Сіз мындасыз:

Әділдік толық жеңіске жетуге жақын…
Әділдік толық жеңіске жетуге жақын…

Республикалық «Қазақия» газеті өзінің биылғы 29 санында «Түркістан полициясының Тергеу комитетіне «түкіргені бар» деген мақала жариялаған болатын. Онда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұздақбаевтың соңғы үш жылда сот шешімімен 11 (!) рет өз қызметіне қайтып орналасқаны жайлы сөз болған еді. Сот инстанциясының барлық сатысынан өткен бұл іс сонымен «хэппи энд» болып аяқталғандай-тұғын. Тек тарқатылмай тұрған соңғы түйін – Б.Мұздақбаевтың аталмыш мектептің бұрынғы директоры А.Асановтың, мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы  Б.Дағмырзаеваның үстінен ҚР ҚК 148-бабы бойынша жазған арызы «істе қылмыстық құрам табылмады» деген сылтаумен қайта-қайта қысқартылып жатқандығы болатын.

Б.Дағмырзаева және тағы басқалар «ұялған тек тұрмайды» немесе «суға кеткен тал қармайды» дегеннің керін келтіріп, Б.Мұздақбаевтың үстінен ҚК-тің 129, 130-баптары бойынша «абыройымызға нұқсан келтірді, жала жапты» деп арыз берген де еді. Өз кезегінде дәл осы баппен, ол да қарсы арыз түсірген екен. «Кім райынан бұрын қайтса, соған Алланың рахымы жауады» деген қағиданы еске түсірсе керек, Б.Мұздақбаев өзінің арызын қайтып алады. Осыған байланысты бұл қылмыстық істің бұрынғы отырысын да, соңғысын да өзі жүргізген Түркістан қалалық сотының төрағасы Е.Мыңжанов екі жақты бейбіт келісімге келтіріп, істің әдемі шешімін тауыпты. Сол отырыстың артынша тағы да өзі қараған, жоғарыда аталған екі мұғалиманың «ар-намысымызға тиді» деген арыз-шағымы сот төрағасы тарапынан қолдау таппайды.

Енді істің екінші жағына келейік. ҚР ҚК-нің 148-1-бабы бойынша еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін қозғалған, жоғарыда аталған қылмыстық іске қатысты, ҚР ІІМ Тергеу комитетінің нұсқауының орныдалмауына байланысты қызметтік тергеу жүргізілген болатын. Сол тергеу қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің 2014 жылғы 13-қыркүйектегі бұйрығымен «тергеудің жан-жақтылығы мен толықтығын қамтамасыз етпегені, қабылданған шешімнің прокуратура тарапынан екі рет бұзылуына жол бергені үшін Түркістан қалалық ІІБ тергеушісі А.Джакупов, тергеу бөлімінің бастығы Қ.Оспанов, басқарма бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары А.Абдурасилов «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасымен жазаланды».

Енді не болады? Облыстық ІІД тергеу толық аяқталғаннан кейін істі әдеттеггідей, бұл жолы облыстық прокуратураға жібереді. Прокуратура келіссе, іс сотқа өткізіледі. «Түркістандық эпопея» аяқталуға жақын…

… Бірде Конфуцийден: — Жамандыққа  жақсылықпен  жауап  берген  дұрыс  па? —  деп  сұрапты шәкірттері.

— Не  үшін?  Жамандыққа  әділет  жолымен  жауап  қайтар. Жақсылыққа  жақсылық жаса.

Ия, данышпан дұрыс айтқан — адам тағдырын ойыншық етіп, «қолымнан келіп тұрғанда, қонышымнан басамын» дейтіндер әділ жазасын алса болғаны. Сонда ең болмаса бір аудандағы бір істе әділдік толық салтанат құрады. Ол өз кезегінде басқа істердің солай бітуіне әсерін тигізеді. Тигізбей тұра алмайды. Сөйтіп-сөйтіп бір ауданда, бір облыста, тұтас бір мемлекетте адам құқығы аяққа басылмайтын, заң шыбықша, қалай бұрсаң солай иіліп кете бермейтін болады,  таза, шынайы, адалдықпен өмір сүруге қол жеткіземіз. Адамзаттың арманы да осы емес пе?

Өмірзақ АҚЖІГІТ

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Декабрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Жоғарыға