Қазақия газеті » Қазақия газеті

Орыстілді азаматтардың қазақ тілін дамытудағы ұсыныстары
Дөңгелек үстелдер мен кездесулерде қазақ тілінің қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуы үшін және мемлекеттік тілді оқып-үйрену және меңгеру бағытындағы айтылған ұсыныс-пікірлер жинақталды. Кейбір пікірлер сол жерде жан-жақты талданып, нақты ұсыныс деңгейіне көтерілді. Әрине, кейбір ұсыныстар өмірдің қажеттілігінен туып, келешекте іс жүзіне асуы да мүмкін, ал кейбіреулері жеке ой түрінде де қалады, бірақ бұл ұсыныстар арқылы орыстілді азаматтардың мемлекеттік тілге деген нақты көзқарастарын көруге болады. Олар сонысымен де құнды.

Пікірлер мен ұсыныстар (Кейбір пікірлер көңіліңізге жақпаса, маған өкпелемеңіздер – естіген құлақта жазық жоқ…):

Орыстілді БАҚ қазақ тілінің мәселесін дұрыс түсіндіруі және мемлекеттік тілді үйренуді насихаттауы  керек.

Орыстілді бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тілді насихаттау бағытында, оны дамыту және қолдану жолдарын түсіндіру, үгіттеу жұмыстарын жүргізудің орнына, мойындауымыз керек, көп жағдайда қазақ тілінің мәселесіне бейтарап қарайды немесе қарсы  пікірлерді беруге тырысады. Егер орыстілді азаматтардың қазақ тіліндегі БАҚ-ты оқып, теледидарды көрмейтінін ескерсек, түсіндірудің бір ғана құралы – орыстілді БАҚ екендігін ескеру керек. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып отырған орыстілді бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінің мәселесін түсіндіру, үгіттеу материалдарын көптеп жариялайтын жолдар мен тәсілдерді іздестіру шарт.

Орыстілділердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орыстілді азаматтардың арасында қазақ тілін насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілуі шарт. Бұл жерде Ассамблеяның жергілікті бөлімшелері мен үкіметтік емес ұйымдарды пайдалану қажет. Ұлттық бағыттағы ұйымдар да пікірталас жұмыстарынан қашпауы керек. Және ондай отырыстарды айқайшыл, әсіре ұлтшылдарға емес, байсалды, мәдениетті азаматтарға беру шарт. Сонымен бірге этно-мәдени орталықтарды да осы іс-шараға белсенді түрде тарту керек. Орыстілді ұлтшыл ұйымдармен де пікірталасқа барудан қорықпаған жөн.

Қазақтілділер орыстілділер үшін қазақ тілдік ортаны қалыптастыруы шарт. …Және бұл жұмыстар орыстілділерді үркітпейтіндей тәсілдермен жүргізілуі шарт.

Дөңгелек үстелге қатысушы орыстілді азаматтардың басым көпшілігі мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейінің өспеуін қазақ тілді қауымнан көреді. Олар «Біз қазақ тілін аса қиыншылықпен меңгеріп, енді қолданайық десек, біздің қазақша сөзімізге қазақтардың өздері орыс тілінде жауап береді. Қазақтілді ортаны қазақ тілділердің өздері қалыптастырмай жүр»,- дейді. Шынында да, орыстілді азаматтардың болашағын  ойлаған жандар барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуі шарт. Қазақ тілді ортаны жасау – қазақтілділердің міндеті. Ал, қазақтілді қауым орыстілділер бізді түсінбей қалар деген оймен сол тілде сөйлеуден танбай келеді. Бұл жағдай өзгермесе, орыстілділерде қазақ тілін меңгеруге деген қажеттілік те тумайды, қазақ тілін үйренсем екен деген ниет те оянбайды. Демек, қазақтілділерге осы бағытты ұстану қажеттігін жеткізу керек. Сонымен қатар, орыстілді ортада қазақ тілінде сөйлеудің сол орыстілділерге арналған көмек екендігін де түсіндіру қажет.

Орыс мектептерінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, дәстүрі мен

салтын үйрету ісі қолға алынуы керек

Бұл пікір де дөңгелек үстелдерде өте көп айтылды. Орыстілділер тек қана мемлекеттік тіл мәселесін емес, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін де үйренгісі келеді. Бұл да аса құптарлық жаңалық. Шын мәнісінде, қазақтың ұлттық бағыттағы азаматтары мен зиялы қауымы айтып, талап етіп жүрген мәселелерге орыстілді азаматтардың қосылғаны, жалпы ұлттық идентификацияның бастамасы болар. Мүмкін, қазақтың мәдениеті мен өнерін, дәстүрін дамыту мәселесін орыстілділер көтерсе, ұлттық мәселеден қашқақтап орыстілді азаматтарды қалқан қылып ұстап жүрген кейбір азаматтарға сабақ та болар. Өкінішке орай, орыс мектептерінде қазақ халқының ұлттық мәселесі мүлдем көтерілмейді.

Қазақ тіліндегі мектепке дейінгі оқу орындарын көбейту керек

Қазір Солтүстік және Шығыс облыстарда мектепке дейінгі оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесі күн тәртібіне қойыла бастаған сияқты. Әсіресе Ақмола, Қостанай облыстарындағы аудандардағы кездесуде орыстілді азматтардың барлығы дерлік осы мәселені сөз қылды. Бұл бастаманың тиімділігі – мектепке дейінгі оқу орнында дайындықтан өткен балалар үшін мектепте де қазақ тілін оқу, үйрену оңай болады. Балаларын қай тілдегі мектепте оқытуды ата-анасы шешеді, ал мектепке дейінгі оқу орталықтарының барлығын қазақ тіліне көшіру мемлекеттік саясат болуы керек. Айта кету керек, бұл мәселенің түрлі проблемасы да жетерлік. Оқу методикасы, оқу құралдары, т.б. жаңа мүмкіндіктер жасалынуы қажет.

Қазақ тілін ендірудің дифференцияланған жолдарын дайындау.

Тілдің қолданылуы мен дамуы жөніндегі бағдарламаны жасағанда әрбір аймақтың  тілдік жағда-

йын, ұлттық құрамын ескеру қажет деген мәселе де осы дөңгелек үстелде жиі көтерілген мәселе болды. Орыстілді тұрғындар жиі қоныстанған аймақтардың қазақ тіліне өту мерзімі, жолдары әлеуметтік тіл ғылымына сүйене отырып, басқа аймақтардан кешірек жүргізілуі қажет. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстары қазірдің өзінде қазақ тіліне толық көшуге болатын аймақтарға жатса, солтүстік және шығыс облыстарда қазақ тіліне көшу бес-он жыл кейінірек жүргізілуі керек. Өкінішке орай, бұл мәселе Тілдерді дамытудың онжылдық бағдарламасында ескерілмеген.

Жалпы республикалық қазақ тілін үйрету газетін шығару

Өте бір тиімді пікір есебінде — жалпыұлттық қазақ тілін үйрететін газет не журнал шығару мәселесін алуға болады. Орыстілділердің ойынша, бұл басылымды ҚХА қолына алу қажет. Және бұл басылым өте көп тиражбен, бірнеше жыл бойы тегін таратылуы қажет. Сонда ғана сан түрлі әдістеме, сан түрлі оқулық пайдаланып жүргендер белгілі бір жүйеге түседі.

Біріңғай Ұлттық тестілеу жүйесіне мемлекеттік тілден барлық талапкерлердің тест тапсыруын енгізу.

Қазіргі кезде орыстілді мектептің оқушылары орта мектепті бітіру кезінде қазақ тілінен тест тапсырады, ал қазақ мектептерінің оқушылары орыс тілінен тест тапсырады. Бұл тестінің нәтижесі аттестатқа түседі, бірақ жоғарғы оқу орнына түскенде есептелінбейді. Қазақ тілінің беделін көтеріп, нақты қажеттілік тудыру үшін барлық мектеп  (орыс, қазақ, өзбек) бітірушілер мемлекеттік тілден тест тапсырулары қажет те, одан алынған балл тесттің қорытынды нәтижесіне енуі шарт. Осы ұсынысты берген орыс азаматшасы өзінің пікірін мысалмен дәлелдеді: «Мен өзімнің үлкен ұлыма жастайынан қазақ тілін үйреттім. Орта мектепті бітіріп тест тапсырғанда, ұлым қазақ тіліндегі тест сұрақтарының барлығына жауап берді. Бірақ, ол балл саны жетпей оқуға түсе алмады. Ал қазақ тілін үйренбеген, тест сұрақтарының біреуіне де жауап бере алмағандар оқуға түсіп кетті. Сонда біз қазақ тілін үйреніп, соншама еңбектенгеніміз қайда кетті? Мен енді басқа балаларыма «қазақ тілін оқымай-ақ қой, басқа сабақтарыңды оқыңдар» деп ақыл айтамын. Мектептегі қазақ тілінің беделін көтерудің, орыстілді жастарды қазақ тілін білуге ынталандырудың бірден- бір жолы – оның бағасын тест қорытындысына енгізу деп білемін!-деді азаматша.

Қазақ тілін үйренуге ниет еткендер ақшаны өздері төлеуі шарт.

Дөңгелек үстелде қазақ тілін үйретудің  қазіргі жүйесі де сынға ұшырады. Қатысушылардың басым көпшілігі мемлекеттік тілді тегін оқытудың тиімсіз екендігін айтты. Қазақ тілін үйренушілер өз қалталарынан ақша төлегенде ғана оқытушыдан сабақтың жақсы берілуін талап ете алады. Сонда ғана олар тілді үйренуге шын ниеттерімен кіріседі. Қазіргі оқыту (тегін оқыту) тәсілімен қазақ тілін меңгеріп шыққандар шамалы. Сондықтан да жүздеген Тіл үйрету орталықтарындағы оқып жатқандар, сабақтарына салғырт қарайды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңға қазақ тілін білудің міндеттілігін көрсету

Бұл тәсіл де мемлекеттік тілге қажеттілік тудырудың бір жолы есебінде ұсынылды. Қызметке сай мемлекеттік тілді білу туралы тізім жасау мәселесі ҚР «Тілдер туралы» заңында да бар. Бірақ, бұл талап та (мамандықтардың тізімі) әлі заң ретінде дайындалған жоқ. Бұл жерде, бірінші кезеңде, халықпен тікелей араласатын қызмет иелерінен қазақ тілін білуді талап ету қажет. Бұларға: анықтама бюросында қызмет ететіндер, буфет, дүкендегі сатушылар, такси жүргізушілері, т.б. жатқызылуы шарт.

Мектепте қазақ тілінің сағатын көбейту

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселесі сын көтермейді. Он бір жылдықты бітірген оқушылардың қазақ тіліндегі сөздік байлығы өте төмен, 100-150 сөзден аспайды. Мектептегі қазақ тілін оқыту мәселесін бақылау да қазақ тілін білмейтін ата-аналар үшін қиындық тудырады. Осы мәселені жақсартудың бір жолы ретінде дөңгелек үстелге қатысушылар, мектептегі қазақ тілінің сағат санын көбейтуді және оқыту сапасына деген бақылауды күшейту мәселесін ұсынып отыр.

Этно-мәдени орталықтарының жұмыстары оқшау өтпеуі керек, қазақтың мәдени ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу

Қазақ жерінде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін жақсы  меңгеруі үшін этно-мәдени орталықтардың жұмыстарының оқшаулануын азайту керек. Этно-мәдени орталықтар өздері мен өздері жұмыс істейді, олардың жұмыстарына қазақ ұйымдары ешқашан араласпайды. Оның орнына этно орталықтардың жұмысын қазақтың мәдени ұйымдарының жұмысымен бірлесе өткізсе, тілдік орта да тезірек қалыптасады.

Тілді меңгеруді ынталандырудың түрлері

Дөңгелек үстелде Тілдердің дамуы мен қолданылуына арналған 2020- жылға дейінгі бағдарламаға дайындалып жатқан «тіл үйренуді ынталандыру мәселесі» де сөз болды. Қатысушылардың көпшілігі «қазақ тілін үйрену — әрбір азаматтың міндеті» , сондықтан оған ақшалай ынталандыру жасау дұрыс емес деп тапты. Олар ынталандыру ретінде  – жұмыстан ерте жіберу, демалысқа күндер қосу, сыйақы беру т.б. жолдарды ұсынды. Ал, кейбіреулері ынталандыру мәселесіне толықтай қарсы шықты.

Дос КӨШІМ

The post Орыстілді азаматтардың қазақ тілін дамытудағы ұсыныстары appeared first on Қазақия газеті.

Эпоха охотников…
По информационному уровню 21 века, жузы (как «лица» Степи) образовались в эпоху охотничества. Охотники двигались за дикими лошадьми, сайгаками и прочими животными, по устоявшимся маршрутам, которые позже стали маршрутами кочевников.

Например, на западе Степи животные летом паслись севернее реки Жайык, где много воды и сочные травы, но зимой много снега, затруднявшего добычу корма и они шли осенью на юг, где снег был тонким и можно было достать траву тебеневанием – вплоть до Жидели Байсына на стыке Узбекистана, Таджикистана и Афганистана. При леднике северной границей была линия по Среднему Уралу, дальше лежал лед. Север Ескі-Турана (одно из ист. имен страны в «Джагфар тарихы»)  называли Балкар («Плавительное крыло»), юг – Кашкар («Нефритовое крыло»). О периоде охотничества говорят и названия жузов: Кіші – «Стреляющий», Ұлы – «Воющий» (Волк), Орта – «Центр». Слово Кіші от «оқ» — стрела, камень, пуля. «Оқыс!», «өкіс!», «өкіш!» – «стреляй!»… Кісі, кіші – «стреляющий», «человек». Тогда же образовались слова ұл – сын («волчонок»); ұлы – великий; ұлыс, ұлық, ұлт и др. Где звук «ы» (а, о, е, и др.) исходит из груди и придает духовность, «к» — приобщенность, «с» — дело, «т» — твердость. Звук «н» исходит из тела, поэтому «ұлан» — «юноша», «ұландар» — «дети», т.е. набирающие духовность и тело «волчата». «Булгар» — «волк благородный», «волк-человек». Часть слов пришла из самых ранних времен, как свидетели   хода эволюции, большинство же слов создано абызами (жрецами). Об одном из них знает каждый второй казах, по сказанию «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған», с выводом о казахском (тюркском) авторстве праязыка человечества: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» — «у всех слов основа одна, праотец (слов) Майкы би». Это Майкы Первый тюркского мира.

Приход абызов к верховной власти…

При власти абызов охотники и воины стали «младшими» по отношению к людям знания и духовности, и соответственно, слово «кіші» приобрело значение — «младший». По булгарским летописям («Джагфар тарихы»), власть учено-духовных людей в лице союза абызовских племен қазақ наступила так: «При леднике жили в пещерах… Около 35 тысяч лет назад семь племен (иде ел) объединились в союз. На знамени идельцев – изображение головы волка. Около 15 тысяч лет назад создали государство Идель. Первым царем Иделя стал Джам (он же Майкы Первый, проведший реформу языка)… царская династия «Дуло» (дулаты), основанная шаманами (абызами), сделала трезубец своим гербом. Трезубец, себя и свое племя абызы называли словом қазақ, которое без необходимости не разрешалось произносить вслух». Стыкуется с этим и наличие в Кіші Жузе объединения племен қартқазақ, публичное имя которого – Жетіру («Семь племен»), т.е. обычай табуирования сохранился до сих пор! И по шежре праотцем Жетіру является Майкы Первый (Аргы Мак). И все роды Жетіру имеются у татар, башкортов и других близлежащих тюркских народов. И Жидели Байсын есть в древних эпосах. Жидели – «Семь племен», «Байсын» — «Божественная вершина»!.. В вышеупомянутом казахском сказании абыз Майкы Первый поднял на трон 9 ханов, в т.ч. первого собственно казахского государя – Алаша хана.

Историки, археологи, лингвисты  и другие исследователи:

Памятники мезолита на территориях Восточной Европы, Средней Азии и Казахстана – почти идентичны (Г.Ф.Коробова). Значит, жузы в мезолите были, т.к. однородность древнейшей культуры на евразийских просторах обеспечивалась мобильными охотниками и скотоводами (Автор). 2.Восточнее реки Урал климат более суров, а снежный покров более глубок… скотоводы освоили азиатскую степь позднее, чем восточноевропейскую (Ф.Л.Кол). 3.В Арало-Каспийском регионе начали приручение диких животных и разведение скота еще в ледниковый период – о том говорят обнаруженные на Устюрте загоны для скота, того времени (Магомедов М.Г. и др.). 4.Палеолит (древнекаменный век) длился 3 млн лет. 12 тысяч лет назад кончилась ледниковая эпоха и начался мезолит (среднекаменный век). В 7-м тысячелетии до н.э. на Южном Урале и в Казахстане наступил неолит (новый каменный век), в лесной зоне и на севере Европы неолит пришел позже – в 5 тыс. до н.э.(Н.Л.Моргунова). 5.В 6-м тысячелетии до н.э. в степях Евразии началась эра металла (С.В.Богданов). Абызы хранили монополию на металл, казнили за утерю наконечника стрелы. Тамга «балга» имеется только у нескольких родов Кіші Жуза, в других жузах этой тамги нет. Археологи не найдут даты начала металлургии, как и земледелия – при уходе поле ровняли и прогоняли скот (Автор). 6. «Тюрки считают, что Абулджа (Алаша) хан был сыном или внуком Ноя… его летовка была в Ортаке (Уральские горы), а в местностях Бурсун (Борсык кумы – Ж.Артыкбаев), Какьян и Каракорум (Каракум – Ж.Артыкбаев) — зимовки» (Рашид ад-дин).

7. Народы, ставшие индоевропейскими, в 11-10-м тысячелетии до н.э. или позднее, вышли из евразийской степи, где десятки тысяч лет шло непрерывное развитие  уральско-тюркского народа (М.Алинеи, М.Отт и др.). 8.Тюрки первыми освоили металл и все металлургические термины древнего мира идут из тюркского языка (А.Маргулан).

Шесть племен-основателей первого собственно казахского государства…

На стыке трех жузов недалеко от Жезказгана есть местность «Танбалы тас», где на камнях были высечены тамги всех казахских (тюркских) племен и надписи, которые Каныш Сатпаев назвал Первой Степной Конституцией.  Алкей Маргулан сказал: «Қазақ елінің дүниеге келгенін жария еткен орын осы – «Таңбалы тас». Әйгілі Майқы бидің даңқы шыққан кез де, «Таңбалы тас», дәуірлеген заманға тұспа тұс келеді». Одну из надписей Маргулан приводит в переводе, в своей статье на русском языке: «Кипчаки, найманы, алчины, аргыны (каракесек), уйсыны (куйсын) и табыны! О дай благоденствие этим шестерым!»… Ученый считал эти племена основателями первого собственно казахского государства, каждое из них представляло и другие родственные племена.  Видимо, те надписи дублировали содержание более древних текстов, ибо время не щадит даже камень. Экспедиции записывали тексты и тамги с 1895 г., часть пропала, часть разрушается. Сейчас один из текстов высечен по-новой и установлен в Жезказгане…

Внутриэтнические скрепы,  выдержавшие многие тысячелетия…

…Люди традиции учитывают возраст – чтобы не прерывалась связь времен. И порядок перечисления имен отражает ход исторического развития. В списке первым стоит кыпшак («делающий сак») – мастеровитые люди, создавшие Туран (по имени рода торы). По сумме легенд народов, кыпшаки во главе с Коб ата вывели людей из пещеры в мир.  Найманы и алшыны – это те самые «стреляющие» охотники и воины, подчинившие окружающий мир степнякам. Об одном из них: «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Шолпан еді анасы, Әлім еді ағасы».  Аргыны, уйсыны и табыны – с абызовским преобладанием, с  круглой тамгой, обозначавшей Солнце.  Табынам выпала роль  наследников предшествовавшей делово-воинской традиции ескі-туранцев, которую они обогатили, во главе с  дулат-табынцем Майкы Первым, духовно-научными достижениями абызовской (қазақской) традиции. Из вышеперечисленных шести племен-основателей только табыны:

1.входят в  қартқазақ;

2.имеют каганскую тамгу трезубец (у таракты-табына);

3.единственные из всех казахских племен обладают ураном «алаш», являющимся также общеказахским. По сумме источников получается, что на территории Кіші Жуза пятнадцатитысячелетней древности   находились представители и двух других жузов, территории которых тогда были заселены меньше – из-за более сурового, на тот момент, климата. Акселеу Сейдимбек также показал в «Қазақтың ауызша тарихы», что казахскость начиналась с Кіші Жуза — опираясь на множество материалов. По «Джагфар тарихы» первую царскую династию Иделя-Қазақии составляли дулаты, находящиеся сегодня в Ұлы Жузе и имеющие такую же круглую тамгу, что и общетабынский тостаган. Сохранилась и легенда, что «табыны и тама происходят от древнего Кобыланды Первого», хотя Кобыланды — каракыпшак Орта Жуза. Их объединяет кыпшакская тамга косеу – есть у тама и у тартулы-табына (в Ұлы Жузе тоже есть). Тамгу «шөміш», шөмішті табына, в точности повторяет алхимический знак меди — первого освоенного людьми металла.

Алхимики мира зовут тот знак – «Венера». Шолпан, значит. У башкортов второе имя табынцев – уйсын. Серикбол Кондыбай отмечал, что в тамгах табына заключена тайна единства трех жузов, поскольку у него есть тамги трех жузов и праотец – Майкы, а Марлен Зиманов, также приводя аргументы, пишет: «…табыны являются прямым подтверждением межнационального родства всех тюрков-кыпчаков». Значит, при строительстве  государства Майкы Первый сознательно включил в состав возглавляемого им правящего слоя представителей всех трех жузов. К тому же правящая династия имела своих представителей, нокта ага жузов, с тамгой тарак: в Ұлы Жузе – жалайыр, в Орта Жузе – таракты, в Кіші Жузе – таракты-табын. Кас – «волк». Сак – «дракон (мудрости)» (по санскриту). Кассак – волк-дракон (мудрости)!.. Став вождями «волков», абызы передали им свою мудрость. Когда тарак тремя остриями вниз – «волк», тремя остриями вверх – «трехголовый дракон». В китайских летописях есть тарак Ашидэ в виде четырехглавого дракона – когда 4-м выступает жылкышы-табын, автор коневодства. Тамги многозначны. О происхождении Майкы Первого тоже есть источники, тема отдельного разговора.

…Итак, 15 тысяч лет назад  тамга «қазақ», в публичном общении — «тарак», стала символом каганской власти. Ескі-Туран стал Қазақией, для публики — «Идел» (Жеті ел).  В 19 веке Левшин А.И. писал, что «земли, идущие на север и северо-восток от Сыра, арабы и персияне называли Джете, Тураном, Туркестаном, Верас-Сейхуном и Кыпчаком». Священное имя страны степняки старались вслух не называть…

Торегали Казиев

The post Эпоха охотников… appeared first on Қазақия газеті.

Гендерлік теңдік генетикалық тоқыраумен аяқталады
Өткенде БҰҰ өкілі, шетелдік әйел Илейн Конкиевич біздің мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескенде: «Қазақтар әлемдегі 146 мемлекеттің ішінен гендерлік саясат жөнінде 32-орынға шықты» деп қол аяғымызды жерге тигізбей мақтады. Гүлшара ханым қазақ баласының болашағын ойласа… жылау керек еді, керісінше, мәз болды. Өйткені…

ФРАНЦУЗ ҰЛТЫ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

Әлқисса, ХIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың соңына дейін Франция мемлекеті Еуропа мемлекеттерінің ішінен салауатты, сауатты, білім, ғылым, қорғаныс, мәдениет, «толеранттық» жағынан жоғары тұрды. Бақталас елдердің көре алмаушылығын туғызып, қалайда француз ұлтын жойып, экономикасын құлдырату үшін сан мыңдаған құйтырқы саясатты жүзеге асырды. Біріншісі әрі негізігісі әйелдерді пайдаланып, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан отбасы институтын жойды. Отбасы — мемлекеттің тірегі, жүрегі еді. Отбасының ұйтқысы әрине, әйел. Әйелді аздыру үшін ақшадан да, құйтырқы саясаттан да тартынбады.

Олар Францияның технология, білім, ғылымын жеткен жетістіктерін оқып, үйреніп немесе жамандап әуре болған жоқ. «Әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды, көркем француз қыздары» деген аңыз шығарды. Содан әлемнің барлық алаяқ еркектері, ақшасы барлары, көркіне сенгені, ұры-қары, залым, сұрқиялары ағылып, келіп француз қыздарын қатын қылды. Француз басшыларын өтірік мақтады. Мәз болған басшылар: «Біз әлемдегі ең толерантты, тыныш, ынтымағы жарасқан, қарқындап дамыған елміз» деп келімсектерге баспана, жұмыс берді. Келімсектер француз қыздарының бірін алып, бірін салып, анада бір бала, мынада екі бала қалып жатты. Тасталған, ажырасқан қатындар мен шата, метис, дүбәра балалардың еліне айналып шыға келді. Бір ғасырға жетпей ұрпақ азды, ұлттық құндылық күстаналанып, француздар баяғы атақ-абыройдан жұрдай болды. Әйел азған соң ел тозады. Іздеп көрші, бірде-бір елдің еркектері: «француз қыздары әлемдегі ең сұлу қыздар» деп өлсе де айтпайды. Қазір Франциядан салт-дәстүрін, ұлттық қадір-қасиетін сақтаған таза француз ұлтын таппайсыз. Түгел дерлік аралас неке, ажырасқан, байсыз бала тапқан, лесбианка, гомик, кәрі қыздар, қойыртпақ, атала, алашұбар отбасылар. Тобырлардан туған ұрпақтар ешқашан өздері тұрып жатқан мемлекетке, оның иесі болып отырған ұлтқа жаны ашымайды. Керісінше жек көріп бүлдіруге даяр тұрады. Бес жыл бұрын Франция қалаларындағы жастардың зобалаңы. Кешке көшеге жүз мыңдап шығып, дүкендерді, сауда үйлерін, кеңселерді тонап, мыңдаған көлікті сындырып, өртеп, қанша қаланың күлін көкке ұшырды. Әлемді тамсандырған еркек атаулының сілекейін ағызған француз қыздары елге не әкелді? Франция деген аты бар, заты жоқ мемлекеті мен ұлтын мәңгілікке жоғалту қасіретін әкелді.

Еуропа мен Америка мемлекеттері де — осы сайқал саясатқа ұшырағандар. Келімсектері көп тұратын ел барлық ұлтқа ортақ болады да, келімсек билікке келіп ұлттық мемлекеттің саясатын да, ұлттық реңін де өзгертіп жібереді. Мысалы, АҚШ-та кешегі сатып алынған құл негрлердің ұрпағы Президент болып отыр. Болашақта еуропалық елдер бірігіп, Америка сияқты штаттарға бөлініп, «Еуропа» деген тобырлар еліне айналады. Еуропада әр адам жеке тұлға ретінде, ішіп-жейді, киінеді, бала тумайды, ұрпақты ойламайды, өз қарақан басы үшін өмір сүреді. Азия да, Тайланд да Францияның кебін киді. «Азияда тайлық қыздар керемет сұлу» деген аңыз тарады. Өткен ғасырларда Азияны дүр сілкіндірген батыр да жаужүрек тайлықтардың ұрпағы еркегі маскүнем, қыздары лесбианка, жезөкшелерге айналды. Америка, Еуропа еркегі тай қыздарын елдеріне апарып ермек етті. Оларды «сүйікті жарым» деп ертіп жүрмеді,

үйінде малай ретінде ұстады. Мәдени шара,той-томалаққа ертіп баруға арланып, өз ұлтының қыздарын қолтықтап апарады.

СӘБИНАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫНА СҰҚТАНУ… САЯСАТ ПА?

