Сіз мындасыз:

Қазақ баспасөзін насихаттаушы Мейрамгүлдің басындағы қиыншылықтар 
Қазақ баспасөзін насихаттаушы Мейрамгүлдің басындағы қиыншылықтар 

Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мейрамгүл Рахымбаева өз кәсібін жүргізу жолында түрлі кедергілер мен үркітулер көрсе де алған бетінен қайтпай келеді. Себебі, оның алға қойған басты мақсаты – баю емес, қазақ баспасөзін насихаттау, оның беделін асқақтату.

Қазақ газетінің жанашыры

Бүгінгі таңда елімізде кім көп, жеке кәсіпкер көп. Олардың басты бағыты не, ашығын айтқанда – баю. Олардың ішінде халық, ел мүддесі үшін қызмет ететіндері некен-саяқ. Кәсіпкерлердің бәрін «ба-ай», деп ауыз толтырып айтуға келмес. Десе де, олардың әлеуметтік жағдайлары тіптен нашар деп айта алмаймыз.

Ал, сіз өміріңізде «үйі жоқ кәсіпкер» бар дегенді естіп көріп пе едіңіз. Мейлі, «кәсібін бастамас бұрын үйі де, күйі де жоқ болатын» дегендей әңгімелер жиі айтылады. Мәселе осы «жоқ болатын» да болып тұрған жоқ па? Бастаған кәсібін бір-екі жыл айналдырған соң, одан келер кіріс болмаса қолды бір сілтеп басқа жолды таңдап кетіп жүргендер көп. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мейрамгүл Рахымбаева өз кәсібін жүргізу жолында түрлі кедергілер мен үркітулер көрсе де алған бетінен қайтпай келеді. Себебі, оның алға қойған басты мақсаты – баю емес, қазақ баспасөзін насихаттау, оның беделін асқақтату.

Мен Мейрамгүл апаймен «Қазақ» газетін іздеп жүріп, кездейсоқ таныстым. Осы газетті іздеймін деп Астана қаласының әр дүңгіршегін аралап, табанымды тауысқан болатынмын. «Артем» базарының алдындағы «Алты Алаш» дүңгіршегіне күнара басымды сұғамын. Сатушы қыз «Қазақ» газеті келмей жатыр деп айтудан жалықпады. Осылайша төрт апта уақыт өтіп кетті, ал, «Қазақ» газетінің бұл уақытта екі саны шығып үлгерген болатын. Бір күні аталмыш басылымды сұрап, дүңгіршекке тағы бардым. Күнделікті сатып тұратын қыз емес, Мейрамгүл апай тұр. Біздің таныстығымыз осылайша басталды. Менің бір таң қалғаным, ол кісінің әр қазақ басылымының не жазатынын, бас редакторы кім екеніне дейін тануы болды. «Қазақ үні» дейсіз бе, «Қазақия» дейсіз бе, «Түркістан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеті дейсіз бе, әйтеуір бір 5 минуттың ішінде біраз газет туралы мәлімет беріп өтті. Ал, алдындағы сатушы қыздың алушыны дәл осылай баурап алып тұрғанын қанша келсем де байқамаппын.

Сөйлесе келе, мен Мейрамгүл апайдың Астана қаласында «Алты Алаш» атты қазақ баспасөзін сатуға арналған екі дүңгіршегі бар екенін білдім. Басында 4 дүңгіршекті бірден ашпақшы болған. Бірақ, түрлі кедергілердің зияны тиіп, 2 дүңгіршекті ғана ашуға мүмкіндік алыпты. Өзі Астанаға 2004 жылы келген. Келе сала, осы кәсіпті қолға алған. Одан бері де 10 жыл өтіпті. Алайда, қазақ баспасөзінің жанашыры осы кәсіптің арқасында жағдайын түзетіп алмақ түгілі, әлі пәтер жалдап тұрады екен. Жолдасы денсаулығынан айырылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына енген. Бір дүңгіршекті өзі басқарса, екіншісін қызы басқарады. Бір ұлы үйленген, келіні, немересі бар. Басында баспанасы жоқ кәсіпкер апайдың кәсібіне миығынан күлетіндер де бар көрінеді. Қазақ баспасөзінің бар тауқыметін арқалап жүргені үшін оны кінәлайтындар көптеп табылған, аяғынан талай мәрте шалған да…

 

Қайсар қызға қастандық 

Бір сүйсінерлігі, қазақтың қайсар қызы алған бетінен қайтпаған. Алдына мол пайда табуды мақсат етпей, қазақ баспасөзін танытуды, оны дамытуды ғана ойлаған. Басқа кәсіп көзін ашуды мүлдем ойламаған, қаламайды да. «Баспасөзі күшті халықтың өзі де күшті» деген қағиданы ұстанып, қазақ халқына адал қызмет етуді ғана көздеген және өз отбасын да осы кәсіпке жұмылдырып отырған көрінеді. Әйтпесе, қазақ газеттерін сатып, байып кетіпті дегенді естімек түгілі, елестетудің өзі қиын емес пе?

Алайда, Мейрамгүл апайдың басындағы бар қиын мәселесі – баспана мәселесі ғана емес. Ол «Алты Алаш» дүңгіршегін ашу арқылы белгісіз біреулердің шамына тиіп алған секілді. Қос дүңгіршекті ашпай тұрып-ақ, қазақ газеттерін көшеде жүріп сатқан кездері болыпты. Сол кездердің өзінде-ақ, оған кездейсоқ, ешбір қатысы жоқтай түрлі зиянды әрекеттер жасала бастаған. Мәселен, бір кездері кілем сататын базарда кішкене ғана стөл қойып, соның үстіне қазақ газеттерін жайып, сатқан. Бір күні орнына келсе әшейінде тік қылып жиналып тұратын кілемдерді оралған күйінде керісінше жинап қойыпты. Ондай күйде біреудің қолы тиіп кетсе де кілемдердің сусып түсіп, құлап кету қаупі бар екені анық. Мейрамгүл Кемежанқызы сол кілемдердің тұсында газет сатып тұрған жерінде жиюлы кілемдердің бәрі оның үстіне құлап, астында қалған. Ауыр кілемдердің астынан оны әрең дегенде суырып алып, талып жатқан жерінен ауруханаға жеткізген. Бірақ, бұл — қазақтың батыр қызының басынан өткен бірінші оқиғасы ғана болса керек. Қос дүңгіршекті ашқан соң «техникалық талапты дұрыс орындамады», деген сылтаумен жарықтың ақшасын уақытылы төлеп тұрса да қиып тастайды. Бұл мәселені кезінде «Қазақстан-Zaman» газеті де көтерген екен. Осылайша, оған қақаған қыстың аязында да «Алты Алаштың» намысын қорғауға тура келген. Ал, былтырғы жылы Астананың Оңтүстік-Шығыс ауданына қарасты Абылай хан көшесіндегі дүңгіршегін түн ортасында белгісіз біреулер көлікпен аяусыз соғып, майыстырып, сындырып кеткен. Бұл сұраққа милиция қызметкерлері: «түнде орын алған жол көлік оқиғасының  кесірінен болды», — деп жауап берген. Кінәлі адамдарды тауып, қазақ газеттерін сататын дүңгіршекті қалпына да келтіріп бермеген және материалды шығын да төленбеген. Дүңгіршекті Мейрамгүл апай өз қаржысына жөндеуге мәжбүр болған.

Тағы бір сорақысы, сатушы қылып алған қыздарына неше түрлі адамдар кеп, ақша беріп, қазақ газеттерін сатылымға шығартқызбай қояды екен. Мен 1 ай бойы іздеген «Қазақ» газеті де сондай әрекеттің құрбаны болып кеткен болар, сірә! Ал, бұл газеттің бас редакторы, жазушы Қоғабай Сәрсекеев ата газетті іздеген оқырмандарға не деп жауап берерін білмей дал. Мүмкін, бұл шынымен де «КазПочта» АҚ қыз-
метінің кінәсі емес шығар. Әйтеуір, бір жұмбақ құбылыс, бұл.

