Қазақия газеті » Қоғам

«Қазақия» газетін де сотқа беруі мүмкін…
2014 жылдың 20 тамызы №33/39/ санында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 200 жуық тұрғындарының атынан «Аудандағылар қашанғы сіздерді алдай береді» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атына ашық хаты жарияланған болатын.

«Осы хатты ұйымдастырған Ғани Алиев жала жауып отыр. Ауыз су халыққа мезгілінде жетіп тұр. 18 жыл бойы облыстық маслихаттың депутаты болып келген, Президенттің атынан 5 мәрте мақтау қағаз алған, әртүрлі деңгейдегі орден-медальдардың иесі, менің абыройымды төкті, намысымды қорлады» деген желеумен аудандық су шаруашылығының бастығы сотқа берді.

Бүгін қалалық сотта алғашқы отырысы болып өтті. Бір қызығы суға жарымай отырған аудан Жосалы деген жерде. Ол жермен Қызылорда қаласының арасы 300 шақырымға жуық. Судың жоқтығына ашынып ашық хатқа қол қойған 200 тұрғын сол ауданда тұрады. Істі қалалық сот қарайды. Сот барысында байқағанымыз талапкер жақ «ар намысқа тиді» деп 10 млн теңге моральдық шығын сұрап отыр.

Және осы істің «шашбауын» көтеріп келген 12 адам бұрынғы партократтар, зейнетке шыққан қолдары бос. Куәгерлер. Жауапкер жақ «Сот сол ауданның өзінде өтсін» деп талап қойды.

Ақыры жауапкер жақтың талабын Қызылорда соты қанағаттандырып, келесі соттың кезегі Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде өтуге ұйғарылды. Соттасушылар осы мақаланы республикаға жариялаған «Қазақия» газетінде сотқа беру керек деген пікір айтты.

Менің сот барысында байқағаным: Жауапкер жақ талап қойып отырған шенеуніктерге қарағанда дәлелі мол, айғағы толық сияқты көрінді. Сотқа берушілер «артық қыламын деп тыртық қылып алмаса»деген ой бар. Өйткені жауапкер жақ бұл соттың азаматтық іс деп қарағанына қарсылық білдіріп, мұны енді қылмыстық іс ретінде қарауды талап етті.

Жеткер Жүсіп,  Қызылорда

The post «Қазақия» газетін де сотқа беруі мүмкін… appeared first on Қазақия газеті.

ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрі Т. Дүйсенова ханымға АШЫҚ ХАТ
Соңғы уақыттарда халықты толғандырып жүрген үлкен мәселелердің бірі 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың қарсаңында немесе соғыс кезінде туылған азаматтардың тағдыры. Бұл кезеңде туылғандар бүгіндері 69-76 жастың аралығында егде тартты, қартайды. Олар ұзаққа созылған соғыстың ылаңынан балдәурен балалық шағынан айырылды. Соғыстың зардабын бесікте іңгәләп жатып тартты. Бесіктен белі шықпай жатып тірі жетім атанды.

Ішсе тамаққа, кисе киімге жарымады. Одан кейінгі жылдарда қыстың суығында мектепке шоқпыт киіммен, жалаңаяқ барды. Әкелері майданда, шешелері тылдағы ауыр еңбекте болғандықтан олар ата-анасының тәрбиесін, шуақты мейірімін көре алмады. Кейбірінің әкелері майданда опат болды немесе хабар-ошарсыз кетті. Майданнан оралғандары жарымжан болып мүгедек атанды. Осындай азапты күндерді бір ай емес, бір жыл емес, бірнеше жылда басынан өткізген соғыс кезіндегі балалардың сәби кезінде көз жұмғандары қаншама?

Үкімет соғысқа қатысқандарға және 1938 жылға дейін туылған азаматтарға «Тыл ардагері» санатында жәрдемақы тағайындады. Ал енді 1938-1945 жылдар аралығында туылған азаматтардың жәрдемақы алмайтындай не жазығы бар? Олар ұзаққа созылған соғыс кезінде және одан кейінгі елді қалпына келтірудің қиын қыстау жылдарында да тыл ардагері санатындағы ағаларымен бірдей қиыншылықтың зардабын тартты. Кейінгі жылдарда ағаларының ісін жалғастырып Елімізге егелік жасап, жасампаз істердің ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы болды. Сондықтан, өркениетті елдер сияқты олардың соғыс зардабын тартқан азаматтар ретінде Қоғамнан, Мемлекеттен жәрдемақы алуға  заңды құқығы бар. Бұл өркениетті елдерде қашаннан қалыптасқан қағида.

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліміздің экономикасының қарыштап өскенін естіп біліп отырмыз. Табиғи байлығымыз да жеткілікті. Еліміздің абыройын, беделін көтереміз деп халықаралық деңгейде әр түрлі шаралар мен форумдар, спорттық жарыстар өткізуге мол қаржы жұмсалуда. Бұл шара керек те шығар. «Халық құдайдың бір аты» деген қанатты сөз бар. Халықтың санын құрайтындар да егде тартқан азаматтар екені де белгілі. Статистикалық мәліметке қарағанда облыста 1938-1945 жылдары туылған балалардың саны 65 мың шамасында болса, қазіргі уақытта егде тартып, тірі жүргендері 2000 адам шамасында. Сондықтан, мемлекет тарапынан бұл жастағы ардагерлерді «Тыл ардагері» санатына қосып,  жәрдемақы тағайындау әділеттіліктің, имандылықтың көрінісі болар еді.

Келесі жылы Отан соғысындағы ұлы жеңістің 70 жылдығы тойланбақшы. Осыған орай тыл ардагерлеріне арналған бұрынғы заңды қайта қарап, 1938-1945 жылдарда туылған азаматтардың заңды құқығын қалпына келтіру қажет.  Сонда ғана уақытынан кешіккен, толғағы жеткен бұл мәселенің түйіні тарқап, опат болған немесе із-түссіз жоғалып кеткен майдангер әкелеріміздің, ағаларымыздың әруақтары риза болар еді.

Құрметті Министр ханым! Осы жоғарыда аталған мәселеге ерекеше назар аударып, Министрлік атынан Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне, Үкіметке «Тыл ардагері» жайлы заңға өзгерістер мен толықтыру жасауға ұсыныс беруді сұраймын.

Сізге жолданған осы ашық хатқа жауап беріледі деген сенімдемін. Өлкедегі көптеген ардагерлердің өтінішін жеткізуші, сізге  деген құрметпен

Тобаш Ембергенұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда қаласы

The post ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрі Т. Дүйсенова ханымға АШЫҚ ХАТ appeared first on Қазақия газеті.

Жат жұрттағы жампозым
Алты қат аспанға шетелдік астронавтармен қатар қалталы туристері бар қаншама ғылыми экспедицияның аттанғанын көріп жүрген қандастардың көкейіндегі “үшінші ғарышкеріміз қашан ұшады?” – деген орынды сауалдың баршамыздың бүйрегімізді бүлкілдетіп барып басылғанын білеміз.

Тәуелсіздігіміздің төрт (әлеуметтік ақуал мен ішкі және сыртқы саясат, қаржылық экономика, сан саланың заманауи кәсіби мамандары) тағаны тіктеле бастаған сындарлы сәтте мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отандық ғарышкерлер тобын жасақтау жұмыстары жүргізіліп, қажетті қамқорлық пен қаржылай қолдау көрсетілді.

