Сіз мындасыз:

Қазақияның Көшербай абызы
Қазақияның Көшербай абызы

Ұлттың үнжариясына айнала бастаған «Қазақия»   «Жазыл да, жүлде ал!» байқауының алғашқы кезеңін қорытындылады. Бірақ ол байқаудың одан әрі жалғаса беретіндігін хабарлаймыз. Бір қуантарлығы «Қазақияның»  қалың оқырманға танылуына абыз ақсақалдарымыздың қосқан үлесі көп болғандығы. Бірі ақылын айтады, бірі  арнайы соғып газетімізді алады.

«Қазақияға» көбірек оқырман тартқан адамдардың барлығына  арнайы жүлделеріміз бар. Сондай-ақ, ең аз дегенде  редакцияға хабарласып, жақындарын  атаулы даталармен   газет арқылы тегін құттықтаулар берулеріне болады.

Акция аясында бір оқырманымыздың есімін ерекше атағымыз келеді.

Ол — Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тұрғыны Көшербай Ідірісов ағамыз. Қолына кездойсоқ тиген «Қазақия» туралы ол кісі былай деп жазады:

— Бірінші алғанымда «Ақтөбеден шығып жатқан қандай газет екен?» деп тосырқай қарағаным рас. Кейін әр  санын асыға күтетін болдым. Себебі, оқырман ретінде ойымнан шығады. Қазір газеттің үйге келгенін күтпей, поштаға өзім барам. Тіпті үйге келгенше шыдамай, көшеде тұра қалып оқитыным да бар. Кемпірім ұрысып қалады кетерде «сексенге келген адамсың, мына тайғақта бір жерге құлап, шашылып қаларсың» деп. Бірақ соңғы кезде ол да үйренді, «е,  мына шал сүйіктісіне кетіп бара жатыр» деп әзілдейтін болды. Газеттеріңнің ғұмыры ұзақ болсын!

Тағы бір айта кететін жәйт,  80 жастағы зейнеткер-ұстаз біздің газетке тек өзі ғана жазылып қоймай  25 адамды жаздырыпты. Біз де өз тарапымыздан ақжарма алғысымызды айта отырып, Көшербай ақсақалдың арнайы жүлдесі жақын арада барып қалатынын хабарлаймыз.

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

7 пікір
 

  • Тұрақты оқырман

    31.01.2015 - 14:44 Ответить

    2015 жылдан бастап Қазақияның мақалалары өзгеріп барады. Оқуға ауыр, қозғап жүрген мәселелері де өзгерген. Бір сөзбен айтқанда, адам қызығып оқитын ешнәрсе қалмай барады. Көлемді мақалалар бір деммен оқып шығатындай қызықты, тартымды тақырыптар болуы керек деп ойлаймын. Қозғайтындары үнемі саясат, саясат. Қазақтың ұл-қыздарына үлгі болатындай дәстүрлі өнер, қолөнер шеберлері жайлы, Тәрбие туралы мақалалар өте сирек жазылады. Әдебиет өкілдері туралы жазылады, бірақ әдеби шығармалар газет бетінен көрінбейді. Тілшілер жағы бұл сынды дұрыс қабылдап, әр жазған мақаласына тереңірек мән берсе екен. 32 беттің бір бетін спортқа, бір бетін әдебиетке, бір бетін мәдениетке, бір бетін әлеуметтік жағдайға, бір бетін денсаулыққа, бір бетін тарихқа, бір бетін тілге т.с.с арнау керек деп ойлаймын. Әйтпесе, Қазақияда жүйелі түрде оқиытн ешнәрсе қалмай барады. Қатты айтсам кешіріңіздер! Сіздерден жақсы мақалалар күтеміз

  • Қазына

    09.02.2015 - 21:15 Ответить

    Қазақия газеті неге жанжақтан келген мақалаларды жариялайды, түсінбеймін. Бөтен авторлардың мақаласын үнемі басқа газеттерден де кезіктіруге болады. Әлде, біреудің қаңсығы Қазақияға таңсық көрінеді ме екен. жеңіс Ысқақованың иті туралы мақаланы «Қазақ» газетінен де оқыдық. Үнемі осылай, сонда «Қазақияның» өз тілшілері не істейді? Керемет тілшілері не бітіріп жүр, сонда? Бөтен авторларды газеттің өз тілшілері деп ойлап қалуға болады екен. Әйтпесе Құралай Қуатова, Гүлсара Байданова деген тілшілері неге аз жазады. Жеткер Жүсіптің де мақалалары сирей бастады. Басқа газеттерден көшірілген мақалаларды жариялай берсе, «Қазақияны» ешкім де оқымайтын болады, әлі. Бас редакторы осы жағдайларды неге байқамайды екен, әлде республикалық басқа басылымдарды оқымайды ма?

  • Бақыт Жаншаева

    10.02.2015 - 10:42 Ответить

    Жеңіс Ысқақованың иті туралы мақаланы авторы Жұмамұрат Шәмші «Қазақия» газеті үшін жазған. Оны автор да растайды. Және Сіздің бөтен авторлар дегеніңізді түсінбеймін. Газеттің сыртында аты жөндері көрсетілмеген деп бөтен авторлар деуге болмайды ғой. Олардың барлығы мақалалары үшін гонорар алып отырған «Қазақияның авторлары. Сіз оқымайды деп қауіптенбеңіз, оқитындар мен жазғысы келетін авторлардың қатары құдайға шүкір, көбейіп келеді. Және олар бұл газетте қызықты мақалалар көп беріледі екен, жақсы газет екен деп өздері тілек білдіріп жатыр. Ең қуанатынымыз олардың ішінде елімізге танымал, қаламдары қарымды журналистер мен ауыздар дуалы саясаткерлер бар.

  • Жұмамұрат Шәмші

    10.02.2015 - 11:18 Ответить

    Иә, Қазына солай Бақыт апай дұрыс айтады Жеңіс Ысқақова туралы жазылған мақала арнайы «Қазақия» газетіне беріп едім. Бірақ, біздің елде автордың құқы сақталмайды. Автордан ешкім ешқашан рұхсат сұрамаған, және сұрамайды да. Алғаш 2005 жылы Қазақстанға келгенімде біреудің мақаласын екінші біреу беті бүлк етпестен, көшіріп өз атынан газет-журналға шығара беретінін көріп, таңданатын едім. Жүре-жүре менің де етім үреніп кетті.
    Мен өскен Өзбекстанда бір рет солай істесең, айыппұл төлейсің, екінші рет біреудің мақаласын көшіріп бассаң, сотталасың заң міндетті түрде орындалады. Сондықтан Қазақстандағыдай бетімен кеткен ел көргенім жоқ.
    Басқа барар жерім жоқ өлсем, өлігім өз елімде қалсын деп, қазағым, елім, жерім деп бір уыс топырағын аңсап келген қазақтың баласымын. «Қазақия» газеті күн өткен сайын абыройы асқақтап, беделі көтеріліп келе жатыр. «Түркістан» секілді 20-жылдық газеттермен үзеңгі қағыстырып келеді. Сондықтан Ақтөбе өңірінен шыққанменен аз уақыттың ішінде, Республикаға таралып өз оқырманын тапты. «Қазақия» газетін тұрақты оқимын…

  • Шара

    10.02.2015 - 15:03 Ответить

    Осы газеттің басы- қасында жүрген адамдардың бірімін. Жоғарыдағы пікірлерден, «Тұрақты оқырман» мен Қазынаның пікірлерінен шошып қалдым. Бір-бірімізге болсын демейтін қазақпыз ғой. Әйтпесе газеттің әр санын іздеп жүріп алатындар қарасыны көбейіп келеді. Газеттің өз тілшілері туралы жаңсақ пікірді түзеткім келеді. Әбдірәшит Бәкір, Қуандық Шамахай, Дәулет Асау, ұжымға жақында қосылған Сайлау Байбосын. Тілеуберді Сахаба жайлы «жазбайды» дей алмассыздар. Ал кез келген газеттің өз авторлары болатынын білетін боларсыздар. Советхан Габбасов, Ғаббас Қабышұлы, Дос Көшім, Айдос Сарым, Жұмамұрат Шәмші т.б. авторларды әлдекімдерден төмен деуге дені сау қазақтың аузы бара қоймас Және бұлар «Қазақияның» төл авторлары.
    Бұл жерде желдің қай жақтан шығып тұрғаны да белгілі болып отыр. Мылжыңдары басылмай қалған немесе материалдары орынды қысқартуға ұшырағандар жағының өкпесі бұл. Жалпы пендешіліктен биік болғанымыз дұрыс. Ал «Қазақия» «абалаған ауыл итіне» қыңбайды да…

  • Батыржан

    11.02.2015 - 11:22 Ответить

    Расымен бұл газетте іске татыр дүние табу қиын екен! Бірақ, мүлде жоқ деп ауызды құр шөппен сүрту де әділдік болмас! Алдағы уақытта тұшымды дүниелер көптеп жарияланар деп үміттенемін!

  • Төреғали Қазиев

    12.02.2015 - 22:23 Ответить

    Газета «Қазақия» в короткий срок уверенно вошла в ряд любимых казахстанским народом изданий. Читают ее как казахоязычные, так и русскоязычные читатели. Я узнал об этой газете от людей, которые мне ее порекомендовали. И, как только начал ее читать, сразу прикипел душой, т.к. идеи Казакии — единство народа, защита духовного наследия и интересов казахского народа и всех казахстанцев. Защита интересов простых людей, конструктивная критика имеющихся недостатков, критика ради улучшения жизни, а не для того, чтобы кого-то просто критиковать. Материалы газеты разнообразны, чтобы их перечислить,нужно много места. Конечно, жизнь еще многообразней и, чтобы отразить ее многие стороны, нужны письма читателей и они есть. Значит, обогащение материалов будет. Аз уақытта қатарға кірген «Қазақияны» қолдайық, ағайын! 21 ғасыр — ұлттардың ой шайқасы! Осы ұлы шайқаста Қазақиямыз қазағыма ой салып, ақ жол көрсетіп, алғы шептерде жүре берсе жақсы ғой! Бірлік, әділдік, өрлеу, табандылық осы газеттің идеясы… Бәріміз де үлесімізді қосайық. Жазып, қолдап. Қазіргі күрделі, маймылданып, шакалданып бара жатқан заманда. Өзім Ақтөбеге келіп, осы бес-алты жыл ана тіліме үйренудемін. Сонда, жаттығу ретінде, шумақ жазған боламын. Міне біреуі:
    Қөшімізді жау жайлап, бұзып атыр!
    — Әне жерде шайқасады алты батыр!
    — Мына жерде шеп ұстауда жалғыз батыр —
    Ойдан қарап, ойбайланып, қазақ жатыр…
    Қазақия газеті со жалғыз батырлардың бірі. Ойдан қарап, бір бірімізді сынамайық, ағайын! Бірге болайық, ұрпақтарымыздың болашағы үшін, қазақ үшін бірге күресейік!..

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Февраль 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  

Жоғарыға