Сіз мындасыз:

Ақша қосылады, баға өседі
Ақша қосылады, баға өседі

Қазақстан үкіметі халқына бір қолымен берсе, екінші қолымен бергенін екі еселеп  қайтып алатын болды. Мәселенки, елдегілердің еңбектеп шыққан зейнетақысын 9 пайызға өсірді. Мемлекеттік жәрдемақыға 7 пайызды «қоса» салды. Ентелеп келіп қаңтар есігін ашқаннан бастап, айлық  есептегіш көрсеткіш 1 982 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 21 364 теңге болыпты. Мемлекеттік базалық зейнетақы 11 182 тенгеге бірден «ырғыды».  Мүгедек біткенді де «жарылқады».

 

Атап айтқанда, І топқа 30 мың, ІІ топқа 23 мың, ІІІ топқа 16 мың теңге берді. Ал, бұрынғы ТМД елдеріндегі ең аз зейнетақы, тенгеге шаққанда 50 мың тенге. Өркениетті елдердегі 4 мың доллар зейнетақысы бар бақыттан басы айналған шал -кемпірін айтпай-ақ қойдық. Сонымен қосарын қосқан үкімет «2015-жылы әлеуметтік төлемдер өседі » деп айтты. Базардағы баға болса да, ағаштан ағашқа қарғыған маймылдай, ұстатпай кеткелі қай заман?

Әлеуметтік төлемдер болса да қызылордалықтарды әп дегеннен әбіржітіп тастады. Үстіміздегі жылдың 10-қаңтарынан бастап, электр қуатының тарифі 7,8 пайызға бір-ақ көтерілді.  Және жергілікті  шенеулік осы  ақпаратты елге жариялағанда «Ана жақта электр жарығы бізден үш есе қымбат, қайта біз…»деп бір белгісіз жақты саусағымен нұсқайтынын қайтерсіз? Және  «ол жақтың» орташа күнкөріс жалақысы қанша, онымен шаруасы аз. Салыстырғысы жоқ.

Бұл қаңтар айынан бастап электр қуатының сатып алу құнының қымбаттауына байланысты болып отыр. Мәселен, Жамбыл ГРЭС-і қаңтардан бастап  сағатына 1 килловатты 9,52 теңгеден 9,74 теңгеге дейін (ҚҚС  қоса есептегенде)  көтеріп отыр. Екібастұз электр стансасы тіпте 8,96 дан, 9,86 теңгеге дейін қымбаттатты,- дейді облыстық антимонополиялық мекеменің директоры Нұрлан Пірімов.

Жарық қымбаттап еді, азық -түліктің де бағасы көтерілді. Жанар май секілді, көп жер әлі де электр куатын пайдалану арқылы өнім өндіреді. Ал оны есепке алып жатқан билік жоқ. Оның үстіне табиғи көгілдір отынның бағасы күрт көтерілді. Өйткені, жылы жеке сектордағы тұрғындар қыс бойы 15-20 мың тенгенің көлемінде жұмсап, көктемге шығатын. Биыл жылу маусымы басталғаннан бері 45-50 мың тенгені «жағып» тастады. Алда әлі екі жарым ай қыс бар. Бұл мәселені тұрғындар болып, биліктің алдына қойғанмен құлақ қағар емес ,-дейді қызылордалық тұрғын Шағанбек Сапар.

Қалтамызды азақ-түліктің бағасы бір тесіп, әлеуметтік қызмет екі тесіп өлтіріп бара жатыр. Тапқанымыз тамақ пен төлемнен артылмайды. Бүйтіп қосқан ақшасы кімге керек? Әсіресе, мұнайлы облыстың орталығында отырып, күн көрісі ең төменгі деңгейдегі Қызылордаға не жорық,- дейді байырғы ұстаз, бүгінгі зейнеткер Абылхайыр Көшімов.

Қысқасы коммуналдық қызметтің қымбаттаса болды, оны дер кезінде төлей алмайтындардың қарызы қордаланып, жылу жарықтарымен қоса, суы да ажыратылып, арты айқай- шуға ұласып жатады. ПИК-лер  болса тұрғындар тарапынан төленбеген қарыздарын алға тартып әлек.

Кім болса да дүкеннен нақты ақша төлемей ала алмайды  ғой. Біз де солай. Бірақ өкінішке орай, тұрғындарымыз коммуналдық қызметтің ақысын төлерде теріс айналады. Қазір менің қарамағымда 21 көпқабатты үй бар. Олардың берешегі 25 миллон тенгеге жетті,- дейді «Азамат» ПИК-інің төрайымы Әсем Қайтанова.

Тенге бағамының рубльге деген бағамы 2014-жылдың қазанынан 2015-жылдың қаңтары кезіндегі өсуіне байланысты Байқоңыр қаласында жанар- жағармай мен  автокөліктердің қосалқы бөлшектері қымбаттап кетті. Ал өткен жылы бекітілген 12 рубль жол құны сол күйінше өскен жоқ-тын. Осының салдарынан мамандардың есептеуінше жолаушыларды тасымалдаудың шығыны 38,3 пайызға артты. Сондықтан жол журу құны 1 ақпаннан бастап 17 рубль болды. «Бұның ішіне әлбетте жанар- жағармай мен қосалқы бөлшектердің құны, тасымалдауға ұлықсат беру ақысы және контролерлерге төленетін жалақы кіреді. Сондықтан қоғамдық көліктердегі бағаның өсуі орынды»,-дейді Байқоңырдағы әкімшілік.  Бір айтарымыз  ондағы коммуналдық қызметтің төлемдері дәл Қызылорда қаласындағыдай ұшынып тұрған жоқ.

 

Жеткер ЖҮСІП

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Февраль 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  

Жоғарыға