Сіз мындасыз:

«Қазақия» газетін де сотқа беруі мүмкін…
«Қазақия» газетін де сотқа беруі мүмкін…

2014 жылдың 20 тамызы №33/39/ санында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 200 жуық тұрғындарының атынан «Аудандағылар қашанғы сіздерді алдай береді» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атына ашық хаты жарияланған болатын.

«Осы хатты ұйымдастырған Ғани Алиев жала жауып отыр. Ауыз су халыққа мезгілінде жетіп тұр. 18 жыл бойы облыстық маслихаттың депутаты болып келген, Президенттің атынан 5 мәрте мақтау қағаз алған, әртүрлі деңгейдегі орден-медальдардың иесі, менің абыройымды төкті, намысымды қорлады» деген желеумен аудандық су шаруашылығының бастығы сотқа берді.

Бүгін қалалық сотта алғашқы отырысы болып өтті. Бір қызығы суға жарымай отырған аудан Жосалы деген жерде. Ол жермен Қызылорда қаласының арасы 300 шақырымға жуық. Судың жоқтығына ашынып ашық хатқа қол қойған 200 тұрғын сол ауданда тұрады. Істі қалалық сот қарайды. Сот барысында байқағанымыз талапкер жақ «ар намысқа тиді» деп 10 млн теңге моральдық шығын сұрап отыр.

Және осы істің «шашбауын» көтеріп келген 12 адам бұрынғы партократтар, зейнетке шыққан қолдары бос. Куәгерлер. Жауапкер жақ «Сот сол ауданның өзінде өтсін» деп талап қойды.

Ақыры жауапкер жақтың талабын Қызылорда соты қанағаттандырып, келесі соттың кезегі Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде өтуге ұйғарылды. Соттасушылар осы мақаланы республикаға жариялаған «Қазақия» газетінде сотқа беру керек деген пікір айтты.

Менің сот барысында байқағаным: Жауапкер жақ талап қойып отырған шенеуніктерге қарағанда дәлелі мол, айғағы толық сияқты көрінді. Сотқа берушілер «артық қыламын деп тыртық қылып алмаса»деген ой бар. Өйткені жауапкер жақ бұл соттың азаматтық іс деп қарағанына қарсылық білдіріп, мұны енді қылмыстық іс ретінде қарауды талап етті.

 

Жеткер Жүсіп,  Қызылорда

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға