыдай қонақтарға да мәлім болады. Бірін-бірі кінәләп:

-Жиенбайдың жалғыз атын жеп, жаяу қалдырды — деген атқа қалармыз деп, жыраудың соғымы мен мінерлік, көшерлік көліктерін толық қамтамасыз етіп аттаныпты. Міне шырағым «Әйелдің ақылдысы,- елдің анасы-ғой!»- деп, отырар еді, жарықтық — Машекең!

Алмас Алматов.

Астана

The post Кедей жомарт appeared first on Қазақия газеті.

Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Жамалиевке 10 жыл беруді сұрайды
Әлеуметтік желілерде біраз шу туғызан астаналық кәсіпкер Жамалиевтің Әліби Жұмағұловты ұрып-соғып, азаптағаны туралы видеоны көпішілік әлі ұматпаған болар.

Міне, астаналық бизнесменнің ісі бүгінде сотта қаралып жатыр. Жабық режимде өтіп жатқан сотта Жамалиевке қатысты үш баптан тұратын айып тағылуда. Атап айтқанда, бопсалау, заңсыз бостандығынан айыру және сексуалдық сипаттағы күш қолдану сияқты баптар бойынша айып тағылуда. Жұмағұловтың қорғаушылары кәсіпкерден миллион доллар ар-ождан залалын төлеуді де талап етуде. Мемелкеттік айыптаушы Нұралы Бейсембаев Жамалиевті 10 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасын беруді ұсынып отыр. Көпшіліктің арасында үлкен пікір туғызған Жамалиевке қатысты бұл іс тікелей Бас прокурор мен ішкі істер министрінің бақылауында тұрғанын атап өткен жөн.

The post Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Жамалиевке 10 жыл беруді сұрайды appeared first on Қазақия газеті.

Мешіттердің тарихы көлеңкеде қалып келеді
Қазақ жерінің, Ұлы қазақ даласының тарихы мен мәдениетінің ислам дінімен, діни дәстүрлерімен, оның құрамдас бөлігі саналатын мешіт, медресе, мектеп, араб мәдениеті мен тілімен және тағы басқа діни-дәстүрлік әдет-ғұрыптармен біте қайнасқаны белгілі. Халқымыз исламды қабылдаған сәттен бастап діни білімділікке үлкен мән бере тұрып, отырықшылыққа ауысқан аймақтарында мешіттер салуға да ерекше мән берген. Мешіт салу жұмыстары 18-19 ғасырларда кең қанат жая бастаған. Атақты Қожа Ахмет Иассауидің кесенесі салынғаннан кейін Түркістан маңайында зәулім үлкен мешіт ғимараттарын салу көбейе бастаған. Егер олардың саны 1864 жылы 20 болса, 1910 жылы 41-е жетіпті (Р.Мұстафинаның деректері бойынша).

А.И.Добросмысловтың деректері бойынша 1910 жылы Перовскіде 4 мешіт жұмыс істеген. Оның деректері бойынша 19 ғасырдың 70-і жылдары Қ.Бекмұрзаев деген қазақ өз қаражатына бұқар-қазақ мешітін салдырыпты. Тағы бір мешітті Бисембай деген қазақ салдырған екен, 1910 жылы Қазалыда 5 мешіт болыпты (Добросмыслов А.И. Города Сырдарьинской области. Казалинск, Перовск, Туркестан,Аулие-Ата и Чимкент,Ташкент. 1912. 135-136,97 беттер).

Бұл деректер тарихшылар А.Айдосов, М.Кереев және Ы.Қалиев жазған «Қызылорда» тарихи-танымдық кітабында («Тұмар», 2005) былай сипатталған: «1870 жылдан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды. 1871-1872 жылдары Құлбай Бекмырза тегінің салдырған мешітіне барлық мұсылмандар барған. Азан шақыратын мұнарасы болған. Оның ең үлкені 1882 жылы салынып жұмыс істеген «Намаз» мешіті. Оны имам Қадырбай салғызды. 80-жылдардың аяғында ол Бисембай молданың иелігіне көшті. Ол тағы бір мешіт тұрғызып, қала мұсылмандарының парызын өтеді.Осы кезде өзбектер мен сарттарға арнап бұқар сарты Нұрбай Хайрулла тегі мұнарасы бар мешіт салғызды. Татарлар мешіті 1891 жылы саудагер-бай Камаловтың қора жайында ашылды. Оның да азан шақыратын мұнарасы болды. Қазақтың ең үлкен мұнаралы мешіті 1905 жылы салынды. Оны салдырған ауқатты қазақ Айтбай Балтабайтегі еді. Мешітке 40 мың сом қаражат жұмсалды. Перовск қаласы мұсылман діни сенімдерін тартуда Сыр өңірінде елеулі қызмет атқарды. Ислам дінінің орталықтары жоғарыда көрсетілген мешіттер болды».

Өкінішке орай, қаламыздың тарихының маңызды бір бөлігі саналатын мешіттеріміздің тарихы, оның ғимараттарын салған, тұрғызған, қаражат бөлген кісілер жайлы білетіндеріміз өте аз. Көптеген мешіт ғимараттары, кейбірі уақыт жетіп тозып құласа, көпшілігі кеңес заманында қиратылды, олардың тарихына еш мән берілмеді. Уақыт өтіп, көне көз қариялар дүниеден кетіп жатыр.. Аз ғана мешіттеріміздің өзінің тарихын білмейміз, деректер сақталмаған, керек емес деп жоғалтып алдық, мешіттер тарихына мән беріп іздеп жүрген жоқпыз. Білеміз деген «Айтбай» мешіті жайлы деректердің өзінде қайшылықтар аз емес….

Осы орайда, қаламыздың байырғы тұрғыны, ақсақал Ашур Әбдіқалымұлы Хамидовтың қала мешіттері жайлы білгендерімен бөлісуді сұраған едім.

-Қызылордада өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейін ізі қалған 6-7 мешіттің болғанын білемін, соларды жадыма түсіріп айтып көрейін. 1. «Ноғай» мешіті – Қазіргі Мұратбаев көшесіне жақын, Панфилов көшесінің артында орналасқан еді. 2. Мұратбаев пен Карл Маркс көшелерінің қиылысында «Тәшкент» мешіті бар еді, оның ғимаратында профтехучилище орналасты. 3. Бұрынғы «Динамо» деп аталатын жерде, кешегі жылдарға дейін «Айша» кітап дүкені орналасқан жерде Бұқар мешіті тұрды. 4. Бұрынғы Шумилов көшесі, қазіргі өрт сөндіру мекемесінің ғимаратының орнында «Өзбек» мешіті болды. 5. Сол көшеде «Құрманғали» мешіті болған. 6. Сырдария өзенінің арғы бетінде, Шіркейлі каналы мен Сырдарияның аралығында «Ақмешіт» мешіті (қасында ескі бейіттер тұрған болатын) болған.

Әшекеңнің «Айтбай» мешітінің тарихы жайлы да өз көзқарасы мен айтары бар екен. – «Айтбай» мешітін салдырған Айтбай Балтабаев емес, оның атасы. Мешіт 1878 жылдары салынған. Мешіт құрылысы біткен соң мешіттің атын немересі Айтбайдың атымен қойған. Құрылыстың бастығы Айтбайдың атасы. Мешіт біткен соң он жылдай бос тұрыпты, келушілер аз болған. Ақылдасып Түркістаннан ғұлама білімді молда шақырайық деп келіседі. Арнайы Түркістанға делегация барып молда таңдап менің нағашы атам, анамның әкесі Ғайыпов Ысқақ деген молданы Перовскіге алып келеді. Ол кезде Сырдариядан салмен өтеді екен, Ысқақты отбасымен алып келеді. Менің анам сол Ысқақтың қызы Хаири осы Ақмешіт жерінде туған. Келіп «Айтбай» мешітінің қорасына қоныстанады. Ысқақ молда мешітте бас имам болып, інісі Жолдас азаншы болған. Атам өсы жерде өсіп өніп, бес қыз, төрт ұлды болады. Мешіттің астында құдық бар екен, атам оны білмеген, кейін ғана біліпті. Құдық туралы мен бұл мешітті күрделі жөндеуден өткізген кезде естіп, келіп көрдім, суы таза, жарамды.Бірақ, жауып тастаған болар. Мешіттің қасында молдалар тұратын бір қабатты бөлме болыпты. Сол бөлмеден Перовск қамалына дейін жер астымен баратын жер асты жол болған деген әңгіме бар. Өткен ғасырдың аяғы кезінде қаладағы ең ескі үй – облыстық жүйке аурулары ауруханасының ғимаратын бұзған кезде жер астынан жол бар екені анықталды. Бірақ, біздің жергілікті басшылар бұл жәйтті ешкімге айтпай үн-түнсіз жаба салыпты.

Неге ол кездерде, мешіттер мен шіркеулердің астынан құдық қаздырған дейсіз ғой. Ол кезде егер төтенше, жаугершілік немесе басқа қиын жағдайлар бола қалса халық мешітке немесе шіркеуге келіп тығылатын болған. Адам бірнеше күн тамақсыз өмір сүре алады, сусыз өмір сүре алмайды ғой. Сол себептен де мұндай жерлерге құдық қазып, қажет болар деп жасырын ұстаған. Менің топшылауымша қазіргі орыс шіркеуінің астында да жер асты жолдың болуы ғажап емес. «Айтбай» мешіті жайлы бар білерім осы. Менің деректерім бойынша Айтбайдың екі әйелі болған, бірі қазақ, бірі өзбек. Айтбайдан қалған екі бала бар дейді, бірі қазір Тәшкенде, екіншісі Бұқарада тұрып жатса керек. Өткен ғасырдың аяғында қызылордалық бір азамат, политпростың бастығы болған Нұртілесов деген кісі Тәшкенде Айтбайдың бір баласымен кездесіпті, ол «мешіттің жобалық жоспары, кескіндік схемасы менде сақтаулы» деп айтқан көрінеді.

Ашур аканың айтуынша «Айтбай» мешітін салуға орыс үкіметі де қаржы бөлген. Себебі, олар әуелі орыс шіркеуінің ғимаратын салуға үкіметтен қаржы бөлгеннен соң, мұсылмандарға да мешіт салуға көмектесейік деп ұйғарған дейді.

Қаламыздағы мешіттердің тарихы жайлы әңгімемізге арқау болған Әшур аканың пікірлерін тура ақиқаттың шегі деп санамаймыз. Бірақ, қаламыздың тарихын саралау мен жаңғыртуға бастау болады, мұрындық болады деуге күмәніміз жоқ.

С. Жүсіп

The post Мешіттердің  тарихы көлеңкеде қалып келеді appeared first on Қазақия газеті.

Тоғыз ат (аңыз-әңгіме)
Есте жоқ ескі заманда Ақорда мен Көкорда аталған туыстас екі мемлекет болыпты. Екі елдің халқы тілі жағынан да, дәстүрі мен өмір салты жағынан да өте жақын екен. Бірақ екі хандық арасында дау ылғи да туып, араздастық жиі орын алыпты.

Екі халықтың да рухани атасы саналған егіздің сыңарындай Ақби мен Көкби есімді абыздары бар еді. Оларға екі елдің халқы әбден шегіне жеткен жағдайда, хандарын да тыңдамай, билік айттырып, төрелік орнатуға жүгінеді екен.

Бір күні Ақорда-Көкорда арасында кезекті рет жағдай ушығып, бауырлас халықтардың соғысы тағы тұтанатындай ақуал орнапты. Тіпті, бұл жолы екі орданың бірі құлап, бірін-бірі алапат қырғынға ұшырату қатері төніп, саяси жиындардың арты әскери дайындыққа ұласыпты.

Алдын ала бұл жағдайды көрегендікпен біліп отырған Ақби мен Көкби қос абыз өзара күнде келісіп, бейбіт күнді орнатуға бас қатырумен болыпты. Бірақ әбден қартайған, бұрынғыдай қуаты мен қайраттары жоқ, халықтары тыңдаудан қала бастаған қос қария өздерінің екі елге билік айтып, араздыққа араласу мүмкіндігінің азайғанына налып, екеуі қол ұстасып, дала кезіп кетеді.

Екі елдің халқы қос абыздың бұл әрекеттеріне таң қалғанымен, аса қатерлі уақыттың таяғанын біліп, тау-тас кезген қос ақсақалды іздеуге мәжбүр болыпты. Бірақ екі қария да елдеріне қайтудан бас тартып: «Құты мен берекеті қашқан екі елдің бір бірін қырғанын көру бізге таңсық емес, бармаймыз, бірің өліп, бірің қалыңдар! Біздің өлер шағымыз келді, сендерге біздің ақылымыздың да, төрелігіміздің де керегі жоқ! Мазамалаңдар! Жаратқанға алаңсыз қайтуға кедергі жасамаңдар!» — десіпті қос абыз еңіреп отырып.

Екі жақтың билері мен қолбасшылары не істерін білмей күмілжіп, жер шұқып отырып қалыпты. Бір жағынан хандарына бос бару да абыройсыз іс еді. Сол кезде екі қарияның шөберелері сөз сұрапты. Олар өзара құрдас бойжеткен мен ержеткен екен. «Қайтпасаңыздар, біз де осы арада қаламыз. Бір бірін қырған ел мен қырғызатын ел басшыларының қанішер қылығына куә болғымыз келмейді. Ұлы бабаларымыздың соңғы күндерін аялап, сауаптарын алғанымыз біз үшін бақыттың басы!» депті қызбалана ақордалық бозбала. Көкби абыз шөбересіне қарап, сөйле дегендей ым қағыпты, сонда қызбала екі жақтың төрелеріне қарап: «Ең болмаса абыздарға соңғы төрелік айтқызайық» депті.

Жауласқан екі тараптың төрелері хандарына кісі шаптырып, солардың келісімін сұрапты. Абыздардың бұл қылығы әскерге де, халыққа да үлкен ықпал екенін ұққан екі елдің хандары да абыздарға соңғы билік айтқызуға амалсыз келіседі.

Сонда қос қария екі жақтан 9 күн мұрсат сұрапты. Ол заманда бұл елдер тәңір деп Көкке табынған, оның ұлы деп Күнді, қызы деп Айды пір тұтқан екен. Әсіресе, 9 саны екі елге де аса қадырлы әрі табыну белгісі болыпты: «тоқ іс» аталған бұл сан тәңірдің толыққанды әрі кемел құбылысының нышаны танылып, әр айдың 9-ға қатысты күндері қасиетті саналып, сыйлық пен жүлдеге дейін тоғыз санымен өлшеніп, туған нәрестенің шілдеқанасы мен өлген қарияның жаназасы да 9 санымен безбенделген ғұрыптардан тұрыпты. Тоғыздық таным қос халықтың да дәстүріне сіңген, қастерлі санға айналса керек. Ежелгі сол ғұрыпты дәріптеген Ақби мен Көкбидің 9 күн мұрсат алуында сол мән бар еді және оған елдерінің қарсы тұра алмайтынын да қариялар ескерсе керек.

Сөйтіп, жандарына өздерінің шөберелерін ас-су қамдауға қалдырып, бір күркені тіктіріп, тоқсанға келген қос абыз тоғыз күн бойы толғаныпты. Шешімге келгенін қыр басына тігілген күркенің түндігінен будақтайтын түтінмен белгі беретінін айтыпты.

Бірақ қариялар екі елдің саясатына толғанып бас қатырмапты, екі елді мәңгіге біріктіру арқылы ғана бітпес дауды жойу мүмкін екенін ескеріпті. Қос абыз бар білімі мен біліктерін ортаға салып, егіз елді соған жеткізетін ойын ережесін ойластырған деседі.

9 күн біткесін, түтін түтетіп белгі береді. Екі жақтың игі жақсылары жиналып, қос абызға құлақ түріпті. Қариялар екі тарапқа ойын ережесі ұсынылатынын, сол ережемен екі жақтан есепке жүйрік екі адам шығып, екі елдің атынан ойнайтынын айтып, «сол ойынның шарты бойынша қай ел ұтса, жеңіс – соныкы болады» деп кесіпті! «Бірақ екі елді біріктіріп басқаратын ханның қай жақтан сайланатынын осы ойынның нәтижесі шешіп беретін болады. Әгәрәки, ойын тең ойналса – хандар бір мерзімді екіге бөліп, басқарсын» — дейді. Осыған келіссе, ғана ойынның ережесін жария ететінін айтыпты қос данышпан.

Абыздардың бұл үкімі хандардың ашу-ызасын туғызғанымен, халықтың көкейінен шығып, екі тараптың бұқарасы босқа қырылудан бас тартып, ойын сайысына ден қойыпты. Жастар жағы қызық үшін ойын ережесін білуге ынтығыпты. Бірақ екі жақтан да адам шығару мәселесі тұйыққа тіреледі: есепке жүйрік талай адам бас тартып, хандарының қаһарынан қорқып шықпай қойыпты. Сонда әлі де өздерінің екі елдің азаматы екенін мойындатқан Ақби мен Көкби елдерінің бейбітшілігі үшін ғұмырларының соңғы күндерін екі тараптың ойыншысы болуға арнап, бір біріне қарсы ойнауға келісіпті.

Ақсақалдар жұртқа ойын ережесін жариялап, қамданғанда, Ұлы дала алып ойын тақтасына айналып шыға келіпті: кең жазыққа Ақорда хандығына қараған 9 тайпаға – 9 отау, оған қарсы жаққа тізбектей Көкорда елінің 9 көк отауы тігіледі; екі тараптың ортасын ала ақордалық алып ақ шатыр және көкордалық көк шатыр орнатылыпты, бұлар екі жақтың ордасын білдіретін нышан болыпты. Әрбір отауға 9 аттан, бір елдің тарабына барлығы – 81 ат байланыпты.

Қомдалған ақ нардың үстінде отырған Ақби мен көк нарға жайғасқан Көкби абыз жеребемен ұлы ойынды бастап кетіпті. Солдан оңға бағытталған ойын ережесі бойынша жүріс басталған отауда бір ғана ат қалдырылып, қалғанын оңға қарай орналасқан отауларға бір бірден үлестіріп отырыпты. Жүріс кезінде ат үлестіру екі елдің отауларына тиесілі болыпты, бірақ соңғы ат байланған қарсы жақтың отауындағы жылқы саны жұп болса, сол отаудағы барлық аттар ойнаушы жақтың шатырына қамалыпты да, сол орданың қазынасына жатқызылыпты.

