Сіз мындасыз:

Жалаңашта нең бар еді, «Егемен»?
Жалаңашта нең бар еді, «Егемен»?

Жоғарыда жарияланып отырған материалда айтылғандай, еліміздің бас газеті… жұмсартып айтқанда, «намазынан жаңыла» бастады. Елдің бағыт бағдарын айқындайтын, бет- бедерін бейнелейтін басылым, өткен аптада тыр жалаңаштардың суретін өз сайтында жариялап, айды аспанға бір-ақ шығарды.
Канадада өткен ню жанрындағы «Шешіну» деп атала тын көрмеге келген канадалықтар жалаңаш кескіндерді де тыр жалаңаш келіп көріпті. Көрмедегі экспозициялардың бәрі Канаданың өнер істері жөніндегі кеңесінің коллекциясынан алыныпты.
Мейлі ғой, канадалықтар ойына келгенін істейді екен, бастарынан «аса алмайтын» мүшелері асып-ақ кетсінші. Тапайдың тал түсінде Ата газетімізге не болғаны? Тыр жалаңаштарды таңдайы тақылдап тамсанып әңгімелеп отырған сайт, көрменің жалаңаш кел деген ұсынысына тіпті ешкім ашуланбапты да» деп таң қалады.
Салмақты, елге айтары бар басылымның сұйылып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес. Тіпті, елдегі халық әкімдердің зорлық-зомбылығымен жаздыртып алатын бұл газетті «аш та жап» немесе «тамызық» деп атайтынын да естіп жүрміз. Бұл басылым үшін мемлекеттен қыруар қаржы бөлінетінін де білеміз. Сонда дейміз та, құл екеш құл да нанын адалдап жеуге тырыспаушы ма еді? Түсініксіз өтетін тендерден төгіліп түсіп жатқан теңге «Егеменді» есінен тандыра бастаған сияқты ма, қалай?
Е.Нұралы

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

2 пікір
 

  • Нұрахмет

    14.04.2015 - 14:44 Ответить

    Үййййййййййй! Ол жерде Серік Пірназар бастаған қаптаған бестолковый журналистер отыр. Әйтпесе осындайға ұрына ма? Артын ойлау керек, Егеменнің абыройын ойлау деген жоқ, бұларда.

  • Жырау

    14.04.2015 - 14:55 Ответить

    Сонда Сауытбек ағамыз қайда қарап отыр? Жанболат Аупбай деген бас редактор бар, ол кісі нағып үнсіз? Түкке түсінбедім. Бұл ағаларымыз жоқ болғанда мемлекеттік БАҚ басшылары ретінде неге шара қолданбайды әлгі Серік Пірназарға? Қайдан келген адам өзі? Естімеппін атын.

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Апрель 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Жоғарыға