 

Иманғалиға жетсе ғой, шіркін!

Бүгінгі таңда Мейрамгүл Кемежанқызына құқық қорғау органдары «дүңгіршектерде заңсыз отырсың», деп кінә тағуда. Ал, тиісті орындарда тіркелген құжаттар зым-зиян жоғалып кеткен. Ол құжаттар қайда, қазақ газетінің жанашырының бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бұл істен хабардар болса, әділдік орнар еді. «Мен ол кісіге кірмек түгілі, маңайына да жолай алмай отырмын», — дейді Мейрамгүл апай ашынып.

Шынымен де, Мейрамгүл Кемежанқызы заңсыз сауда жасап жүрсе, мемлекет оны бір орында 10 жыл бойы отырғызып қояр ма еді. Сонда апайдың соңына түсіп жүргендер кім, оған не деп кінә артпақ? Сатушы боп жұмысқа орналасқан қыздарды дегеніне көндіріп әкетіп жүрген адамдар кімдер? Олар неге «НұрОтан» партиясының адамдарымыз деп қазақ газеттерін сататын қыздарды өз айдауларына көндіріп әкетеді? Олар шынымен де «Нұротандықтар» ма, әлде сол партияның атын жамылып жүрген қазақтың жаулары ма? Жалпы, олардың көксегені не, әлде «Елбасының өзі қазақ газеттерінің сатылымға шығуына қарсы» деп жасырын, құйтырқы жолмен халықты Елбасына қарсы қоймақ па? Онсыз да Президентті жер-жебіріне жетіп жамандап бітті емес пе оппозициялық газеттер. Ал, енді содан не шықты? Халық ақ пен қараны айыра алмайтындай халге жетті. Бұл дегеніміз, қазақтың өз-өзімен арпалысуы емес пе? Біз сонда сырттан келген жауды қалай жеңеміз. Жеңіске тек бірлігі мығым елдер ғана жете алатыны тарихтан аян.  Ал, бізді өз ішіміздегі жегі құрттар жеп барады. Әйтпесе, бұл не сұмдық? Қарапайым ғана қазақ әйелін сонша шырылдатып. Оның үстіне жүрегі «қазағым» деп соғып тұрса. Бізге одан артық не керек. Кезінде елімізді Д.Қонаев
билеп тұрған тұста мемлекет басшысы екеніне қарамастан ол кісіге де тас аттық. Қазақ мектептерін жауып жатыр, ол қазақ тілінің жауы, қазақтың жауы деп түсіндік. Ол қазақ мектептерін жабуға қалай қарсы шықсын, ол тұста біздің тәуелсіздігіміз де жоқ болатын. Қарсы шықсақ Ресей мемлекеті бізді жаншып тастамас па еді, сол кезде-ақ. Ол кісіні тағы «Қаныш Сатпаевты көре алмайды, күндеді», деп кінәлағандар да табылды. Ал, одан не шықты, тарихтың өзі ақтап алған жоқ па Қонаевты. Бүгінгі таңда да сол қателікті қайта жасап жүрміз. «Еуразиялық одаққа кіруге қол қойды», деп Президентті тағы кінәлап жатырмыз. Ол одаққа кірмей қоюға қалайша көне аламыз.

Биліктегі аға-апалар, айналайын, қазақтың жанашырлары! Қалайда қазақ газеттерін сататын қос дүңгіршектің иелеріне көмек берейік, оларға қоғамдық жылу керек. Әйтпесе, қазақ газеттерін оқырмандар қалай тауып оқиды. Олардың жазылу бағасын әркімнің де қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне мемлекеттік қызметкерлерді мекеме басшылары газетке еркінен тыс жаздыратыны бәрімізге аян. Ал, нағыз оқырмандар газеттің жаңа санын асыға күтіп, дүңгіршіктерге қарай тұра жүгіретіндер.