Қос абыздың ойлап тапқан ережесі барынша әділ әрі айқын болғандықтан, ешкімнің күмәні боларлық ойын ережесі бұзылмапты. Ойын барысында қарсы тараптан әр ордаға бір отаудан тиетіндей «Түздік» ережесі енгізіліпті. Ол бойынша әрбір тарап өздерінің 9 отауына қоса, қарсы жақтағы отаулардың біріндегі байлаулы 2 атқа өзінің жылқысы қосылып үшеу болғанда, сол тарапқа оныншы отауға ие болу мүмкіндігі қаралыпты. Бұл «түздік отау» арқылы өткен әрбір жүріс сайын бір жылқыны осы отау жақтың ордасына байлау міндеттеледі.

Жүрісті Ақби бастап, Көкби қостаған ойынды ауыздан ауызға жеткен мәлімет бойынша қос қария тоғыз күн ойнапты. Басында ұта бастаған Ақбиді Түздік алған Көкби қуып жетіп, мол жылқыға ие болғанын көріп, Көкорда ханы шаттана бастағанда, көкордалықтар отауындағы ат түгесіліп, ойынды бітіруге тура келеді. Ереже бойынша Көкорданың 9 отауындағы жылқы таусылып, «атсырайды» да, ақордалықтар өз отауларындағы аттарын жинап ереже бойынша ақ шатырға айдап кіргізеді. Енді Ақорда ханы өзінің жеңгеніне күмәні қалмапты. Алайда, санақшылар мұқият 9 рет санап шықса да, екі жақтың шатырында жиналған аттардың саны тең болып шығыпты: екі жақта да 81 –ден, барлығы 162 ат!

Хандар ойын ережесіне амалсыз бағынады – жарты жыл Ақорда ханы, келесі жарты жылды Көкорда ханы билеуге халықтық шешім шығады. 9 күн бойы жұртшылығы үшін барын салып, әбден қажыған Ақби мен Көкби абыздар 10-күні уәделескендей төсек тартып жатып, бір уақытта қайтыс болыпты. Екі қарияны екі ел бірігіп жаназа тұтып, бір төбеге жерлепті деседі. Сол төбе әлі күнге Қосабыз аталады. Ал, қариялар қайтыс болғаннан кейінгі бір жыл өткен соң, олардың қос шөбересі үйленіпті. Көп ұзамай, бірі – хан, екіншісі – ханша болған жас жұбайлар Тоғызат аталған қағанатты басқарып, кемеліне келтіре нығайтқан көрінеді. Кейін сол оқиғаның негізінде Тоғызат ойыны дүниеге келіп, жас-кәрінің сүйікті ермегіне айналыпты. Оны бүгінде қалпына келтірген қазақ жұрты «тоғызқұмалақ», қырғыздар «тоғызкөргөл» атап ойнап жүр.

The post Тоғыз ат (аңыз-әңгіме) appeared first on Қазақия газеті.

Келесі олимпиадаға тапсырыс беруді ұсынды
2022 жылы өтетін қысқы олимпиада үшін тартыс аспан патшалығы елінің пайдасына шешілді. Ақ олимпиада Пекинде өтетін болды.

Дегенмен, олимпиада өткізу үшін үміткерлер арасында қара үзіп финалға дейін жеткен қазақстандықтардың табысы халықаралық олимпиада комитетіндегілерді бей-жай қалдырмаған сияқты. Аталмыш комитеттің вице президенті Джон Коутс қазақстандық делегацияға 2026 жылғы олимпиаданы өткізуге тапсырыс беруді ұсынды. Дауыс беру қортындысы бойынша төрт дауыс кем алып қалған Қазақстан Қытайға жол берді.

The post Келесі олимпиадаға тапсырыс беруді ұсынды appeared first on Қазақия газеті.

Адасқанның айыбы жоқ…
Құдайберген Тұрдықұлов 1925 жылы Қарақалпақстанның Шымбай ауданында туылған. Ұлты қазақ. Қаралпақпақ халқының композиторы. 1968 жылы «Бахыт намалары» («Бақыт әуендері»), 1978 жылы «Гүлистан үлкем» (Гүлістан өлкем»), 1985 жылы «Дәураным гөззал» («Дәуірім жарқын») ән-жыр жинақтары жарық көрді. «Қарақалпақстанға еңбек сіңірген әртіс», «Қарақалпақстанға қызмет көрсеткен мәдениет қызметкері», «Өзбекстанға қызмет көрсеткен мәдениет қызметкері» атақтарының иегері.

Есемұрат Тұрдықұлов кішкене жиені Құдайбергенді жастайынан дутар (домбыра) тартуға баулыды. Қос сым ішекті дутар, жас нәрестенің ырқына көнбейді. Перне үстіне дәл түсіп икемдеспеген саусақтарды нағашысы талай рет бір-біріне сабақпен байлап қойған кездері болды. Құдайбергеннің осылайша өнерге деген құштарлығы күн сайын ұлғая түсті. Қолына дутарды алса қиял ғажайып әлемнің қойнауына енгендей болатын. Сарғайған сағыныштың табы жүректің нәзік қылдарын қытықтайтын. Кейде өзінен-өзі қабағы қарс жабылып, жұдырықтай жүрегін қатыгездік билеп алып, денесі қалтырап қоя беретін. Әйтсе де, тұлабойын қайтадан қуаныш кернеп, бірдеңені аңсағандай, сағынғандай, алға қарай талпынғандай шабыттанып, шарықтап отырған кездері қалжырап-маужырап ұйықтап кететін.

— Айналып қана кетейін-ай, тумай жатып тағдырға не жаздың екен? Келешегің қандай болар екен? Жастық шағыңның мынау аласапыран, алмағайып заманға тура келуін қарасаңшы, сорлы бала. Неде болса тірі бол, айналын, ақыры бір жерден шығарсың, — деп нағашы әжесі Шәрігүл шеше күйбеңдеп жүріп күбірлеп жиенінің құшағында жатқан дутарды ептеп алып, кереге басына іліп қойды. Қырық жамаулы көрпешенің үстіне жатқызып, басына көпшік жастап, көнетоздау күпіні жауып, қымтаңқырай түсті.

Құдайбергеннің ояу кезіндегі ойы, ұйықтағанда түсіне енетін. Көзін жұмса болғаны, қабағы қатыңқы, қара мұрты ширатылған, алпамса денелі, мұздай қаруланған, түлкі тұмақты, торы тұлпар мінген, қарасұр кісі көлбеңдеп қоя беретін. Ол мұның қасында көп аялдап тұрмастан «Жабырқама жалғызым, тұз-несіп болса әлі-ақ кездесерміз!», деп үлкен-үлкен төбешіктерді айналып, дәрияның ағысына қарай құйғытып шаба жөнелетін. «Көке, көке, мені қалдырмай ала кетші!», деп ізінен сүріне-қабынып жүгірген жас баланың жалба-жұлба балағы тобылғыға ілініп жалп ете қалады. Ояна келсе түсі екен. Шәрігүл әже: «Қарағым, қуатым, неге шошыдың?», — деп барлық мейірім шапағатын төгіп сипалап отыр екен.

Тағы бірде ауыл адамдары бір төбенің басына түгелге жуық жиналған екен дейді. Жарлы-жақыбайлардың теңдік сұрап жүрген кезі. Алқалы топтың алдында қамшыдай қатқан қара келіншек саңқылдап сөйлеп тұр. Мұның түсінгені «Әйелдерге теңдік керек, ерлермен құқығы бірдей болуы қажет», деп ұрандатып тұрған секілді. Аздан кейін екінші бір келіншек ортаға шығып, алғашқысының сөзін қуаттап, басқаларды да қолдауға шақырды. Анықтаңқырап қараса, сөйлеп тұрған өзінің туған анасы – Сапаргүл. Өз көзіне өзі сенбеді. Иә, соның дәл өзі. Қос жанары моншақтап, анасына қарай құшағын жайып ұмтылды. Бірақ толқындай тулаған көпшілік жас баланы жағадағы жаңқадай кейін лықсытып тастады. Жиналған топты айналып өтіп, анасына жетемін дегенше жиналыс бітіп қалды. Анасы мен жаңағы қасындағы келіншек анадай жердегі аттарына мініп, маңдайларында қызыл жұлдызы бар, төбесі шошайған бөрік киген, қарулы екі-үш жігітпен бірге ауыл сыртындағы ұлы жолға түсіп, көршілес ауылға қарай шоқыта жөнелді. Бұл ізінен айғайлап көріп еді, тамағы құрғап, даусы шықпады. Ояна келсе тағы да түсі екен. Көзден аққан жастікі ме, басына жастанған көпшігі дымқылданып қалыпты.

«Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар», демекші Құдайберген кем-кемнен өсіп жетіле берді. 1940 жылы балалық бал дәуренді басынан кешірген Шымбайдағы ұжымшар театрына келіп, музыканттарға шәкірт болуымен алғашқы өнер жолын бастады. Арадан он жыл өткен соң өзекті жарып шыққан өрт сезім музыка тілімен баяндалып, сазгерлікке ден қойды. Өзбекстандық өнер майталмандары Фаттах Назаров, М.Носимов сияқты әріптестерінің ыстық ілтипатына бөленді. Осындай ардақты ағалармен қатар тұрып тізгін тартуға жарап қалған Құдайберген, олармен біріге отырып музыка жазумен шұғылданды. Жапақ Шамұратовпен қатар жұмыс істеп, батасын алған жас жігіт біртіндеп халықтық шығармалар жазуға ойысты. Пъесаларға да музыка жазумен әуестенді. Сапар Қожаниязов, Әбдірейім Сұлтанов, Әлімжан Халимов сынды әріптестерімен де бірге авторлық музыкалар туындатты. Бас-аяғы 300-ден аса музыка, 1968 жылы «Бахыт намалары», 1978 жылы «Гүлистан үлкем», 1985 жылы «Дәураным гөззал» атты жинақтары шығып, қарақалпақ музыка мәдениетінің көркеюіне, өнерінің өркендеп дамуына сүбелі үлес қосты. «Қарақалпақстанға еңбек сіңірген әртіс», «Қарақалпақстанға қызмет көрсеткен өнер қайраткері» және осы әңгіме очерк газетке шыққаннан он күн кейін «Өзбекстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атақтарын алды. Бердақ атындағы республикалық сыйлықтың иегері болды. Сондай-ақ кеңестік көптеген медальдар мен Мақтау грамоталарымен марапатталған.

Ұмытпасам сексенінші жылдардың күз айларының бірі болса керек. Мен ол кезде кеңшар комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істейтінмін. Шаруашылықтағы Жамбыл атындағы бөлімге өкіл едім. Бір күні бөлім механизаторларымен түскі үзілісте шәй ішіп, демалып отырғанбыз. Республикалық Нөкіс радиосының «Ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне арналған» сазды хабар бағдарламасын тыңдап отырмыз. Бір кезде Өзбекстан және Қарақалпақстан халық әртісі Сұлухан Мәмбетова ән шырқап қоя берді. Төрде отырған Ізберген Әжімұратов деген механизатор жігіт «Мынау менің жақын жеңгем еді», деп орнынан ұшып тұрып радиоқабылдағыштың құлағын бұрап, даусын күшейтіңкіреп қойды. Иә, оны сол жерде «Біржақтағы қарақалпақтың әйелі саған қалай жеңге болады?», деп күстаналағандар да болды. Ізекең сонда Сұлухан Мәмбетова атақты сазгер Құдайберген Тұрдықұловтың әйелі екендігін және ауыл ақсақалдары ертеде еріксіз көз жазып қалғанын айтып отыратын еді, деп

-3-

дәлелдеп бақты. Дегенмен оған басқалар түгіл өзімізде сене қойғанымыз жоқ. «Бірақ ағамыз өзінің қазақ екенін біле ме, білмей ме, ол жағын білмедім», деп ақталғандай болды. Сонда дағы осы әңгіме маған ерекше әсер еткендей сезілді. Мамандығым журналист болғандықтан тақырыпқа қызықтым ба, мен де білмедім. Әйтеуір жатсам да, тұрсам да есімнен кетпейтін болды.

Содан кейін біршама уақыт өтті. Қызмет бабында Құдайберген Тұрдықұловпен де, Сұлухан Мәмбетовамен де кездесіп қалатын сәттер болды. Екеуі де кішкене бойлы, тұмсығын жоғары көтеріп жүретін, паң адамдар сияқты көрінді маған. Құдекеңнің күліп жүргенін де байқамаппын. Сатып алмасаң күлмейтін секілді. Соған қарағанда мінезі да қатал, ожар-ау деп ойлап қалдым. Әрине, бұл көпке дейін қиындық тудырғаны да жасырын емес. Себебі, тұтқиылдан «Ұлтыңыз кім?», деп сұрау әрине ыңғайсыз. Осы тақырыпта оның бірқатар әріптестерімен де сөйлесіп көрдім, бірақ бәрі де күмілжи береді. Қарақалпақтың белгілі ақсақалдарының бірі Ғалым Сейназаровта: «Оның қайсы ұлттан екенін білмеймін, әйтеуір қарақалпақ емес. Қалайда әкесі жаужүрек, жауынгер, батыр адам болуы керек. Өзі де әкем Шайдаковтың дивизиясында әскербасы болған деп отырады. Құдайбергеннің өзі де анау-мынауға көне бермейтін, тым бірбеткей кісі», деуден әріге бармады.

