
Бүгін түнде қараша айының 27-сінен 28-не қараған шақта Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер уақытша бұғатталып қалды, деп хабарлайды Қазақия сайтына сілтеме жасай отырып.
«Артынша бұғатталған сайттар қайтадан іске қосылды. Атап айтап болсақ, YouTube, Facebook, Instargam, WhatsApp, «ВКонтакте» желілері мен мессенджерлері оффлайн режиміне түсіп, бірнеше сағаттан соң қайта ашылды. Ал «Одноклассники» мен Twitter әлеуметтік желілері үздіксіз жұмыс істеп тұрды», делінген жазбада.
Провайдерлер жоғарыдағы сайттарға не себепті уақытша тосқауыл қойғандығы жөнінде әзірге ақпарат берген жоқ.


















Жауап беру