…1997 жылы Талғат Мұсабаев маған Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне үміткерлерді дайындау мәселесінің созылып бара жатқандығы туралы баяндамамен келді. Осыдан кейін сұрыптаумен айналысатын жұмысшы тобы құрылып, жалпы саны 800 адамның ішінен медициналық комиссиядан тек төртеуі өтті. Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов барлық талаптарға сай келгендіктен жұлдызды қалашыққа жолдама алды. Ю.Гагарин атындағы ғылыми-зерттеу сынақ орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өтуді аяқтаған олар ұшу бағдарламасы бойынша қабылданатын шешімді күтуде, — дейді мемлекет басшысы ғұмырбаяндық естелігінде. (Нұрсұлтан Назарбаев, “Қазақстан жолы”, Қарағанды – 2006 жыл, 320 – бет)

Президенттің сенімі мен халықтың үмітін ақтау үшін ұзақ уақыт бойы ғарыш кеңістігіне сапар шегіп, отандық ғалымдар әзірлеген арнайы бағдарламаны жүйелі жүзеге асыратын сәтті сағаттарын жан-тәнімен күткен ұландарымыздың жо-лын әлемдегі экономикалық дағдарыстан бастау алған қаржылық қиындықтар бөгегенін бәріміз білеміз. Үкімет құнсызданудың көмекейінде кеткен қыруар қаражатты бүйірі бос бюджеттен бөлуден басқа айла амал қалмаған қауқарсыз күйінде, ғарыштық салада басымдық берілген мемлекеттік мүдде мен ұлттық ұстанымнан тайқып түсті. Дәрменсіздіктің кесірінен түрлі төлемдерге берілетін ақша болмауына байланысты он жылға жуық уақыт бойы жаңаша қалыптасып, тың тәжірибелер жинақтаған ғарышкерлік топ еріксіз тарады.

Айдын Айымбетов ресейдің ғарышкерлерді дайындау орталығымен арадағы ресми келісім-шарт мерзімінен бұрын тоқтағаннан кейін ерікті түрде елге оралған соң, отандық ғарыш агенттігіне қызметке орналасқанымен, қазіргі кезде қандай тірлікпен айналысатыны ашып айтылмайды. Қазақстанға қайта оралған үшінші үміткер туралы алғашында журналистер жиі жазғанымен, қоғамның қызығушылығы бәсеңдеп барады.

Мұхтар Аймаханов мансап ұсынған сала басшыларына алғысын білдіріп, ғарышқа ұшудың тиімді тетігі түрінде ресейдің азаматтығын алуды таңдайды. Себебі зеңгір көкке көтерілген екі ағасы (Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев) осындай қиындықтар мен кедергілерге кезігіп, нәтижесінде жеңіп шыққан еді. Демек, азаматтағын амалсыздан айырбастаса да, халқын қуантуы қажет. Бұдан басқа жолдың бәрі жабық. Қажетті құжаттарын рәсімдеп, төлқұжатын ауыстырған ол биылғы жылдың басында федералдық ғарышкерлер жасағының құрамына қабылданып, ұшатын мерзімін күтуге кірісті.

Сүйінші хабарды естіген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасымен бөлісіп, қосымша түсініктеме беруін сұрағанда, қыңыр сөйлегенімен қоймай, бұра тартуын байқаған бұқара қызғаныш пен көре алмаушылыққа балағаны бар. Себебі қос мемлекеттің азаматтығын қатар иеленіп, бірнеше мәрте ғарыш төрінде еркін жүзген алтын жұлдыздары бар батыр ағамыз еліміздің ғарышнама тарихын өзінің алғашы сапарынан басталатындай бұрмалауға бейімделгені байқалады.

Үшінші ғарышкерліктен үміткер ізбасарларының бірін кейінгі жас буын тап басып танымайтындай есімі ұмытыла бастады, екіншісі жат жұрттықтардың босағасын бағуда. Үш жыл бұрын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференция барысында Талғат Амангелдіұлының:

- Қазақстандықтар бір нәрсені жете түсінбей жүр. Тоқтар Әубәкіров кеңестік кезеңде ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, ал мен болсам, тәуелсіз елдің тұңғыш ғарышкерімін, - деген парықсыз пайымын алқалы жиынға қатысқан әріптес ағамыз орынды сынады. Қосарланған тұңғыш болмайтындығын түсіндіріп, тұңғыштың қашан да жалқы екендігін ескерту арқылы. (“Егемен Қазақстан”, 2011 жылғы 5-қаңтар)

Алайда журналист інілерімен жанжалдасып, қаламгер ағаларының уәжін тыңдамайтын тентектеу төраға тәуелсіз елдің тұңғыш ғарышкері хақындағы естелік туындысын мыңдаған тиражбен орыс тілінде таратты. Баһадүрлік болмыс бітімі мен ағалығы айтар ақылы бір бөлек Тоқтар ағасының қолдауы мен көмегіне риза Мұхтар бауырымыз Ресейдің ғарыш агенттігі арқылы Байқоңырдан аттануларына басшылық билігі мен биік беделін парасаттылықпен пайдалануға келгенде тартыншақтап қалған Талғат ағасының танымаймын кім ол дегенін телеарнадан тыңдағанда таңданды. Тіпті аждаһа еліндегі әріптестерімен байланыстарды бекітіп, қалыпты қатынасты орнықтыру шеңберінде қазақ ғарышкерін қытайлардың ғарыш кешенінен ұшыру жоспарланғанын естігенде де артына алаңдамағанын айтады. Өйткені оның ойынша ғарышкердің міндеті – таңғажайыптарға толы тұңғиықтардың тылсымынан маржан сүзу.

- Жұлдыздарға жақындау бала күндегі ең басты арманым болғаны рас. Бүгінгі жауапты жұмыстардың жиынтығы балғын шақтың елесіне ілесудің әсерінен емес, ақыл тоқтатқан азаматтың жылдар бойғы есіл еңбегі мен зейінді зерделеуінен соң түпкілікті қабылданған дұрыс және нақты шешім. Ғарышкерлердің жұмысы – ғарышқа ұшу, — депті қияға қанатын қомдаған қайсар қазақ хабарласқандарға.

Әуе кеңістігі саласына маманданған Тоқтар мен Талғат тәрізді ақиық ағалары сынды Мұхтар бауырымыздың да көршілес ресейлік ғарышкерлердің сапында шынығуына қарап, жат жұртта жалғыз жүру жампоздарға жарасатындығын айқын аңғарамыз.

Шырақ САБЫРБАЙ, Астана қаласы

The post Жат жұрттағы жампозым appeared first on Қазақия газеті.

Сәрінжіповтікі не сандырақ сонда?
…Отызыншы тамыздағы Ата Заң күнін 1 қыркүйекке көшіріп кеп жіберген билік биыл ата-аналарды бір жарылқап тастады. Тиесілі демалысында  балаларының мектепке барған қуанышын тойлап жатқан ел арқа-жарқа. Ас-судан жырған, қарызға алған бір  баланы киіндіруге кеткен 20-30 мың теңгеге (орташа тұратын отбасы үшін) де аса қынжыла қоймайды. «Мал-баланың шашуы».

1 қыркүйек күні түске дейін балаларының алғашқы салтанатты жиналысына  барып қайтқан ата-аналардың Ұлы Жорығы осы күні түстен кейін-ақ басталып кетті. Бұл жорықтың  басты сауал- сұрақтары  мынадай болып келеді: «Сенің балаңдікі «Атамұра» ма?», «Мә, «Рауанның» кітаптарын қайдан аламыз?», «Мектеп» деген де баспа бар ма?», «2-сыныптың комплектісін неше теңгеге алдың?».т.т. Өзіміз есте жоқ ерте заманда мектеп бітіріп кеткенбіз, балаларымыз да мұндай «пәлені» көрмеген, содан кеп сұрақ жаудырамыз. «Немене, әр мектепте әртүрлі оқулық па? Қай баспадан шықса да бәрібір емес пе?».  Бұлай  сұрақ бергенім құрысын, ел маған гуманоид көргендей қарайды. Сұқ саусағымен шекесін шұқығандар да табылды.

Жан беру оңай емес, зерттеп  байқадық.  Сеңдей соғылысқан ата-аналарды індетіп алдымен орталық базар бардық. Сатарманның қолы шығып тұр. Басқасын қайдам, анда-санда автоқалам алатын едік, сол 10 теңгенің дүниесі 35-40 теңгеге бір-ақ ыршыпты. Мектепалды сыныпқа баратындарға 5500 теңге керек оқулық алу үшін. Бастауыш сыныптың толық кітап- дәптерлері 12-15 мыңнан айналады. Жоғарғы сыныптардікі 20-30 мыңға барады дейді.

«Сазды» ауданында орналасқан «Атамұра» дүкеніне келдік. Иін тірескен халық. Бұл жерде  базардағыдан біраз арзан, мысалы, жоғарыда айтқан бастауыш сынып кітап- дәптерлерінің толық жабдығы (комплект) 7 мың теңге. Бірақ…бір-бір жарым сағат сатқаннан соң…бітіп қалады. Сансыраған ел амалсыз  базар жағалайды. Басымыз быт-шыт: «Атамұраның» кітаптары неге патенті жоқ, жеке кәсіпкер санаты жоқ, тек осындай ұрымтал уақытты пайдаланып ақша табатын саудагерлердің қолына қайдан түседі? Тіпті ата-аналардың өзі кінәлі ме деп те қалдық, оған себебіміз де бар. Ол мынау: күні кеше ғана, дәлірегі 28 тамызда өткен арнайы брифингте  еліміздің бас ұстазы,  білім- ғылым министрі Е.Сәрінжіпов мырзаның былай дегенін құлағымызбен естіп, көзімізбен оқыдық. «Алдағы оқу жылында  оқушылар оқулықтармен 100% қамтылатын болады. Оқулық мәселесі күн тәртібінен мүлдем алынып тасталады. Мектеп кітапханаларында бар  оқулықтарды есептемегенде, жаңа оқулықтар сатып алу үшін 8,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Біз жағдайды бақылауда ұстап, бірнеше жиын өткіздік. Облыстардан түскен мәліметтер бойынша, әзірге  Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кейбір аудандарында жетіспеушілік байқалады. Оларға тиісінше тапсырмалар берілді, жағдай оң шешілетін болады. Оқулықтар жергілікті бюджеттің қаржысына сатып алынады».

Шүкір, кітап жетпей жатқандардың арасында Ақтөбе жоқ екен, сонда ақтөбеліктердікі не шапқылау? Әлде, оқулыққа арналған қаржы  басқа бір олқылықты бітеуге кетіп қалды ма екен? Әлде Сәрінжіпов шырақ мәселенің мәнін білмей сандырақтап отыр ма?

Айтпақшы,  Ақтөбедегі мектептер жағдайының мәз еместігін министр мырза біле ме екен, мектепті жөндеу, сыныптарға керек-жарақ алу деген сылтаумен жиналатын қаржы өз алдына, оған еш тосқауыл қойылмай келеді, қойылмайтын да шығар. Жыл айналып жолдарды жамай беретін Ақтөбе билігі  мектеп санын қашан көбейтеді осы? Ай аралатпай әлемнің түкпір-түкпірінен адам жинап, алқалы жиын өткізіп, бар екенімізді, бақуат екенімізді жер-жаһанға мәшһүрлеп жатқан  айбынды елдің болашағы- балалары  неге үш ауысымдағы мектепте оқуға мәжбүр? Мысалы, Алға ауданының  Бестамақ орта мектебі, қаланың қақ ортасындағы №15 мектеп…

Сауалдар Сәрінжіпов мырзаға бағытталады, дегенмен өз іргемізден- Ақтөбе облыстық білім Департаментінен де ауыз тұшырлық әңгіме естиміз бе деген үміт  жоқ емес…

Шара ЕЛЕУСІЗ, Ақтөбе

The post Сәрінжіповтікі не сандырақ сонда? appeared first on Қазақия газеті.

Қазақты танытқан ғылым
Әскери инженер, геодезист профессор Мұхамбет Машимовке туған елден топырақ неге бұйырмады?

Туған айдың орналасуына қарап, ертеңгi күннiң ауа райын болжайтын атам қазақ, қара жердiң топырағын иiскеп-ақ оның тектоникалық-геодезия-

лық қыртыстарынан шаңы мен майын айырып отырған.

Ресей Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-инженерлiк академиясында отыз жылға жуық геодезия және астрономия саласынан дәрiс оқып, түрлi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзген жерлесiмiз, профессор Мұхамбет Машимов едi. Осы уақытқа дейiн бiзге белгiсiз болып келген атақты ғалым ұзақ жылдар бойы КСРО-ның Қорғаныс саласының ең алдыңғы қатарлы әскери академиясында болашақ генералдарға дәрiс оқыды.

Техника ғылымының докторы, профессор, Ресей әскери инженерлiк академиясының академигi, Ресей Федерациясының ғылымына еңбегi сiңген қайраткер, Ресейдiң жоғары кәсiби бiлiм беру саласының «Құрметтi қайраткерi», Куйбышев атындағы Әскери-инженерлiк академиясының кафедра бастығы, полковник Мұхамбет Машимов – 1930 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысының Жәнiбек ауданында дүниеге келген.

1947 жылы Ленинградтағы тоңазытқыш өнеркәсiбi институтына инженер мамандығы бойынша оқуға түскен Машимов араға екi жыл салып, 1949 жылы осы қаладағы әскери-топографиялық училищеде оқуын жалғастырады.

Әскери училищенi үздiк бiтiрген ол, 1952-1957 жылдары Түркiстан әскери округында өз мамандығы бойынша астрономиялық-геодезиялық түрлi зерттеу жұмыстарын жүргiзедi. Бұл Ресейдiң ғасырлар бойы жүргiзiп келе жатқан жоспарлы жұмыстарының жалғасы болатын.

Патшалы Ресейдiң Түркiстан даласын ежелден зерттеу алаңына айналдырғанын мынадан байқаймыз. Кезiнде Ресей патшасына қызмет еткен Шоқан Уәлихановтың қазақ даласын картаға түсiруi мен Қашқарға сапары Ресейдiң Орта Азия халықтарын зерттеуiнiң әскери экспанциясының бастауы едi. Шоқан Уәлихановтың iзiмен генерал Корнилов та бiрнеше рет Қашқарға, Иранға, Үндiстанға барлау жұмыстарын жүргiзген.

Геодезия саласы бiз назар аудармаған, таным-бiлiгiмiзден тысқары қалған ғылым екендiгiн мойындауымыз керек. Бұл саладағы барлық карталар күнi бүгiнге дейiн Ресейдiң Бас штабында құпия түрде сақталып келедi. Бүкiл маңызды құжаттардың бәрiн бiр бойына сiңiрiп жатқан сол карталардың әрбiр нүктесiнде бiз бiлмейтiн орасан зор байлық та, құпия да тұнып тұрған көрiнедi. Кезiнде Каспийдiң Солтүстiк бөлiгiндегi Центральное, Хвалынское, Құрманғазы кенiштерiн Ресей жағы қолдарындағы геодезиялық құжаттар арқылы өздерiне қаратып алғанының өзi неге тұрады? Мұның бәрi бiздiң қолымызда нақты картаның болмағандығы едi.

Әрине, ол кезде ортақ Отан болатын. Сондықтан стратегиялық маңызы бар кез-келген әскери код таңбаланған ғылыми зерттеулер нәтижесi Бас штабта құпия түрде сақталып келдi. Полковник Мұхамбет Машимовтың Қорғаныс кешенiнде жүргiзген астрономиялық-геодезиялық және өлшенбелi гравиметрикалық зерттеу жұмыстары да аса құпия коды бар салаға жатқызылды.

1957-1962 жылдары Куйбышев атындағы Әскери-инженерлiк академиясын үздiк бiтiрген Машимов КСРО Қорғаныс министрлiгi жанындағы Ғылыми-зерттеу институты бастығының орынбасары, өзi бiлiм алған академияның профессоры, кафедра бастығы болып, 43 жыл үздiксiз бiр салада еңбек еттi.

