Ыстамбулда кепілден босатып алу операциясы кезінде жарақаттанған прокурор ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда, көп ұзамай көз жұмды, деп хабарлайды агенттігі Хабар телеарнасына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрлігі мәлімдеген.
«Кеше прокурор 2013 жылы Ыстамбұлдың Гези паркіндегі наразылық шеруінде қаза тапқан 15 жастағы бозбалаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқан болатын. Осы сәтте сот залына баса-көктеп кірген содырлар оны кепілге алған»,-делінген ақпаратта.
Лаңкестер жеткіншектің өліміне кінәлі полицейлер қамауға алынбаса, прокурорды өлтіреміз деп қоқан-лоққы жасады.
Құтқару операциясы кезінде 2 содырдың көзі жойылды
Жауап беру