
2009-жылы «Алматыда Мирзоян көшесі бар» деп мақала жазғаннан бастап, бұл сауалды зиялы қауымға, оның ішінде тарихшы ағайындарға уақ-уақ қойып келемін, ал тарихшылардың көбі «үндемеген үйдей пәледен құтыладыны» күрке етеді де, кейбіреуі, құдай біледі деп айтайын, сауал иесі былай тұрсын өзі де ұқпайтын «жауап» қатады, ал енді біреулері «Мырзажан!» деп мақтағанда аспанға шығып кете жаздайды.
«Бұлары несі?!» деп еріксіз таңданамын. Ол таңданысыма қосарым: алдыңғы жылы және былтыр «Мырзажанның» мерездігі туралы мақалаларым шыққан күні бірнеше оқырман үйіме телефон шалып: — Осында, Алматыда, шіріген бай армяндар бар, солар біздің бір-екі тарихшы ғалымды жарылқап, малғұн Мирзоянды мақтаған мақала жаздырып жүр, сіз соны біліп қойыңыз, — десті. Мен: — «Біліп қоюым» үшін, егер сіз нақты білсеңіз, маған шіріген байдың да, жарылқанған қазақтардың да аты-жөндерін, телефондарын жазып жіберіңіз, — дедім. Олар «ойланайын», «көрейін» деумен тынды.
Иә, Л. Мирзоян 1933 жылдың ақпанында Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына келді. Елді аралап, «Қужақ» — Голощекин шаңырағын шағып кеткен ауыл шаруашылығымыздың жағдайын көрді. Қарт журналшы Мадат Аққозиннің (ол ақсақал бүгінде бақилық) «Вернуть из забвения» атты кітабынан сол кезге қатысты мына сөйлемдерді келтірейін: «Мирзоян после такого предшественника (Голощекинді айтады, -Ғ. Қ.) явился как спаситель народа. Появилась работа. Отменили карточки на хлеб, его продавали в магазинах за деньги. Начал налаживаться быт людей…».
«Қужақтан» қалған тақырға жіберілген «Мырзажан» ол тақыр-ды келе сала егінге бөктірген жоқ, малға толтырған жоқ. Олай істейтін құлқы да, мүмкіндігі де болған емес. Елдің жағдайын тездетіп, зерттетіп білген Кремль дереу көмектесті: аштық азабын тарта қоймаған республикалардан астық, мал жібертті. Бұл туралы құжаттар бар, бірақ «мырзажаншылдар» оны айтпайды.
Мадат ақсақал мына аталған кітабында Мирзоянның «елге сіңірген еңбегі» неден басталғаны туралы былай деген: «Но на смену массовому голоду пришел массовый арест с расстрелами».
Солай болғаны – баршамызға аян, ақиқат. Ел басшылығында, халық шаруашылығының барлық салаларында жетекші қызмет атқарған азаматтарымыздан кімдер «Мырзажанның» тұсында (1933 — 1938 жылдары) «халық жауы» лақабымен айдалып, атылып кеткенін білмеймін, ал әдебиет ауылымыздағы бас-аяғы қырық шақты жазушы түгел дерлік қасіретке ұшырады. Он жылға Сібірге айдалып, мерзімін өтеп, әйтеуір, отбасына аман-есен оралғандарды атамағанда: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Әбдірахман Айсарин, Орынбек Беков, Абдолла Асылбеков, Мәжит Дәулетбаев… атып тасталды. Бұл ақын-жазушылар мен журналшыларды жазалау туралы Кремльден нұсқау түскен жоқ, олар мирзояншылдар жасаған, Мирзоян қол қойып, бекіткен тізімге іліктірілді, 1937-жылдың соңында тұтқындалып, 4-6 ай азапталып, 1938 жылы атылды.
«Ел басшылығында» дегенде, мысалы, Мирзоянның қалауымен Халық ағарту комиссарлығына тағайындалған Темірбек Жүргенев Мирзоянның аузымен «халық жауы» делініп, қазаға ұшыратылғаны қалай? Себебі: Темкең Қазақстанда іс қағаздарын мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жүргізуді талап етіп, өз құзырындағы комиссариатта айтқанын істете бастаған. Қазақтың музыка өнеріне көп үлес қосқан сазгер Евгений Брусиловский «Дүйім дүлдүлдер» атты естеліктер кітабында Темірбек Жүргенев мәжілісті қазақ тілінде жүргізетінін, сондай бір бас қосуда Қарағандыдан келген Борис Орлов комиссардың орысша сөйлеуін қалағанын айтады. «Жүргеневтің қара көзі ұшқындап кетті», — дейді автор. — Т.Жүргенов: — Орлов жолдас, сіз қайда отырсыз? Қазақстанға келдіңіз екен, егер мұнда жұмыс істер болсаңыз, республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз! Әлде, сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемексіз бе? — деді». Ол оқиға, әрине, Мирзоянға жетті, ал оған ұлттық намысы бар Жүргеновтердің қажеті болмаған. Менің бұлай деу себебім: И. Сталиннің еңбектерінен оқығандарымның ішінен оның 1937 жылы 5-наурызда БК(б)П Орталық комитетінің пленумында айтқан мына сөзі жадымда:
«…Взять, например, товарищей Мирзояна и Вайнова. Первый из них является секретарем краевой партийной организации Казахстана… перетащил с собой в Казахстан из Азербайджана и Урала, где он раньше работал, 30-40 человек «своих» людей и расставил их на ответственные посты в Казахстане. Есть, стало быть, своя артель у товарища Мирзояна. Разве нельзя было подобрать работников из местных людей?.. Конечно, можно было… Я его несколько раз предупреждал, не таскай за собой своих приятелей ни из Азербайджана, ни с Урала, а выдвигай людей в Казахстане, не отгораживайся от местных людей в Казахстане, потому что… — что значит таскать с собой целую группу приятелей, дружков из Азербайджана, которые коренным образом не связаны с Казахстаном? Что значит таскать с собой целую группу приятелей с Урала, которые тоже не связаны с Казахстаном? Это значит, что ты получил некоторую независимость от местных организации, и, если хотите, некоторую независимость от ЦК. У него своя группа, у меня своя группа, они мне преданы… Это значит недоверие местным кад-рам…».
