Сіз мындасыз:

Бақұл бол, қадірлі әріптес!
Бақұл бол, қадірлі әріптес!

…  Мәлік  сырқаттанып қалғалы бері оның «Қазақиядағы» орыны шынымен де ойсырап қалған еді. Фактілері – қолмен қойғандай анық, тілі- өткір, ойы- өзекті материалдары  жетіспей жүрген. Ел естімеген тың дүниелерді, жаңа фактілерді іздеп тауып алып жүретін.

Апталықты  ресми астанадан да,  екінші астанадан да жырақтағы Ақтөбеден шығарудың алғашқы қиын кезеңінен бастап кіріскен Мәліктің алдағы жоспарлары да көп болатын.  Және  Мәлік «Қазақия» атты жаңа жобаға тың ойлармен, батыл идеялармен келген еді. Ақтөбеге  арнайы келген соңғы сапарында да бірнеше жаңа ойларын ортаға салып, алғашқы қиындықтарға мойымауға  шақырғаны да есімізде. Дәл осы сапар тура жиналыстың үстінде ауырып қалып, емханаға жеткізілді.  Күнделікті барып, қоңыраулатып хал- жағдайын біліп тұрдық. Газет басшылығы колдан келген көмектерін аяған жоқ.

Алайда күні кеше ғана Мәліктің мәңгілік мекеніне аттанып кеткені туралы суық хабар жетті Алматыдан. Мәлік толысқан дер шағында,  кемелденген тұсында, асқаралы Алпысына бір апта қалғанда  арамыздан кете барды.

Мәліктің қайталанбас қолтаңбасы «Қазақияда» қалды, аз ғана уақыт болса да Мәлік тәрізді бірегей журналистпен  қатар еңбек ету бақытына ие болдық. Қабырғамыз қайыса отырып, қаза қайырлы болсын дейміз. Жаны жәннаттан орын алып, жақсылығын соңына бұйыртсын.

Хош бол, семсер қаламды әріптес!

Белгіленді: 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға