
Нью-Йорк қор биржасында АҚШ-тың Техас штатында өндірілген мұнайдың WTI сортының желтоқсан айына белгіленген бағасы соңғы үш жылда болмаған деңгейге түсті. Сауда-саттықтың соңғы сәтінде мұнай бағасы 77 доллар 19 центті болды, деп хабарлайды Қазақия Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып.
«Сарапшылар мұнай бағасының төмендеуін Сауд Арабиясының АҚШ-қа экспорттайтын мұнай бағасын арзандатуымен байланыстырады»- делінген жазбада.
Мамандар Сауд Арабиясы мұнай бағасын құны қымбат тақтатастан мұнай өндіру көлемін күрт арттырған америкалық өндірушілерге қысым көрсету және АҚШ нарығында өзін Канада, Венесуэла, Мексика сияқты мұнай экспорттаушы елдердің бәсекесінен қорғау үшін арзандатып отыр дейді.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, мұнай бағасының арзандауы жалпы алғанда әлем экономикасына оң ықпал етіп, инвестиция мен тұтыну шығындарының өсіміне жағдай жасайды. Бірақ, мұнай бағасының арзандауы экономикасы мұнайға тәуелді елдерге кері әсер етуі мүмкін.



















1 пікір
05.11.2014 - 13:31
Құрметті бауыр, отандас қазақ, мен тағы да сөзімді саған арнаймын!
Мен біздің тәуелсіздігімізді шексіз мақтан етемін!
Менің айтарым: серпіл, көзіңді аш, өткен отаршылдық дәуірден бері жаның мен тәніңе жабысқан бөгде қасиеттердің бәрінен арыл, нағыз қазақ бол! Біз бүгін ұлы бабалар өсиет еткен бірлікке жеттік.
Бүгін қазақтар өзінің егеменді, тәуелсіз Қазақстанында бір дастарханның айналасына жиналды. Біздің ата – бабаларымыздың тілегі орындалды!
Бүгін бізді бір дастархан басына жинаған – туған тіл, мінез – құлық, кескін – келбет, салт пен дәстүр, қайталанбайтын табиғат.
Қазақ жерінің ерке желі қазақша соғып тұр, ол жанымызға жайлы еседі…
Көкті тіреген асқар шың да қазақша асқақтап, қазақтардың туған тілінде оның кең даласы, жалпақ құмы да сөйлеп жатқандай, көкірегімізге көктем нұрын құяды. Буырқанған қазақ өзендері біздің тағдырымызды бойлай ағып, тұңғиық теңіз біздің өмірімізді мәңгілік шабытқа бөлеп жатыр…
Біздің бабаларымыздың мұрдесі қазақ топырағына игілік дәні боп түскен. Бұл жерге тамған әр тамшы тер біздің дастарханымызға құт болып оралады…
Осы жерді сүю арқылы біз қазақ ұлтына айналдық…
Егер де қазақ өз жеріне деген шексіз махаббаттан басталса, қазақ халқы бірігуден басталады. Біздің бірегей ұлтымыз қайта түледі, тек бекем, берік, тұтам ұлт қана біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қадірлі иесі бола алады.
Бүгін біз қазақтардың бүкіл тарихы – олардың Ұлттық мемлекетке ие болуының тарихы деп батыл айта аламыз, ол ұлт кемелдігінің айғағы және болашақ бекемдігінің кепілі. Қазақ халқы – біріккен, бекем, бөлінбейтін тұтас организм!