
Өткен аптада Ақтөбе қаласының тұрғыны Талғат Алпамысов Ресейге көлік алуға барды. Арзан бағамен көлік ала қойғысы келген азаматтың көрген қиындығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
«Мәскеуге келген соң қаптап тұрған кеңселерге бардық. Олардың сайттары арқылы алдын ала хабарласып алғанбыз. Барып, ұнатқан көлігімізді тауып, ақшамызды төледік, келісім-шартқа қол қойдық. Бірақ біз діттеген 410 мың рубльдің машинасы жоқ болып шықты. «Ондай машина жоқ, алсаңыз мынаны алыңыз» деп жағдайы көп төмен көлікті көрсетті. Айналаны қоршап алған апталдай кавказдық жігіттердің пошымдары жаман. Сонымен нашарлау бір көлік алып қайттым. Алматыдан барған бір жігіттің 15 мың долларын алып қойып қайтармады. Мен оларды Қазанға дейін алып келдім, ең болмаса сол жерден бір көлік алмақшы.
Маған батқаны- қазақтарға деген орыс көршінің көзқарасы. Сонда айғайлап аспанға бөркімізді лақтырып қуанған Кедендік Одақтың қазаққа көрсеткені осы ма?».
Демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қара Қоға» бекетінде осылай 8-9 сағат бойы қаңтарылып тұрған көлік иелері кезексіз өтпек болғандарымен жаға жыртысуға дейін барды. Ашынған халықты сабасына түсіру үшін тіпті полиция шақыртуға тура келген.
«Тұрғанымызға үш сағат болды, таң атып келеді. Шекара бекеті әлі көрінбейді», — дейді жолаушылар.
«Кезексіз өтуге оқталған адамдар кездесті. Шекарадан сырт жерде қақтығыстар болды. Ішкі істер департаментінің қолдауымен бұл жағдай шешілді», — дейді 20/32 әскери бөлімінің капитаны Нұрбек Орақов.
Рубльдің құны құлдырай бастағалы бері еліміздің Ресеймен шекаралас аймақтарында осындай жанталас көбейді.
Петропавлдықтар 300 шақырым жерде тұрған Омбыдағы азық-түлік, киім- кешек тіпті көлік пен жылжымайтын мүлікке дейін қоймай жатыр.
Жұмыс күндері «Қара Қоға» кеден бекеті арқылы мыңға жуық жан өтеді екен. Ал демалыста алты мыңға дейін жетеді. Шекарашылар мұндай халық нөпірін тексеруге қызметкерлеріміздің шамасы келмей жатыр,- дейді




















Жауап беру