Қорғаныс министрлiгiне қарасты Әскери-инженерлiк университетiнiң докторлық диссертация қорғау жөнiндегi кеңесiнiң төрағасы, Ресей мемлекеттiк жер қыртыстарын зерттеу комитетiнiң мүшесi және Ұлттық ғылыми-техникалық комитетi картографиялық корпорациясының мүшесi ретiнде де Мұхамбет Машимов ғылыми жұмыстардың бастауында тұрды. Ведомствоаралық геофизикалық комитетi белсендi мүшесi, Жер институтының ғылыми зерттеулер жұмысының жетекшiсi, Бүкiлодақтық (қазiр жалпыресейлiк) «Известия вузов. Геодезия және аэрофотосьемка» журналының редколлегия мүшесi ретiнде де оның ғылыми жұмыстардың бел ортасында болғанын көресiң.

1979 жылы Канберра қаласында өткен геодезия талаптары бойынша Бас Ассамблеяның жұмысына, 1983 жылы Софияда өткен геодезистердiң халықаралық федерациясының конференциясына қатысып, Жер және ғарыштық ғалам туралы баяндама жасауы әлем ғалымдарын жер кадастрына тың көзқараспен қарауына әкелiп соқтырды. Ғалымның астрономиялық-геодезияның теориялары, физикалық геодезия, ғарыштық, ғаламдық және инерциальдық геодезия ғылымы, геодинамика, геотектоника, картография, геоспутниктiк технология, геоинформатика, геодезияның тарихи өлшемдерi ғылыми жаңалықтары бұрын соңды шала зерттелген, ақиқаты ашылмаған тың байыптамалар болып танылды. Профессор Машимовтың әрбiр ұсынысы ғылымға қосылған үлкен жаңалық болып қабылданып, ол бойынша ғылыми-зерттеу институттары мақсатты түрде жұмыстар жүргiздi. Ғылымның жетекшiлiгiмен 24 жас ғалым кандидаттық диссертация қорғап шықты. Машимовтың дайындауымен астрономиялық-геодезия мамандығы бойынша әскери оқу орындарына жетi оқулық жазылып, жетi арнайы курс белгiлендi. Ғалым өз саласы бойынша 10 монография, 125 ғылыми мақалалар жазып шығарды. Олардың бәрi кезiнде КСРО Қорғаныс министрлiгiнiң, қазiргi Ресей әскерiнiң Бас штабының ерекше бақылауына алынып, жоғары шендi әскери қолбасшыларға оқытылып келедi.

Астрономиялық-геодезиялық ғылым үдерiсi бiр-бiрiмен тығыз байланыста дамиды. Оның жұлдыз бен Күндi көрiнер жерден суретке түсiрудегi дәлдiк өлшемдерiнiң өзi астрономиялық-геодезия желiсiнiң фундаментальдық қарым-қатынасының мөлдiрлiгiн көрсетедi.

Мұхамбет Машимов Ресей әскерлiк геодезистерiнiң бастауында тұрса да туған жерден кiндiгiн үзген емес. Ресейде оқып, бiлiм алып, осында үйлi-баранды болса да, аңсары туған елде болды. Мәскеуде жүрiп, теңiн тапты. Анна Васильевна деген өзi таңдаған сүйiктiсiне үйлендi. Татьяна, Ольга деген қыздардың әкесi атанды. Мәскеудiң — Новоясенова ауданының ең көрiктi жерiнен тұрмысқа қолайлы пәтер берiлдi.

Әскери геодезия саласы мен оның зерттеу нысандары қаншама құпия болса да, ол қазақстандық ғалымдармен тығыз байланыста болуға тырысты. Ғылыми байланыстың шеңберiнде ғалымның туған елге оралуы жөнiнде де әңгiме қозғалып жүрдi. Әрине, бiз атақты ғалымның өтiнiшiн қанағаттандыра алмадық. Оның Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы мүшелiгiне қабылдау жөнiндегi мәселесiн бiржақты шешкен жағдайда Алматыға оралуы мүмкін еді.

Сөйтiп, бiз әлемдiк атағы бар ғалымды туған елiнде қарсы алуға дайын болмай шықтық. Әйтсе де ол туған елiнен сырт айналып кеткен жоқ. 1995 жылы 26-28-қаңтарда Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы Батыс бөлiмшесiнiң ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен жер қыртыстарын зерттеудiң жаңашыл механикасының проблемалары тақырыбы бойынша семинарға қатысып, өз ойларын жеткiздi. Атырау мұнай және газ институтына өзiнiң кiтаптарын тарту еттi. Бұл оның туған елге ең соңғы келуi едi.

Әлемдiк ғалым, Ресей геодезия ғылымының атасы профессор Мұхамбет Машимов 2001 жылы 21-желтоқсанда Мәскеу қаласында дүние салды.

Ғалымның еңбегiн жоғары бағалаған белгиялық және ресейлiк бiр топ ғалымдар оны Декарт сыйлығына ұсынуы көп нәрсенi аңғартса керек.

Декарт сыйлығы — Нобель сыйлығының эквивалентiне сай сыйлық. 2000 жылы Нобель сыйлығы комитетiнде американдықтардың топтасуына қарсы Еуропа елдерi ғалымдарының бiрлескен ұйғарымы арқасында пайда болған бұл сыйлықты тұңғыш иеленген жерлесiмiз, әзiрге жалғыз қазақ — Мұхамбет Машимов едi.

Ермек СҰЛУТАМ

The post Қазақты танытқан ғылым appeared first on Қазақия газеті.

Мой ответ Жириновскому!
Хотя его должно было давать наше Правительство

Владимир Вольфович, вот ты вроде бы человек образованный, председатель целой партии, руководитель фракции ЛДПР, вице-спикер Думы РФ, одним словом большой и взрослый человек, а несешь черт знает что!

Вот почитай свои слова: «Во всех новых учебниках в Казахстане – везде антирусские настроения».

Вот здесь маленькая остановочка.  Ну нельзя так бессовестно врать! Или вы там у себя в России несмотря на свои высокие посты совсем сдвинулись по фазе? В каких таких новых учебниках народ волнуется и настраивается против русских? Дайте факты!  Учебники какого предмета (математика или литература, история) кто автор-составитель, какого года выпуска, текст антирусского настроения, страница и т.д.?

Не ищите, не найдете. А значит это ложь и провокация. Не по -мужски как то!

Далее. «Хотя Россия Казахстан не завоевывала, а пришла на помощь, ибо казахов вырезали джунгары. И русская армия выгнала джунгаров в Китай – вот там они сидят. Русский царь направил армию, освободил Северный Казахстан», – это твои слова, Жириновский!

Во-первых, не русская армия их выгнала, а казахские воины разбили наголову этих джунгар, которым Россия помогала пушками, дабы заиметь наши территории. И Китай помогал джунгарам. Но как мы видим, ни хрена у Китая и России не вышло! Потому что, Богу было угодно сохранить казахскую нацию на своей исконной земле.

Во-вторых, не русский царь был тогда, а 2 императрицы — Анна Иоановна и Елизавета Петровна (не считая Ивана VI-го, который правил всего год 1740-41 гг.)

Эти две ваши царицы, несмотря на челобитную Абулхаир хана даже пальцем не пошевельнули, а только после смерти великого Абылай хана активно принялись за колонизацию казахских земель. Абылай и есть тот хан, при котором были разгромлены джунгары. И ни в Китае они сидят, а у вас они сидят в Калмыкской автономной республике.

А теперь, назови мне имя русского царя, который освободил Северный Казахстан? Туда джунгары вообще то не успели дойти. Мы их встретили на востоке и в центральном Казахстане перебили как зябликов!

Я сомневаюсь, что Жириновский в курсе, где находится Северный Казахстан. Ему просто нужно найти повод оккупировать эту область. Я прошу Бога, чтобы эти его мерзкие идеи оставались всегда неосуществимыми фантазиями больного человека.

Далее Жириновский заявляет, что «в Казахстане много городов с российскими названиями: Семиречье. Усть-Каменогорск, Артемьевск, Семипалатинск».

Специально для Жириновского хочу сообщить, что в Казахстане нет города под названием Артемьевск! И города «Семиречье» в Казахстане тоже нет!

Что касается Усть-Каменогорска, то он возник следующим образом:

Из википедии: «В мае 1720 года экспедиция майора Ивана Михайловича Лихарева, снаряжённая по именному указу Петра I, направилась к озеру Зайсан. До озера дошли благополучно, но дальнейший путь по Чёрному Иртышу преградил большой джунгарский отряд. Нападения были легко отбиты, однако двигаться дальше не позволил сильно обмелевший Иртыш. Экспедиция повернула назад.

20 августа 1720 года военный отряд Российской армии прибыл к месту слияния рек Иртыш и Ульба, где начались работы по строительству крепости. Этот день принято считать днём основания города Усть-Каменогорска».

Следовательно в 1720 году эта местность было окуппирована, где веками жили казахи. И сейчас слава Богу здравствуют.

Город Семипалатинск. Из википедии: «Семипалатная крепость была основана царским воеводой Василием Чередовым и его отрядом в 1718 году на 18 км ниже по Иртышу от современного положения города в связи с Указом Петра I о защите восточных земель и строительстве Прииртышских укреплений».

Та же история, что и с Усть-каменоргском. Но эти колонии Российской империи канули в лету с приходом Советской власти, и навсегда вернулись Казахстану, с обретением Независимости.

Владимир Вольфович, ведь никто из казахстанских политиков не кричит по поводу казахских названий российских городов как Орынбор — Оренбург, (бывшая столица Казахстана) Омбы — Омск, Төмен — Тюмень, Астрахан, Томбы — Томск, Сарыат — Саратов и др. А зачем? История так распорядилась и все на этом. Кричать, бить кулаками не надо. На дворе ХХІ век. Всем нам хватит место под Солнцем. И так мы гости в этом бренном мире.

Теперь выводы. Даже будучи уроженцем Казахстана Жириновский ничего не знает о Казахстане и об его истории ровным счетом ничего. Минус российскому государству за то, что оно платит заработную плату такому безграмотному работнику. Минус именно тем российским избирателям, которые на протяжении скольких лет отдают свои голоса такому беспринципному лжецу и двоечнику!

Мой тебе бесплатный совет Владимир Вольфович, перед выступлением подготовься капитально, а то ты и свою безграмотность начнешь сваливать на «низкий уровень» казахстанской школы, которая на свою беду тебя все таки выучила и вывела в люди. Насчет того, что ты выбился в люди я не спорю, но то что ты перестал быть человеком, у меня уже нет сомнений.

Ақберен Елгезек , поэт, редактор  интернет – портала «Ұлт»

The post Мой ответ Жириновскому! appeared first on Қазақия газеті.

Үйден үміт үз де, жалға пәтер ізде…
Бұл күнде Елордаға екінің бірі қоныс аударып, жұмыс тауып жатқандай көрінгенімен, көңілден кетпейтін бір кірбің бар. Ол — Астана тұрғындарын баспанамен қамту жайының бір жөнге келер түрінің жоқтығы. Атқарушы билік халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық пәтер беру жүйесін енгізіп, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы да  бұл түйткілді тарқатуға барын салғанымен, Астанаға барған соң үш-төрт жылда үй алу орындалмас арман.  Тіпті, халық үшін баспаналы болу Үкіметтен аспандағы айды әпер деп қиғылық салған ерке баланың қисынсыз әрекетіндей көрініп кетеді. Өйткені, «астаналықтардың 60 пайызы пәтер жалдап тұрады» деген сөз – әбден піскен пікір. Әңгіме осы жалға берілетін баспаналардың өзі оңайлықпен табыла бермейтіндігінен шығып отыр.

Тіршілігі күнделікті жұмыспен біте қайнасып жатқан астаналықтардың жеке баспаналы болуы ортақ мұң болып тұрғанда, жалдап тұруға жайлы пәтер табуы одан өткен бейнет. Біріншіден, көп қабатты үйлерден бір бөлмелі пәтер жалдау қаланың өз ішінде айына 80 мың теңгеден

100 мыңға бір-ақ секіреді. Сондықтан да көбісі коттедждерден жай ғана бөлме жалдауға мәжбүр. Ал оның орташа бағасы қосымша коммуналдық қызмет ақысын қоса есептегенде, 60-70 мың теңгеге барады. Жер үйлердің ауласындағы «времянка» типіндегі құжыралардың өзіне «тәубә» айтып отырғандар  жазда 25 мың, қыста 35 мың теңгеге шығынданады. Салыстыра отырып, сараласаңыз, Астанада үйді жалға берудің өзі кәдімгідей бизнеске айналған. Мұны айтпағанның өзінде арнайы қызмет көрсететін «Астана пәтерлер бюросының» асығы алшысынан түсіп тұр.

Бұл — көбіне Есілдің оң жағалауында орналасқан аудандардағы ахуал.  Ал сол жағалауына қарай өтсеңіз, яғни, «элитный аудандардың» бағасы тіптен шырқап тұр. Тұруға жайлы қоныс іздесеңіз, жарнамалардағы ай сайынғы құны 200 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін пәтерақылардан көз тұнады. Қарап отырып ойлайсың, сонда осыншалықты шығынмен, пәтер жалдап, кімдер тұрып жатыр? Бюджеттік сала қызметкерлері мен өндірістік саладағы компаниялардың жұмысшысы тұрмақ, басшыларының жолай қоюы неғайбыл. Қызметтік үйлерде тұратындардың үйі болса, мемлекет қаржысы сонда қайда жалға төленіп жатыр?..

Жалпы, жалға пәтер іздей жүргенде қалыптасып қалған бір парадокс жағдай таңқалдырады. Ресми емес дерек бойынша, 900 мың тұрғынға жеткен Астанада жалға жайлы пәтер құны өте қымбат. Шамалап айтсақ, осы 900 мыңның 200 мыңы бай-бақуаттылар, 100 мыңы жеке өз баспанасы барлар, тағы бір 50 мыңдайы жақсы жалақыда жұмыс істейтіндер. Қалғаны пәтер іздеген қара халық болуы мүмкін. Осыған қарамастан, ағылып келіп жатқандардың қарасы мол. Көбісінің ойлайтыны- «жұмыс табылса болғаны, сосын қасымдағылармен бірлессем, жеңілдеу тиеді».  Жөн-ақ делік, бірақ, бірін-бірі жіпсіз байлап алған сан түрлі тағдыр бір шаңырақ астында өмір сүруі уақытша қалыппен осылай жалғасып кете бере ме? Бұл бүгін ғана қалыптасып отырған жағдай емес, демек, «Қол жетімді баспана- 2020» бағдарламасынан кейін де «дәстүр жалғастығы» кете береді. ҚР Ұлттық Банкі төрағасы Қ.Келімбетовтің жуырда ғана  2017 жылға қарай елімізде тұрғын үйдің қымбаттайтындығын айтқан мәлімдемесі осындай байлам жасауға мәжбүрлейді.

