Сіз мындасыз:

Сәрінжіповтікі не сандырақ сонда?
Сәрінжіповтікі не сандырақ сонда?

…Отызыншы тамыздағы Ата Заң күнін 1 қыркүйекке көшіріп кеп жіберген билік биыл ата-аналарды бір жарылқап тастады. Тиесілі демалысында  балаларының мектепке барған қуанышын тойлап жатқан ел арқа-жарқа. Ас-судан жырған, қарызға алған бір  баланы киіндіруге кеткен 20-30 мың теңгеге (орташа тұратын отбасы үшін) де аса қынжыла қоймайды. «Мал-баланың шашуы».

1 қыркүйек күні түске дейін балаларының алғашқы салтанатты жиналысына  барып қайтқан ата-аналардың Ұлы Жорығы осы күні түстен кейін-ақ басталып кетті. Бұл жорықтың  басты сауал- сұрақтары  мынадай болып келеді: «Сенің балаңдікі «Атамұра» ма?», «Мә, «Рауанның» кітаптарын қайдан аламыз?», «Мектеп» деген де баспа бар ма?», «2-сыныптың комплектісін неше теңгеге алдың?».т.т. Өзіміз есте жоқ ерте заманда мектеп бітіріп кеткенбіз, балаларымыз да мұндай «пәлені» көрмеген, содан кеп сұрақ жаудырамыз. «Немене, әр мектепте әртүрлі оқулық па? Қай баспадан шықса да бәрібір емес пе?».  Бұлай  сұрақ бергенім құрысын, ел маған гуманоид көргендей қарайды. Сұқ саусағымен шекесін шұқығандар да табылды.

Жан беру оңай емес, зерттеп  байқадық.  Сеңдей соғылысқан ата-аналарды індетіп алдымен орталық базар бардық. Сатарманның қолы шығып тұр. Басқасын қайдам, анда-санда автоқалам алатын едік, сол 10 теңгенің дүниесі 35-40 теңгеге бір-ақ ыршыпты. Мектепалды сыныпқа баратындарға 5500 теңге керек оқулық алу үшін. Бастауыш сыныптың толық кітап- дәптерлері 12-15 мыңнан айналады. Жоғарғы сыныптардікі 20-30 мыңға барады дейді.

«Сазды» ауданында орналасқан «Атамұра» дүкеніне келдік. Иін тірескен халық. Бұл жерде  базардағыдан біраз арзан, мысалы, жоғарыда айтқан бастауыш сынып кітап- дәптерлерінің толық жабдығы (комплект) 7 мың теңге. Бірақ…бір-бір жарым сағат сатқаннан соң…бітіп қалады. Сансыраған ел амалсыз  базар жағалайды. Басымыз быт-шыт: «Атамұраның» кітаптары неге патенті жоқ, жеке кәсіпкер санаты жоқ, тек осындай ұрымтал уақытты пайдаланып ақша табатын саудагерлердің қолына қайдан түседі? Тіпті ата-аналардың өзі кінәлі ме деп те қалдық, оған себебіміз де бар. Ол мынау: күні кеше ғана, дәлірегі 28 тамызда өткен арнайы брифингте  еліміздің бас ұстазы,  білім- ғылым министрі Е.Сәрінжіпов мырзаның былай дегенін құлағымызбен естіп, көзімізбен оқыдық. «Алдағы оқу жылында  оқушылар оқулықтармен 100% қамтылатын болады. Оқулық мәселесі күн тәртібінен мүлдем алынып тасталады. Мектеп кітапханаларында бар  оқулықтарды есептемегенде, жаңа оқулықтар сатып алу үшін 8,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Біз жағдайды бақылауда ұстап, бірнеше жиын өткіздік. Облыстардан түскен мәліметтер бойынша, әзірге  Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кейбір аудандарында жетіспеушілік байқалады. Оларға тиісінше тапсырмалар берілді, жағдай оң шешілетін болады. Оқулықтар жергілікті бюджеттің қаржысына сатып алынады».

Шүкір, кітап жетпей жатқандардың арасында Ақтөбе жоқ екен, сонда ақтөбеліктердікі не шапқылау? Әлде, оқулыққа арналған қаржы  басқа бір олқылықты бітеуге кетіп қалды ма екен? Әлде Сәрінжіпов шырақ мәселенің мәнін білмей сандырақтап отыр ма?

Айтпақшы,  Ақтөбедегі мектептер жағдайының мәз еместігін министр мырза біле ме екен, мектепті жөндеу, сыныптарға керек-жарақ алу деген сылтаумен жиналатын қаржы өз алдына, оған еш тосқауыл қойылмай келеді, қойылмайтын да шығар. Жыл айналып жолдарды жамай беретін Ақтөбе билігі  мектеп санын қашан көбейтеді осы? Ай аралатпай әлемнің түкпір-түкпірінен адам жинап, алқалы жиын өткізіп, бар екенімізді, бақуат екенімізді жер-жаһанға мәшһүрлеп жатқан  айбынды елдің болашағы- балалары  неге үш ауысымдағы мектепте оқуға мәжбүр? Мысалы, Алға ауданының  Бестамақ орта мектебі, қаланың қақ ортасындағы №15 мектеп…

Сауалдар Сәрінжіпов мырзаға бағытталады, дегенмен өз іргемізден- Ақтөбе облыстық білім Департаментінен де ауыз тұшырлық әңгіме естиміз бе деген үміт  жоқ емес… 

Шара ЕЛЕУСІЗ, Ақтөбе

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға