
27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Қалбатау төсінде Байтайлақ батырға кесене орнатылып, ас берілді, — деп хабарлайды Қазақия.
Салтанатты шара Қазақ хандығыны 550 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған жергілікті атқарушы билік және зиялы қауым өкілдері, көрші Қытайдан және Моңғолиядан келген қандастарымыз қатысты. Кесененің ашылу шарасынан соң Жарма ауданының орталығында батыр бабаның атына бағышталып құран оқылып, ас берілді.
Байтайлақ батыр 1703 жылы дүниеге келіп, 1781 жылдары қайтыс болған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Абылай ханның батыры керейден шыққан Ер Жәнібекпен үзеңгілес, серіктес батыр болған. Байтайлақ туралы Қытайдың және Моңғолияның тарихи деректерінде аты аталып, қытай-орыс және жоңғарлар арасындағы мәмілегерлік қызмет атқарғандығы жазылып қалдырылған.
Ал, Орта жүздегі Керей руының Шеруші тайпасынан шыққан. Батырдың ұрпақтары қазір Қытай, Моңғолия және Қазақстанда тұрып жатыр.
Батырдың кесенесі биіктігі оның туған жылына орайластырылып алынған яғни, 17 метр 3 см, — деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
Байтайлақ батырды еске алу шарасы Астанада жалғасады. Ал 29 қыркүйек күні Елордада «Ақтабан шұбырынды» заманында Абылай хан басшылығындағы қазақ батырларының бірі және Ер Жәнібек батырдың ақылшысы, сенімді серігі болған Байтайлақ батыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция және арнайы концерттік-мәдени шара өткізілмек. Ұйымдастырушылар шара Қытайда және Моңғолияда да жалғасын табатындығын атап өтті.




































Жауап беру