Бұл істі алып жүру бір Мейрамгүл Рахымбаеваның өзіне аса қиын тиері сөзсіз. Алайда, бұл іске Астана қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы және ҚР Парламенті депутаттары шындап кіріссе, бұл түйткілдің шешімі оп-оңай-ақ шешіліп кетері даусыз. Өйткені, бұл – бір Мейрамгүлдің ғана емес, бүкіл ҚАЗАҚ халқының басына төніп тұрған қасірет болуы мүмкін. Ол қасіретпен бірлесіп күреспесек болмайтыны әбден анық.

Гүлсара БАЙДАНОВА

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

3 пікір
 

  • Алмагул

    22.08.2014 - 23:22 Ответить

    керемет, керемет жазылған. Бейтаныс журанлист Г.Байданованың мақалаларын оқып тұрамын, бірақ мына қазақ баспасөзі туралысын оқымапын. Суретін де қойса болар еді, сыртынан болса да танып отырайық

  • Күміс

    23.08.2014 - 21:37 Ответить

    Қызық мақаладағы Мейрамгүл тәтеге кім көмектесер екен енді? Ол Иманғали Тасмағамбетовке үміт артып отыр, ал Әкім не депті бұл мақаланы оқыса. мына журналист енді неге аяғына дейін жеткізбейді бұл мақаланы. Назима деген дұрыс айтады, әрнәрсені аяғына дейін жеткізу керек, газет сонысымен қызық болмақ. әлде көмектеспеді деп билікті жамандауға қорқады ма? бірақ, мына Байданова деген қорықпай жазу керек қой, өзі онсыз да мықты қыз сияқты ғой. Оның суретін менің де көргім келіп тұр. Бірақ, Беріктің қайтыс болғанын естігенде Қайтыс болса қайтем дегені дұрыс болмапты. шын сүйген адам ұялшақ келеді, соны да түсінбегені ме?????????????Мықты журналист бола тұра соны да түсіне алмаса қандай журналист ол???????????

  • Қаракөз

    24.08.2014 - 15:50 Ответить

    Дәл осы мақала шыққан газет менде бар, сақталып қалыпты. Оны жазған журналистің телефоны да бар екен онда. Біраз сөйлестік. мен соншалықты әдемі емеспін, әдемі де болған емеспін деді ол. Берік деген азаматты кезінде екі үш рет көріпті. бірақ, ол мені ұнатыпты дегенге сенбеймін, ол өте бай адамның баласы екен. Әпкесі оны үстіндегі киімін арзан киімдер деп ашуына тисе керек. косметика алатын ақшаң да жоқ, бетіңе крем де жаға алмайсың деп келекетіпті. Мен әдемі де, бай да емеспін, Алла деген адаммын дейді ол. керек десеңіз, ноутбугім де жоқ, ұрлатып алдым. жағдайым келегнде сатып алармын, бірақ қашан аламын, білмеймін дейді. Ал, мақаланың жауабын Алла қаласа, Алла бұйыртса ғана шығарамын, мен бар болғаны журналистпін, қолымда билік жоқ, қолымнан жазудан басқа ешнәрсе келмейді, мақаланың жауабы шығады деп уәде ете алмаймын. Өйткені, Уәде Алланың анты, дейді. қолымнан келмейтін нәрсені істеймін деудің өзі күнә. уәде берілген соң оны орындау керек, сол үшін уәде бере алмаймын, ал, уәде берсем орындаймын дейді.Отыздан асқан шағымда елдің алдында қолымнан келмейтін уәде беріп өтірікші болғым келмейді. Меніің суретімді көргісі келетіндерден де кешірім сұраймын, мен қарапайым ғана қазақтың қара қызымын, мені әдемі, сұлу деп ойламаңыздар. Алла Тағаланың он екі мүшемді сау етіп бергеніне шүкір, әдемі етіп жаратпадың деп өкпелей алмаймын тағдырға дейді

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Август 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жоғарыға