Жалға пәтер іздеу үш-төрт баласы бар жас отбасылар үшін нағыз азап. Өйткені, пәтер беруші бірінші кезекте міндетті түрде балаларының бар-жоғын, бар болған  күнде, жастары нешеде екендігін сұрайды. Егер жан саны бестен асса, есігінен де қаратпайды. Үпір-шүпір үш-төрт жастағы қара домалақтары барларға да төлемі қымбат баспананы қоныс етуге жол жоқ. Амалсыздан, иесі әдейілеп салып қойған «времянкалардан» орын іздейді. Ал, оның ішкі қабырғаларын қыста қырау басып тұратыны өз алдына, күз бен көктемде сызы сыртына шығып, ауаны ауырлатады. Дәл осындай жағдайда, есін енді біле бастаған балаларын ауру-сырқаудан аман сақтау үшін «шықпа, жаным, шықпалаған» жас шаңырақтың жай-күйін елестетіп көріңіз…

Жанатбек, тауар тасымалдаушы:

— Біздің саяжайда қоныс еткенімізге бес жылдай болып қалды. Тұратын жердің мәз еместігіне қарамай, бұл «Көкталдағы» жер үйлердің бос тұрғанын  таба алмайсыз. Босатып басқа жаққа кеткендердің соңын ала екі-үш адам кіріп үлгереді. Тұрғын үйлермен салыстырсақ, жалдау ақысы арзан. Мәселен, өзім кішкене екі бөлмеге 20 мың теңге төлеймін. Бұл жерде көбінесе балалы отбасылар тұрады. Бізде басында пәтерге тұрмақ болғанбыз, бірақ балаларымыздың барын естісе болды, пәтер иелері алудан бас тартып шыға келеді.

Елорданың жер ерекшелігінің батпақты болып келетіні күз бен көктемде қатты білінеді. Бір қызығы тап осы кезде пәтер бағалары да шырқап шыға келеді.

Думан Елібай, жиһаз жасаушы:

- Үш жылдан бері «Жастар» ауданында 35 мың теңгеге үш бөлмелі үйде жап-жақсы тұрып келе жатыр едік. Иесі аяқ астынан үйді сатып жіберді. Оған сатпай тұра тұрыңыз деуге дәрмен қайда?.. Тұрақты жұмысым болса бір жөн, тапсырыс болса ғана, шаруам алға басады. Жиһаз жасатуға сұраныс та мәз емес. Дәл күз келгенде бұрынғыдай арзанға қолайлы пәтер табуым неғайбыл. Оның үстіне екі балам бар.  Екі апта ішінде «времянка» тауып алсам, соған тәубе дер едім.

«Астаналық бағалаушылар палатасының» директоры Д. Ильчуктің мәліметіне сүйенсек, «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы баспана бағасын тұрақтандыруға толықтай ықпал ете алмайды.

- Мұндай пікір білдіруімнің басты себебі, Алматы мен Астана қаласына елдің өзге өңірлеріне келіп жатқан халықтың көптігімен тікелей байланысты,- дейді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. — Яғни, салынып жатқан үйлерге қарағанда аталған қалаларда тұрақтап қалуды көздеп келіп жатқан нөпір халықтың саны басым. Сондықтан да болар, сұраныстың артуына қарай, бағаның төмен түсуі байқалмайды. Бұл жазылмаған заңдылық болар.

Бұл баспана сатып алуды армандағандарға қаратып айтылған сөз. Халық саны артқан сайын пәтер тапшылығы да арта түседі, қол жетімді пәтер табылса да оның бағасы жалақыңды он орап әкетеді. Амал жоқ, жалға пәтер іздейсің. Ал оның жайы осындай…

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Астана

The post Үйден үміт үз де, жалға пәтер ізде… appeared first on Қазақия газеті.

10 причин, по которым мне необходимо освоить казахский язык
Казахский язык все уверенней завоевывает свое место в сердцах казахстанцев, но еще не в достаточной степени, чтобы сказать, что мы достигли предполагаемых рубежей. Причин, почему, чем за более 20 лет, такие скромные результаты, множество.

Но, как прежде, ссылаться на недостаток учебных пособии, курсов не приходиться. Их предостаточно, качественная сторона  — это уже другое дело. Но, видимо, все упирается все-таки в пресловутый человеческий фактор. Кто счел необходимым изучить, тот это без всякой раскачки уже совершил.  Смотришь по телевизору, не то что свои, русские и нерусские, но даже иностранцы за каких-то 5-6 месяцев овладели казахской речью и даже играют на домбре. Как ни странно, по изучению государственного языка в хвосте плетутся наши, в первую очередь, русскоязычные казахи, не говоря о представителях других этносов. Эти факты говорят о многом: невысока востребованность языка, несмотря на немалые потуги гос и не госорганов, неэффективность госпрограмм по развитию языка, отсутствие долженствующих стимулирующих моментов, а главное – недостаточная идеологическая сплоченность части населения, негативный пример публичных людей – политиков, государственных деятелей, представителей ученого и культурного сообщества, игнорирующих родной язык. Все это подвигает неравнодушных людей акцентированней работать с разными группами населения по приобщению к богатству и сокровищницам казахского языка. С этой целью предлагаю несколько аргументов в пользу изучения и освоения государственного языка:

1. Казахский язык, по данным ООН, входит в 20-ку самых богатых языков мира, не уступая по словарному запасу большинству языков мира, в том числе русскому.

2.  Это один из древнейших языков планеты, своими  корнями уходящий в глубь веков: к тюркам, сакам, гуннам, протоалтайцам и даже шумерам (можно ознакомиться с исследованиями Олжаса Сулейменова в этой области).

3.  Это язык богатейшего фольклора: по жанрам, по видам, по многообразию, по неповторимости.

4.  Неповторимыми моментами являются искусство айтысов – вершина устного песенно- музыкального творчества казахов. Об айтысе сложилось у части населения с подачи невежественных людей превратное представление. Попробуйте за считанные минуты в стихотворной форме ответить на самые разнообразные вопросы). Это искусство – достояние настоящих гениев слова.

5. На этом языке звучат очаровательнейшие песни, способные обогатить каждую, открытую к настоящему искусству, душу.

6.  Его совсем нетрудно освоить. Среди тюркских языков  казахский язык считается найболее приближенный к гунно-тюркскому наречью. Изучив казахский, вы легко освоите и остальные языки тюркской языковой семьи.

7. Казахский язык открывает путь вершинам госслужбы, депутатскому корпусу, телевидению и, наконец, к президентству. По Конституции РК, кто не владеет государственным языком, не может претендовать на должность главного человека страны. Невысокого о себе мнения тот казахстанец, кто не мечтает о президентстве.

8. Знание казахского языка даст вам возможность изнутри узнать культуру, психологию, менталитет народа.  Для того , кто связывает свою судьбу с Казахстаном и казахским народом, это – обязательное дело.

9. Вы обретете сотни новых друзей, а это – новые миры, возможности, перспективы.

10. Наконец, казахский язык – государственный язык. Жить в государстве и не знать, не научиться говорить на этом языке – непростительная ошибка. Но исправить данный недостаток совсем не трудно. Это Вам не китайская грамота и не арабская вяжущая премудрость.

Аргументов освоить государственный язык и еще больше зауважать себя за трудолюбие и целеустремленность, думаю, предостаточно. Так что, пожелаю Вам в этом благородном деле паровоза  желании, цистерны  трудолюбия и усидчивости и накатанные рельсы, несущие Вас к заветной цели – покорению океана казахской речи!

Жексенгали АТАШАЛ

The post 10 причин, по которым мне необходимо освоить казахский язык appeared first on Қазақия газеті.

Тілге жанашырлық – елге жанашырлық
Біздің елдің өзгеге ұқсамайтын бір ерекше проблемасы бар. Ол – өз жерінде өгейлік көрген ана тіліміз. Елімізде  «Тілдер туралы» деп аталатын заң бар. Өзге тілдерін қайдам, әйтеуір қазақ тіліне сол заңнан қайыр болмай-ақ қойды. Кезінде жат жұртта жүріп, ана тілден айырылудан қорқып, тарихи Отанға оралып едік.

Түрлі мәдениет үлгілерімен ежелден етене таныс Қазақстан бүгінде өзінің төл мемлекеттік тілінің ахуалына қатты алаңдаулы. Оның негізі де бар. Дегенмен, кейде тым атойлап, әсіре белсенділікке басқанымызбен онымыз сөз жүзінде ғана қалып қойып, нақты істің қолға алынбайтын тұстары кездесіп жатқандай көрінеді. Соңғы кезде, тіпті, тіл дегенде тым артық кетіп, кейбір игі бастамаларды, мемлекеттің ұстанған дұрыс саясатының өзін жоққа шығаруға тырысып, орынсыз қарсыласатын болып алдық. Мұнымыз енді тым артық кету деп ойлаймын. Мысалы, билік тарапынан көтерілген «үш тұғырлы тіл» деген саясатына өз басым түсіністікпен қарап, қолдаймын.

Бұл менің «маргиналдығымнан» немесе «мәңгүрттігімнен» емес, таза ұлтжанды патриоттығымнан шығар десем артық айтқандық болмас. Ол үшін өзімнің қазақ тілді екендігімді дәлелдеп жатудың мүлде қажеті жоқ. Бәріміз де ана тіліміздің  — жанашырымыз, оның жоғын түгендеуші, кемтігін бүтіндеуші мәдениет саласының мамандарымыз. Қазақ тілінің кең арнада қанат жайып, қоғам өмірінің барлық саласында қолданылуына әр қазақ мүдделі екендігі еш күмән тудырмаса керек.

Олай болса, ана тіліміздің дамуына үлес қосатын, оны әлемдік сахнаға шығаратын кез келген қадамдарды қолдауымыз керек. Ол үшін ең алдымен, әр мінберден тіл үшін айғай мен ойбайға басу, жоқтау айтып, жылап-еңірегендей байбалам салу жеткіліксіз. Керісінше, мейлінше оған прагматикалық тұрғыдан қарап, сөзден гөрі іске көшуге ұмтылғанымыз абзал.

Рас, біздің заң шығарушы органдар қазақ тіліне толық көшкен жоқ. Ресми билік, Парламент қазақша сәлемдесуден ары аспайды. Солай екен деп айғайлаудан не түседі? Ал нақты іске көшу үшін қандай тетікті қолданамыз? Осы сауалдарға жауап бермес бұрын, бір мысалды тілге тиек ете кеткен дұрыс болар. Біз қазір зиялы қауымның өзін қазақтілді, орыстілді деп бейресми түрде болса да екіге бөліп алатынды шығардық. Ал ана тілі мәселесіне келгенде, ең алдымен таяқтың ұшы биліктегі тұлғаларға келіп тиетіні шындық. Бар пәлені орыстілді қандастарымызға жауып, соларды кінәлауға әрдайым даяр тұратынымыз тағы бар.

Олай болса, мен Қазақстан үкіметін бірнеше шет тіліне қамшы салдырмайтын полиглот Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған кезде қазақ тілін бизнес саласындағыларға, тауар өндірушілерге еш айғай-шусыз-ақ тырп еткізбей мойындатқанын ерекше атап айтқым келеді. Оған тіпті, көрші елдердің кәсіпкерлері де еріксіз мойынсұнып, көнуге мәжбүр болды.

Қаулының құдіреттілігі соншалық, барлық жерде еш ың-шыңсыз орындалды. Бұл қалай деп қарсыласуға да ешкімнің қауқары жетпеді. Көрші Қытайдан, Ресейден келетін тауарлардың барлығы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мәтінмен тарай бастады. Макарон, сүт өнімдерінен басталған қазақша мәтіндер кейін тұрмыстық ірі құрал-жабдықтар, электр құрылғылардың кітапшасына, дәрі-дәрмек атаулының бәрінің парақшасында жазылып, бүгінде жарнаманың жаппай ана тілімізде сайрап тұрғанына куә болып отырмыз.

Міне, ана тілінің шын жанашыры, нағыз отаншыл тұлға осылай ісімен көрінсе керек. Бүгінге дейін Қ.Тоқаевтың осы игілікті ісі үшін кеуде соғып, ұрандатқанын көрген жоқпыз. Бірақ, жасаған ісі мен нақты қадамы өзінің өміршеңдігін әлдеқашан дәлелдеп отыр.

Сол сияқты Астана қалалық Тіл басқармасының басшысы, белгілі ғалым Ербол Тілештің қажырлы еңбегінің арқасында бүгінгі күні Елорда көшелері қазақша жазылып, қоғамдық көліктерде аялдамалар тек ана тілімізде құлақтандырылатын болды. Осы әрекеті үшін Ербол бауырымыз тікелей «халық жауы» аталмаса да біраз сөз естіп, елеулі қарсылыққа ұшырағанын біреу білсе, біреу білмейді. Сонда да қайсар жігіт алған бетінен қайтпай ұлттық мүдде үшін «өліспей беріспейтін» қажырлылықпен күресіп келе жатқан жайы бар.

Асылы, шынайы іскер тұлғалар қоғам алдындағы перзенттік парызын осылай үнсіз ғана атқарып, жүре беретін болса керек. Әрбіріміз осылай үнсіз жүріп, нақты іс тындыруды қолға алсақ, бүгінде қазақ тілі өз елінде өгейсімеген болар еді. Мұны бір делік. Ал екінші мәселеге келсек, бізде соңғы кезде тілді тілге қарсы қою әрекеттері қылаң беріп жүр. Мысалы, мен жоғарыда айтқан «үш тұғырлы тіл» деген мәселеге қайта оралайық. Қазақстан азаматтары үш тілді қатар меңгергеннен еш нәрседен ұтылмайды, әлем көшінің соңында қалмайды.

Тіл мен тіл, мәдениет пен мәдениет ешқашан бір-бірімен жауласпаса керек. Керісінше, бірін-бірі дамытып, толықтырып, байыта түседі. Бүгінде әр қазақ кем дегенде екі тілде сөйлейді. Осыған дейін де орыс тілін игергеннен еш қазақ жамандық көрген жоқ. Иә, өзгенің тілін біз меңгергеннен, біздің тілді өзгелер білгеннен ешқайсымыз ұтылмаймыз. Керісінше, рухани байып, толыса түсеріміз анық.

Тәуелсіздікке дейін біз әлем мәдениетінен орыс тілі арқылы нәр алдық. Дербес ел болып, әлемге танылған кезімізден бастап, сыртқы қарым-қатынасымыздың ауқымы кеңейді. Мұхит асып, сауда-саттық жасауға, ғылым-білім игеруге мол мүмкіндік туды.

Мұндайда біз қаласақ та, қаламасақ та шет тілдерін оқып үйренуімізге тура келеді. Бұрын ата-аналарымыз бізге «орыс тілін білмесең – оңбайсың!» деген болса, енді біз балаларымызға «ағылшын тілін білмесең – алға баспайсың!» деуге мәжбүрміз. Бұл енді өмірдің өзінен туындап отырған шындық!

Ал, біз шындықты ешқашан айналып өте алмаймыз.

Сондықтан да «үш тұғырлы тіл» дегенді неше жерден жек көруден еш пайда жоқ. Технология жетіліп, еліміз алға дамыған сайын оған мойынсұнбай тұра алмаймыз. Себебі ағылшын тіліне деген қажеттілік пен сұраныс әрдайым арта түсетіндіктен, басқа амалымыз да жоқ. Яғни, ағылшын, орыс тілдерімен қатар ана тіліміз де елдегі барша жұртқа ортақ міндет етіліп, жаппай игерілсін дегенді «үш тұғыр-лы тіл» саясатының өзі меңзеп тұр ғой.