Мирзоянның «құйрығы» 30-40 кісі емес, одан екі-үш есе көп болыпты. Республикамыздың партия, совет атқару комитеттерінің, прокуратура, сот, милиция, қауіпсіздік органдарының бірінші не екінші басшылары, бөлім меңгерушілері оның ертіп келген дос-жолдастары, яғни жемтіктес-
тері болған. Сталиннің атап айтқандарынан аты-жөндерін келтірсем, олар: Бадабашьян, Саакасян, Саркисян, Поузбекян, Айрапетян, Ширазян, Асриян, Саумов, Саркисов, Юсупов, Пинхасик, Свердлов, Киселев, Степанов, Кулиев, Камакидзе, Рзаев…
Бұларға бала-шағасынан бұ-рын бастығының амандығын жатып-тұрып тілейтін бетсіз белсенді қазекемдерді қосыңыз. «Мырзажан!» деп үкілегендер – солар! Қазіргі ресми есеп бойынша, Мирзоян билеп-төстеген тұста бізде «халық жауы» лақабымен 110 мың адам қамалып, оның 25 мыңы атылған да, қалғаны 10 жылға кесіліп, Сібірге айдалыпты. Бұл – Мирзоян мен оның жемтіктестері және «мырзажаншыл» сатқындар жасаған сұмдық!
Қолына биліктің дізгін-шылбыры тигенде төңірегіне рухани құлдарды – жағымпаздарды жинап алатын, олардан өзін үкілеуді талап ететін, көнбегенді сорлататын, мерт қылатын бейдауа «көсемдердің» бірі – Мирзоян
сынға ешқашан төзбепті. Мысалы, Закавказье өлкелік партия комитетін басқарып тұрғанында, 1924 жылы, өзінің қызметтегі қырсыздығын сынаған «Заря Востока» газетінің сол санын тараттырмай, түгел жинатып алыпты да, өртетіп жіберіпті. Ал 1938 жылдың көктемінде өзін сынаған мақаласы үшін «Правда» газетін республикаға тараттырмай қойыпты.
Енді «Мырзажанның» БК(б)П Орталық комитетінің Саяси бюросына және И. Сталинге жазған хаттарына қатысты мына екі дерекке тоқталалық:
«Лимиты», запрошенные руководителями региональных парт-организаций и утвержденные ПБ» (Политбюро,- Ғ. Қ.).
Казахстан. Расстрел — 2346. Высылка — 4403».
(Жиыны — 6749 «Халық жауы». Мирзоянның 1937-жылғы шілденің 11-індегі хатынан. «Лимит» сұраушылар арасында «Мырзажан» алтыншы орында тұр, бірінші орында – Н. Хрущев).
«Таблица эта явилась сос-
тавной частью приказа Н. И. Ежова по НКВД от 30 июля 1937 г. «Об операции по репрессированию бывших кулаков, уголовников и других антисоветских элементов».
Ежов та «Мырзажан» болған! Ол Мирзоянның «лимитін»: атылатын — 2700, жер аударылатын — 4950, яғни жиыны — 7650 кісі етіп бекітіп берген.
Бұл үзінді орыстың белгілі жазушы-тарихшысы Юрий Жуковтың «Иной Сталин. Политические реформы в СССР в 1933-1937 гг.» деген кітабынан алынды.
Кітапта екінші хат туралы былай делінген:
«13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания:
«Во время сьезда компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме сьезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после сьезда ряд арестованных участников контреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой национал-фашистской организации. Возможно, в ближайшие дни следствие покажет необходимость ареста Кулумбетова. Мы считаем совершенно необходимым освободить Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа и просим ЦК ВКП(б) утвердить наше предложение об освобождении Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа. Кандидатуру нового председателя ЦИКа внесем на утверждение Политбюро в ближайшие дни».
Спустя два дня ПБ утвердило предложение Мирзояна. У. Кулумбетов был снят, арестован, расстрелян…».
Алматыдан Мирзоян: «мұнда рысқұловшылдар мен нұрмақовшылдар революцияға қарсы топ құрған», «Құлымбетов ұлтшыл-фашистік ұйымның белсенді мүшелерінің бірі» деп дабыл қағып жатса, оған Кремль, Сталин неге сенбесін.
«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, Мирзоянның жауыздығы туралы жазудан шаршай бастадым. Жамал апайға айтылған наздың негізі әзіл болса, менің жазғандарым – біріншіден, қазақты қырғынға ұшыратқан зымиянның істегендерін жұртшылыққа мұрағатжайлық құжат тілімен мүмкіндігімше баяндап беру және екіншіден, біздің басшы шенеуніктердің: «Мирзоян шынында не істеді екен? Ол туралы әртүрлі пікір айтыла бастады, солардың қайсысы оң, қайсысы теріс, соған көз жеткізіп, ортақ әділ шешім жасайықшы!» деуді керек етпей отырған намыссыз, немкетті сиықтарын көрсету.
(Басы. Жалғасы бар)
Ғаббас Қабышұлы





















Жауап беру