
2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу бойынша 1 млрд. теңгеден астам қаржыға байланысты заң бұзушылықтар орын алған деп мәлімдейді Қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаев.
Заң бұзушылыққа жол бергендерге қатысты 128 тәртіптік жаза қолданылған. 36 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы ауқымы 244 млн. теңге болатын 35 келісім-шарт бұзылған.































Жауап беру