Демек, үш тілді де меңгеру талап етілетіндіктен, қазақша білмейтіндер ана тілімізді игеруге мәжбүр болады деген сөз. Алайда, тіл үйретудегі қазіргі тәсілді өзгерту қажет болады. Себебі шет тілін үйренуді қазақ тілі арқылы ғана жүзеге асырмасақ, өз асылымызды жоғалтып тынарымыз кәдік. Алдымен қазақ тілін жетік меңгеріп барып, шет тілдерін өз ана тілі арқылы үйренсе.

Сөз соңында айта кетер бір жайт, тілдің мәртебесін көтеру үшін жаңа жылдан бастап, ЖОО-на арналып бөлінетін мемлекеттік білім грантын тек қана қазақ топтарында оқитын жастарға берілетін үрдісті қалыптастырсақ. Бұл жерде өзге диаспора өкілдерінің құқығын бұзудан аулақпыз. Егер олар мемлекеттік грант бойынша жоғары білім алғылары келсе, қазақ топтарында оқысын. Кейін мемлекеттік қызметке барам десе, оған да даңғыл жол ашылады.

Ал орыс топтары да жабылып қалмайды. Оны жаппай ақы төлеп оқитын топқа айналдырып, орысша білім алам дегендерге де қолайлы жағдай жасап қоярмыз. Бастысы, мемлекеттік тілді өз тұғырына қою үшін дәл осындай нақты шаралар жүзеге асырылуы қажет деп білеміз.

Осындай келелі міндеттерді өмірде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы

Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік мекемесі сақталып қалғаны абзал болды. Егер мен қолымда құзіретім бар адам болсам, осы  ведомствоны тікелей ел Президентіне бағынатын дербес агенттік етер едім. Жарайды, әзірше оның сақталып қалғанына шүкір дейміз. Енді, осы комитетті басқаратын азамат тіл мен ділді бойына сіңірген, ұлттық мүддеге барынша адал, танымал қазақы тұлға болса, қоғам тарапынан зор қолдау табар еді. Себебі, тілге жанашырлық – елге жанашырлық!

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,ҚР мәдениет қайраткері

The post Тілге жанашырлық – елге жанашырлық appeared first on Қазақия газеті.

Елім-өзімдікі, заңым-өзгенікі…
Байқоңырдағы ресейліктер жыл сайынғы желтоқсан айының  12-інде Конституция мұраттарына адалдықтарын танытуға ұйымшылдықпен қатысады. КСРО құлаған соң, жаңаша жазылған басты құжаттың қолданыла бастағанына ширек ғасыр. Көршіміздегі Негізгі Заңының қай кезде қабылданғанын өз отандастарымыз да жатқа біледі. Оған себеп бұл мерекенің жұлдызды қалашықтың жалпы тұрғындары мен жергілікті өңірдегі сала мамандары арасында кеңінен аталып өтілуі дер едік. Сол күні ресейлік бағыныстағы барлық мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері мен мектеп оқушыларына арнайы демалыс беріліп, мәдени-спорттық бағдарламалар өткізу дәстүрі бар. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінетіндігін айтпағанда, кәсіпкерлер қауымы да (бизнес саласының 80 пайызы өз бауырларымыз) қолдарынан келетін қолдауын аянып қалған емес.

Ғарыш кешеніндегі атқарушы билік құрылымдары мен әскерилер құрамалар өз қызметтерін жүргізу барысында тек Ресей заңдарын басшылыққа алады. Сондықтан шығар, жалдық сипаттағы бұл аймақта еліміздің заңнамалары айрықша мәнге ие емес.  Жалға берілген уақыттың аралығында осындай біржақты ұстаным орнауының кесірінен болар қандастарымыз ел Конституциясы қабылданған тамыз айының  30-ын ұмыта бастаған сыңайлы. Өйткені бүкіл халықтық референдум арқылы бекітілген қазіргі Ата Заңымызды ұлықтайтындай кең көлемдегі іс-шаралар атқарылмайды.

Соңғы жылдары қала әкімшілігі екі мемлекет арасындағы Келісім мен Шарттың баптарына сүйеніп, осы бағыттағы олқылықтардың орнын толтырмақ ниетпен қаулы қабылдады. Бірақ бұл құжат басшыларға ұсыныс берумен шектелетіндіктен ауқымды жұмыстарды толық атқарудың (ресейлік мекемелердегі қазақстандықтардың бәріне бірдей мерекелік демалыс беру) тиімді тетігіне айнала алмады. Сондықтан кейбір кәсіпорындардың еңбеккерлері биыл да еліміздің Конституциясы күніне орай берілген заңды демалыс кезінде ресейлік заңнамаларға сәйкес жұмыс істеуге мәжбүр болмақ. Жылда қайталанатын осы азаматтық құқықтардың шектелуіне байланысты мұңын да кімге айтарын білмей жүргендер баршылық. Егер біздің басшылар біліктілік танытып, екі елдің заңдарымен еншілес өмір сүретін байқоңырлықтар үшін Қазақстанның мемлекеттік мерекелерін де айтарлықтай етіп өткізуге жұмылайық десе, кім қарсы шығар дейсің? Олай болса, орын алған олқылықты өзіміздің орашолақтығымыздан іздеу керек шығар.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасында 1994 жылы желтоқсан айының 10-ында қол қо-йылған Байқоңыр ғарыш кешенін жалдық сипатта бірігіп пайдалану жөніндегі Шарттың 6-бабында: — …Конкретные вопросы взаимодействия правоохранительных органов Сторон при применении их законодательства определяются отдельным соглашением. Конституционные права граждан Республики Казахстан обеспечиваются ее компетентными органами (суд, прокуратура), расположенными в г. Ленинске (Елбасының жарлығына сәйкес 1995 жылдан кейін бұл қала Байқоңыр атауымен қайта өзгертілгенін ескертеміз – Ш.С), в соответствии с законодательством Республики Казахстан, — деп жазылған.

Осы екі жақты уағдаластықтарды реттейтін келісім құжаттың 10-бабында: — Вопросы юрисдикции Республики Казахстан над комплексом «Байконур». За гражданами Российской Федерации и Республики Казахстан, проживающими на комплексе «Байконур», сохраняются их конституционные права. Контроль за соблюдением юрисдикции Республики Казахстан на комплексе «Байконур» в условиях его аренды и конституционных прав граждан Республики Казахстан осуществляет специальный представитель Президента Республики Казахстан на космодроме «Байконур», – деп нақтыланады.

Жергілікті ресейлік басшылардың барлық бағыттар бойынша белсенділіктері жоғары, бастаған істерін ілгері індетуге бейім. Қандай да бір қарымды қарекеттерімен қарапайым тұрғындардың көңілінен шығуды ойлайтыны тағы бар. Жырақта жүрсе де, Ата Заңдарының қала мен айлақ аумағында мүлтіксіз орындалуына мүдделі болғандықтан, барша байқоңырлықтар мен сырттан келген қонақтардан Ресей Федерациясы заңнамаларын құрметтеуге қоятын талаптары да қатаң.

Өз отанында жүріп, Ата Заңын құрметтеуге 19 жыл бойы қолы жетпеген байқоңырдағы қарапайым қандастарымыз Конституциясы мен осы негізгі құжатта көрсетілген құндылықтарын құрметтейтін ресейліктердің ұлтжандылық ұстанымына қызыға да қызғана қараудан басқа жолы жоқ.

Себебі, қазақстандық бауырларымыз тәуелсіз мемлекеттің азаматы екендігін жеке куәлік пен төлқұжатын пайдалану арқылы жалпыхалықтық референдум мен түрлі деңгейдегі сайлауларға қатысу арқылы дауыс беру сәтінде немесе отандық құқық қорғау құрылымдарына шағымданып, тиесілі әлеуметтік қолдау көмектерін иелену барысында сезіне алады әзірге.

Шырақ САБЫРБАЙ, Астана қаласы

The post Елім-өзімдікі, заңым-өзгенікі… appeared first on Қазақия газеті.