Сіз мындасыз:

Адамзат қайда барады?
Адамзат қайда барады?

І. Жолынан жаңылған тарих

Қазақ халқының үш ғасырлық Ресей отарлауы кезеңінде тартқан тауқыметінің, сан ұрпағының төгілген қанының өтеуі болар, КСРО империясының күйзелісі сәтінде өзге елдердің соңынан біз де 1991 жылы тәуелсіздігімізді жарияладық. Алайда жағдайымыз тарих мысалдарында айтылатын тәуелсіздікке, азаттыққа мүлде ұқсамады. Әлгі «тәуелсізбіз» деп ұрандаған елдердің барлығында дерлік Мәскеу отырғызған бірінші басшылар нөкерлерімен қаз-қалпында билікте қалды. 1991 жылдың аяғында солар Ресей билігімен қайта бірлесіп Алматыда ТМД атты жаңа «одақ» құрды. «Халуа, халуа!» деп қанша айқайласаң да аузың тәтті болмайды» дегендей, бұрын-соңды ұлт-азаттығы үшін күрескен ел тілеуі жүзеге асырылмаған соң, тек «тәуелсізбіз!» деп ұрандағаннан халқымыз шынайы ұлттық азаттықтың не екенін көре, сезіне де алмады. Сол кезде-ақ мұндай «тәуелсіздіктің» уақытша, Ресей есін жинап алғанша бұрынғы отар халықтарды алдарқата тұру үшін ғана жарияланғаны белгілі болды. 1992 жылы ақпанда жазған «Айтпады демеңдер!..» аталатын фелетонымда түсімде Ресейге қайтадан отар болғанымызды көргенімді, егер әрекет жасамасақ сол түс өңге айналатынын «Желтоқсан» газетінде ескерттім. Өйткені мен мұхит сыртында жатып сәуегейлік жасайтын Бзежинский нағашымдый емес, тумысымнан орыс ортасында жүріп, бұл халықтың менталитетіне қанық едім. 1970-77 жылдары орыстың жаулау тарихын зерттеп «Интернационализм және оны орыстандыруға қолдану», «Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы», «Халықтардың ассимиляциялануы туралы», т.б. жиырмадай мақала жазып, таратқаным үшін сотталдым да. Қашанда аш құрсақ жүретін орыс халқының ашу-ызасын билігі өзінен бұрып: «Сен ұлы халықсың!» деп өзгемен жауластыратын әдетінше, кешікей-ақ «КСРО шекарасын қалпына келтіру» реваншистік ұранымен орыстың «ұлттық бірлігін» нығайтпаққа әрекет басталары мен үшін айдан-анық еді.

Жариялаған тәуелсіздігімізден қайта айырар, қаншама ұрпақтың төгілген қаны, тартқан азабын зая қылар мұндай қатерді болдырмау үшін Ресей империясы 1991 жылғыдай тағы да бөлшектеніп, отарындағы Татарстан, Дағыстан, Якут, Бурят, т. б. елдер азаттық алуы қажет еді.
Бұрын, 1970-1986 жылдары халықты отаршылдыққа қарсы күреске үгіттегенде КСРО -да насихатталатын жалған тарихтарға сендік қой. Зерттесем – «шаруалар көтерілісінің басшылары» делінетін И.Болотников Польша билігі қолдаған жалған ІІ Димитрийдің қолбасысы болған екен, С.Разин орыс патшасының Еділ мен Каспий су жолдарындағы рэкеті болған, Е.Пугачевті Түркия қаржыландырған. Муссолини мен Гитлер билікке қалай келгені, Ленинді Германия үкіметі қаржыландырғаны белгілі болды. Қысқасы, қандай да бір шет мемлекет я қаржылы алпауыттар жәрдемінсіз еш елде ешқашан да «шаруалар», «азаматтық», ұлт-азаттық та көтерілісі жасалынбаған, ал лап еткен халық наразылықтары аз-ақ күнде тұншықтырылады екен.
1990 жылдарда «Желтоқсан», «Азат» сияқты ұлттық ұйымдарда төрағалыққа талас, арты жікке бөлу болып жататыны жұрт есінде шығар. Еңбекақысыз атқарылатын төрағалық кімге не үшін қажет боп таласқандарын қайдам, ал маған ұйым өзім 1970 жылы бастап, сол жолда бала-шаға, туыстарымды қайғыға ұшыратып, өз жастық өмірімді беріп күрескен ұлт-азаттығы идеясын соңына дейін атқаруға қажет болған еді. Өйткені шетелдік елші, тілшілер тек ұйым басшыларымен сөйлесетін.

Бірақ 1991-1992 жылдары оппозицияны аптасына «шайға» шақыратын АҚШ пен Батыс Европа елдерінің өкілдері мұнай мен газ, т.б. байлықтарымызға тұмсықтары тиісімен «демократия» сөзін ұмытып, посткеңестік елдердің отаршылдардан қалған басшылығымен ауыз жаласып кеткен еді. Сондықтан мен 1992 жылы-ақ Қазақстандағы АҚШ елшісі Ульям Кортниге: «Байқауымша, «демократияшыл елміз» деушілер экономикалық пайда үшін коммунистермен де, фашистермен де ауыз жаласуға бар сияқты», – дегенмін.
Дегенмен 2005 жылы жазда АҚШ елшісінің саяси кеңесшісі Дебора Р. Меннуттиге кездесіп, олардың бәсекелестері Ресей мен Қытай империялары қазақ халқына да ежелден қатер екенін, бірақ НАТО мүшесі елдері бұл екі империяға қарсы қарулануға соншама қаржы бекер шығындағанын, бұларды әлсіретуді Жер экологиясын бүлдірместен, үлкен соғыссыз-ақ және олар жинақтаған ядролық қаруларын, сүңгуір қайықтарын мүлде қолдана алмастай етіп іске асыруға болатынын (Рим, т.б. империялар ядролық қарусыз-ақ құлағанындай, негізінде, империялар іштен іритін), Ресей мен Қытай империяларының қатерінен әлемді құтқарар кілт – олардың отарындағы түрк халықтары екенін, әр елдердегі түркшіл ұйымдардың лидерлерімен байланысым болғандықтан бұл жұмысты атқара алатындығымды айтқанмын. «О кей! Дұрыс екен, ойланайық» деп, Дебора хабарсыз кетті. Астанаға көшкелі есігін тарс жапқан АҚШ елшілігінен хабар алуға жәрдемдесе ме деп 2007 жылы Алматыдағы Польша елшілігіне кірдім. (Олар 1996 жылы мені «шайға шақырып», менің анамның 1608-1616 жылдары Смоленск пен «Касимово царство» аралығын, әсіресе Мәскеу аймағын талқан етіп соғысқан поляк графы А.Ю.Лисовскийдің ұрпағы екендігін білетіндерін айтқан). Қарсы алған елшінің кеңесшісіне «Ресей ес жиса көршілеріне қауіп төндірер әдеті барын, мұны поляк халқы тарихта сан рет басынан өткергенін, қауіптің алдын алуға айтқан ұсыныстарыма жауап есту үшін АҚШ елшілігі қабылдауына көмектесуін» сұрағанмын. Әлгінің өңі қашып: «Польша мен Ресей арасында бейбіт қарым-қатынас туралы келісімдер бар, ал сіз бізді арандатпақсыз!», деп, тұра жөнелді. «Хатыньді ұмытқан екенсіңдер! Мен арандатпай-ақ әлі көресіні көрерсіңдер Ресейден!» — деп, елшіліктен шығып кеткенмін.

2006 жылы жазда Астанадағы Жапон елшілігіне де бардым. Ол ел Ресейден Курил аралдарын даулағалы жарты ғасырдан асты. Қытайдың экономикалық жылдам дамуынан, қарулы күштерінің өсуінен қауіптенетіндерін де айтып жүр. Мені қарсы алған елшіліктің екі қызметкеріне (бірі кеңесші Хироки Мацуо) өзімнің 1970-1989 жылдардағы түрмелердегі суреттерім, диссиденттік шығармаларым бар кітабымды беріп, екі империяны әлсірету туралы жоспарымды ұсындым. Екеуі мені тым-тырыс отырып тыңдап, басшыларына мәлімдейтіндерін айтты. Әлгілердің шошыған түрлерінен-ақ еш нәтиже болмасын сездім. Мейлі, «Қазақтар момын деп жүрсек, мынадайлары да бар екен-ау!?», — дей жүрсін…

2008 жылы көктемде Қытай үкіметі Тибетте жазалаулар жүргізуіне байланысты барша елдердің спортшыларын, президенттерін Пекин-2008 олимпиадасына қатыспауға шақырып үндеу жазғанмын. Алматыдағы бір пресс-клубта баспасөз мәслихатын өткізбек болғанымда соққыға жығылдым. Индиядағы Далай-ламаға хат жазып Тибетті, т.б. Қытай отарындағы халықтарды азат ету мәселесімен оған кездесуге баратынымды айттым. 05.09.2008 ж. Далай-ламадан: «Мен діни адаммын, саясатқа араласпаймын, кездесуге уақытым тапшы», деген жауап алдым. (Ал Тибетте жазаға тартылғандар оның ламалары еді).
2008 ж. тамызда Ресей қарулы күштері Грузия құрамындағы Оңтүстік Осетияға басып кірді. Ертесінде мен Грузия президенті Г.Саакашвилиге «Ресеймен бетпе-бет соғысуға болмайтынын, өзінің адамдық, азаматтық құқығын қорғауға селқос орыстар, билігі «Сен ұлы халықсың!» деп арқадан қағып, арағын берсе өлермен, дүлей болып кететінін тарих талай көрсеткенін, орыс отаршылдығымен ондаған жылар бойғы күрес тәжірибем барын» айтып қабылдауын сұрап телеграмма, хат жолдағанмын. Астанадағы Грузия елшісіне телефон шалып, менің баратынымды Саакашвилиге ескертуін сұрадым. Елші: «Ой, Хасан-аға! Мы Вас знаем, Вы большой, известный батыр!», деп мадақтап алып, егер менің айтқан бұйымтайымды орындаса оны Қазақстан үкіметі елден шығарып жіберетінін, Саакашвилиге ескертпей-ақ бара беруіме болатынын айтты. Шетелге көмек ұсынып барып, босағадан қайтқан жағдайлар бастан өткендіктен асықпадым. (Әйтсе де, 2011 жылы Үрімші көтерілісінде үш мың кісі тұтқындалғанда, оларды атылудан құтқару жолын ақылдаспаққа Стамбулға барғанмын. НАТО-да қызмет еткен ұйғыр генерал: «Ауырып жатырмын», деп, ал ұйғыр жастарының ұйымы да, Шығыс Түркістан туралы журнал шығаратындар да менен үркіп, бес күн бекер тентіреп қайтқаным да бар).
Грузиядан жауап болмаған соң 2008-2010 жылдары Бішкектегі АҚШ (саяси кеңесші Дастин Р.Бикелге) және Германия елшіліктеріне барып 2005 жылы Дебораға айтқан ұсыныстарымды қайталап, жоспарларымды үкіметтеріне жеткізулерін сұрадым…

Содан кейін де әлгі мемлекеттер Ресей мен Қытайды сынап, әр нәрсеге ренжіскен боп, қару-жарақ шығаруға триллиондарын ысыраптауын жалғастыруда. Бірақ мәселені шешу үшін менімен хабарласуға, ұсынған тиімді жоспарларымды қолдануға барар емес. Осыған қарағанда әлгі «Ресейді әлсірету үшін ондағы отар ұлттарды азаттық күресіне көтереміз, т.б.» делінген Аллен Даллес «Доктринасы» шынымен де А.Ивановтың «Вечный зов» романынан алынған сыңайлы. Өйткені Ресей отаршылдығымен қүрескен 45 жыл бойында маған АҚШ тарапынан Ресеймен күресу туралы еш ұсыныс айтылған емес. Сондықтан мен АҚШ-тың (НАТО-ның) Ресей мен Қытай империяларына қатысты саясаты өткен тарихтағыдан өзге бір ұстанымға ауысқан ба?» – деп, әлемдік саясатты зерттеуге кірістім.

ІІ. «Әлемдік астыртын билік» бар ма?

“Я – еврей королей” — возражение одного из Ротшильдов на неудачный комплимент в его адрес: “Вы король евреев”
Ральф Эпперсон “Невидимая рука, или Введение во взгляд на историю как на Заговор” кітабында адамзат қоғамындағы болып жататын елеулі оқиғалардың баршасы алдын ала жоспарланып жасалатынына көптеген айғақ, мысалдар келтіреді. «Батыстық демократия» атын жамылған өсімқорлар кланының (Заговорщики) мақсаты қоғамда соғыстар, инфляциялар, революциялар ұйымдастыра отырып адамзат қоғамында шексіз диктатурамен қатаң басқарылатын «Жаңа әлемдік тәртіп» орнату», деп, осы іспен дәл бүгін айналысушы адамдардың бірқатарының атын атап, түсін түстейді.
«Астыртын биліктің» бары туралы Джозеф Кеннеди (президент Джон Кеннедидің әкесі): “Америкой управляют пятьдесят человек и это круглая цифра”, ал АЕГ-ны 1909 ж. басқарған А. Вальтер-Ратхенау: “Триста человек, все из них знают друг друга, направляют судьбу европейской экономики и выбирают преемников среди себя”, – десе, АҚШ президенті Ф. Рузвельт: “В политике ничего не происходит случайно. Если что-то случилось, то так было задумано.” – дейді. (Ал бұл елдердегі халық мемлекеттерін өздері сайлаған президенттер, парламент басқарып, билейді деп сеніп келеді!).
Р.Эпперсон кітабында Европа мен АҚШ банкирлерінің Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарды қалай жоспарлап, ұйымдастырғанына дәлелдер келтіріп, Гитлерлік Германияның қарулануына жәрдемдескен кәсіпкерлерді ле атайды. Бұған КСРО да Германияны металл, мұнай, т.б. шикізаттармен қамтамасыз етіп, неміс ұшқыштарын жаттықтырып атсалысқаны белгілі. Соғыстар мейлінше созыла түсіп, адам шығыны көп болу үшін «қарсылас жақтар» өз ара келісіп істеген түрлі әрекеттері де біртіндеп әшкереленуде. Екінші дүниежүзілік соғысты зерттеушілер ағылшындардың осы мақсатпен өздерінің 4 мыңдай әскерін Норвегияның бір аралында жөнсіз қырғынға ұшыратқанын, т.б. мысалдарды жазып отыр. Соғыс тоқтап қалмау үшін фашистік қарулы күштерді жанармаймен қамтамасыз еткен Румыния мұнай орындарына еш шабуыл жасалмаған екен. Ал КСРО-ның қарулы техникасы Кавказ мұнайымен еш кедергісіз қамтамасыз етілуі де екі соғысушы жақтардың келісімімен жасалғанын көрсетеді.
Вермахтың 5 сәуір 1942 жылғы №41 директивасында «Шығыс майдандағы негізгі мақсат оңтүстіктегі Кеңес әскерін талқандап, Кавказдағы мұнайлы аудандарды алып, орыстарды толықтай жеңу» деліне тұра, 1942 жылдың шілдесінде Кавказ бағытындағы Б тобынан 6-шы армия бөлініп, Сталинград бағытына жіберілген. Болмаса жанармайсыз қалған КСРО-да соғыс 1942 жылдың ортасында-ақ тоқтаған болар еді.
Сондай-ақ, егер АҚШ неміс адмиралы Канаристің жоспарын қабылдағанда да соғыс 1943 жылы көктемде тоқтаған болар еді.
1941 ж. 7 желтоқсанда АҚШ-тың Пирл Харбордағы соғыс базасына Жапонияның «кенеттен шабуылдағаны» жалған екендігі туралы Р.Эпперсон: «И Рузвельт, и министерство Армии тоже знали об этом, так как “… очень важный офицер Американской армейской разведки, служивший на Дальнем Востоке в 1941 г. …получил сведения о плане Ямамото послать ударную группу для нападения на Пирл Харбор и направил три отдельных сообщения с этой информацией в Вашингтон и, по крайней мере, два из них попали в армейские досье задолго до нападения на Пирл Харбор”,

Наконец, 6 декабря 1941 г. Японское правительство в отчаянии посылает телеграмму в свое посольство в Вашингтоне, по сути обрывая все переговоры с Американским правительством. После того, как сообщение было перехвачено Американским пра-вительством, расшифровано и вручено Рузвельту, он произнес: “Это означает войну” Теперь Рузвельт знал, что Япония планирует нападение на Соединенные Штаты, но все же ничего не сделал, чтобы предупредить Американские вооруженные силы в Пирл Харборе»,– деп жазады.
Ал КСРО-ның Шығыс Европаны басып алып НАТО-ға қарсы «Варшава келісімі» социалистік лагерін құруына кімдер жағдай жасағаны туралы: «Русским позволялось коммунизировать страны Восточной Европы под прикрытием войны. Поскольку Россия продвигалась с востока медленнее, чем ожидалось, Союзники были вынуждены предоставить ей больше времени; отсюда задержка со вторжением в Западную Европу. Сенатор Joseph McCarthy приписывал это решение ГосСекретарю Дж.Маршаллу: “Теперь мы, безусловно, подошли к тому, что было самым важным военным решением в Европе: решению Маршалла … сосредоточиться на Франции и целиком оставить Восточную Европу Красной Армии”,– деген айғақтар айтады.
Осылайша Эпперсон өз кітабында бір-біріне қарсы болды деп саналатын капитализм мен социализм жүйелерінің бір орталықтан басқарылып отырғанын, мақсаттары – барша мемлекеттердің үстінен бақылап, басқаратын «жаңа әлемдік тәртіп» (әлемдік билік) орнату екенін көптеген адамдардың зерттеулерінің нәтижелерін келтіре отырып дәлелдейді. ХХ-ғасыр басында (1905, 1917 жж.) Ресейде революция жасау үшін Ленинді, Троцкийді, Керенскийді АҚШ пен Батыс Европалық банктердің қалай, қанша сомамен қаржыландырғанын нақты құжаттармен көрсетеді.

Революциядан кейін де осы мемлекеттер өздері құрған КСРО-ға соғыс қаруларын жасайтын технологияларды беріп тұрған екен: «Когда 4 октября 1957 г. Русские объявили, что вывели на орбиту первый в истории сделанный руками человека сателлит, который они назвали “Спутником”, началась «космическая гонка». Однако, возможность вывести на орбиту спутник земли была предоставлена Русскому правительству Американским в конце Второй мировой войны.
Генерал Джордж Паттон, двигаясь на восток, вглубь Западной Европы и Германии, захватил два немецких города — Пенемюнде и Нордхаузен, где немецкие ученые разрабатывали ракеты V-1 и V-2. Верховный Главнокомандующий Союзными войсками генерал Дуайт Эйзенхауэр приказал Паттону передать эти два города Русским в целости и сохранности. При этом им достались тысячи немецких ученых, которых вывезли в Россию из этих двух городов вместе с заводами.
Большинство современных историков обычно объясняет, что Русские получили секреты атомной бомбы от признанных виновными Американских шпионов Ethel и Julius Rosenberg, которых в 1950 г. обвинили в передаче Русским этих работ. Однако история атомной бомбы началась еще до приговора Розенбергам. Американское правительство передало России бомбу в 1943 г., в ходе программы Ленд Лиза», – дейді, осы мәселелерді зерттеген адамдардың кітаптарына жүгініп.

1950 жылы Корея соғысында да АҚШ-тың өз «қарсыластарына» (коммунистерге) көмектескені жайлы айғақтар келтіреді: «Спустя два дня после вторжения в Южную Корею, китайцы на Тайване (чанкайчиліктер. –Х.Қ-Т), чувствуя, что для них пришла пора выступить против Коммунистического правительства континентального Китая, получили жестокий выговор от Президента Трумена: «Я призываю Китайское правительство на Формозе (Тайвань) прекратить воздушные и морские операции против материка”. И Трумен не только заявил, что претензии свободных Китайцев к Коммунистическому Китаю противоречат Американской политике, но также приказал Американскому Флоту войти в Тайваньский пролив, чтобы обеспечить это. Впоследствии Генерал Дуглас МакАртур рассказал, что он рассматривал эту акцию как преднамеренное действие со стороны Американского правительства, обеспечивающее вступление в войну Красного Китая.
Генерал МакАртур, сознавая, что Красный Китай был готов вступить в войну, четко представлял, что единственный путь сорвать его массированное вторжение, это — разбомбить мосты через реку Ялу. «Немедленно последовала телеграмма от ГосСекретаря Дж.Маршалла, отменяющая мой приказ и предписывающая мне “отложить бомбардировку всех целей в пределах пяти миль от Маньчжурской границы”.
Помимо этого, МакАртур получил приказ не преследовать Северо Корейские самолеты, удирающие в Маньчжурию, равно как и не мог он бомбить базу снабжения в городе Racin…Racin являлся основным складом, на который Советский Союз отправлял припасы из Владивостока для СевероКорейской Армии”.
25 ноября 1950 г. командующий Китайской Красной Армией Генерал Lin Piao перебросил все свои войска через реку Ялу в Северную Корею. МакАртур считал, что “…им должны были передать сообщение, гарантирующее, что мосты через Ялу останутся священными, а их базы никто не тронет”. Генерал Линь Бяо позднее признал, что он “никогда бы не пошел в наступление и не стал бы рисковать своими людьми… если бы я не был уверен, что Вашингтон удержит Генерала МакАртура от принятия соответствующих ответных мер против моих путей снабжения и коммуникаций”,

Другая область, в которой Соединенные Штаты помогали Русским, это — военная техника. Во время Корейской войны Советы поставляли Северной Корее и Красному Китаю реактивные самолеты, в том числе МИГ-15. Этот самолет был похож на поставлявшиеся Американским правительством F-86, на которых летали Южнокорейские и Американские летчики. Оба эти самолета были сконструированы одним и тем же человеком — Немцем, взятым в плен в конце Второй мировой войны в Нордхаузене. Как уже говорилось, ученый попал в одну страну, а его чертежи — в другую» – дейді кітабында Эпперсон.
1960-жылдардағы Вьетнам соғысына байланысты да ол: «Наверное, небывалым примером Американской военной помощи Русскому правительству стала Вьетнамская война. Д-р Саттон пришел к выводу, что “… винтовки, боеприпасы, оружие, транспортные средства, убивавшие Американцев во Вьетнаме, поступали из субсидируемой Америкой экономики Советского Союза”;
Например, перечень за третий квартал 1971 г. является типичным и показывает, что наше правительство, за один только этот квартал, отгрузило ряд товаров Русскому правительству, в то время как Россия поставляла в Северный Вьетнам восемьдесят процентов товаров и боевой техники.
Среди судов, доставлявших Русские грузы в порты Северного Вьетнама, были принадлежавшие Великобритании, Японии, Греции, Норвегии, Ливану, Италии, Западной Германии и Панаме.
Американская помощь делу Северовьетнамского правительства имеет давнюю предисторию. Lloyd Shearer в своей статье “Когда Хо Ши Мин был агентом разведки для США» подробно рассказывает, как Американское правительство содействовало первым усилиям основателя революции против Южновьетнамского правительства. Хо Ши Мин пополнил ряды аппарата Американской разведки. В статье говорится: “У нас был надежный агент, которого мы регулярно обеспечивали оружием, радиоаппаратурой, радистами и медикаментами. Все это способствовало упрочению его положения и статуса”.

Таким образом, еще до начала Вьетнамской войны Американцы обеспечивали партизанскую армию человека, который, в конце концов, возглавил Вьет Конг в войне против Американцев.
Еще более прискорбная продажа Русскому правительству состоялась в 1966 г., когда правительство США: “… направило в Советский Союз полные технические условия, необходимые тому для строительства завода по производству глицерина. Глицерин применяется в производстве взрывчатых веществ. Он применяется в детонаторах мин-ловушек, особенно во Вьетнаме. Более 50 % всех Американских потерь во Вьетнаме было вызвано минами-ловушками”.

Однако некоторые торговые сделки имели куда более разрушительные последствия для будущей безопасности Америки: “По словам д-ра William Perry, заместителя Министра обороны по НИОКР, к 2000-му году СССР будет в состоянии определять и отслеживать местоположение всех подводных лодок США. Причина? Мы экспортируем как “аппаратуру для разведки нефти” самую передовую Американскую сейсмологическую и связанную с ней высокую технологию” – дейді.
Эпперсон 1962 жылғы «Кариб кризисі» аталған оқиғаның да жалғандық болғанын, ағаш жәшіктер суретінен өзге Кубаға КСРО ракеталарының орнатылғанын да, алып кетілгенін де дәлелдейтін ешбір айғақтың жоқтығын айтады.
Эпперсон кітабының соңында орыс диссиденті А.Солженицынның 1975 ж 5-шілде күні АҚШ халқына айтқан: “Вся наша рабская система (СССР) зависит от вашей экономической помощи. Когда они хоронят нас заживо, пожалуйста, не посылайте им лопаты и самое современное землеройное оборудование” және де: “Зачем мы (США) передаем Коммунистическому тоталитаризму все больше и больше технологии — сложной, тонкой, развитой технологии, которая ему нужна для вооружений и сокрушения своих собственных граждан” – деген сөздерін келтіріп: «Но, несмотря на все предупреждения, помощь и торговля продолжаются. А Русское правительство продолжает “сокрушать своих собственных граждан”. С помощью Америки», – деп аяқтайды кітабын.