Айтпақшы, біздің Сәбина қызымызды қытайлықтар неге мақтады дейсіз? Қазақта Сәбинадан өткен керемет сұлулар да жетерлік. Бұл жерде Сәбинаның сұлулығы әңгіме емес, Қытай мемлекетінің қырық миллион еркек жыныстысына қазақтан әйел тауып беру саясаты бүркемеленіп жатыр. «Қазақстанға барсаңдар қыздарын өздері қойындарыңа салып береді» деген үгіт-насихатының жемісін көру үшін қытай еркектеріне жаппай: «Осындай қыздарды қойындарыңа салып жатасың» дегені, қанша бай қытайдың сілекейі шұбырды десеңізші. Сәбинаны қазақ қызының айнасы етіп, көрсетіп отыр. Зардабы, басқа миллиондаған аруларымыз қытай саясатының құрбанына айналады. Шетелдіктердің «қазақ қыздары сұлу, әдемі» деп өтірік мақтағанына биліктегілердің түсінігі жетпегеніне қапалымын. Қай ата-бабамыз өз қыздарын шетелдіктерге көрсетіп мақтанған еді, олар тауар ма еді, мал ма еді? Қазақстанның «бренді» енді қазақ қыздары болғаны ма? Шетелдіктер солай ойлайды. Олар қазақ қызын не үшін мақтайды? Өз қыздары сонда жаман болғаны ма? Неге қазақ қыздарын өз қыздарынан жоғары қояды? Бұл шын жүректен шыққан шынайы, мейірімді бағалау емес – құйтырқы саясат.

Шын ойларын жасырып, «Қазақстанға жұмыс іздеп келдім» деген басқа ұлттың еркектері: қытайлықтар жылмиып, еуропалықтар паңданып, орыстар мүләйімсіп, өзбектер иіліп, қазақ қыз-келіншектерінің жатса жастығы, тоңса көрпесі болып жүрген жоқ па? Өздерін сондай «мейірімді, қайырымды етіп көрсетіп, «сіз» деп сызылып, мейрам сайын гүл беріп, сыйлық әперіп бәйек болып, кірін жуып, үсті- басын жалап отырады. Жүрегі жұмсақ әйел заты; «Қазақтың еркектерінен мынау артық қой, еркек болғасын бәрібір емес пе» деген топас түсінік бойын жайлап, күйеуі бары ажырасып, жігіті бары жігітін тастап, байы жоқтар құлай сүйіп, естерінен танып қалады. Әрине, бәрі емес, біразы. Ауылдағының аузы сасық демекші, қазақ жігіттеріне «Бізді әлем бағалап отыр» деп төбеден оқырая қарап менсінбейтін күйге ұшырайды. «Бөз мата атымен өтеді» демекші, шетелдік еркектерге жезөкше ме, азғындыққа ұшыраған әйел ме, бәрібір. Масқараның басы емес пе? Алла Пугачеваның немересіне күйеуге шығады деген қазақ қызының жайы не болды? Ұлтарақ секілді табанына басып жүрді де, жылуы кеткесін лақтырып тастады. Өкініштісі, БАҚ осы азғындықты мақтап жазып, жарнамалағанда қазақтың қанша қызы сондай атақтының баласына тиюді армандады екен?

ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

Франция, Тайланд түскен құрдымға қазақтарды да түсіру айласын қазір әлем бойынша қолға алып отыр. Бір дәлелі, АҚШ-тың Ұлттық география қоғамы әлем халқының анатомиясын, бет-әлпетін, тұлға-тұрпатын, сыр-сымбатын ұзақ жыл зерттеп, ең сұлу халықты анықтапты. Зерттеу 200 елдің тұрғындарын қамтыған екен. Сорымызға қарай… адамзат баласының ең сұлуы – қазақ қыздары екен. Бірақ, қоғам, билік, зиялы қауым, журналист пен саясаткерлер арасында бұл «бағалаудың» астарына үңілуге өресі жететін адам табылмады.

Қазақстанда 2006-жылы гендерлік саясат жөнінде алғашқы заң қабыданып, ол тікелей Елбасының бақылауында қалды. Неге? Ол соншалықты елдің экономикасын көтеретін заң ба еді? Жалпы, гендерлік комиссияның шетелмен біріккен жобалары бойынша 2016-жылы гендерлік саясатқа байланысты заңдардың бәрі қабылданып бітіп, Парламент пен атқарушы биліктің елу пайызына әйелдер орнығуы керек болады. Мұның артынан ЛГБТ-ны заңдастарып, бір жыныстыларға некеге тұруға рұқсат беретін заң қабылдау күн тәртібіне қойылса ше?

Жалпы, біз бұл істе жапондарды өзімізге үлгі тұтуымыз керек. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Жапония білім, ғылым, мәдениеттен әлем алдында озық елге айналды. Ұлттық генін сақтап, «жабық есік» саясатын ұстанды. Елге ешкімді, ешқандай еркектерді кіргізбеді. Арысы турист болып келген шетелдіктерді бақылап отырып қайтадан шығарып жібереді. Шетелдіктер; «әлемдегі ең мәдениетті, ең сұлу қыз жапон қыздары» деп әлемге жар салды. Бірақ, ақылды жапондар ондай ақымақ мақтауға алданбады. Салт-дәстүрі, қан тазалығы мен ұлттық генін сақтау арқылы ең үздік елге айналып отыр.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ

The post Гендерлік теңдік генетикалық тоқыраумен аяқталады appeared first on Қазақия газеті.

Қазақстандағы қызық сайлау
Қазақ жеріндегі биылғы кезектен тыс Президент сайлауы нақты бәсекелестер сайысынан көрі «әйтеуір, Президент сайлауы болсын, бір адам емес, бірнеше адам сайлауға қатыссын» деген мақсатпен өтіп жатқан сияқты. Сондықтан да сайлау науқанының жүргізілуі де, сайлауға қатысқан үміткерлердің іс-әрекеттері де «САЙЛАУ» деген ұғымға сай келе қоймайтын сияқты. Қысқасы, бұл науқан театр қойылымы сияқты, сахнаның арғы жағында тұрған қалың орман – жақсы суретшінің қолынан жасалған сурет-декорация.

Бәсекелестер бар, бірақ бәсеке – жоқ сайлау…

Сайлауға түскен кез келген үміткер алдына бір ғана мақсат қояды. Ол – сайлау бәсекелестігінде қарсыластарын жеңіп шығып, бірінші орынға ие болу. Бұл мақсатты алдарына қоймаған, жүзеге асыруға талаптанбаған адамдар «халықты алдаушы, сайлаудың негізгі принципін сыйламаушы, кандидат есебінде тіркеліп алып кандидаттың іс-әрекетін жасамайтын өтірік қатысушы» ретінде қоғамның қарғысын ғана алады.

Ал нақты бәскелестік жүргізуді мақсат тұтқан үміткерлер бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті жүзеге асыруы шарт: Оның біріншісі, сайлаушылардың көкейіне «Мен Президент болғанда халықтың жағдайы қазіргіден жақсы болады» деген сенімді ұялату да, екіншісі, соның заңды жалғасы болып табылатын, «Сондықтан да мен басқа бәскелестерден артықпын, қарсыластарымды жеңіп шығамын» деген ұранды үзбей қайталау. Алдарына мұндай міндет қоймаған, жарысқа жеңемін деп шықпаған үміткер- үміткер емес, АЛДАМШЫ деп аталады. (Мейлі Орталық Сайлау Комиссиясы оны он жерден үміткер етіп тіркесе де!)

Алдамшы үміткерлер

Кез келген саяси науқанға, оның ішінде Президенттік жарысқа түскен адамдардың қолданатын бірінші тәсілі – осы уақытқа дейін халық үшін, елдің болашағы үшін не істегендерін, қандай жетістіктерге қолдары жеткендерін баяндау. Өздерін халыққа таныстырады, мақтанады, өзінің басқа үміткерлерден артықшылығын көрсетеді. Әрине, Қазақстан жағдайындағы қоғамдық-саяси өмірдегі басты мақтаныш болатын мәселелер – 1986-жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысу, 90-жылдардың басындағы Тәуелсіздік үшін жүргізілген жұмыстарға ат салысу, тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияға қарсы жанын беріп күресу, ұлттық құндылықтарды жаңғырту жолындағы іс-әрекеттер. Ал жалақы алып, үкімет пен партияның сан түрлі қызметін атқарғандарын айту, «министр болғанмын», «обком болғанмын», «райком болғанмын» дегендер-  мақтануға тұрмайтын, қайта жағымсыз әсер қалдыратын «өмір парақтары». Енді осы талапты біздің үміткерлердің қалай орындап жатқанына көз салайық:

Үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың штабы, сенімді өкілдері өздерінің әңгімелерін үміткердің Қазақ елі үшін жасаған еңбектерінен бастап, бұл жазылмаған талапты толық ұстануда. Өкінішке орай, басқа екі үміткердің Әбілғазы Құсайынов пен Тұрғын Сыздықовтың тарапынан, олардың сенімді өкілдерінің іс-әрекетінен  бұл бағытта (өздерінің не істегендері, халықты тартатындай қандай мәселелерге тікелей араласқандары, т.б.) ешқандай мәлімет берілмегенін көріп отырмыз. Әрине, Президентке үміткерлердің барлығы ел басына күн туғанда атқа мініп, ақ туды қолға алып шығуы міндет емес шығар, бірақ «бұл орынға мен лайықпын» деген жандардың күрделі саяси жағдайларда өздерін қалай ұстағанын білу, оның сайлаушыларына қажет. Өздерінің бұрын кім болғандарын, не істегендерін ауыз толтырып айтып, мақтана алмайтын адамдардың сайлауға түсуі – мен үшін, бірінші қызық. Демек, олар өздерінің бағдарламалары арқылы ғана халықтың дауысын, қолдауын алатындықтарына сенімді жандар сияқты. Оны да көрейік…

Сайлау науқанындағы үміткерлердің жиі қолданатын екінші тәсілі, өзіңді мақтай отырып басқа үміткерлердің саяси өмір жолындағы жеткен жетістіктерін жоққа шығару немесе маңызын төмендету. Әрине, олардың жеке бастарына, ар-ождандарына тиетін былапыт сөздерді қолдануға болмайды, бірақ өтіріктерін шығарып, кейде шымшып кетіп, кейде мысқылдай отырып, басқа үміткерлердің «ел үшін жасаған ерліктерінің» маңызын төмендетуге тырысу қажет. Сонда ғана сайлаушылар «Е, олардың айтқандары бос сөз екен ғой, мынау ғана нағыз батыр екен!» дейтін болуы керек. Енді осы тәсілдің бүгінгі сайлаудағы нақты көрінісін көрейік… деп кездесулердегі айтылған сөздерге көңіл бөліп едік, өкінішке орай, бұл тәсілді қолдану деректерін таба алмадық. Оған «Қазақ – дархан халық қой, бірін-бірі шымшымай-ақ,  бірінің бірі к…..н шұқымай-ақ жарыса алады» деп қуанып та қалдық.

Президенттікке үміткерлердің  бағдарламалары

Үміткерлердің бағдарламаларында қазіргі елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайға шолу жасалып, өздері Президент болып сайланғанда осы жағдайларды қалай шешетіндері, ол үшін қандай заңдарды бірінші кезекте қабылдайтындары, қандай ішкі, сыртқы саясат жүргізетіндері, бүгінгі жүргізіліп жатқан саясаттың қай жерлерін жаңартатыны (егер қазіргі саясатқа ешқандай өзгеріс енгізбесе, Президенттікке түсіп не жыны бар!) жарияланады. Бұл жерде, сөз жоқ Тұрғын ағамызбен Әбілғазы ағамыз үміткер Нұрсұлтан ағамызға қарағанда ұтымды жағдайда тұр. Президенттік орындағы адамның жүргізіп отырған саясаты елдің көз алдында. Оны сынау да, кейбір бағыттарының кемшіліктерін көрсету де саясаткер жандарға оңай жұмыс. Әрине, Нұрсұлтан ағамыз да қарап қалмайды, олардың сындарын шемішкіше шағып, өзінің жүргізіп отырған саясатының артықшылығын дәлелдеп шығуға тырысады. Президенттік сайлау дегеніміз – Президенттікке үміткерлердің бағдарламаларының жарысы!

Жақында мынадай ақпаратты көріп, жағамды ұстадым: «Штаб жетекшісі Т.Телубаев батыстық тамақтану мәдениетінің зияны Т.Сыздықовтың сайлау алды бағдарламасының басты тақырыптарының бірі екенін де еске салды. Т.Телубаевтың айтуынша, батыстық тамақтану үлгісі – гамбургер, хот-дог, қуырылған картоп, газдалған сусындар мен басқа да азық-түліктер аса калориялы, құрамында май мен қант көп. Сондықтан да батыстық фаст-фуд алыптары жедел тамақтанудың рецептерін үлкен құпияда сақтауда.

Себебі, қарапайым тұтынушы оның өндірісінде қандай тиым салынған әдістер пайдаланылып, көп жағдайда жеуге келмейтін азық-түліктер қосылатынын білсе, одан үзілді-кесілді бас тартар еді. Айта кету керек, бұл пікірді тағы екі мәртебе теледидардан, үміткерлердің кездесулері туралы ақпараттардан естіп, шынында да «бағдарламасының басты тақырыбы» екеніне көзім жетті.  Талас жоқ, фаст-фудтың зияны шаш етектен, бұған мен де қосыламын, бірақ Тұрсын ағамызға бәрімізге белгілі шындықты айтқаны үшін даусымды бере алмаймын. Президенттікке түсетін үміткерлерден өз басым, Қазақ елінің қандай одақтарға қосылып жатқаны, теңгенің құнсыздану қаупі, т.б. байланысты бағдарламаны көргім келеді. Ал Тұрғын ағамыздың сайлау науқанындағы айтқандары (бағдарламасының басты бағыты) Кеңес өкіметі кезіндегі «Білім» қоғамының лекторларының «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» деген лекцияларына көбірек ұқсайды. Дәл осындай жағдайды – саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселені жауып қойып, экологиялық мәселені  бірінші орынға қою Әбекеңнің  сайлау алды бағдарламасынан да көрінеді. Ең қызығы, Ә.Құсайыновтың сайлау алды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан бір сұхбатын «Менің ойымша, дұрыс нәтижеге жетеміз» деп бітірді. «Біз жеңеміз» не болмаса «Біздің үміткердің Президент  болатынына сенеміз!» деген сөйлемдерді екі үміткердің де не өздерінің аузынан немесе олардың сенімді өкілдерінен естіген жоқпын. Бұл не деген қызық сайлау! Әбілғазы аға мен Тұрғын ағаның сайлау алды науқанының қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын көре отырып, сайлаушылардың басына «үшінші үміткер Нұрсұлтан Назарбаев ағамыз жеңіп кетер ме екен» деген ойдың келе бастауы да мүмкін…

Тағы бір ойланатын мәселе: сайлаушылар міндетті түрде, алпыстан асқан үміткерлердің сайлау алды бағдарламаларындағы көтерген мәселелерді шешу үшін бұрын өздері қандай жұмыстар жасады деген сұрақ қояды. Сайлаушы есебінде мен де Парламентте отырған Тұрғын ағамыздың батыс мәдениетіне тосқауыл қоятындай қандай заң жобаларын дайындап ұсынғанын, қанша конференцияларда баяндама жасап, теледидардан неше рет халықтың алдына шығып «батыс мәдени экспанциясы» туралы сөз сөйлегенін, қанша мақалалар жазғанын білгім келді. Сол сияқты Әбекеңнің де Министр, министрдің орынбасары, облыс әкімі болып жүргенде экологияға байланысты қандай жұмыстар жүргізгенін, қандай нәтижеге жеткенін көруді  мақсат еттім. Өкінішке орай, менің ізденуім ешқандай нәтиже бермеді. Қысқасы, бұл үміткерлер мемлекеттік деңгейдегі саяси жұмыстарға тікелей араласпаған адамдар болғаннан кейін экономика, сыртқы, ішкі саясат, әлеуметтік мәселеге жақындамай, ең қауіпсіз тақырыптар – «экология» мен «батыс мәдениетін» алған сияқты. Не болмаса, нақты саясатқа қатысты мәселелерге түсіп кетсек, үшінші үміткермен, бізден жасы үлкен адаммен салғыласып, сөз таластырып қалармыз деп сақтанған болулары керек. Біз үлкенді сыйлаған қазақпыз ғой!

Телесайыс таласты қыздырады

Меніңше, биылғы «аты бар да заты жоқ» Президенттік орынға «таласты»  телесайыстар арқылы құлпыртып жіберуге болатын сияқты. Егер, әрине, Орталық сайлау комиссиясының теледебаттарды өткізуге деген құлшынысы, ниеті болса…Екінші мәселе – үміткерлердің пікірталасқа қатысуға деген келісімі болмақ. 2005-жылдың 17-қараша айындағы теледидардағы пікірталасқа, өкінішке орай, үміткер Нұрсұлтан Назарбаев «шетелдегі іссапарына байланысты» қатыса алмады. Демек, теледебатты алдын ала жоспарлап Президенттің жұмыс жоспарымен қиылыспайтындай жағдайды ойластырса, үш үміткердің ашық пікірталасын тамашалауға әбден болатын сияқты. Кейде өзінің қарсыластарынан қорқып, кейбір үміткерлердің пікірталастан қашқақтауы да өмірде болады. Ал кей кездері үміткерлердің біреуі «мен елден ерекше жанмын, бәріңнен жоғарымын, сендермен қатар отырудың өзі менің беделімді түсіреді» деген түрмен теледебаттан бас тартады. Өз басым, біздің Қазақ елінде ондай келеңсіз жағдайлардың орын алмасына сенемін. Көрші Ресейде ашық пікірталастан бірінші болып қашқан Б.Ельцин болды (1996 жыл). Елциннің ұстанымын, ашық пікір салыстырудан қашуды – 2000-жылы Путин, ал 2008-жылы Медведев жалғастырды. Байқап отырсаңыздар, барлығы да сол уақытта бірінші басшы болып отырғандар. Олардың теледебаттан бас тартуын Ресей қоғамы «қорқақтық» деп емес, басқалардан өзін жоғары қоятын «менмендік» деп бағалады.

Тоталитаризм жүйесі кезіндегі сайлау – өте қызық болатын. Үлкендер жақсы біледі, ал ол заманды көрмеген жастардың сенбеуі де мүмкін, бірақ ол уақытта сайлауға бір ғана үміткер түсетін. Кеңес өкіметінің барлық адамдары бір күн бойы жұмыстарын тастап, таңғы сағат алтыдан тұрып, ақымақ сияқты бір үміткерден  бір ғана адамды «сайлайтын». Бүгінгі Қазақ еліндегі сайлау да осыған ұқсас сияқты. Әрине, бізде үш үміткер бар. Екеуі сайлауға түсіп жатыр, бірақ Президенттік орынға таласып жатыр деп айтуға аузым барар емес. Кім кімді ақымақ қылып жатыр. Сайлауға түскен, бірақ орынға таласпаған жандар ма, әлде осыны сайлау деп мо-

йындап отырған біздер ме? Қызық сайлау…

P.S. Ресейдің Саяси сарапшылар тобының жетекшісі Константин Калачев Қазақстандағы кезектен тыс Президенттік сайлау науқанына «Сайлаудың ашықтығы мен бәсекелестік күрес көрінісі жасанды түрде болады» деген болжау айтты. Сыртта отырып-ақ, Қазақ еліндегі бүгінгі сайлауға дөп баға бергеніне риза боласың.

Дос Көшім

The post Қазақстандағы қызық сайлау appeared first on Қазақия газеті.

Байғанин ауданы тұрғындары тағы бір полигон салынуына қарсы
Жер астынан жік шықты…

… «Қалдайбек қасіреті» деген әнді  Байғанин ауданының жұртшылығы тебіренбей тыңдай алмайды. Соңғы рет 1987-жылы жер асты жарылысы болған бұл полигонның зардабы әлі күнге дейін  өше қойған жоқ.

Жарасын жалап  жазып жатқан жұрттың  қасіреті сол жабылған полигонмен біте қойды деу, әбестік болар еді.

Байғанин ауданының бір топ (барлығы-100-ден астам адам) тұрғындары қол қойған хатта көтерілген мәселе кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға, облыстың әкіміне, құқық қорғау органдарына, «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларының орталық комитеттеріне  де осындай хат жолдап, жанайқайларын жеткізген тұрғындар хатына ресми биліктен  ешбір жауап болмаған соң, «Қазақияға» жолданған хатты індетіп, сапарға шықтық.

2008-жылы  осы ауданның Жарлы ауылдық округінен 10 шақырым жерге өндіріс қалдықтарын жинап, зарарсыздандыратын полигон салынады. Сол кезде ауыл, аудан тұрғындары қарсы шыққанмен, халықты тыңдайтын  ешкім болмады да, полигон ақыры салынды. Қазір жұмыс жасап жатқан бұл полигонға халықтың көзі үйренді ме, әлде  технологиялық шарттар дұрыс орындалып,  ол полигон ауыл, аудан тұрғындарына жұмыс беруші, ауданның қайырымдылық шараларына ат салысып, демеушілік көрсетуші  үлкен кәсіпорынға айналғасын ба, халық біраз тыншығандай болған.  Жақында  «жер астынан жік шығып, екі  құлағы тік шыққандай» тағы бір хабар байғаниндіктердің дүрлігуіне  себепші болды. Әлгі салынған полигон аздай,  20 шақырым қашықтықтан тағы бір полигон салынбақшы екен.  7 жылдан бері жұмыс жасап тұрған полигон кімнің тақиясына тар келгенін ел білмей әлек, оның үстіне  тұрғындардың айтуынша  аталған полигонның күш- қуаты да жеткілікті, әлеуетті технология-

лармен толық қамтылған.

Редакциялық сапарды Қопа ауылдық округінен бастадық. Ебейті асып, Көптоғай елді мекенінде бір топ ауыл тұрғындарымен кездестік.  Ауыл тұрғындары Жанғазы Мәжит, Сәкен Әлімқұловтар  елдің ертеңіне алаңдап, ұрпақ болашағы үшін қам жейтін азаматтар екен. Олар бізбен әңгімесінде сәби  өлімінің көбейіп бара жатқаны, мал ауруларының белең алып тұрғаны, мүгедек балалар көп туылатындығы, үлкендерде  қан қысымының тұрақсыздығы байқалатыны жайлы көп жәйттің басын ашты.

Шаруа қожалығының басшысы Талипов Алтынбай да өз қауіп- күмәнін жасырмады:

-Айналадағы көлшіктер мен тоспа сулардың бетінде мұнай кілкіп жүреді. Біз атын біле бермейтін қайдағы бір қалдықтардың зардабы жерге, шөпке тиіп жатқаны да жасырын емес. Сонда мұны бақылайтын ешкім жоқ па?

Біз де өздері басқарып отырған ауылдың тағдырына жауап беруге тиісті  ауыл әкімдерімен жолықтық. Бір таң қаларлығы, Қопаның да, Ноғайтының да, Жарлының да әкімдері болашақта  салынатын  полигоннан «түк хабарсыз» болып шықты. Қисынға  салсақ, аудан әкімі келіп арнайы жиын жасап, халыққа  жаңа полигон салудың қажеттігі туралы түсіндіргенде бұл ауыл әкімдері қайда болған? Ал, Ноғайты аулына қарайтын аймақтан полигон салуға жер бөлінгенде ауыл әкімі тиісті құжатқа қол қоймай ма? Сосын барып ауданға, одан әрі  облысқа жетпеуші ме еді?

Жалпы, біз аралаған үш ауылдың да әкімдері ауылда болмай шықты, аудан әкімінде кезекті бір жиналыс  болған екен, соған кетіп кештеу оралды. Қопаның әкімін таппадық, Ноғайтының әкімі Сайлау Жұбанды  ауыл аралап жүрген  жерінен ұстап алдық:

-Бізбен кім келіседі? Жер бөлінді, полигон салынады деген хабарды бір-ақ естідік. Енді міне, ауыл тұрғындары қарсы болып, айқай шығарып жатыр. Олармен түсінік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

-Жаңа полигон сіздің ауылдың территориясынан салынбақшы екен, оны  сіз қалай білмейсіз?

-Шынында бізбен ешкім ақылдасқан жоқ, жоғарыдан түскен бұйрық солай.

«Жоғарыдан түскен бұйрық солай» деп, басына салып қалса да отыра беретін түрі бар Ноғайтының әкімінен соң іздегеніміз Жарлы ауылының әкімі болды. Жан-жаққа хат жазып, полигон салуға қарсы шығып жатқан тұрғындарға доқ көрсеткен де осы  Сүлеймен Бітімбаев екен. Бірақ, Сүлеймен мырза да ештеңеден хабарсыз болып шықты. Ауыл адамдарына да айбат шекпепті, тек  әлгі хатты ұйымдастырып жүрген  белсенділерді аудан әкімі шақырған екен, соған апармақшы болыпты. Ауылдың  бәленбай тұрғынын ауданға сабылтқанша, аудан әкімі өзі неге елге шықпайды екен?

Обалына не керек, аудан әкімі Мамырғали Аққағазов та әлгі ауылдарға барыпты. Сол жиынға қатысқан адамдардың аузын аштырмапты, бірақ.  «А» корпусынан аймаңдай болып сүрінген Аққағазов мырза арада аз уақыт өтпей жатып, аудан әкімінің орынтағына  қайта жайғасқан болатын. Бірнеше жыл қоқыстың айналасында  жұмыс жасаған Аққағазовтың  тап осы мәселеде қателесе қоюы екіталай. Ендеше…

Екі полигон нақты, дұрыс жұмыс жасап тұрған аудан аумағынан тағы бір полигон салудың не қажеті бар? Ауыл тұрғындары аса біле қоймайтын бір құйтырқының иісі шыға ма, қалай?

Айтайын дегеніміз, бұл жерде  белгілі бір кәсіп иесінің аяғынан шалып, жұмысын жүргізбеу, ол кәсіпті өзіне қажет адамға алып беру деп аталатын біздің елде кең етек жайған «сыпайы рэкеттің» қолтаңбасы анық сезіледі.

Осы мәселені зерттеу барысында  құзырлы  мекемелердің талайына қоңырау шалдық. Бір қызығы, халықтан түскен шағым әлі… тексерілу үстінде.

Әлдекімдердің қытығын келтіріп, шамына тимеу  үшін әдейі созбаланып отырған тексеру тәрізді.

…Әңгімемізді жер асты жарылыстары туралы гәптен тегін бастамаған болатынбыз. Жарылыс тоқтағанмен  киелі Доңызтаудың басына төнген бұлт сейіле қойған жоқ. Қазірдің өзінде  аудан аумағында  қытай, корей, ресей мұнай компаниялары жұмыс жасайды. Жерді тілгілеп жатқан олар қазақтың ертеңін қайтсін? Ал олардан  шыққан қоқысты зарарсыздандырып отырған  кәсіпорын жұмысын қолдан тоқтату,  басқа полигон салу кімнің бұйрығы? Дұрысы, кімнің қалтасын қалыңдату керек болды?

Шара Елеусіз, Ақтөбе-Қарауылкелді- Ноғайты-Ебейті-Ақтөбе

Сурет azh.kz сайтынан алынды

The post Байғанин ауданы тұрғындары тағы бір полигон салынуына қарсы appeared first on Қазақия газеті.

Нинельдің қолжазбасы
Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайында соғыс жылдары санитарлық пойызда медбике болған ақтөбелік жас қыздың жазып қалдырған естелік қолжазбасы сақталып тұр. Ол ерекше қолжазбада жас медбике қыздың соғыс жылдары санитарлық пойызда қызметте жүрген кездегі басынан кешіріп, көзімен көргендері баяндалған.

Естелік қолжазбаны жазып қалдырған 1942-жылы 17 жасында майданға медбикелер дайындайтын курсты бітіргеннен соң, өзі сұранып санитарлық пойызда медбике қызметін атқарған Нинель Солонина атты жас қыз. Ал, мұражайға  Ақтөбе қаласының тұрғыны  Ұлтай Исмаилова табыс еткен болатын,-дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Айбек Ертеміров.  Оның  айтуынша, Ұлтай Исмаилова есімді тұрғын телефон соғыпты.  Ол қолында Ұлы Отан соғысы жылдары санитарлық пойызда медбике болған ақтөбелік жас қыздың жазып қалдырған естелік қолжазбасы бар екенін және оны жұртшылық назарына ұсыну үшін музей қорына тапсырғысы келетінін айтқан екен.

— Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталып өтілетіндіктен, бұл естелік қолжазбаның маңызының жоғары екенін түсініп, тез арада қолыма алып оқып шыққым келді. Сондықтан, Ұлтай Таңатарованың үйіне барып өзімен кездесіп, қолжазбаның қалай қолына түскенін және оны жазған медбике туралы толық білуге асықтым. Оның да сәті түсті. Бір күні Ақтөбе қаласының Мәскеу шағын ауданындағы үйлердің бірінде тұратын Ұлтай апайға бардым. Ұлтай Исмаилова — Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім, 40 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаз болып шықты. Ол Шалқар ауданында, одан кейін қаладағы №33 орта мектепте мұғалімдік қызметтер атқарған,-дейді Айбек Ертеміров.

Ұлтай Исмаилованың қолына бұл қолжазба он жылдай бұрын түскен. Бір күні Болат деген оқушысы «көрші әже берді, мұғаліміңе апарып көрсет» деп ескірген дәптер алып келеді. Ұлағатты ұстаз дәптердің мазмұнын оқи келе оның сұрапыл соғыс жылдары жазылған қолжазба екенін түсініп, осыншама жыл қызғыштай қорып сақтаған. Биыл жеңістің 70 жылдығы тойланғалы отырғандықтан бүгінге дейін қолында сақтап келген қолжазбаны облыстағы бірден-бір көненің көзі ескі жәдігерлер сақталатын орын әрі насихат орталығы музейге тапсыруды жөн санапты.

Медбике көрген сұмдықтар

Санитарлық пойызда медбике бола жүріп, өз басынан кешірген ауыр да жантүршігерлік оқиғаларды тізбектей баяндаған Нинель Солонинаның  сұм соғыстың басталғанын қаншалықты  ауыр тебіреніспен қабылдағанын осы жазбадан оқып білуге болады.  Нәзік жанның  әкесі мен өгей анасынан жырақта жүріп,  фашистердің қолынан зардап шегіп, қатты жараланып өлім ауызында жатқан Қызыл Әскердің жауынгерлерін емдеп, жарақаттарын таңып, олардың көңілдеріне медеу бола білгенін де осы дәптерден оқисың. Нинельмен бірге санитарлық пойызда көптеген жас қыздар қызмет атқарған. Күн-түн дамыл таппай вагон ішін тазалап, жаралылардың жарақаттарын таңып, аса ауыр жарақатпен түскендердің ем-домын жасап, жолда кездескен санитарлық стансалар мен пункттерге зембілдермен түсіріп, ауруханаларға тапсырып отырған. Кейбіреулерінің жанында түні бойы отырып, олардың көздері ұйқыға кеткенше жарақаттарының жанына батпауы үшін қолдарынан келгенінше көмектерін аямаған.

Айбек Ертеміров, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихын ғылыми-зерттеу бөлімі меңгерушісі:

-Қолжазбадағы  санитарлық пойыздың №14-ші вагонына жауапты етіп бекітілген жас медбике жазған сұмдық деректерді оқығанда денем түршікті. Бірде Нинельдің вагонына жаралы барлаушы жауынгер түседі. Денесі мен  бетінде  ұйыған қан. Немістер оны ұстап алып аямай ұрып соғып, тірілей өртеу үшін сарай ішіне отқа тастаған екен. Партизандар оны от ішінен алып шығып, аман қалған. Мұрыны мен құлағы отқа күйіп кеткен. Поездың қызметкерлері оның жарақатын барлығы жұмылып жүріп таңғанын жазады,-дейді. Тағы бірде оның вагонына қансыраған 8 жауынгер қыз түседі. Олар партизан тобынан екен. Фашистердің тұтқынында болып аяусыз зәбір көргендері сонша, денелерінде сау жер қалмаған. Пышақпен тілініп, кесілген. Тіпті, фашистер сұрағандарына жауап ала алмаған соң, қыздардың болашақта ана болуына да үлкен кедергі жасаған. Тырнақтарының арасына ине тығып, кейбіреулерін жұлып тастаған. Шаштарын да жұлған. Осындай ауыр жарақаттарына қарамастан олардың көздерінен Отанға деген махаббатты, сүйіспеншілікті көруге болатынын медбике қыз қолжазбасында аса зор тебіреніспен жазады.

Дерек: Нинель Солонина 1925-жылы туған, 1942-жылы 17 жасында санитарлық пойызға медбике болып қызметке тұрған. Нинель Солонина 1943-жылы Василев стансасында госпитальға айналған бай помещиктің үйінде офицерлік корпуста соғыс аяқталғанға дейін медбике қызметін атқарған.

Нинель Солонина 9-мамырдағы Жеңіс күнін өзі емдеп жатқан жаралы жауынгерлермен бірге қарсы алады. «Біз Жеңіске жеттік!» деген қуанышты хабарды әр жаралы жауынгерге жеке-жеке зор ықыласпен айтқанына дейін  ерекше сезіммен жазған дәптерін, Ресейге көшерінде 2005- жылы көрші балаға тастап кеткен екен. Қазір ол туралы да, балалары туралы да еш мәлімет жоқ. Суреті де жоқ.

Біздің ұрпақ, сол сұрапыл соғысты басынан өткерген ардагерлерді көзімізбен көріп, әңгімелеріне қанығып өстік. Қазір саусақпен санарлықтай ардагерлер қалды. Келер ұрпақ сол соғыс туралы құжаттар мен жазбалардан,  кітаптардан оқып білетін болады. Сондықтан, мұражайларда сақталған  жауынгерлердің хаттары мен Нинель сияқты соғыс куәгерлерінің 1418 күн мен түнге созылған, қаншама боздақтың, қаншама қыршын жастың өмірін қиған сұм соғыс туралы  естеліктері  баға жетпес құнды дүниеге айналады.

Бақыт Жаншаева, Ақтөбе

The post Нинельдің қолжазбасы appeared first on Қазақия газеті.

Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен – Реджеп Тайып Ердоған
немесе Түркиядағы жағдайдың бізге қатысы

Әлемнің ең ықпалды жүз адамының  тізіміндегі Мұхаммед Фетһуллаһ. Фетхуллаһ Гүлен деген кім, көксегені не? Түркияның Ерзурум атты провинциясының ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ауыл молдалары, сол өңірдің діни көсемдері, ғұламалары сияқты тұлғалардан дәріс алған жас Гүлен 6 жасында бастаған қарилығын 10 жасында тәмәмдаған. Алғашқы халыққа уағызын 14 жасында берді. 18 жасына жетпей жатып Саид Нурси жамағатының қатарына қосылды. Сол кезде-ақ Мәуләнаға қатысты конференцияларда баяндама жасап, «Коммунизммен күрес» (материализммен-А.Д.) қоғамының құрылуына атсалысады. Гүленнің көзқарастарының түпкілікті қалыптасуы шағындағы өмірі Түркияның оңтүстік батысындағы Измир қаласында өтті. Бүгінгі әлемдік қозғалыстың негізін құраушы идеяның анық алғашқы кірпіштері осы қаладағы өзі имамдық қызмет еткен мешітте жұма құтпаларында, кешкі сұрақ-жауап уағыздарында, ғылыми конференцияларда, халықтың көп жиналатын дәмханалар мен шайханаларда қаланып жатты.

Уағыздарында басқа имамдардан білім берудің маңыздылығы, ғылым, дарвинизм, экономика, әлеуметтік тепе-теңдік сияқты өзекті тақырыптарды сөз етуімен ерекшеленген Фетхуллаһтың күн өткен сайын өз жанкүйері мен тұрақты жамағаты қалыптасып, ел ішінде сыйы артып, қоғамның әр деңгейінен пікірлестер маңайына топтаса бастады. Өз пікірін енді Гүлен қарапайым халықтың ішінде елдің келешегі – техникум, институт, университет студенттеріне жеткізуді мақсат етті. Осы орайда Гүлен қозғалысының қаржыландырылуына байланысты үстінен бірнеше іс қозғалып, дәлелдене алмағаны үшін жабылды. 1975-жылы Құран және ғылым, Дарвинизм, Алтын нәсіл және т.с.с. тақырыптарда сериялық түрде айтқан уағыздары қоғамдық індетпен күрестің айқын көрінісі еді. Гүлен мүшесі боп саналатын «НҰР» қозғалысының күн өткен сайын күш жинауымен байланысты саяси беделі артып, Гүленнің де пікірімен мемлекет санаса бастайды. 2013-жылы «Time» журналының әлемнің ең ықпалды жүз адамын тізіп жазған тізімінде Мұхаммед Фетһуллаһтың есімі орын алды. Бүгінгі таңда Гүленмен пікірлес, өздерін адамзатқа қызмет етуге риясыз ықыласпен арнаған әртүрлі ұлттардан құралатын әлемнің 140-тан аса елдерінде ашылып үлгірген түрік лицейлері, колледждері, университеттері мен академиялары табысты түрде жұмыс істеп жатыр. Жариялаған мақалаларының ішінде ерекше назар аударатын  кейбір сөйлемдері былай: …

Қате түсінік қалыптасты

… Бір үлкен ғұламаның айтқанындай үкімет зайырлы жүйеге көшіп, наным-сенім бостандығын жариялаған кезде (Осман империясының шариғи жүйесінің орнына Түркия республикасының ата заңының қабылдануы-А.Д.) нағыз ислам үшін джихад саяси алаңда емес, керісінше ғылыми, интелектуалдық, рухани, имани тақырыптар мен салаларда қызу жүруі тиіс еді. Бірақ қоғам мұны түсіне алмады. Ең маңыздысы осы деп саясатқа салынып ұрынды. Шыққан төркіні мен жүру барысы дұрыс емес қозғалыстың барар жері белгілі ғой. Басқаша айтқанда бұл хәрекеттер мұсылмандар үшін өте қымбатқа түсті, һәм, бүкіл әлемге ислам қате түсіндіріліп, қате қабылданды.

Оливер Рой сынды батыстық кейбір жазушылар бұл қозғалыстарды «саяси ислам» деп атап, олардың ұшыраған сәтсіздіктеріне «саяси исламның сәтсіздігі» деп айдар тағып жатты. «Саяси ислам», «экономикалық ислам» немесе «радикалды ислам» мен «умеренный ислам» сияқты сипаттаулардың исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Тіпті, ислам принциптеріне қарсы да. Алайда, бұл атаулар айналада болып жатқанды түсіну-түсіндіру үшін қолданылып жатты. Мұсылман атаулы бәріміз бүкіл жерде қателерімізді мойындап, түзетуіміз керек. Сонда ислам біздің қателерімізден туындаған жаңсақ түсінуден тазарады… …исламды ешқашан жауыздықпен, артта қалушылықпен, арамдықпен, хаоспен, жүйесіздікпен, нашар ұйымдастырушылықпен, аш құрсақ жарым-жамалау жыртық тұрмыспен, қайыршылықпен, өш-қаспен, жек көрушілікпен, такапарлықпен, қатігездікпен, зорлықпен, сатқындықпен, алдау-

мен байланыстыруға әсте болмайды…

Фетхуллаһ Гүленнің еңбектерімен жіті танысқан Райс университетіндегі Бониук діни төзімділікті (толеранттық) зерттеу мен дамыту орталығы (Boniuk Center for the Study and Advancement of Religious Tolerance at Rice University) директорының орынбасары, Европа мен қиыр шығыс діндерінің, әсіресе діннің философиясын зерттеудің Америкадағы бетке ұстар мамандардың бірі Джилл Кэррол Өркениеттер диалогы атты басы бүтін кітап арнап жазып (A Dialogue of Civilizations, The Light Publishing, New Jersey, 2008), автордың еңбектеріндегі пәлсапа мен әлем өркениеті тарихында ойып орын алған Конфуций, Платон, Иммануил Кант, Джон Стюарт Милль және Жан-Поль Сартр философияларының арасында таң қаларлық параллельдің бар екендігін дәлелмен жазып көрсетіп, бүкіл әлем назарын аударды.

Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен қозғалысы. Үйренер,  жиренерлік не бар?

Ресейдің Ростислав Рыбаков дейтін профессоры Гүлен мырзаға «Соңғы кездері Ресейлік басылымдарда «Фетхуллаһ Гүлен қозғалысы» туралы көптеген мақалалар жарық көрді. Аталмыш қозғалыстың ресми бекітілген мәртебесі (статусы) мен нақты жоспарлары бар ма? Негізгі принциптері қандай?» — деген сұрақ қойыпты. Ф.Гүлен:

- Альтруисттердің қозғалысын «Фетхуллаһ Гүленнің қозғалысы» деп атаудың дұрыс емес екендігін, һәм, жалпы адамзатқа қызмет етуге шын ықыласымен берілген сансыз көп адамның шынайы қызметі тұрғысынан алып қарағанда бұның әділетсіздік те болатынын айта кетуді өзіме азаматтық борыш санаймын. …Бұл қозғалысты «өз туған жері мен еліне қызмет етуден бастау алатын, ұлы жаратушының разылығына бөлену мақсатындағы оған қызмет ету арқылы бүкіл адамзатқа қызмет етудің жолдарының бірі» деп білген дұрыс. Ресми түрде аталмыш қозғалыстың белгілі бір принциптері туралы сөз қозғау мүмкін емес. Бірақ, бір мұсылман ретінде адамзатқа қызмет ету кезінде орындалуы қажет негізгі принциптер туралы жалпылама пікірімді айтар болсам:

- Ұлы жаратушы жаратқан барлық жаратылысты жақсы көру, сүю. Жаратылыстың ең үлкен айнасы ретінде әсіресе, ең алдымен адам баласын сүю;

- Айналаға мейірім күншуағы мен махаббат нұрын шашу;

- Адамзаттың барлығы, һәм, әрқайсысы жеке-жеке орын табатындай етіп, құдды бір мұхиттай жүрек пен көңілдің есігін айқара ашу;

- Көмекке мұқтаж бола тұра жәрдем көрмеген, ұнжырғасы түскен ешкімнің қалмауына қол жеткізуге үнемі ұмтылу;

- Жақыныңның өмірін құтқару үшін өз өміріңді құрбан ету;

- Ұлтына, наным-сеніміне, дініне, терісінің түсіне қарамастан кез-келген адамды өзіңмен тең санау, онымен диалогты дамыту;

- Адамдарда өзіңе деген сүйіспеншілікті ояту. Ешқашан жек көру, жауыздық пен біреу-

лерге қауіп төндірерлік санасыздықтың төменгі деңгейіне түспеу;

- Өзіңе жасалған кез-келген жауыздық пен зұлымдық сияқты теріс пиғылдарды Иләәһи жаза аясында түсініп, сабырмен өз-өзіңді тиып, керісінше жамандық жасаушыға шамаң келсе жақсылық жасап, кешірім мен түсінушіліктің жолында болу. Бәріне құдайдың мейірімі мен жақсылығын тілеу;

- Қандай жағдай болмасын, еткен қызметің мен жасаған жақсылығың үшін басқалардан ешқашан қарымта да рахмет те күтпеу;

— Өз ғұмырыңды адамзаттық парызыңды орындау арқылы Алланың разылығына қол жеткізуге берілген уақыт мерзімі деп түсіну…

Реджеп Тайып Ердоған кім? Гүленмен немесе Гүлен қозғалысымен қандай байланысы бар?

Мармара университеті Экономика және сауда жоғарғы мектебін кешкі ауысымда оқып, бітірді. Бала кезінен саясатқа әуес боп, әр түрлі қоғамдық және саяси ұйымдардың құрамында болған. Ердоғанның нағашы жағынан Батумиден көшкен гүржі (грузин) яхудиі деген қауесеттің өте күшті болуы оның негізсіз болмауынан болса керек (өзі мұны теріске шығармады әлі-А.Д.). Әкесі жағынан республика құрылуынан бұрын Осман империясының құрамынан шығып, үш жылдай тәуелсіз ел болған Потамия деп аталған рум ауданының атақты қандыбалағы Бакаталы Тейүптің немересі. Сонымен Тайып әке жағынан рум, шеше жағынан йахуди боп шықты.

1994-жылы 27-наурыздағы жергілікті сайлауда Ыстамбұл қаласының мэры лауазымына өз кандидатурасын ұсынып, 25,19% дауыс жинап, мэр сайланды. Осы қызметті атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен үстінен оннан астам қылмыстық істер қозғалып, депутат сайланған кезінде уақытша тоқтатылды.

Ердоған бастаған жаңашылдар 2001-жылдың 14-тамызында «Адалет вэ калкынма» (AKP-әділет және аяққа тұру партиясы – А.Д.) құрған. Партияның алғашқы конгресінде (бізше съезінде) Ердоған партияның төрағасы сайланады. 2002-жылғы қарашаның үшіндегі жаппай сайлауда 34.29% дауыс жинап бірінші болады. Бірақ, партиясының билікке келуі Ердоғанның парламентке, үкіметке кіруіне жеткіліксіз еді. Өйткені, заң бойынша сайлану хұқығы шектелген болатын (бұрын сотталған себепті). Тайиып Ердоған 1989-жылы сайлауға атын ұсынып, жеңіске жете алмаған соң сайлау нәтижесіне шағымданып, аппеляциялық сот шешімімен келіспей, судяны «алкогольдік мас жағдайдағы адамсыз» деп айыптап, осы себепті бір аптаға қамауда боп, ақшалай айыппұл төледі. Бұның сыртында 1997-жылғы Сиирттегі сөзінде Зия Гөкальптың Балкандардағы соғысып жатқап түрік әскеріне арнап жазған «Әскердің дұғасы» атты өлең шумақтарын халық алдында өзгертіп оқып, осыған байланысты «халықты ашық діни және ұлтаралық араздық пен дұшпандыққа үгіттеген» деген айыппен басында он айға бас бостандығынан айрылып, кейін төрт айға азайтылған болатын. Осыған байланысты партия төрағасы һәм премьер министрлікті біраз уақыт Абдулаһ Гүл атқарды. Сиирт округының сайланушы депутаты Фадыл Ақгүндіздің депутаттықтан шектетілуіне байланысты, осы округта өткен сайлау нәтижесінде Ердоған парламентке депутат сайланды. 58-биліктің отставкаға кетуіне байланысты (бізше каб.мин.-А.Д.) Абдуллаһ Гүлден босаған премьер министрлікке өткен Тайып Ердоған Түркия республикасының 59-премьер министрі атанды.

Ердоған 2013-жылғы 17-қарашада басталған полицияның сыбайлас жемқорлықпен ауқымды түрдегі күресу операцияларын (Ердоған үкіметіндегі бірнеше министр мен олардың туыстық қатынастағы мемлекеттік холдингтар басшылары бұлтартпас дәлелдермен қолға түсірілді-А.Д.) «үкіметті басып алуға, төңкеріс жасауға тырысу» деп бағалап, «кез-келген бұндай ауқымды шараның Ішкі істер министрімен, үкіметпен ақылдаспай жасалуы заңға қайшы» (былай қарасаң, сізді ұстау үшін сізбен ақылдасып, сізге тінтудің болатыны туралы ескерту жіберіп, тіпті, өзіңізден рұқсат алу керек деген өте қызық логика),-деді. Операциядан кейін Ердоған мен балаларының арасындағы телефон арқылы болған әңгімелесудің бірнеше аудио жазбалары интернетке тарап кетті.

Аудиожазбалардың бірінде Ердоған баласына телефонда үйдегі барлық ақшаның көзін құртуын тапсырады. Араға бірнеше сағат салып қайта телефон шалып, жағдайды сұраған әкесінің сұрағына Біләл Ердоған «Көбін бітірдік әке, бар болғаны 30 миллиондай доллар ғана қалды» дегені анық естіледі. Бұл операция Ердоған мен Гүлен жамағатының арасына от жақты. Өйткені, операция ұйымдастырушыларын Ердоған «мемлекетпен параллель жүйе құрушылар» деп айыптап, олардың артында Гүленнің тұрғанын айта келе, олардың түбіне жететіндігін ашық жариялап кетті. Биліктегі алғашқы күндерінен бастап Гүленді мақтап АҚШ-тан Түркияға қайтуын өтініп жүрген, «кез келген өтінішіңіз біз үшін әмір болады, қожам!»-деп жүрген Ердоған, енді, қазақша айтқанда 180 градус артқа айналып кері шапты. Түркияның саяси өмірінде орасан зор резонанс тудырған бұл жағдайға байланысты әлемнің көптеген елдеріне Түркия үкіметі атынан Ердоған хат жазып, сол елдегі лицей, колледж, университет атаулының бәрінің мемлекет тарапынан жабылуын ұсынған. Себеп ретінде бұл мектептердің кез-келген мемлекеттік жүйеге аса үлкен қатер төндіріп, зайырлыққа қарсы шығып, діни жүйе құруға ұмтылатындығы айтылған.

Ердоған түрікшілдікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, бұрын ең күшті саналған исламист партиялардың құрамында болған, конституциялық соттың шешімімен ол партияға тиым салынғаннан кейін, аяқ астынан күрт өзгеріп енді жаңашыл, батысшыл боп алған, сынаптай қылпылдақ тұрақсыз адам боп шықты. Кез келген сөзді сол айтылу сәтіндегі жағдайдың ыңғайына қарай оған дейінгі өз сөзіне толық қайшы келсе де айта салатын адам екен. Түрікшілдік, тұраншылдық пен түркі елдерінің бірлігі туралы тіпті ойламайтын да сияқты. Керісінше, Еуроодаққа кіруге талпынып бағуда… Әрине, менің оңбай қателесуім де бек мүмкін. Түркістандағы жаңа мешіттің ашылуына Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мырзаның келуі күтіліп отыр.Сол кезде тұраншылдық туралы пікірін тікелей өзінен сұрайтындар табылып қалар деймін.

Амандық ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ

erketai.kz фотосы

The post Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен – Реджеп Тайып Ердоған appeared first on Қазақия газеті.

Бизнесмен-шенеуніктерге тосқауыл қойылмақ
Біздің елде мемлекеттік қызметке баруды баюдың кілті санайтын теріс ұғым қалыптасқан. Шын мәнінде, адам баю үшін бизнеспен айналысуға тиіс қой. Содан болса керек, қазір мектеп жасындағы бүлдіршіндердің өзі болашақта қандай бір кәсіби маман болудан гөрі «әкім», «директор», «бастық» болуды армандайтын жағдайға жеткен. Тіпті, ішінара «МАИ қызметкері болсам, байлыққа кенелемін» деп ойлайтындар да табылып жатса, оған да аса таңданудың қажеті жоқ. Еңбектің қадірін кетіріп, параның үстемдігін бағалайтын оғаш қылығымызды құндылықтардың өзгеруіне балап, қатты шатасып жүрміз.

Соны түсінген болса керек, енді елімізде экономиканың бизнес қатысатын салаларына мемлекеттің ықпалы шектелмек. Осы аптада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған «Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында аталмыш шараның құқықтық негізі жасалып отыр.

Құжатты депутаттар алдында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қорғаған болатын. Ерболат Асқарбекұлының айтуынша, мұндай қадамның қажеттілігі бүгінгі таңда  мемлекеттік  компаниялар тарапынан экономиканың көптеген салаларында қазақстандық бизнеске жасалып отырған қысымның күш алуынан туындады. Яғни, бұл салаларда басқарудың  ұлғаюы, күшейе түскен әміршіл-әкімгерлік әдіс, әсіресе, квазимемлекеттік  секторларда тиісті өзгеріс жасауды талап етуде. Бұл жағдайды  Елбасының өзі  2014- жылғы 14-ақпандағы  Үкіметтің кеңейтілген отырысында арнайы  айтып, оны заңнамалық тұрғыда реттеуге тапсырма берген болатын.

Түйткілді шешудің үш жолы

Аталмыш заңнаманы жасау барысында АҚШ, Сингапур және Норвегия секілді елдердің  тәжірибесі зерттеп, зерделеніпті. Соның нәтижесінде қалыптасқан түйткілді   мәселені шешудің  үш жолы айқындалған екен. Олар: мемлекеттік компаниялардың еншілес құрылымдарын құруды шектеу, экономиканың бизнес қатысатын салаларына мемлекеттің араласпауын шектеу және монополияға қарсы органның ролін күшейту. Құжатта осы мақсатта екі жыл ішінде жекешелендірілмеген жағдайда құрылған кәсіпорынды  тарату, олардың мемлекеттік үлестерін иеліктен шығару тетіктері дәйектелген. Соған байланысты заң жобасында  монополияға қарсы органның тауарлы нарықтарын бәскелестік ортаға беру үшін  қызмет түрлерін және мемлекеттік компанияларды анықтау үшін  жыл сайын талдау жүргізу талабын бекітетін арнайы өлшем енгізіліп отыр.   Бұл шараның  ашықтығы  және жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында  нәтижелерін монополияға қарсы органның ресми сайтында жариялау міндеті көзделді. Онда сонымен қатар  ірі акционерлер туралы,  басшылық лауазымды немесе өзге қызметті  басқа заңды тұлғада қатар атқаратын  басқару органының мүшелері туралы  мәліметтер, басқа заңды тұлғадағы өкілеттіктері  мен міндеттері  туралы ақпараттарды да табуға болады. Ал, монополияға қарсы органда қабылданатын шешімдердің  ашықтығын күшейту мақсатында комитет басқаруының құрамына қоғамдық ұйымның өкілі енгізілген.

Жаңа заңның жаңалығы

Тағы бір жаңалық — жұмыс істеп тұрған  мемлекеттік компаниялар  көрсететін қызмет түрлерін кеңейту және өзгертуді міндетті түрде монополияға қарсы органмен келісуді міндеттейтін  норма. Ерболат Асқарбекұлының айтуынша,  бұл  шара олардың өздігінен еншілес ұйымдар құрып, бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау жағдайларының алдын алуды көздейді.

Бизнеске соттан тыс  тәртіпте жер дауларын шешу, кәсіпорынды тек банкроттау ғана емес, оңалтуды, миноритарлы акционерлердің мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін көздейтін нормалар да енгізіліп отыр.   Айта  кету керек, жалпы бүгінгі таңда Үкіметтің 2014-жылғы наурыздағы  қаулысы бойынша жекешеленуге жататын ұйымдардың тізбесі бекітілген. Заң жобасы қабылданса  республикалық меншіктен 29 кәсіпорын, коммуналдық меншіктен  416 кәсіпорын, сондай-ақ ұлттық компания мен холдингтерден 163 кәсіпорын  бәсекелес ортаға берілмек. Ерболат Асқарбекұлының айтуынша, мұның бәрі  кәсіпкерлерге қысымды азайтып, кәсіпорындар арасында  бәсекелестікті  жандандыру арқылы ұлттық экономиканы  сауықтыруға мүмкіндік туғызатын болады..

Заң жобасында өз кезегінде мемлекеттік компанияларды  және олардың еншілес ұйымдарын құрудың негіздері де нақты айқындалыпты. Жалпы оларды өмірге келтірудің жаңа құжат жобасында жеті негізі дәйектелген екен. Кейбірін нақтылай атап өтер болсақ, аталмыш ұйымдар мәселен, ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудің, мемлекеттің қорғаныс қабілеттлігін сақтау  немесе қоғам мүддделерін қорғаудың басқа мүмкіндігінің болмауы, мемлекеттік меншіктегі  стратегиялық нысандарды пайдалану мен ұстау,  ұқсас немесе өзара алмастыратын тауарды өндіретін жеке кәсіпкерлік нысандарының тауар нарығында болмауы  және заңды ұйымдарды құру Қазақстан Республикасы заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарымен, Үкімет қаулыларымен тура көзделген жағдайда құрылатын болады.

Депутаттар пікірі

Жаңа құжаттағы аталмыш мәселелер депутаттар тарапынан біраз сауал тудырды. Мәселен, депутат Гүлнар Сейітмағанбетова «Мемлекеттік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарының құрылу негіздері заң жобасында көзделіп отырған басты мәселеге кереғар, тіпті белгілі жағдайларда сыбайласқан жемқорлыққа өріс ашу емес пе» деген  сұрақ қойған. Министр бұл қауіптің орынсыздығын айтып жауап берді. Оның мәлімдеуінше, аталмыш ұйымдардың  құрылуы тиісті заңнамаларға сай, көп жағдайда Елбасының  заң күші бар жарлықтары негізінде өмірге келетін болады. Сонымен қатар, Ерболат Асқарбекұлы  банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды оңалту шарасына шағын несие ұйымдарының тартылуы-онсыз да қаржы жағдайы қиын құрылымдарды мүлде тұралату екендігін көлденең тартып, алаңдаған депутат Нұрлан Жазылбековты да тыныштандыруға тырысты. Министрдің айтуынша, бұл шара еріктен тыс жүргізілмейді. Әр ұйым оған өзінің мүмкіндігіне сай, саналы түрде баратын болады. Бұл қиын жағдайға ұшыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, елдегі  өнім көлемін артыруға жол ашпақ.

