Сіз мындасыз:

Қазаққа қарсы қойылған тосқауылдар
Қазаққа қарсы қойылған тосқауылдар

 

 

Оларды кім қойып отыр? Кремльдің қазаққа қарсы қойып отырған, бәрін емес,  бірнеше ғана тосқауылдарын айтайын.

 

  1. Ресей үкіметі Қазақстанға Набукко жобасына қол қойдырмады. Соның нәтижесінде қазақтар өзінің газын Ресейге 166 доллардан сатып отыр, ал олар оны Украинаға 400 доллардан сатуда. Қазақтарға неге өз газын Ресейге тікелей сатпасқа, ал Ресейге транзит үшін ғана неге төлемеске?

 

  1. Ресей 2000-жылдардың ортасында Қазақстанға Қытаймен ені тар темір жол салу шартына (Иран мен Түркияның үстімен жүріп Европаға шығатын жол) қол қойдырмады. Мен бұл мәселені жақсы білемін, себебі тікелей айналысқан едім.

 

  1. Қазақстан Балтық теңізі жағасындағы Вентспилс портында астық жинайтын қойма (терминал) сатып алған болатын. Міне, сол бағытта астық тасу бағасының теміржолдық тарифын үш есе қымбаттатқан Ресейге ештеңе айта алмадық. 2009-жылы осы бағытта (мендегі дерек бойынша) бар болғаны 750 мың ғана тонна (қойма сыйымдылығы бір жарым миллион тонна) астық жеткіздік. Осындай тосқауылдың салдарынан жыл сайын астығымыз далада шіріп қалуда. Себебі, Ресейдің өз порттары астықтарын сыртқа шығара алмай қиналып отыр.

 

  1. Ресей жақын мезгілде экологиялық таза жанармаймен ұшатын Ангара комплексін Байқоңырға әкелуге асықпай отыр. Үстерінен улы гептилмен ұшатын Протон қазақтарды улай берсін десе керек.

 

  1. Қазақстанның автоөндірушілерінің жолына «утилизационный сбор» деген тосқауыл қойылған. Мысалы, биыл Ресейге 2500 автокөлік сатуға тиіс болған «Астана Моторс» осы себеппен бар болғаны 50 автокөлік сатты. Мұндай мысалдар жеткілікті. Жақында ғана Ресей базарына ет пен сүт сатпақ болған біздің өндірушілердің үлкен дау-жанжалға тап болғанын білесіздер.

 

  1. М.Жәкішевті орнынан алдырған, оның түрмеге отыруына да кімдердің себепші болғанын білерсіздер. Оның түрмеге отырғаны сол екен, елімізде Росатом пайда болып Қазақстанның уран өндірісін түгелімен қоластына бағындырды.

 

 

Саят Абдухаликов

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

2 пікір
 

  • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы

    28.01.2015 - 20:00 Ответить

    Қас пен Досты ажырата алмасаң — көретінің бұдан да ӨРЕСКЕЛ болатыны анық…

  • Бахытжан

    30.01.2015 - 13:04 Ответить

    Еліңді орысың құлақ кеспе құлы басқарып отырса көрген күнің осы сорлы қазақ

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Февраль 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  

Жоғарыға