Сіз мындасыз:

Шымкент тұрғындары бірер жылдан соң 1 миллионға жетеді
Шымкент тұрғындары бірер жылдан соң 1 миллионға жетеді

Шымкентте 46  көп қабатты  тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды Қазақия Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қала халқы саны алдағы төрт жылда 1 миллионға өсуі мүмкін. Қазіргі таңда халық саны 854,5 мыңға жетті, деп мәлімдеді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

«Шымкент қаласы өзге шаһарлармен салыстырғанда халық ең тығыз қоныстанған орталық. Демографиялық өсім өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Оның үстіне ішкі және сыртқы миграцияның үлесі зор. Қазіргі таңда, қалада 854,5 мың халық бар, статистикалық мәлімет бойынша 705,0 мың адам, аудандардан қосылғаны – 149,5 мың адам. Жыл сайынғы табиғи өсім орташа есеппен 2,4 пайыз. 2019 жылға қарай халық саны жағынан миллионды еңсереміз деген жоспарымыз бар. Сол себептен бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсарту басты назарымызда»,-деді қала басшысы баспасөз мәслихатында.

Елдің әлеуметтік әлеуетін жақсарту үшін алдымен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет. Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар бойынша көп қабатты үйлердің құрылысы қарқын алған. Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында биылғы жылы бюджет қаржысы есебінен 4,7 млрд теңгеге 3 364 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде ағымдағы жылы 629 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілсе, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ 1080 пәтерлі 15 тұрғын үйдің салып жатыр. Сонымен қатар, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде 34 көқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 211,0 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, делінген ақпар хатта.

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

1 пікір
 

  • ardak lebai

    11.12.2014 - 16:39 Ответить

    Osyndai Jaksy janalyktar jan kuantady.menin Wymga kowkim keledi

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Февраль 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  

Жоғарыға