Досаевты тығырыққа тіреген депутат Нұртай Сабильяновтың сауалы болды. Нұртай Салихұлы негізінен, бұл саладағы  басты келеңсіздіктерге қатысты мәселе қозғаған. «Бізде мемлекеттің қатысуымен құрылған кәсіпорындар  ары қарай тағы кәсіпкерлік нысанын құрады. Мәселен, уақытында экономиканың тиімділігін арттыру мақсатымен  құрылған «Самұрық- Қазына» қорының бүгінде өкінішке орай, алты  жүзге жуық еншілес кәсіпорны бар. Олар  қазіргі кезде ақшаны алып, көп жағдайда тиімсіз  жұмсауда. Осыған қалай тосқауыл қоюға болады? Жалпы, XXI ғасырда біздің бюджеттен  мемлекеттік кәсіпорынды құруға қанша қаражат жұмсалғанын айта аласыз ба? Бізде қазір  қаражаттың көп бөлігі   мақсатқа сай  жұмсалмай жатыр. Құрылған мемлекеттік ұйымдар  жекешеленіп кетеді.   Мысалы: арнайы экономикалық зоналарға 400  млрд. теңге  кетті.  Енді соны  аламыз да басқарушы компанияға береміз. Ол жекешеленіп кетеді. Яғни,қолды болып кетеді. Алда осындай жағдайдың алдын алу үшін қандай шара қолданылмақ?»-деп сұраған еді ол. Ерболат Асқарбекұлы бұған дейін аталмыш мақсаттарға қанша қаржы жұмсалғанын айтып бере алмады. Оның жайын тіпті білмейтін болып шықты. Депутат сауалына алдағы уақытта мемлекеттік кәсіпорындар мен олардың еншілес ұйымдарын құруға бағытталған қаржының жайын зерттеп, нақты деңгейлерін анықтайтындығына уәде беріп құтылды. Ал, бюджет қаражатына ортақтасқан ұйымдардың қаптауына тосқауыл қою үшін аталмыш заң жобасында монополиялық комитетке айрықша құзыр беріліп отырғанын атап көрсетті. Оның айтуынша,  ендігі жерде еншілес ұйымдар құру осы құзырлы орынның жағдайды нақты саралап қабылдаған шешімі негізінде жүзеге асатын көрінеді.

Негізінде сөз алған  депутаттардың қайсысы болса да  бұл құжаттың қажеттігіне шек келтірмеді. Алайда, олардың кейбірі бизнестің  мемлекеттің ырқынан біржола шығуына жол бермеу керектігі  жайлы пікір айтты. Мәселен, коммунистер серкесі Владислав Косаревтің ойынша, бұл секторға  мемлекет тарапынан нақты бағыт пен бағдар беріліп отыру керек. Сонымен қатар қолдау да қажет. Оның айтуынша, бизнес бүгінде шенеуніктер тарапынан үлкен қысымға тап болуда. Кәсіпкерлер үшін мәселен,  өз ісін бастаудың  бірден бір мүмкіндігі-жер теліміне ие болудың өзі шенеуніктердің шектен тыс әкімгерлігі  салдарынан қиынға түседі. Мәселен, нақ осындай жағдай Астана іргесіндегі Талапкер ауылының тұрғындарын ауыз суға зар етіп отыр. Сондықтан, кез келген істе шенеуніктер өз жайын емес, халық мүддесін бірінші орынға қою керектігін айтып тоқтаған қарт коммунист.  Оның айтуынша, аталмыш заң бизнес үшін үлкен мүмкіндік, тек ол нақты ұйымдастыру шараларымен қамтамасыз етілуі керек.

«Ақ жол» фракциясының серкесі Азат Перуашев та бұл құжаттың дер кезінде  өмірге келгенін атап көрсетті. Ол бұл ретте  жалпы еліміз жеке секторды дамытуда ТМД көлемінде алдыңғы қатарда тұрғанын атап көрсетті. Қазақстанда мемлекеттік компаниялардың жеке секторға өтуі сонау тоқсаныншы жылдары басталған. Алайда  2007-2009- жылдардағы  дағдарыс олардың біразын қайтадан мемлекет еншісіне алуға мәжбүр етті. Енді тағы олар  бәсекелестік ортаға жіберіліп, нарықтық экономика заңдылықтарына сай жұмыс істеуі керек. Жаңа құжатта қарастырылған құқықтық тетіктер бұл тұрғыдағы  көптеген мәселенің тиімді шешілуіне мүмкіндік береді. Сондықтан аталмыш заң жобасын қолдау қажет.

Депутаттың бұл ұсынысы ескерілгендей болды. Белгілі деңгейде  қызу талқыланған құжат бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымда пысықталуға Бас комитетке жолданғанына қарағанда әлі біраз өзгерістер жасалатын сияқты.

The post Бизнесмен-шенеуніктерге тосқауыл қойылмақ appeared first on Қазақия газеті.

Қоғамдық пікірді қалай қалыптасуда
Әлемдік қоғамдық-саяси ахуал таяу жылдары күрт өзгеруі ықтимал. Қазіргі геосаяси жағдайдың ауаны еріксіз осындай ойға жетелейді. Жуықта АҚШ мемлекеттік департаменті Орталық Азиядағы экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып, аймаққа қатысты стратегиясын қайта жасағанын «Азаттық» радиосы хабарлады. Аталмыш стратегияда демократия және адам құқықтары мәселелеріне көбірек орын берілетіндігі басы ашық әңгіме.

Сонымен қатар, стратегияның атауының өзі «Жібек жолы» делінгенін ескерсек, көрші бауырлас елдермен бірге бұл жоба бізді де айналып өтпейтіні анық болып отыр. Тағы бір ескере кететін жағдай еліміздің Парламентіне келіп түсіп жатқан жаңа заң жобаларының дені адам құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталып жатқанына қарағанда жоғарыдағы стратегияның мемлекетіміздің саясатымен үндестігі бар секілді көрінеді.

Олай болса, ең алдымен елімізде сөз бостандығын қорғауды, ақпарат алу еркіндігін кепілдендіруді негізге алатын заңдық нормалар ең алдымен қабылдануы керек сияқты.

Бостандық  дегенді  журналист  білгенін  істеу,  ойына  не  келсе  соны  жазу  деп  түсінсе,  ұғым  осылай  қалыптасса, ондай  еркіндік  жүзеге  асырыла  бастаған  сәтте-ақ  тұйыққа  тіреледі.  Құқықтық  және  этикалық  сан  алуан  шектеулер  мен  заңдық  нормаларға,  редакцияның  шығармашылық  ережелеріне,  ішкі  тәртібіне  сөзсіз  бағыну  қажет  болады.  Оның  сыртында  тағы  бір  маңызды  мәселе  бар.  Жазатын  обьектісінің  мазмұны  күрделі  әрі  журналистің  білім  деңгейінен  тым  биік  болуы  және  оған  дарыны,  қабілеті  жетпеуі  де  әбден  ықтимал.

Қандай  бір  ақпараттағы  деректер,  дәйектемелер  оған жасалған  комментарий,  тұжырым,  ұсыныс-пікірлердің  қайсысында  болсын  сырттай  қарағанда  қайшылықтың  орын  алу-алмауында  тұрған  ештеме  жоқтай  сезілуі  мүмкін.  Ал,  шындығына  келгенде,  журналистің  нағыз  шығармашылық  бостандығы  осы  жерде  көрініс  табады.  Ең  негізгі  шектеу  де  осында  ұшырасады.  Журналиске  мынандай  сауалдар  қойылады: Оқиға,  көріністі  хабарлағанда,  оған  баға  бергенде,  қорытынды  жасағанда  журналист  анықталмаған  немесе  бір  жақты  деректі  ұсынуға  қақысы  бар  ма?

Сондай-ақ,  журналист  әлденеге  субьективтік  түсініктеме  бере  ала  ма,  біреулерге  залалы  тиюі  мүмкін  екендігімен  санаспай  жатып  үндеу  тастауға,  ақты  қарамен  немесе  керісінше  бояуға  бостандық  беріле  ме?  Осындай  көптеген  күрделі  мәселелер  журналист  қызметінің  бостандығы  жайындағы  проблемаларға  өте  байыпты  әрі  аса  сақтықпен  қарауды  талап  етеді.

Жалпы  сөз және баспасөз  бостандығы  туралы  мәселе  бүгін  ғана  тосыннан  пайда  болған  ұғым  емес.  Әлемде  алғашқы  мерзімді  баспасөз  шығарылған  кезден  бастап  оның  бостандығы  да  сөз  етіліп,  аталмыш  ұғымның  сипаты  жайында  пікірталастар  өрбіді.  Журналистер  де  өз  кезегінде  саяси  көзқарастарын,  шығармашылық  ой-идеяларын  мейлінше  еркін  тарату  үшін  күресумен  келеді.

Журналистика парызы

Қоғамдық  дамудың  қай  формациясында  болсын  журналистика  өзінің  бостандығын  кеңейтуді  талап  еткенде  және  өздеріне  жасалған  қысымдарға, кедергілерге  қарсылық  білдіргенде  әртүрлі  позициялар  ұстанған.  БАҚ  және  журналистердің  іс  әрекеттері  олардың  жасаған  туындылары  арқылы  барша  жұртқа  ашық  жарияланып  жеткізілетіндіктен  үнемі адамдардың, қалың бұқараның  бақылауында  болатындығымен және одан «қашса да құтылмайтындығымен»  ерекшеленеді.

Теориялық-тәжірибелік  тұрғыдан  келсек,  мұның  өзі  журналистің,  БАҚ жүйесінің  қызмет  бостандығының өзектілігін  аңғартады.  Бостандыққа  қызмет  ету – журналистің де, журналистиканың да  басты  парызы. Бірақ,  мәселенің  өзегі  оны  қалай  түсінуінде,  қандай  жолмен  жүзеге  асыратындығында  болса  керек.  Ал,  оның  нәтижесі  қандай  бостандықтың  сөз  етіліп  отырғандығына  байланысты  айқындалмақ.

Бостандықты  құқықтық жағынан сенімді  ету,  қандай  бір  саяси  күштердің  соның   ішінде  ресми  үкіметтің  өктемдігінен  қорғау  үшін  оған  заңдық  кепілдік  қажет.  Кейбір  газет-журнал,  ақпарат  мекемесі  «БАҚ  туралы»  заңның  шеңберінде  қызмет  жүргізу  құқығын  иеленгенімен  экономикалық  бостандықсыз  алға  баса  алмайды. Яғни,  заңдық  құқығын  жүзеге  асыруы  үшін  қаржы-қаражат,  материалдық-техникалық  күш  керек.  Дегенмен,  заңдық  құқыққа  ие  болумен,  экономикалық  жағдайды  түзегенмен  бұқараның  қажеттілігі  өтелмейді. Сондай-ақ, дамуға,  игілікке  ықпал  етуге  бағытталған  қоғамдық  пікір  қалыптастыруға,  өзінің  басты  функциялары  мен  мақсаттарын  жүзеге  асыруларына  кепілдік  бола  алмайды.

Сонымен  қатар, іс  қыз-мет  еркіндігінің  қоғамдық-шығармашылық  жағы  деген  тағы  бір  маңызды  мәселе  бар. Олай  болса,  бостандық  туралы  айтылғанда  оның  заңдық  па,  экономикалық  па,  қоғамдық-шығармашылық  па  дәл  қайсысының  сөз  етіліп  отырғандығын  айырып  алуымыз  керек.  Сонда  ғана  түсінбеушіліктің,  қателіктің,  қиындықтың  алдын  алуға  болады.

Қазақ БАҚ жүйесінде сырттай  қарағанда  жоғарыдағы  аталған  үш  фактордың  бәрі  бар  секілді  көрінуі  мүмкін.  Алайда,  оны  шын  мәнінде  төрт  аяғынан  тік  тұр  деп  айта  алмаймыз.  Оның  жүзеге  асырылу  жайы  да  қанағаттанарлықтай  емес.  «БАҚ  туралы»  заңның  өзін  сөз  бостандығына толықтай  кепілдік  болады  деуге  келмейді.

Себебі,  оның  өзі, шынтуайтына келгенде,  журналистика  қызметін, шығармашылық ой бостандығын дұрыс үйлестіргенімен, белгілі деңгейде тағы оны  шектеуге  бағытталған  дүние. Егер  ол  сөз  бостандығын  қорғау немесе ақпарат алу еркіндігін кепілдендіру  туралы  заң  болса,  онда  әңгіме  басқаша  болар  еді.

Мәліметтерді құпиясыздандыру

Негізінен журналистің  қызметі  БАҚ  жайындағы  заңсыз-ақ   Конституциямен, қылмыстық, азаматтық  кодекстер, мемлекеттік құпиялар туралы заңмен, өзге  де  актілермен  реттеледі. Мысал үшін өзгесін айтпай-ақ, бір ғана «ҚР Мемлекеттік құпиялар туралы» заңының кейбір баптарына назар аударайық. 22-бап «Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері» деп аталады. Ал, мәліметтерді құпиясыздандыру дегеніміз-мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді таратуға және олардың көздеріне рұқсат етуге белгіленген шектеулерді алып тастау жөніндегі шаралардың жиынтығы болмақ.

Мәліметтерді құпиясыздандыру үшін Қазақстан Республикасында  мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді ашық алмасу жөнінде еліміз халықаралық міндеттемелер қабылдауы тиіс екен. Оның сыртында обьективті мән-жайлар өзгерген жағдайда  соған байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді одан әрі қорғаудың мәні болмай қалатын кездері де болатын көрінеді.

Жоғары дамыған өркениетті елдердің көбінде құпиялар туралы заң да жоқ. Мысалы, АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін деп есептелетін арнайы тізім ғана бар. Алайда, бүгінде  көп дүниенің  құпия  болудан  қалғанын  ескерсек, ресми биліктің өз халқынан жасыратын құпиясы болмауы тиіс. Ондай  ақпараттарға  қанша  тосқауыл  қойып,  тұншықтырғысы  келсе де,  ол  бүгінгідей  ақпараттық  «тасқын»  заманында,  Интернет   жүйесі  бар  кезде,  тіпті  мүмкін  болмайтыны анық.

Қай  елде  де  ресми билік  халықтан  әлденені  жасыруға  тырысады.  Ал, оны   БАҚ   әшкерелейді. Бұл  қазіргі  таңда  жалпыға  ортақ  тенденцияға  айналды.

