Сіз мындасыз:

Қытайдағы қандасымыз АIDS (СПИД) ауруының емін тапты
Қытайдағы қандасымыз АIDS (СПИД) ауруының емін тапты

Бұл туралы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Күнес телеарнасы хабарлаған. Қазақ емшілігін ата-бабасынан бері жалғастырып келе жатқан Нылқы ауданы  Мыс ауылдық емханасының зейнеттегі халық емшісі Әлеш Сәтбақын өзінің  табаны күректей  20 жыл зерттеуінің нәтижесінде жан алғыш әзірейіл аурудың шипалы дәрісін тауыпты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы қандастарымыздың қазақ емшілігі саласындағы жетістіктері ұшан-теңіз. Тіпті, Үрімжі университетінде «Қазақ емшілігі факультеті» де бар. Оның үстіне қазақ ауданның бәрінде қазақ емшілігін негіз еткен үлкен емханалар салынған.

Мұсылман емшілігінің атасы – Ибн Синадан, түрік халқына аңыз болған Лұқман хакімнен, қытай емшілігінің негізін салған Хуато мен Ли Шыжыннен, қазақ емшілігінің атасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан жеткен қасиетті емшілікті жалғастырып жатқан қандастарымызға айтар алғысымыз шексіз.

Әлештің әкесі Сәтбақын шыққан ауылды ондағы жұрт «қара бақсының ауылы» деп атайды екен. Сәтбақынның әкесі Тегісбай атақты бақсы әрі киелі емші болған кісі. Қасиетті өнер Сатбақынға, онан Әлешке дарыған. Әке жолын қуған Әлешті туыстары бұл күндері » қарабақсы «деп шақырады.

-Әкемнің айтқан әңгімелері мен істететін дәрілері негізінде ол кісінің айтқандарынан екі томдық жазбаша естелік қалдырдым. Өкінерлігі — бұл іске ке-
йіндеп кіріскендігімнен көптеген құнды нәрсе әкеммен бірге кетті. Қазір менің қолымда ол кісіден қалған 500-ге жуық құпия рецепт бар. Мен әкемнен көрген-білген, сол кісіден қалған рецепттер негізінде адам емдеп жүрмін. Осылардың ішінен емдігі жоғары, сыннан өткендерін негіз етіп 10 ғылыми мақала жазып, дәрігерлік жорналда жарияладым. Қазір кітап құрастырып жатырмын. Амал не, қолдайтын қолдаушы, демеп жіберетін жанашыр жан болса жақсы-ақ болар еді. Қазір 50 реттен астам тәжірибе жасау арқылы өсімдік майынан теміреткінің дәрісін жасап шықтым, оның нәтижесі 90٪-дан артық болып тұр. Онан тыс, қан қою-
лығына ем болатын  дәрі жасадым. Бұның да нәтижесі 90%-дан жоғары. Осылардың бәрі дәрі зауыттарында өндіруге өте қолайлы. Бірақ, менде зауыт немесе озық аспап жоқ. Кейбір істе шешім таба алмай діңкем қатады. Егер үкімет мән берсе, қазақ емшілігін биік өреге көтеру ойым бар, тек іске асыруға дәрмен жоқ болып отыр, – дейді Әлекең.

Әлеш ағамыз 1990-жылдардан бастап АIDS ауруының емін табуға бас қатыра бастаған. Қиыншылық пен кедергілерге мойымай, үңіле зерттеп, қайта-қайта сынақтан өткізіп, сан мәрте тәжірибе жасап, алуан түрлі шөптың қасиетін айырып, дәріні ақыры тапты.  Бір әйелді 2014-жылы 4 ай ішінде құлантаза сауықтырды. Қазір ол әйелдің қолында жоғары дәрежелі емхананың бұрынғы қойған диаг-
нозы мен биыл қайта тексерілген жайлы куәлігі бар.  Әлем емші қазір осы ауруға шалдыққан 4 адамды емдеу үстінде.

«Әлекеңнің бұл жетістігі – адамзатты АIDS сынды жаналғыш дерттен айықтыруы мүмкін»  дейді қытайлық дәрігерлер.

«Шіркін, Әлеш ағамызды Қазақстанға әкеліп, ұлтымыздың ұлылығын көрсетіп, еңбегін елеулі етсек қандай жақсы болар еді» деген пікір менде де бар. Әрине, ол қытайлардың еңбегіне айналып кетпесіне кім кепіл?! Себебі, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы атамыздың «Шипагерлік баянын» да қытайлар иемденіп кеткені белгілі.

Ағамызға Алла денсаулық, ғұмыр бергей.

Алтай Бұқарбаев

Белгіленді: 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

1 пікір
 

  • Azamat

    21.07.2014 - 13:50 Ответить

    Қадірменді, Қазақия, «сәйкес мақалалар» деп дұрыстаңыздаршы қате ғой мынау

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға