
Бір ағамыз бар. Бір әулеттің президенті… Бір нәрсе болса мәселе шешуге соны және мені жұмсайды. Ұяламын. Ағамның барған жерде бірдеңені бүлдіріп жүретіні көп. Аңдамай сөйлеп, жаңғалақтықтан адамды жарға жапсырып жібереді.
Ажырасып жүрген екеуді қосуға жұмсады, бардық. Барған жақтың хозайкісі шаңқ-шаңқ етіп жатыр. Күйеуін де үн жоқ. Бізде үндемей әйтеуір шаруаны бітірсек деп отырғанбыз. Ағамыз: «Әй не сендер бөлдек итті байлап қойып, қанденді бос қоя бересіңдер ме?»деп қалды отырғандарға. Ал, басталды дейсің. Тұра қаштық Шиеліден шұбырып…
Жосалыға қыз көруге бардық, бір жамағаттың баласына. Аманшылық сұрап, тым жақсы танысып-білісіп болмай: «Біздің отырып келген баламыз бар-тын, осы үйде 30- да отырып қалған қыз бар деп естігесін келіп отырмыз»,- деп қойып кеп қалмасын ба? Сол сол-ақ екен, бір есік айқара ашылды. Көзі бадырайған, мыртиған біреу жетіп келді де, ағайдың жанына аш бүйірін таянып «не оттап,отырсың» деді. Бет аузы мыж-мыж болған «селефан» қалтадай екен. Жеңгесі шығар дедім. Жоқ отырып қалған әлгі отыздағы бетпақ осы екен. Ол жерден де өре түрегеліп жолға шыққанбыз.
Ағамызға бәріміз ренжіп жатсақ: «Ана отырған албастының неге отырып қалғанын білдік қой»деп күңк етті.
Соңғы кезде ағам бастаған компаниядан қашатын болдым,сылтау айтып…
Ана жолы Жаңақорғанға барғанбыз екен ғой. Сырттан қонақтар бар екен, бізде қосылдық. Ағам да өкіртті ішкенде. Кеш батты. Ана Алматыдан келген екі қияли бар. Бірі — ақын, екіншісі — жазушы. Том-том кітаптарын ала келген ғой, өтпегесін осында өткізуге. Мен де 5-6 кітаптарын жүксалғышқа лақтыра салдым. Үстелдің астына қойсам да нем кетіп бара жатыр деп. Туалетке жарамайды. Отқа тамызық керегі жоқ, газ құрғызғанбыз. Сонымен түнде үлкен залға төсек салынды. Ана екеумен біз — екеу төртеу жаттық сыриып. Үй иесі түнде шөлдейді деп дәу қара қарбыздың екеуін бауыздап қақ ортасынан төртке бөліп жанымызға қойды. Қарбыз жеп, қор еттік жарықты сөндіріп. Түн ортасында ағам жүр тәлтіректеп есікті таба алмай… Олай жүрді былай жүрді. Үндемей жатырмын. Сау менің өзім есіктің қайда екенін бағдарлай алмай жатырмын. Жарықтың түймесін сипалады жағамын деп таба алмады. Бір кезде шұр етті бірдеңе… Ағам жатарда өзі жеп болған жарты қарбыздың ішіне «аттың» басын қоя беріпті. Қайтсін жарылып бара жатса. Құрысын дедім, «әйтеуір төсек аман ғой, бір кәрі болар қарбыздың» деп жатырмын.
Бір кезде ақын аунады ағам жаққа. Басын көтерді. Шөлдеп тілі аузына симай тұрған сияқты. Қолымен жан-жағын қарбанып тұрды да жаңағы ағам «атының» басын жіберген қарбыздың «суын» басына сімірді дейсің кеп… Ай,өлтірді-ау, менің ағам ақынды деп тілімді тістеп ұяттан көрпені басыма орап алып мен жатырмын. Ертеңгісін ағама айттым: «Абайламайсыз ба, анау сондай қылды» десем. Ағам: «Қайта ол деген нағыз ем ғой. Не «живая вода» деген шетел дәрігер ғалымының кітабын оқыған жоқсың ба, дәрет барлық ауруды емдейді» деп қарап тұр. Ақын отыр төрде аҺылап-үҺілеп шайды сораптап, тер моншақтап… «Жаққан екен расында» деймін ішімнен күліп, бірақ аузына көзім түсіп кеткенде бір турлі қуыстандым-ау. Ай ағам-ай істемегенің жоқ, істемегенің…
Ағамның баласы үйленді. Той жасады. Бірақ ұжымын шақырмапты. Олар шақырады деп ойлаған. Үш күннен кейін ол жұмысқа барса, бастығы шақырып өкпе айтыпты. «-Ау, біз қуанышыңды бірге бөлісетін ұжымың емес пе?» — деп. Сонда ағам «-Ой, басеке соған да ренжіп, біздің бала аман болса әлі талай қатын алады ғой. Беретіндеріңді жинап, қысып ұстап отыра беріңіздер» — деп қарап тұр дейді ғой. Сол мекемесі бірде алты айлап айлық бермеген. Сонан ішегін үзіп, беріпті. Барсам ағыл тегіл жылап ақша санап отыр «-Ау, ағажан-ау мұның не, мынандай ақшасы бар адамның жылап отырғанын бірінші көруім» — дедім. Қорс-қорс мұрнын тартып алды да бұл ақша осыдан тура алты ай бұрын қолыма тигенде бір дұрыс көлікті болар едім, қазір мынаған оның екі дөңгелегі, бір рөлі ғана келер келсе»-деп тағы еңіреді. Мен: «Аға осылай осылай ақша алғанда екі дөңгелек бір рөл алып машинаны құрастырып алуға да болады ғой»-дедім. Ол: «Әй, мынауың ақыл ғой»-деп күледі. Әпенді ә?
Ауылда той болып жатыр, қоныс той. Ішетіндерді бір жаққа, ішпейтіндерді бір жаққа кіргізеді біз жақта. Жалақтап жүрген той басқарушысы өзге жақтан келген екен. Мұны танымайды. Қорқып кетті ішпейтін жаққа тығып жібере ме деп. «Мен ішетін едім» деп айту тағы ұят. Ойланып тұрды да ойнап жүрген бір баланы шақырып алып, 50 тенгеге үй қасындағы дүкеннен бор алдыртты. 50 тенге балмұздаққа балаға ақша берді. Сөйтті де оған «БҰЛ ІШЕТІН АДАМ «деп қара костюмінің артына жаздыртып алды. Сосын былай былай көлбеңдеп той басқарып адамдарды реттестіріп жүргендердің алдын кес-кестеп жүре берді,жүре берді. Ай бір кезде біреуінің көзіне түсті -ау, жауырындағы жазу. «Ойбай көке кешіріңіз «деп олар оны ішетін жаққа қарай алып бара жатты. Жолай костюмын шешіп жеңімен жазуды сүрткілеп сүрткілеп жіберді. Күңкілдейді тағы да «-Осы адамдар қызық ай айтпаса түсінбейді, жазбаса көрмейді» — деп… Дәруіш қой менің ағам, дәруіш….
















Жауап беру