Р.Эпперсон, т.б. зерттеушілер капиталистік НАТО мен КСРО бастаған социалистік жүйе арасындағы жарты ғасырлық «қырғи-қабақ текетірес» («холодная война») жалған ойын болып, «ойын» бір орталықтан басқарылғанын дәлелдейді.
Әлемді бір орталықтан билей тұра халықты бір-бірімен өтірік қарсы қою неге керек десек, шын мәнісінде, «соғыс қаупі бар» деген желеумен өз халықтарын үрейде ұстау арқылы басқару – билеушілердің бағзы замандардан қолданып келе жатқан әдісі екен. АҚШ Гудзон институты зертеуінің Есебінде де (1961 ж.) осы билеу саясаты: «Возможность войны обеспечивала любому правительству чувство его внешней необходимости, без которого никакое правительство не может долго оставаться у власти. Исторические данные обнаруживают целый ряд примеров того, как неспособность режима сохранять правдоподобие военной угрозы приводила к его распаду»,– деп көрсетіліпті.

Халқын түрлі қауіп-қатермен үрейлендіріп, қорқынышта ұстамаған үкіметтің «күні санаулы» болатындықтан билеушілер «Титанник» кемесінің апаты, Нью-Йорктегі Сауда орталықтарын құлату, революциялар, дүниежүзілік соғыстар, терроризмдерді өздері ұйымдастырып халыққа «шок-шоулар» көрсетіп келеді.
АҚШ-тық Аарон Руссоға Николас Рокфеллер Нью-Йорктегі Сауда орталығының екі ғимараты құлатылатынын оқиға болардан 11 ай бұрын ескертіп, соны сылтауратып «терроризммен ақыры-соңы көрінбес күрес басталатынын», Ауғанстан, Ирак, т.б. елдерге әскерлер кіргізілетінін айтқан. А.Руссоның: ««Астыртын әлемдік биліктің» түпкі мақсаты не?» – деген сұрағына алпауыт Рокфеллерлер отбасының мүшесі Николас: «Конечная цель?! Чтобы всем в мире был устроен чип радиочастотной идентификации, и все деньги будут привязаны к этому чипу. А кто будет протестовать и делать что-то нам на перекор – мы у него чип отключим», – депті (А.Руссо, «Интервью с Н.Рокфеллером»).
«Счастье в свободе» жобасын жасаушы ресейлік В.А.Токарев өз мақаласында: «Повсеместно проводится внедрение микрочипов под кожу. Чипирование населения России, Украины — узаконенный стихийный процесс, для которого установлены чёткие сроки. В США во многие фирмы не принимают на работу, если в руку кандидата не вживлён микрочип. Молодым владельцам микрочипа даже предоставляется «льгота»: они могут легче пройти во всякие клубы и дискотеки», – дейді.

«Тайное Мировое правительство готовит миру «глобальную империю» (Истинная власть сосредоточена в руках неофициальной международной группы лиц) мақаласында (Интернет, 18 апреля 2011) Андрей Полунин: «При словах «мировое правительство» принято крутить пальцем у виска. Но вот проблема: многие вполне серьезные эксперты не верят, что странами управляют президенты, премьеры, председатели и прочие «видимые» официальные лица. Они считают, что истинная власть – мощная, непоколебимая, но скрытая – сосредоточена в чьих-то других руках. Эту неофициальную могущественную группу, которая не признает национальных границ, контролирует банковское дело, страхование, угледобычу, промышленность,– они называют мировым правительством.
На это теневое правительство, утверждают эксперты, работают тайные организации и мозговые центры. Например, «Совет по международным отношениям», который создан в 1921 году американским банкиром Морганом, и контролирует Федеральную резервную систему США, Нью-Йоркскую фондовую биржу и ведущие средства массовой информации. Или «Бильдербергский клуб» (1954), который объединил американскую элиту и европейскую. Или «Трехсторонняя комиссия» (1974), в которую вошли представители США, Европы и Японии. Ее цель – «создать механизм глобального планирования и долгосрочного перераспределения ресурсов». Или «Римский клуб» (1968), который имеет свои частные разведывательные агентства и, кроме того, «заимствует» информацию у Интерпола, ФСБ и Моссада. Курирует работу этих организаций миллиардер Дэвид Рокфеллер.

Что представляет собой тайное мировое правительство, какие цели ставит, рассуждает доктор юридических наук, генерал-майор милиции в отставке, экс-советник председателя Конституционного Суда, экс-глава российского бюро Интерпола Владимир Овчинский.
– Владимир Семенович, тайное мировое правительство, на ваш взгляд, действительно существует?
– Когда наши политологи, социологи и историки начинают говорить о мировом правительстве, считается, что человек выжил из ума. А ведь на Западе ученые относятся к этому вопросу очень серьезно. Например, такие известные люди, финансисты мирового уровня, как Джордж Сорос, Жак Аттали говорят, что дальнейшее развитие истории невозможно без мирового правительства, без мирового парламента, без мировых вооруженных сил и без мировой полиции», – деген, т.б. пікірлерін келтіреді.
***
Бүгінгі күні Қазақстан шетел банктеріне 150 млрд. АҚШ доллары көлемінде (ал әр азаматқа шаққанда 8500 доллардан) қарыз екендігі айтылып жүрген ақпарат. Қазақстан билігі: «Еліміз экономикалық даму үстінде» дей тұра, осы қарыз неге жыл сайын өсіп барады? Сөйтсек, қарызға батырылу себебіміз – шетелдіктер мұнайымызды, т.б. игеруге жәрдемдесеміз деп, құрлыстарына жұмсалатын қаражатты сметада 6-7 есе асырып көрсетеді екен, ал сол қаражаттың өзі біздің елге келмей әлгі жұмыстарды атқармақ компанияның шетелдегі банкіне (шетелдегі бір банктен екіншісіне) аударылады екен. Бұл туралы «Әлемдік биліктің» бөлімшесі саналатын АҚШ-тағы «Совет по международным отношениям» мекемесінің бұрынғы қызметкері Джон Перкинс өзінің «Исповедь экономического убийцы» кітабында (2004 ж.) осы мекеменің қазіргі мемлекеттердің басшыларымен келісе отырып қалайша халқын құтыла алмас қарызға батыратындығын, сөйтіп соғыссыз-ақ отарлаудың қазіргі заманғы тәсілі туралы жазған: «Условием предоставления займа является то, что работы по этим проектам выполняют строительные и инженерные фирмы только из нашей страны. Фактически, большая часть средств так и не уходит за пределы США: деньги просто переводятся из банковских организаций в Вашингтоне в строительные организации в Нью-Йорке, Хьюстоне или Сан-Франциско».., «Несмотря на то что деньги практически немедленно возвращаются в корпорации — члены корпоратократии (то есть к кредиторам), страна, получающая заем, обязана выплатить его назад с процентами. Если ЭУ (экономубийца-агент) превосходно справился со своим заданием, займы будут настолько велики, что должник уже через несколько лет будет не способен выплачивать долг и окажется в ситуации дефолта. И вот тогда, подобно мафии, мы требуем себе шейлоковского «фунта живой плоти». Таковой часто состоит из одной или нескольких позиций: страна должна голосовать по нашей указке в ООН, позволить разместить наши военные базы и допустить к драгоценным природным ресурсам, например к нефти или к Панамскому каналу. Конечно, при этом должник попрежнему остается должником — и вот еще одна страна вошла в нашу глобальную империю»…

«Почти все страны, которые усилиями ЭУ были подтянуты под зонтик глобальной империи, имели схожую участь. Из каждой сотни долларов, извлекаемых в виде нефти из ливневых лесов Эквадора, нефтяные компании забирают 75 долларов. Три четверти оставшихся 25 долларов идут на выплату внешнего долга. Из того, что в итоге остается, большая часть расходуется на армию и правительство. Здравоохранение, обучение и программы поддержки беднейшего населения получают лишь около двух с половиной долларов», «Во многих случаях помощь в развитии экономики приводит к обогащению нескольких человек на вершине пирамиды, находящиеся же внизу опускаются еще ниже. Действительно, развитие капитализма часто приводит к возникновению системы, напоминающей средневековое феодальное общество. Правители стран знают, что иностранные займы — обман и мошенничество, и целью игры в иностранную помощь является его личное обогащение и вовлечение страны в неоплатный долг», «Иностранные займы гарантируют то, что сегодняшние дети и их внуки будут удерживаться в заложниках. Им придется позволить нашим корпорациям разграблять их природные богатства, им придется отказаться от образования, здравоохранения и социальной помощи, чтобы только выплатить нам долги. Тот факт, что наши собственные компании уже получили обратно большую часть этих денег для строительства электростанций, аэропортов и технопарков, не меняет этой формулы», – деп жазады. Сонымен Қазақстан халқы алмаған миллиардтар үшін қарыз болып отыр екен.
Ресейлік генерал К.П.Петров (1945-2009) өзінің «Тайны управления человечеством» деп аталатын 30 сағаттық лекциясында адамзат тарихына жоспарланып басқарылатын процесс ретінде зерттеу жасаған. Петров бүкіл әлемді ұлты еврей қаржылы алпауыттардың 150 отбасы басқарып отырғанын, күллі мемлекеттердің елбасыларын осы «Астыртын әлемдік билік» тағайындайтынын, мақсаттары – адамзатты Индиядағыдай әр кісі туғанынан-ақ «өз орнын білетін» касталық тәртіп орнату арқылы басқару екенін айтады.

Лекциясының бір тарауын К.Петров «План уничтожение русского народа» деп атап, онда «Астыртын әлемдік билік» Ресей Сібірін игеруді мақсат еткенін баян қылады. Ресейлік РЕН-тв және өзге де телеарналар «Астыртын әлемдік билік» (мировое закулисье) мақсаты Ресей Федерациясын 8-ге бөлшектеу, орыс халқын азайту екенін айта бастады. Мұны тыңдаған адам: «Ресей билігі «Астыртын әлемдік биліктен» тәуелсіз екен», деп ойлап қалады. Алайда «Әлемдік билік» тағайындаған елбасы да өзін «тәуелсізбін» дей тұра қожаларының тапсырмасын орындап өз халқына геноцид жасайтынын, жер байлығын тонататынын тарих көрсеткен. Батысты лағынеттей отырып олардың білім беру, антимәдениет, медицина, т.б. жүйелерін енгізетін, қатыгездік фильмдерін сынай тұра дәл сондай етіп өз елінде фильмдер шығаруға рұқсат еткен елбасы қайдан тәуелсіз болмақ!?..
Сөйтіп, өздерін Ресей мен Қытайға қарсымыз деп жүрген АҚШ, Польша, Грузия, т.б. елдердің президенттері, елшілерінің менен қашқақтау себебі – бәрінің бір орталықтан басқарылатындығынан, ымы-жымы бірлігінен екен. Әшейінде «адам құқығы» туралы ауыз жаппайтын «батыс» саясатшылары Ферғанада, Жаңаөзенде халқын қырып салған Азиядағы диктаторлармен жымиысып арқадан қағысатындары осыдан екен. Ал әлгі Оңтүстік Осетия, Абхазия, т.б. үшін Ресеймен қақтығыстар бәрінің дирижері бір екенін – «Астыртын әлемдік биліктің» барын жасыру үшін істелінген шоулар болыпты.

Сонымен, көпшілігіміз сенбей жүргенде, «чиппен» бақылауға алу техникасы дамыған елдер түгіл, Қазақстанның өзінде басталып кетіпті. Мысалы, «Ракета-космостық техника» конструкторлық бюросының басшысы, Евразиялық ұлттық университеттің Космостық техника және технология қафедрасының меңгерушісі Өмірзақ Қасымов сұқбатында:
«Казахстан уже имеет два семейства спутников – это KazSat и KazEOSat. В каждом из них по 2 единицы. KazEOSat-1 уже во всю работает и отправляет нам очень качественные снимки…Задач очень много, самое главное – увидеть все то, что происходит на территории Казахстана, включая эрозию почв, изменения в структурах населенных пунктов. Благодаря нашим технологиям люди уже начинают чипировать своих коров, чтобы находить их через систему навигации GPS. Благодаря спутникам проводится дистанционное зондирование земли. К примеру, в Астане, в лабораторном комплексе Евразийского национального университета, НАСА поставила станцию GPS – систему высокоточного позиционирования»,– дейді.
Өмірде болып жатқан көп жайлар «Астыртын әлемдік биліктің» барын айғақтайды. Ары қарай да мұны мойындамай, қатерден құтылу үшін басын құмға жасыратын түйеқұс кейпінде қашанға дейін қала береміз?! Сиырға туған күннің кешікпей қазаққа да туары белгілі болды. Сондықтан «Әлемдік биліктің» адамзатты «чиптендіру» арқылы құлақкесті құлдарға айналдыруына қандай жолмен қарсы тұруға болады деп осынау кітап, мақалаларды бірнеше жылдан бері оқып, зерттеп «Адамзат қайда барады» деген кітап жазып жүргенмін. Соның негізінде 2014 жылдың ақпан айында Адамгершіл (гуманистік) «Жаңа сана» қозғалысының бағдарламасын жасап, пікірлестер іздеуге кіріскенмін.

***
Дәл осы кезде Украинаға қатысты НАТО елдері мен Ресей арасында басталған алакөздік жұртшылықта «Әлем әлі де бір орталықтан басқарылмайды екен» деген ой тудырды. Ал байқаған жанға Рада депутаты Ирина Фарион көшеде: «Украинада украин тілінде сөйлеу керек», дегені үшін Қырым түбегін (осыны күтіп отырғандай) Ресейдің бір оқ шығармай-ақ «басып алуы», оған батыс елдерінің наразылық танытқан сыңайы, т.б. істерден жасандылық көрініп тұрды. Өйткені мен 2008 жылы Украина президенті М.Ющенкоға: «НАТО-ға кірмек болсаңыз Ресей Қырымды және Украинаның шығысындағы бірнеше облысты тартып алмайынша, жібермейді. Елде сізді қолдайтын ұлтшылдар қатарын өсіру, келесі президенттік сайлауда ресейшіл кандидат өтіп кетпеу үшін Украинада «Антиконолиалдық жиын» өткізейік деп хат жолдағанмын. Одан жауап болмағандықтан Астанадағы Украина елшілігіне, Украинаға жанашырлық танытқан боп жүрген АҚШ, Ұлы Британия, Германия, Франция, Литва, т.б. мемлекеттердің елшіліктеріне де Украинаға төнер қауіптерді айтып, «Ресей отаршылдығы кеше және бүгін» деген тақырыпта жиын өткізуге Ющенкоға ықпал етулерін сұрап 2008-2009 жылдары хаттар тапсырғанмын. Егер Украинаның территориялық тұтастығын сақтап қалуды қалайтын болса осы елдер менің ескертулеріме алты жыл бойына неге көңіл бөлмеді!?

Отарлаған елдерінде туып-өссе де орыстардың жергілікті халықтың тілін үйренуге қасарысатын мінезін біле тұра, Украинаның жаңа басшылары билікке келер-келместен тіл мәселесін айтуы орысшылдардың сепаратизмін әдейілеп оятқандай еді. Ал Луганск пен Донбастағылар Ресей туын көтеріп, өздерін «Ново-Россия» атай тұра, дәл бір тәуелсіз мемлекеттей «Кедендік одаққа» кіреміз дей тұра «сепаратист емеспіз» деп ақталмақ болды. Ресейдің оларға өз туын көтеруге рұқсат етуі және оларды «халық республикалары» деп БАҚ-та атауы – сепаратистерді жеке мемлекеттер ретінде мойындап, оларға жел бергені еді. Егер екі облыс халқы сепаратист емеспіз, тек Украина билігіндегі олигархтарға қарсымыз десе неге «Ново-Украина» атанып, қызыл ту көтермеске!? Әлде бұлар Ресейді социалистер басқарып отырмағанын, Кедендік одаққа кірген елдерді де олигарх әрі диктатор президенттер билеп отырғанын, олардың қорғаушылары «батыс империалистері» мен Путин екенін білмей ме? Украинадағы Кеңес кезеңі ескерткіштерін құлатушыларды «фашистар, нацистер» деуші Ресей БАҚ-тары Ленин ескерткіштері Ресейдің өзінде әлдеқашан алынып тасталғанын да жақсы біледі емес пе!?..

Сөйтіп, бәдік ауыз В.Жириновский 25 жыл бойы ерттеп міну арқасында депутат болып жүрген «орыстың шовинистік қотырын қасу» тақырыбын (конек) барша Ресей саясатшылары әп-сәтте иемденіп шыға келді. Мен осы шулаудың мақсаты «Әлемдік билік» Ресей арқылы жалған көпполярлылық жасап алып Үшінші дүниежүзілік соғысты бастап, Жер халқын азайту деп білдім.
Украина шығысында соғыс өршіп, Ресейге батыс мемлекеттерінің экономикалық санкциялары, үкіметтерінің бірін-бірі кінәлаулары жиіледі. Әлемде 7 млрд. халық бола тұра, батыс елдерінің кәсіпкерлері 130 млн. Ресей халқына қарап қалғандай Италия, Полша, т.б. елдерде жасанды жиындар өткізілді.
Орыс саясатшылары, ақпарат құралдары НАТО-ның Ресейді бөлшектемек жоспары барын айтып байбаламдауы күшейді. Әрине, американдық педагог Роберт Хатчинз: «Единый мир на основе концепции совершенной тирании хуже, чем несколько миров, в каждом из которых тирания по-разному несовершенна. По крайней мере в каждом из миров легче освободиться от свойственной ему тирании, именно благодаря ее несовершенству, что поможет и остальным мирам освободиться от свойственной им тирании», – дегеніндей, адамзатты «чиптеп» құлақкесті құлға айналдырар бірполярлы «Әлемдік билікке» қарсы тұрар екінші күштің болғаны жөн ғой…

Сол кез жылға жуық ресейлік БАҚ «Әлемдік билік» туралы айтуы сап тыйылып, тек: «Евроодақ елдерін Украинаны қолдауға мәжбүрлеуші», деп АҚШ президенті Б.Обамаға қарғыс жаудырды (Дәл бір афро-американдық Обаманың президенттікке өз күшімен келгеніне сенетіндей-ақ).
Сөйтіп, мұның НАТО мен Кремльдің кезекті «ойыны» ма, әлде шынайы қарсыластық па екенін анықтау үшін мен РФ президенті В.В.Путинге 2014 жылдың наурыз айында хат жолдадым. Сол кездері «Русский язык древнетюркский?» деген зерттеуімді аяқтап, түрк және славян халықтарының тілдерінің түп-тамыры бір екендігін анықтаған едім. Хатым: «Егер НАТО шынымен де Ресейді жаулап, бөлшектемек деп есептесеңіз, оған қарсы тұру үшін түрк және славян халықтарының этникалық тамырының бірлігін дәлелдеген менің зерттеуімді насихаттап, осы Тұрандық халықтарды бір-бірімен соғыспауға, одақтасуға шақыру жұмыстарын жүргізейік», деген мазмұнда болды. Кешікпей РФ президенті әкімшілігінен, менің хатымның саяси маңызын түсінбегендей: «Біз кітап шығарумен айналыспаймыз», деген жауап келді. Қайталап жазған хаттарыма да дәл осындай бес «жауаптар» алдым. Менің ұсынысымды қабылдамауынан Ресей билігінің «батыс агрессиясына» қарсы тұруға құлықты еместігі, сондай-ақ, Н.Назарбаев орыспен «одақтастырып» жатқан қазақ, қырғыз сияқты түрк халықтарға бұрынғыдай «старший брат» тұрғысынан қарайтындығы айқандалды. Бұл – келешекте түрк халықтарына тағы да Ресей тарапынан геноцидтер жасалуы мүмкін деген сөз. (ҚР Тіл басқармасына, Алматы Тіл департаментіне, жауап болмағандықтан Н.Назарбаевқа «орыстілді қазақстандықтарға қазақ тілін үйретуді менің методикамды қолданудан – екі тілдің ортақ түбірлі екенін көрсетіп, «қазақ (түрк) тілі бөтен» деген қарсылығын жоюдан бастауды ұсынғанмын. Путиннің де, Назарбаевтың да ұсынысымды қолдамауы, «Бөлшекте де биле», дегендей, билікке қазақ пен орыстың бірін бірі бөтенсіп жүргені тиімді екенін дәлелдейді.).
2014 жылдың күзіне қарай кейбір орыстар да Қырымды басып алуға байланысты қоздырылған шовинистік елірмеден айыға бастады. Мысалы Ресейдегі «Жаңа Коммунистер» тобының жетекшісі В.С.Петрухин «Сговор» атты мақаласында (09.09.2014) президенттер В.Путин мен П.Порошенконың «жабық есік артындағы» әңгімелесуі туралы: «О чём, скажите, могут говорить два часа, без свидетелей, люди, обвиняющие один другого (в телепередачах) во всех грехах? Два часа могут говорить друг с другом друзья, обмозговывающие общий план действий. О чём могут договариваться друг с другом резиденты капитала?! За спиной одного — олигархи России. За спиной другого — олигархи Украины. За спинами обоих — вся власть, олицетворяющая капиталистическую сволочь планеты! Только об одном они могут говорить: как усмирить взбунтовавшийся народ, который может, если его не остановить, отнять (и отнимет) у них власть, а у олигархов – собственность», – деп жазған.

Украинадағы жағдайды, НАТО мен Ресей арасындағы әрекеттерді БАҚ-тар арқылы жылға жуық бақылап, президенті П.Порошенкоға, премьер Яценюкке, т.б. саясатшыларына ұсыныстар айтып талай хаттар жолдағаныммен, біріне де жауап келмеді. Сондықтан Украинадағы оқиғалар Ресейдің КСРО империясы шекарасын қалпына келтіруге әрекеті ме, әлде «Әлемдік биліктің» Кремль мен НАТО-ны тағы да жалған «холодная война» ойнаттырып әлем халқын үрейде ұстау үшін, санын азайтып «алтын миллиардты» ғана тірі қалдыру үшін ұйымдастырған кезекті қасабы ма деген сұрақтарыма жауап таппаққа ол елге барып қайту қажет болды. Сөйтіп 2015 жылдың 24 ақпанында Киевке жүріп кеттім.

 

ІІІ. Украинада ұлтшылдықты иммитациялау

Зерттеуімді Киев эпархиясының басшысы Филареттен бастуды жөн көрдім. (Он жылдай бұрын ол Мәскеуден бөлініп жеке эпархия ашпақ болғанда оны қолдап, Киевтің христиан дінін Мәскеуден бұрын қабылдағанын айтып хат жолдағаным бар.) Мен оған: «Дін адамы бола тұра жуырда АҚШ-қа барып неге қару сұрадыңыз, әлде бұл соғысты ұйымдастырушы «әлемдік билік» емес, бұрынғыдай НАТО мен Ресей бәсекелестігі екендігіне сенесіз бе?» деп, ойын білмек едім. Дәл сол күні ораза басталғандықтан Филарет апта бойында қабылдау жасамайды екен. Мен көмекшілеріне өзім туралы құжаттар, кітаптарымды қалдырып, Жоғарғы Радаға кеттім. Ресей телеарналары «әсіре ұлтшыл» атап жүрген Ярош, Ляшко, Тимошенко сынды депутаттарды іздеген едім, олар тек сессия кезінде ғана болады екен. Киевте тыныштық. Жұрттың көпшілігі орысша сөйлесіп жүр. Оларды қудалаған ешқандай да фашистерді көрмедім. Премьер-министр Яценюктің қабылдау бөліміне барып Қазақстаннан келгенімді, 1970-1980 жылдары орыс отаршылдарымен күресіп саяси тұтқында болған адам екенімді, Украинаның жер тұтастығын сақтауға қатысты ұсыныстарым бар екенін айтқан едім, жазбаша әкеліп тапсыруымды сұрады. Қала шетіндегі, тәулігі 10 долларлық мейманханаға орналасып, ертесіне қайта бардым. Сондай-ақ, жазған ұсыныстарымды 7-8 күн ішінде Украинаның Наливайченко басқаратын «Қауіпсіздік қызметі» мекемесіне, осы мекеменің бұрынғы басшысы, президентпен тікелей қатынасы бар генерал Маломужға, Сыртқы қауіпсіздік, т.б. мекемелерге тапсырдым. Менің айтқан ұсыныстарым: Украинаның екі облысындағы сепаратизмді тоқтату үшін, оларға көмектесуші Ресейдің шовинистік пиғылын қарулы соғыс арқылы емес, моральдық тұрғыда басу қажет. Бұл үшін:
– ұлы композитор П.Чайковскийдің ұлты украин казагі болғандықтан оған Киевте ескерткіш орнатылып, Чайковский атындағы конкурстерді Украинада өткізу; Ұлты украин Гогольге, т.б. орыстар иемденіп жүрген атақты адамдарға Украинада ескерткіштер тұрғызу;
– егер Ресеймен «ат құйрығын кесіскендерің» рас болса, Украинаны 1654 жылы орысқа қосқан Богдан Хмельницкийдің Киев алаңындағы ескерткішін алып тастап, орнына 1708 жылы Мәскуге қарсы шыққан гетман Мазепаға ескерткіш қойыңыздар;
– Орыстардың «великий, могучий» деп жүрген тілдері тек орыстікі емес, өзге де славян халықтарына ортақ тіл екенін, тілді және православия дінін «приватизациялау» арқылы орыстар күллі славян әлемінен өзі бөлініп отырған әшкерелеу;
– осы «великий, могущий» деп жүрген орыс тілі (ұлұқ, күшлі) шындығында көне түрк тілі екенін дәлелдеген менің «Русский язык древнетюркский?» атты кітабымды қайта басып шығару (бірінші басылымы шығуына 2014 ж. Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының басшысы Ю.Ф.Захаров демеушілік жасаған). Орыстардың Тұраннан шыққанын тілі арқылы дәлелдеу бұл халықты шовинистік дертінен емдеуге көмектесер еді;
– Қырымды бір оқ шығармай аннекциялаудан соң орыс халқы РФ президенті В.Путинді «КСРО империясы кезіндегі шекараны қалпына келтіреді» деген шовинистік дәмемен ғана қолдап отыр. Егер Қазақстанды Евразиялық одақтан шығару, ал Қырғызстанды ендірмеу үшін Орта Азияда митингілер ұйымдастырсақ, В.Путиннің бірдеме тындырарынан үміт үзген орыс халқы өзі-ақ оны Украина жеріндегі соғысқа араласпауға мәжбүр етер еді», дедім.
Қазақстанды қазақ халқының келісімінсіз Н.Назарбаев Ресейге қайтадан Кедендік, Евразиялық одақ деген сылтаулармен қосып (бұған қарсы тұрар бүгін қазақта күш қане?), ақыры болары болған соң бұрынғыдай Ресейге «младший брат» күйінде емес, түбі Тұрандық тең халықтар ретінде болайық деп В.Путинге жазған хатыма жауаптан Ресейдің әлі де шовинистік болмысынан арылар ниеті жоғы түсінікті болған. Сондықтан, Украинадағыларға: «Егер Ресей елдеріңізге басқыншылығын үдеткен жағдайда, 1941 жылы КСРО-ға қарсы күрескен Мұстапа Шоқай атамыздай «Түркістан батальонын» құрып Украинаға да көмектесуге болатынын айттым.
Елдегі халықтың жадын жаңғыртып, патриоттар санын арттыру, үшін Ресейдің отарлау тарихы, одан өзге халықтардың шеккен зардаптары туралы баяндалған менің 1970-1977 жылдарда жазған мақалаларымды (бірінде Мазепаны Кенесарымен қатар атап, екеуін «нағыз халық батырлары» дегенмін) кітап етіп шығаруды, одан түскен қаржыны сепаратистермен соғыста қаза тапқан жауынгерлердің отбастарына беруді ұсындым. Музыкалық шығармаларымның ноталарын, күйтабақтарымды да ала барған едім. Украинада авторлық концерттер өткізіп, оның да қаржысын солай етуді ұсындым. Ресми үкімет мекемелердегі қызметкерлер ұсыныстарымды мақұлдап, жауапты созбай, бірнеше күнде беретіндерін айтты. Тек Наливайченконың қабылдау бөлмесіндегі жігіт екі барғанымда да жақтырмаған кейіп танытты.
Сталинград майданында жараланып госпитальда болған әкемнің айтуынан болмаса, Киевке бірінші келуім. Тәңірі қолдап, келген күні Министрлер кабинетінің қабылдау бөлмесінде менің Қазақстаннан не шаруамен келгенімді естіп қалған В.Волков деген азамат (мамандығы адвокат, жасы 52-де) маған жол көрсетуші болды. Кейбір мекемелерге кіріп шыққанымызда ол: «Мына қызметкер бұрынғы президент Януковичтің тұсында істеген. Сізбен болған әңгімелер Ресей барлау орындарына жетті дей беріңіз», деп қояды. «Е, мейлі, «Әлемдік биліктің» я оның итаршы жергілікті президентсымақтарының халыққа істеген қорлықтарын көріп құса болып үйде өлгенше, бабаларымдай ат үстінде өлейін», – деймін. Ол мейманхана терезесінен біреулер атуы мүмкін деп пердені мұқият жауып, үйіне кетеді.
Бір күні ол ертемен келіп, түнде Мәскеуде оппозицияшыл Б.Немцов өлтірілгенін айтып, маған Қазақстанға қайтпай, оппозициялық жұмыстарды жүргізу үшін Украинада қалуды ұсынды. Бұл туралы М. деген генералмен ақылдасқанымызда, ол Ресей барлау мекемелері мықты екенін, Украина түгіл Польшадан да мені жоя алатынын, тек Лондон не АҚШ жақ қауіпсіздеу деді. Сөз арасында мен генералға Донбасстық әскер басшысы И.Стрелковтың Қазақстандағы газетке сұқбатында: «Стойкость и самоотверженность ополченцев не позволили карателям подавить восстание до момента, когда реальная помощь из России все-таки достигла адресата»,– деп, сепаратистердің Ресейден әскери көмек алғанын өз аузымен айтқанын көрсеттім. «Ресейдің сепаратистерге қарулы көмек беретіні бізге белгілі», деді генерал. «Ендеше Украина мен НАТО елдерінің басшыларының нақты айғақ тауып Ресейді әшкерелей алмай отырғаны несі?», деген едім, генерал үндемей қалды.
Маған 1989 жылы күзде, сондай-ақ АҚШ-та 1994 жылы ЮСАИД бағдарламасымен адам құқықтарын қорғау бойынша бір жарым айға лекцияларын тыңдауға шақырылғанымда да АҚШ азаматтығын алуға ұсыныс жасағандарында бас тартқан едім. Енді, Немцовтың өлтірілуінен соң мен әлгі украин генералының кеңесіне құлақ асуды жөн санадым. Волков екеуіміз мейманханаға оралып Ұлы Британия королевасына, АҚШ, Польша президенттеріне менің 1970-1989 жылдарда саяси сотталған, одан берідегі Н.Назарбаев режимінің қудалу, соққыға жығуын куәландыратын құжаттарды тіркеп, уақытша саяси баспана сұрап өтініштір жаздық. Олардан жауап келгенше менің қауіпсіздігімді қамтамасыз етуді «Азов» батальонынан сұрамақ болдық. Ескі ластанған үйдегі екі-үш жігіт бізді көріп: «Әскер қатарына жазылғалы келдіңіздер ме?», деді. Мен ол жастан әлдеқашан асқанымды, мынадай ұсыныстармен Қазақстаннан келгенімді айтым. Басшылары соғыста жүргенін, өздері ештеме шеше алмайтынын айтты. Бұл әлгі, Ресей БАҚ-тары «туында фашистік белгі бар» деп шулап жүрген әйгілі «Азов». Олардан «Правый сектор» штабының мекен-жайын сұраған едік, білмейтіндерін айтты. Көшеге шығып сұрастырсақ, «Азовтан» 150 қадамдай ғана жерде екен. «Правый сектор» 1941-1945 жылдардағы соғыста украин ұлтшылдары армиясының қара-қызыл туын қайта көтерген, Ресей үкіметі «бандеровшылдар» атап, басшылары Д.Ярошқа сырттай қылмыстық іс ашқан батальон. «Правый сектор» жігіттері Яроштың жараланып Днепропетровскіде ауруханада жатқанын, ертең оның «оң қолы» (көмекшісі) келіп менің күзетімнің мәселесін шешетінін айтты. Алайда, мен содан кейін ол елде жүрген он төрт күнде олардан да, өзгелерден де еш хабар болмады.