Ал керек болса, қанша құдіретті болсаң да ойланбай көр. Жүрек май ішкендей кілкиді. Марқұм, шежіреші ақын Өмірзақ Қалбаевпен де ақылдастым. Ол «Мойындай қояр ма екен, Мұратбай? Егер анықтағың келсе әкесінің Сәрсен екенін мойындаса саған арғы жағы қиындық тудырмас, журналистсің ғой», дегіні бар.

Көп ұзамай Құдайберген ағамызбен тағы да кездесудің сәті түсті. Нөкіс телеарнасында қарақалпақтың ақын-жазушыларымен әңгімелесіп отыр екен. «Ассалаумағалейкүм, Құдайберген аға!», деп қақ төрде отырған оған тікелей барып, бірінші болып қолын алдым. Ол бірден «Қай баласаң?» деді. Мен де оның аңысын аңдап «Адай баламан ғо, аға», дедім. «Е, өзимиз екенсең ғо…», деді де тілін тістей қойды. Сосын телеарнаның сыртында гүжім теректің түбіндегі көлеңкеге мәшинемді қойып Құдайберген ағамды аңдыдым да жаттым. Ол Сұлухан жеңгемізді бір-екі өлеңін орындатуға студияға әкелген беті екен. Менде тапжылмай екі-үш сағат мәшине ішінде жатып күттім. Өйткені, жаңағы айтқан сөзінің негізін анықтауға тырыстым. Демек келептің ұшы қолға өзі келіп ілінгелі тұр. Бірақ, кім біледі… Бір кездері жеңешем екеуі қолтықтасып студиядан шықты. Алдарына қалбаңдап жүгіріп бардым. Жәйлап ғана жаңағы сөздің мәнін сұрадым, «Адай баламан», дегенде «Өзім екенсең ғо…» дегенін. Сол кезде көп ойланып тұрмастан «Ғарры әкемниң дайысы қазақ еди» (Кәрі әкемнің нағашысы қазақ еді:-М.Ұ.), деп сабынды су сияқты қолымнан сытылды да кетті. Сөйтіп қызыл түсті «Жигули-01» автокөлігінің шаңын бұрқ еткізді де өте шықты. Мен орнымда қаққан қазықтай қалшиып тұрдым да қалдым. Телеарна шарбағының қақпасына жақындады да ол қайта қасыма келді.

— Сениң атың ким, иним? – деді.

— Мұратбай Ұлықманов деген журналистп3н аға.

— Сонда мениң миллетимди неге сорадың? Ямаса, мақала жаз деп биреу

тапсырма берди ма?

— Ауа аға, мен Ташкенттеги «Достық туы» газетасында жумыс ислеймен. Сиз хаққында Өзбекстан Республикасы Президентиниң Кеңесшиси Артықбай Үкибаев деген ағамыз тапсырма берип еді, — деп өтірік айтуға мәжбүр болдым.

— Яқшы онда, ондай болатуғын болса ертеңлери үйге келе ғой, арқайын гүрриңлесермиз, — деді.

Ертеңіне емес мен арғы күні, яғни жақсы ырымға балап сәрсенбінің сәтті күні бардым. Ағамыз үйінде жоқ екен, біржаққа шығып кетіпті. Сұлухан жеңгем қалбалақтап қарсы алып, «Қайним, төрге шық. Ағаң хәзир келеди», деп құрақ ұшып жүр. Мен осылардың бәрін іштей жақсы ырымға балап өзімше қиялға беріліп кетіппін. Әрине, бірдеңенің ұштығын сезсек, желімдей жабысатын журналист емеспіз бе? «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Ерлі-зайыпты екеуі де өмірінше қызығы мен қиындығы мол көркемөнер саласында қажырлы еңбек етіп, тер төксе дағы отырған баспаналарының өте ескі екендігім көріп, қарным ашып қалғаны да рас. Бұл ескі шатпа Сұлухан жеңгеміздің шешесінің үйі көрінеді. Әйтсе де, зейнеткер өнер иелерінің қолда барды ұқсата біліп, тіреумен тұрған ескі үйдің төңірегін бау-бақшаға көмкеріп қойғаны көңілге жылылық ұялатады.

Ағамыз да көп ұзамай келді. Кешегідей емес, жылы жүзбен амандастық. Шәйін ішіп болудан тамаққа дейін шаруамды бітіріп тастауға кірістім. Себебі, «Өлімнен басқаның ертесі жақсы», деп өткендер бекерге айтпаса керек. Алдымда отырған қос өнерпазбен әңгімеміз қарақалпақ өнерінің өркендеуіне, музыка мәдениетінің дамуына, оның кейбір мешеу қалған тұстарын толықтыру турасында өрбіді. Біздердің қызу әңгімемізге кедергі келтірмейін дегендей жалғыз ұлының жары Зиуар сыбдырсыз кіріп-шығып, ұстап-тұтқан ыдыстарын әсте-ақырын пайдалануда. Өздері сүйген мамандықтың жолындағы көрген қиындықтары, тағдырдан тартқан тауқыметтері бәрі-бәрі тілге тиек болып, әңгіме өзегіне айналды. Маған әңгіменің ең қажеттісі бұлар емес. Әйтеуір, олардың ығына жығылып шарасыз халде отырмын. Баяғы ұзындығы алпыс минуттық кассетаның біреуі толып, екіншісіне де өттік. Бірақ көздеген сәт әлі келетін емес. Әрине, «Шыдамның да шегі бар», «Тисе терекке, тимесе бұтаққа», дедім де екеуінің сөзін бөлуге тура келді.