Баспасөз бостандығы

Қазақстанда  қазір  заң  жүзінде  цензура  болмағанымен, саяси ой, сөз бос-тандығына кепілдік берілгенімен, сол баяғы жалтақтықтан, шығармашылық еркін ойға тұсау салатын ескілікті  санадан БАҚ-тарымыз мүлде  арылып  кеткен  жоқ.  Баспасөздің  экономикалық  бостандығы  туралы  әңгіме  қозғалғанда  күмілжіп  қалатынымыз  тағы  бар.  Себебі,  қазіргі  қазақ  газеттері  қалай  десек  те,  құрылтайшыға  тәуелді.

Қазіргі  құрылтайшылар  бұрынғы  «ЦК»,  «обком»  секілді  газеттің  шығармашылық  ісіне  күнделікті  араласпайды.  Сонда  да  редакциялар  қаржы  үшін  қожайынының  қас-қабағын  аңдып  отыруға  мәжбүр. Ал,  ондай  газетте  қандай ой еркіндігі мен сөз бостандығы  болуы  мүмкін? Ақпарат және баспасөз  құралдары бүгінде  құрылтайшының көзқарасына сай келмейтін, оларға ұнамайтын деректен, оқиғалардан бойларын аулақ ұстауға тырысатыны құпия емес.

Сондай-ақ, балама ақпарат таратуды мақсат еткен тәуелсіз  баспасөзді  экономикалық  жағынан  қолдайтын,  жәрдемдесетін  мемлекеттік  саясат  та,  механизм  де  жоқ. Керісінше, қаржы, салық жүйесін бақылаушылар олардың басқан іздерін аңдуға, болымсыз ілік тапса есепшоттарын тұтқындауға әзір тұрады. Ал,  өздерін-өздері  қаржыландырып,  күндерін  көріп  келе  жатқан көптеген  жекеменшік  газеттердің  сапалық  деңгейлері  өте  төмен.

Мәселенің  үшінші  жағы,  яғни,  журналист  шығармашылығының  бостандығына  келсек,  ол  ең  алдымен  редакцияның  басшылығына,  жекелеген  журналистердің  өздеріне  байланысты. Бірақ,  мұнда  да  бір  гәп  бар.  Ол — ежелден  санамызда  нық  қалыптасқан  ішкі немесе «самоцензура».  Мемлекет  тағайындаған  цензураны  алып  тастау  оңай  болғанымен,  дәл  осы  ішкі цензура  деген  туа  біткен  тұсауды  шешіп  тастау  қиынға  соғып  тұрған  жайы  бар.

Үнемі  көлеңкесінен  қорқып  үрейлену,  шектен  тыс  сақтану,  жел  қайдан  соқса  ығына  қарай  жығыла  кету,  лауазымды  шенеуніктерге  реті  келсе  жағынып  қалуға  даяр  тұру,  бір  сарындылық  пен  жаттандылықтың  аясынан  шыға  алмау — бүгінгі  ішкі цензураның  шынайы  көріністері.

Жоғарыда  журналист  шығармашылығының  бостандығы  туралы  сөз  қозғалғанда  оның  қоғамдық-шығармашылық  жағы  тағы  бар  дегенді  айтып  қалған  едік. Оның  өзіндік  сыры  бар.  Себебі,  онда  қоғамдық  қажеттілік  пен  талап,  уақыт  райы  мен  ағыны,  оқырман  қауымның  бақылауы  деген  ірі  факторлар  бар.  Мұны  нарықтық  экономикада  оқырманның  талабы  мен  қажеттілігін  өтейтін,  заман  ерекшелігін  дөп  басып,  дұрыс  сезінетін  ақпарат  құралы  ғана  өмір  сүре  алатындығымен  түсіндіруге  болады.

Айналып келгенде, сөз бостандығы дегеніміздің өзі- оны тұтынушы  субьект және обьектіге тікелей қатысты, олардың атқаратын қызметтеріне сай көрініс табады. Анықтап айтсақ, төмендегідей:

Біріншіден, журналистер үшін сөз бостандығы-қоғамда болып жатқан кез-келген оқиға жайында ақпарат алуға толық құқылы болуы және оны жазуға, жариялатуға, таратуға шығармашылық еркіндігінің кепілдендірілуі;

Екіншіден, оқырман үшін  обьективті ақпаратты ешбір кедергісіз алуы және соған сай өз көзқарасын кез келген БАҚ арқылы білдіруі.

Олай болса, қоғамдық пікір мейлінше шынайы қалыптасуы үшін еліміз үкіметінің бірден бір құзырлы органы Ақпарат комитеті қазіргі қолданыстағы «БАҚ туралы» заңның қоғам талаптарына жауап бере алмайтындығын ескеріп, сөз бостандығын қорғап, ақпарат алу мен тарату құқықты кепілдендіретін заң жобасын жасауды қолға алғандары абзал болмақ.

The post Қоғамдық пікірді қалай қалыптасуда appeared first on Қазақия газеті.

Жемқорлық қайдан жабысты, қалай жұқты?..
Жыл сайын  түрлі елдердің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін зерттеп жариялайтын Халықаралық Transparency International ұйымының мәліметі бойынша, 2014- жылы Қазақстан коррупцияның деңгейі жөнінен 175 елдің арасында 126-орынды иеленді (2013- жылы – 140-орын). «Коррупцияға төзімділік индексі» деп аталатын бұл  кестеде 50-орыннан төмен орналасқан елдегі сыбайлас жемқорлық алаңдатарлық жағдайда  деген сөз. «Коррупцияға төзімділік индексі» тізімінің соңында тұрған елдер өз халқының игілігі үшін  коррупцияға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы қажет» деп дабыл қағады осы ұйым басқармасының төрағасы Хосе Угос.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың үлкенді-кішілі деңгейлерін, мемлекеттік қызметті, жергілікті басқару органдарына дейін тамырын жіберіп, жайлап алды. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылғанына қарамастан, коррупция деңгейі азаймай отыр. Мемлекеттік органдарда жүріп жататын толассыз қайта құрулар, оқтын-оқтын жазалаулар, заңға енгізілген түрлі өзгерістердің ешқайсысынан нақты нәтиже жоқ. Соңғы үш жылда 3,2 мың лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапкершілікке тартылып, 400-ге жуық қылмыстық іс қозғалған (Бас прокурордың ақпары). Бұл жемқорлықпен күрестің үздіксіз жүріп жатқанының дәлелі, бірақ, ол көбінесе жекелеген лауазымды тұлғаларды жемқорлыққа байланысты айыптап,  жарияға жар салып жазалау сипатында жүзеге асуда.

Құбылыстың өзімен емес, салдарымен күресу

Соншама жемқорды қызметке тағайындағандар қайда? Бұл адамдарды (азғындарды) осындай дәрежеге дейін өсірген, ұсынған кім? Кадр саясаты сараланбай ма?   (қысқасы сұрақ көп). Бұл жемқорлықпен күрес жүргізуде ашықтық, жариялылық жоқ екенін көрсетеді.

Ал, кез-келген теріс құбылыстың жолын кесу  үшін оның түп-тамырын, себеп-салдарын тауып, соны жоюдан бастау қажет. Тамыры жұлынған арам шөп қана өсуін тоқтатады. Қазақ еліндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихи-әлеуметтік себептерінің бір ұшы патшалық Ресейдің әкімшілік жүйесінде жатыр. Жалпы, тарихта отар болған мемлекеттер, бодандыққа ұшырап, табиғи байлығынан, қазынасынан айрылған елдер аз емес. Бірақ, соның ішінде, ең ауыры – рухани дүниесінен, болмысынан, ділінен, өзегінен айрылу.

Соның бірі қазақ болды.  Патшалық билікке дейін өмірге көзқарасы мен адами қарым-қатынасы табиғи қалыпта сақталып келген бірден бір халық та  осы қазақ болатын. Оның  бүкіл дүниетанымы, мінезі, ниеті мейірім мен адамгершілікке негізделген.  Қазақ жаны зұлымдыққа, жамандық атаулыға қарсы. Себебі, көшпенді номадтар жер мен көктің иесі Тәңір деп, оған қайшы келетін жамандық атаулыдан аулақ болғысы келеді. Киелілік пен қасиетті пір тұтқан олардың  бүкіл салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы моральға бағынған. Мінез-құлқында, тіршілігінде адами ұстанымдарды басшылыққа алған көшпелілерде ар-намыс пен иман бірінші орында. Дүниенің жалғандығын сезініп, пендешілік ұсақтықтан жоғары болуға тырысып, тұрмыс-тіршілігінде де осы ұстанымнан айнымады. Жемқорлық пен жағымпаздықтан ада қазақтың ділі мен руханиятын әділетті мемлекет құру ісіне бұра алмай қалдық.

Оған «алдымен экономика, сосын саясат» ұраны да көп зардабын тигізді. Оған қоса, 90-жылдарғы ескі  шаруашылық қатынастары ыдырап, жаңасы әлі орныға алмай жатқан тұста жекешелендіру желеңімен талан-таражға түскен халық байлығына түрлі жолдармен ие  болып қалған тұтас бір топ пайда болды. Олар осы тегін табыстың арқасында билікке де қол жеткізіп, одан әрі тамырын жая түсті. Лауазымы өсе түскен сайын қуаттанып, жан-жағына жақындарын, жағымпаздарын жинаған бұл топ әлі де қуатты және өзі жемісін жеп отырған сыбайлас жемқорлықтың жойылмауына мүдделі. Өйткені, олар парақорлық шырмауына әбден шырмалған. Біз бодандықтың ұлттық мінез-құлқымызға таңба салғанын енді сезінудеміз. Оның бір көрінісі – сенімсіздік! Ешкімге де, ешнәрсеге де сенбеу! Ондай секемшіл адам айналасына күдікпен, күмәнмен қарайды, жаңадан қорқады, қабылдамайды. Егер, бұл лауазымды тұлға болса, ол жан-жағына тек өзінің туыс-туғандарын, таныстарын, өзіне берілгендерді, немесе қарыздар адамдарды жинап алады. Бұл тарихта орта ғасырлардан бері белгілі непотизм құбылысы деп саналады. Шыққан тегі −  Рим папаларының табысы мол, жайлы орындарды баласына, немересіне, туыстарына таратып беруі.

Немқұрайлылық қайдан туады?

Қазір де БҰҰ-ның «Коррупцияға қарсы іс-әрекет конвенциясы» непотизмді коррупцияның бір түрі деп есептейді. Себебі, өзі сатып алған лауазымына қол жеткізген соң кез-келген адам жан-жағындағы адамдарға қатысты өз ережелерін ұстанатыны белгілі. Ол орынға қойған адамының қабілет-қарымы, білімі сол қызметке сай келе ме, келмей ме, бұл жағы белгісіз.  Сөйткен «непотизм» бізде ашық түрде жүріп келеді. Бұған «Жемқорлық туралы» заңдағы «туыстардың тек тікелей бағынышты лауазымды атқаруына болмайды» деген ереже төтесінен жол ашып отыр.

Лауазым иелерінің заңды белден басуына тағы бір себеп − қарапайым тұрғындардың енжарлығы, немқұрайлылығы. Ал, бұл немқұрайдылық  қайдан, неге туады? Еліміз халқының басым көпшілігі, әсіресе, ауыл тұрғындары кедейшілікте өмір кешіп  жатыр. Ауладағы азды-көпті малын керегіне жаратып, тапқаны күнкөрісінен артылмаған адамның күнұзақ тірлігі күйбеңмен өтеді. Жағдайларының өзгеретініне үміті азайған, сенімінен айрылған жанның бойын немқұрайлылық, немкеттілік жайлайды. Күресуге дәрмені жоқ.  Одан да пара беріп, тыныш жүре берген артық. Кез-келген проблеманы заңды айналып өтіп шешуге болатынын бәрі біледі.

Ендігі қауіп – жастардың да соған бейімделуі. Сыбайлас жемқорлық өсіп келе жатқан жастардың жолын кеседі немесе олар да бұл құбылысқа төзімділік танытып, жемқор ағаларының жолын жалғастырады. Қазірдің өзінде елдегі жемқорлықтың ахуалы мектеп оқушысына дейін мәлім. Егер пара беру арқылы білім алуды, қызметке орналасуды, байлыққа қол жеткізуді қалыптасқан  дәстүр ретінде қабылдай берсек, онда қоғамның түзеле қоюы екіталай. Жалпы, адам баласы кез-келген істі біріншіден, «міндетті» «аса қажет болғандықтан» істесе, екіншіден,  қорыққаннан, мәжбүрліктен, үшіншіден,  ар-ұятынан аса алмағандықтан дұрыс атқарады. Лажы болса тайқып кету, жалқаулану, аяғына дейін жеткізбеу адам табиғатында бар. Олай болса, қоғамның қалыпты өмір сүруі, дамуы үшін оның мүшелерін, әсіресе, лауазым иелерін белгілі бір бағыныштылықта, яғни, жауапкершілік шеңберінде ұстау  қоғамның өзі үшін қажет.

Жемқорлыққа қарсы тұрудың бір жолы – жеке меншігі бар  дәулетті адамдар санатына қатардағы қазақтардың көптеп қосылуы.  Меншік иелері арасында ұлтшыл, мемлекетшіл тұлғалар көп болғаны тиімді. Әдетте орта тап әлеуметтік тұрақтылықты, тыныштықты сақтауға мүдделі, дамуды қолдаушы бірден бір әлеуметтік жік болып саналады. Сондықтан, қазіргі мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау мүмкіндіктерін пайдалану бизнестегі қазақтардың санын да, сапасын да арттыра түсетіні сөзсіз.  Жаңа заманда халықтардың, мемлекеттердің тағдыры мен болашағы әр адамның жеке жауапкершілігі мен адамгершілік құндылықтарына тәуелді. Адами қасиеттер басымдық алмаған жағдайда, ешқандай жаңа технологиялар адамзат баласын апаттан құтқара алмайды. Адамдардың бойындағы табиғатпен, демек,  өзімен үйлесімде өмір сүруге ұмтылуы − көптеген проблемалардың шешімін табуға алып келеді. Қазақтың ұлттық болмысын жаңғырту қоғамдағы көптеген әлеуметтік кеселдердің алдын алуға қабілетті. Сыбайлас жемқорлықты жою мемлекеттің болашағы үшін, мемлекет құраушы ұлт – қазақ ұлтының өзі үшін керек!

Дина Имамбаева,  әлеуметтанушы

Материалды дайындаған Әбдірашит Бәкірұлы

The post Жемқорлық қайдан жабысты, қалай жұқты?..  appeared first on Қазақия газеті.