— Құдайберген аға, кешірерсіз. Жаңа «Жастайымнан жетім өсіп, нағашы әжем Шәрігүлдің тәрбиесінде болдым», дедіңіз. Мендегі бар деректерге қарағанда сіздің Сәрсен деген әкеңіз өте ержүрек, батыр адам болған деседі. Шайдаков дивизиясында әскербасы болып қарақалпақ халқының еркіндігі, бостандығы үшін күрескен қайсар жан болыпты ғой. Сол кісімен сіз берегірек келгесін қайта табысып, өз қолыңызбен жерлеген көрінесіз. Осы рас па, аға? – дедім ыңғайлы сәтті қалт жібергім келмей.

— Иә, айтып отырғаның өте дұрыс, інім, — деді Құдайберген аға маған қарай аңтарылып. — Әкемнің атының Сәрсен екені де рас. Шайдаковтың армиясында әскербасы болған. Сол әкеммен 1958 жылы 19 жасымда табысып, ол жетпістен өткен шағында ақ жуып арулап, өз қолыммен «құтты жеріне» қондырдым.

Иә, он екі жыл бойғы ізденісім өз жемісін беріп келе жатқан сияқты. Енді бар үміт-тілегім қолға ілінген келептің ұшынан айырылып қалмау. Соны ойладым да марқұм ақын ағамыз Өмірзақ Қалбаевтың шежірелік жинағынан журналистік жол

дәптеріме түртіп алған деректерді сөйлетіп қоя бердім. Әйтпесе, көп жылғы еңбегімнің жемісі зая кететін сияқты. Тіпті Құдайберген ағам мен Сұлухан жеңгеме

де көңіл бөлгім келмеді. Сөйттім де, кестелі шежірені сөйлете бердім, сөйлете бердім. Онда Құдайбергеннің әкесі Сәрсенбай мен Қыдырбай – Құрбанияздан, Құрбанияз бен Бекбай – Малайдан, Малай Өтебайдан. Өтебай, Қожабай, Сопақ – Бегейден (кәдімгі Шалбарға еншілес етіп берген Бегей: — М.Ұ.) Тоқтамыс, Тоқпанбет, Балтай, Арыстан, Елғонды, Бегей – Мәмбетқұлдан (Шалбар), Есембет, Есенғұл, Мәмбетқұл, Жұлдыз (Қадір) – Байболдан. Байбол, Тіней, Әйтей, Бегей, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай) – Қосайдан (Түрікменадай). Қосай, Тәзіке – Құдайкеден. Құдайке мен Келімберді – Адайдан туылғандығы бұлтартпас дәлелдермен айғақталған. Осылардың бәріне құлақ түріп тыңдап отырған Құдайберген ағам екі көзге ерік беріп, екі иығы селкілдеп, бетін сүлгімен басып, еңкілдеп отыр екен. Ағамның ыңғайына қарады ма, әлде өмір бойы жасырынып келген құпияның бетінің ашылғанына өкініп отыр ма, білмедім, әйтеуір Сұлухан жеңгем де көз жасын көлдетіп отыр. Әрине, өзім де екіұдай күйдемін. Әлі нақты шешім алда сияқты, қобалжып отырғаным да рас. Көзінің жасын көлдей болған сүлгіге сүртіп-сүртіп алған Құдайберген ағам енді әңгіме ауанын өзгертіп, жәйлап сөзін жалғастырды.

— Ақиқатында да, мен Қосай атаның ұрпағымын. Ұлтым – қазақ, — деді ағам тебірене сөйлеп. — Дегенмен жетім балаға кім жылы қабақ танытса, соған жақындасады. Мен тағдырдың маңдайға жазған тауқыметінің кесірінен әкемнен де, шешемнен де тірідей айырылған жанмын. Нағашы әжем Шәрігүл қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай тәрбиеледі. Обалына не керек, сонау ашаршылық, нәубет жылдарымен одан кейінгі қиын кезеңдерде де аман сақтап, адам қылды. Сөйтіп нағашымның есімімен Тұрдықұлов Құдайберген, ұлтым қарақалпақ болып шыға келдім. Өсе келе Қарақалпақтың белгілі руы Аралбаймын деп қанша айтсам да, өзімнен-өзім тығырыққа тіреліп, қуыстана беретінмін. Сондықтан мен ең болмаса өмірде туған әкенің бір рет болса да шапалағын жеп, туған ананың көйлегінің омырауын жыртып, ақ сүтін емген жігіттің арманы бар ма екен, деп ойлап өстім.

— Кемпір-шалымыз жастай ажырасып кеткен. Ағаң нағашысының қолында тәрбиеленген. Атамыз атты әскерге басшылық жасап кеткен. «Жазмыштан озмыш жоқ», дегендей аласапыран заманда мұны іздеп келер туыс болмаған. Анасы қарақалпақ қыздарының намысын, еркіндігін қорғаймын деп Жұмагүл Сейтовамен бірге баласын шешесінің тәрбиесіне тастап оқуға кеткен. Екі ортада ағаң тіріжетім болып қалған, — деп Сұлухан жеңгеміз де базынашылығын білдіріп жатыр. – Мынау ұлы көркемөнер жолында екеуміздің тағдырымыз табысты. Бұл кісі — әрі жетекшім, әрі ұстазым, әрі өмірлік серігім болып қалыптасты. Ағаңның бірқатар етжақын туысқандарымен араласып, қатынасып тұрамыз. Енеміздің соңғы шалынан болған балалары да – бір өрісіміз.

Иә, аға-жеңгеміздің екеуі де дұрыс айтып отыр. Ел арасындағы әңгімеге тағы құлақ түріп көрер болсақ, шынында да Құдайбергеннің туған әкесі Сәрсенбай да қатал мінезді, аса ожар адам болған секілді. Мүмкін атқарып жүрген қызметінің де, яғни лауазымының да буы болған шығар. Сондықтан қарақалпақ қыздарының теңдігін қорғау үшін оқуға барамын деген әйелі Сапаргүлді уысынан шығармауға тырысқан. Дегенмен Сапаргүл шеше де айтқанынан қайтпайтын жан болған сияқты. Сөйтіп Жұмагүл Сейтовамен бірге оқуға кетуге бел буады. Сонда «Оқуға кетсең, үйден біржолата кет!», деп Сәрсенбай қолында әлі бір жасқа толар-толмас шамасындағы торсық шеке ұлы бар әйелін қамшының астына алып үйден қуып шыққан. Ал ол ұлдың тағдыры жоғарыда өзі айтқандай өрбіген. Сәрсенбай бұдан соң татардың жас келіншегімен бас қосыпты деген де әңгіме бар. Бірақ жастай тірі жетім қалған баланың көз жасы кімді жіберер дейсің. Сондықтан татар әйелдің тұяғы қанамаған деседі. Жастық дәуірдің желігі мен қызығы қартайғанда бастан тайып, бақтан айырылған. Ақыр айналғанда жалғыз қалған секілді. Әйтсе де, Құдайберген ағамыз оның ол ісін бетіне салық қылмай, жетпістен асқан шағында өз қолымен жерлегінін жоғарыда айтты ғой. Бұл перзенттік парыздың бір ғана өтемі емес пе?

Құдайберген ағамыздың нағашысының қолында тәрбиеленіп, ұлтының қарақалпақ болып кетуіне ешқашан, ешкім, ешқандай кінә таға алмайтын шығар деп ойлаймыз. Ал анасы Сапаргүл Тұрдықұлованы да 1992 жылдың 12 шілдесі күні 85 жасында соңғы сапарға аттандырды. Бұл ата-анаға деген балалық махаббатты, перзенттік сезімді білдірмей ме?

Түн түнегін түре қуған Тәуелсіздіктің, Еркіндіктің арқасында 67 жыл бойы сақталған құпия сырдың шешімін тауып, Құдайберген ағамыздың кім екендігін анықтауға мүмкіндік туды. Ондағы мақсатымыз бір бәйтеректің қос бұтағындай болған бауырлас, қандас қазақ пен қарақалпақтың арасына сына қағып, алауыздық туғызу емес. Керісінше екі халықтың бірісіз екіншісінің өмір сүре алмайтынын дәлелдеуге тырыстық. Қазақ халқының ұланы, әруақты Қосай атаның ұрпағы қандас қарақалпақ туысқандарымыздың мәдениетін дамытып, өнерін өркендетуге атсалысып жатса айып па? Қос халықтың ортақ перзентіне қай-қайсымызда қамқорлық жасап, көмек көрсетсек, әрине, көптік етпейді.

Бірақ осының бәрі айтуға ғана оңай. Оны өткен өмір де дәлелдеді. Келешекте де қайталана береді. Олай дейтін себебіміз, осынау құпиялы сырдың ашылып, осы мақала жазылып, ең алғаш баспасөз беттеріне жарияланғалы да 23 жылдың жүзі болды. Яғни, 1992 жылдың тамыз айының ақырында жазылды. Сөздің шынын айту керек, содан бері Тұрдықұлов Құдайберген ағамыздың тағдыры тек ғана қуғын-сүргін заманын еске алу үшін, саясат үшін, соған дәлелді дәйек үшін журналистке ғана керек болған секілді. Әйтпесе, жылда тамыз айының үшінші жексенбісі «Қосай ата» күні ретінде біраз жыл белгіленіп жүрді. Сол кездері сол Қосайдың қалың ұрпақтары, оның ішінде Шалбар ағайындар үйірге қайта қосылғысы келген Құдайберген ағамызды бауырына тартқан біреуі болмады. Ең болмаса бір тышқақ лақ сойып беріп, құрмет көрсету ешқайсысының ойына келмеді. Қарақалпақстанда тұрған Түрікменадайлар Қосай атаны желеу етіп, бір-бірімен бәсекелесіп, жоғарыдағы шенділердің көзіне түсу үшін талай жағымпаздық жасап, жағымсыз іс-әрекеттерге барғандары да болды. Оның орнына Құдайберген секілді тумаларына құшағын жайып, бауырға тартқанда нұр үстіне нұр болмас па еді?

Біздің әңгімемізге арқау болған аға-жеңгеміз бұл күндері о дүниелік болып кетті. Бірақ ізінде 1953 жылы туылған Болат (Полат) атты жалғыз ұлы бар. Олда міне, биыл алпыстың екеуіне шықты. Оның Дәурен, Нұрлан, Айнұр есімді ұл-қыздары да бүгінде бір-бір шаңырақтың иесі болған болар. Жалпы қазақта «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», деген даналық сөз бар. Ақиқатында да ағамызды қалың қарақалпақтың ішінен таптық. Кейін қайырдық. Бірақ үйіріне қосыла алмады деп ойлаймыз. Өйткені Түрікменадай ағайындарды түртсек те түсінбеді. Бауырына жылылық танытпады. Ал оның баласы Болаттың әкесін бауырына тартып, құшақ жайып, туысқандық көрсетпеген «үйірге» қосыла қоюы екіталай. Егер шеклері шылқыған, шаруашылықтары шалқыған Шалбарлар болса, немесе ертеде еншілері қосылып кеткен Түрікменадайдың Бегейлері болса, немесе қабат-қабат зәулім үй, қос-қостан қымбат көлік мініп жүрген Қосайдың бүгінгі ұрпақтары болса Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласынан тауып,

Болатты бауырларына тартса әлі де кеш емес сияқты. Бірақ қайдам… «Ештен кеш жақсы», деп көлгірсу оңай, әрине… «Құдайым, соңын берсін, соңының оңын берсін!», әрине, бұл менің емес Құдайкеұлы Қосайдың батасы.

Мұратбай ҰЛЫҚПАН

The post Адасқанның айыбы жоқ… appeared first on Қазақия газеті.

Пара берген ауыл әкімі жазаға тартылды
Междуреченск ауылдық окруігінің бұрынғы әкіміне қатысты сот шешімі шықты деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ауыл әкімі бір жер телімін екі адамға берген. Осы заңсыздығы анықталып, іс тәртіптік кеңеске жіберілмек боғланк езінде ауыл әкімі жемқорлыққа қарсы қызметтің өкіліне пара бермек болған. Бірақ әкімнің бұл ойы жүзеге аспады. Пара беріп, тәртіптік жазадан құтыламын деп жүріп, енді ол қылмыстық жазаға тартылды. Бұл істі қараған Іле аудандық соты пара бергені дәлелденген бұрынғы ауыл әкіміне 44611200 теңге көлемінде айыппұл төлеуге, жеке мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу мүмкіндігінен айыруға шешім ышғарды. Осылайша тәртіптік жазадан бассауғаламақ болған бұрынғы әкім енді миллиондаған теңге ақша төлеп, шен-шекпенмен атқұла қоштасатын болды.

The post Пара берген ауыл әкімі жазаға тартылды appeared first on Қазақия газеті.