Айтпақшы, Киевке бара Қырым татарлары атынан ондаған жыл Украина Радасында депутат болып жүрген Мұстафа Джемалді іздестіргенмін. Телефонын тауып хабарласқан едім, «Украина» мейманханасында баспасөз мәслихатын өткізіп отырғанын айтты. Екі сағатқа созылған мәслихатынан соң жолығып едім, басын жерден алмай тұқыртып, өлі балықтай қолының ұшын ұсынып, бір сөз айтастан өте берді. Іле оның көмекшісімін деген А.Жұмаділов деген жігіт келіп, менің қалтама визиткасын жылдам салып: «Ертең хабарласайық», деді. Мен оған «Украинаға ұсыныстарымның» бір данасын ұстаттым. Қырым татарлары Ресейден көрген теперіштерін айтып Алматыға 1990 жылы келгенде біз, «Желтоқсан», «Азат» ұйымдары оларды құшақ жая талай қарсы алған едік. Мыналардың соншама үріккендеріне қарағанда біреулер менімен сөйлесуге тыйым салғандай. Қырым татарларының хандары да қазақ хандарындай Жошы ханның 13-ші ұлы Тоқай Темірдің ұрпақтарынан. Туларында менің «тарақ» таңбам. Анандай мінездеріне қарай оларға қайта хабарласпадым. Менің «ұсыныстарымнан» шошығандай олар да зым-зия кетті.
Жортуылымның тоғызыншы күні «Батковщина» партиясының басшысы Ю.Тимошенконың кеңсесіне телефон шалып, келетінімді хабарладық. Барсақ өзі жоқ. Қабылдау бөлмесіндегі әйел менің ұсыныстарымды тыңдап отырып, Қазақстанды Евразиялық одақтан шығару туралы ойымды естігенде: «Сіз бізді халықаралық жанжалға кіргізгіңіз келе ме?!» деп баж ете түсті. «Украина Ресеймен менсіз де жанжалда емес пе!? Ендеше оның одақтасы Қазақстанмен қалайша дос боласыздар?!» деп, оның міндеті менің ұсыныстарымды партия басшысы Тимошенкоға тапсыру екенін айттым.
Егер Украинада билікте, партияларда орыс отаршылдарын шын жек көретін ұлтшылдар бар болса, орыс империясымен 1970 жылдан бастап шайқасып үш рет түрмеде болған мені «оркестрмен қарсы алар» еді. Ал, шын мәнінде, Украинадағы «ұлтшылдық» телеарналар арқылы көрсетіп орыс пен украиндарды бір-біріне өшіктіру үшін екі жақтың биліктері келісіп ұйымдастарған иммитация болып шықты. Біздегі, 1990 жылдардан бергі, рұқсат етілген, тиімді болған замандағы «ұлтшылдық» жарысына ұқсас ойын екен. Жұмыссыз халық амалсыздан айына 300 доллар көлеміндегі жалақы үшін соғысқа қатысуда. 1992 жылы ақпанда Қарабақтағы Қожалы қырғынына байланысты әзірбайжан туыстарға жәрдемдесуге барғанымызда Бакудегі телеарналар, газеттер жапа-тармағай сұқбат алған еді. Ал Украинадағы «ұлтшыл» билік те, «фашист», «бандеровшыл» партиялар да маған бірде-бір БАҚ-та сұқбат ұйымдастырмады. Бәрі де бір нәрседен қуыстанғандай. «Ішкі сырымызды біліп қоя ма?» деп, менімен сөйлесуден қашқақтайтын дәл Қазақстандағы жалған оппозиция іспеттес…
Украинаға жолға шыққанда ол елдегі азаматтардың көзінен қоғамда бір өзгерістер болады деп күткен жігер отын көріп, 1990-1992 жылдардағы Қазақстандағыдай көңіл күйді қайта кешермін деп үміттенген едім. Қазақстанда «үй қамақта» елеусіз қартайғанша тарихтан және филологиядан ашқан жаңалықтарымды сол елде қалып насихаттасам ба деген де ой болған. «Русский язык древнетюркский?» кітабымнан Ресей үкіметі қашқақтағанымен, шовинизмнен ада өзге славян халықтарына сол жақтан насихаттау мүмкіндігі болар дегенмін.
Киевтегілердің менің Украинаға жәрдемдеспек ниетіме жүрдім-бардым селқостығын көріп, әрі шетелге шықсам 4-5 күн өте елді сағынып ішім ашитын мінезіммен, үйге қайтып-ақ кеткім келген. Алайда Ресей БАҚ-тары «Украина билігіне бағынбай, өзінше әскер жасақтайтын соғысқұмар» деп, үстінен қылмыстық іс қозғаған Днепропетровск облысының губернаторы олигарх Коломойскийге жолықпай кетсем өкініш болар деп, Волковты ертіп пойызбен 8 сағаттық жердегі Днепропетровскіге тарттым.
Облыстық әкімшіліктің астыңғы қабатындағы асханадағы әскерилерден «Правый сектор» батальонының басшысы Ярошпен, Коломойскийдің кісілерімен қалай жолығуға болатынын сұрастырдық. Бір майор мен полковник келіп, өздерін Яроштың бастықтарымыз деп таныстырып, шаруамызды сұрады. Мен Киевтегілерге айтқан ұсыныстарымды қайталадым. Олар сол маңдағы штабтарына екі сағаттан соң келуімізді сұрады. Барғанымызда Семенченко, т.б. әскербасылар Киевке Жоғарғы Рада мәжілісіне кеткенін, алайда бүкіл әскери шаруаны шешетін Малько деген басшы ертең түсте қабылдайтынын айтты.
Ертесінде Коломойскийдің сыртқы істермен айналысатын орынбасарына жолығып ұсыныстарды баян еттім. Ол: «Сіздердің, қазақтардың үстіне Путин мықтап отырды. Енді тыпыр ете алмайсыздар», деп, менің Қазақстанды Евразия одағынан шығармақ жоспарыма сенімсіздік білдірді. «Олай демеңіз! КСРО кезінде де «қазақтар ең орыстанған, момын халық», деп жүргенде, өзгелерден бұрын империялық билікке қарсы 1986 жылы қазақтың көтерілгенін ұмыттыңыздар ма?!», деген едім, әлгі үнсіз қалды. Одан шығып М. ның қабылдауына кірдік. Ол ұсыныстарымды көріп: «Қолмен жазылған жарамайды, компьютерге теріп әкеліңіз»,- дегені. «Әу, сапардағы адамда ондай жағдай қайдан болсын!?» десем, тыңдар емес. «Қазақстанды Евразиялық одақтан шығарамын дегеніңіз дұрыс екен, шығара беріңіз», дейді, дәл бір оңай шаруадай. «Әуелі үгіт жұмыстарын жүргізуге Қазақстанның 3-4 аймағында үнпарақ, тіркеусіз газет шығаратын шағын типографиялар, оның қағазына, бояуына қаржы керек қой?», десем, «Киевтегі майданды 11 адам ғана бастаған болатын, газетті редакциялап электр поштамен жіберсек Украинада-ақ миллион тиражбен шығарып Қазақстанға жеткізуге болады» дегендей ертегілерді айтып кетті. Волков та шыдай алмай: «Майданды ұйымдастыруға АҚШ қаржылай көмектесіпті ғой?» деп қалды… Сонымен миллиардер Коломойскийдің аузын қу шөппен сүрткен екі орынбасарының өнбес әңгімесіне «тойып», түнгі пойызбен Киевке қайттық.
Украина билігі өз бетінше еш саясат жүргізбейді, тек НАТО құрамындағы елдердің айтқанын орындаушы ғана» деп үнемі айтатын Ресей пікірін «ескеріп», украиндар атқаруға құлшынбаған ұсыныстарымды шетелдіктерге тапсырып кетек болдым. Алба-жұлба ескі үйдің бірінші қабатына орналасқан Ұлы Британия елшілігінің алдына барғанымызда орысша сөйлеген күзетші бізден тезірек кетуді талап етті. Волков есік қоңырауы тетігін басып үлгірген еді, іштен шыққан жігіт бізді кіргізді. Алайда ол хатты қабылдамайтынын айтып, королеваға жазған хатты Лондонға барып тапсыру керек деді. «Елдің бәрі бұйымтайын Лондонға өздері барып айтар болса, шетелдерде елшілік ашып керегі не?» деп, әлгіні менің хатымды алуға көндірдім.
Одан шыға АҚШ елшілігіне бардық. Кімнен неге қорқатындарын қайдам, Украинадағы НАТО елдерінің елшіліктері де дәл Қазақстан мен Қырғызстандағыдай, биік темір шарбақтармен мықтап қоршалған. Қызметкерлері бейне бір түрмеде қамаулы жандарға ұқсайды. Күзетші украин әлде орыс жігітіне елшіге жолығар шаруамыз, тапсыратын хатымыз барын айтқан едік, ол ешкімге хабарламайтынын, ал хатты пошта арқылы салу керектігін айтты. 1991-1994 жылдары Қазақстандағы шетел елшіліктері мені апта сайын өздері шайға шақырып үйреткенді. Сондықтан іштегі ашуымды әрең тежеп тұрдым.Ұзын бойлы бір американдық елшіліктің темір торынан шығып темекісін тұтатты. Волков сөйлеспекке жақындай беріп еді, күзетші жігіт орнынан жүгіріп шығып: «Сіз оны танымайсыз, неге жақындайсыз!», деп айқайға басты. Американдық та: «Ештеме етпейді, айтсын, тыңдайын», демеді. Дәл бір бізбенен тілдессе жазаға ұшырардай, темекісін өшіре сала ішке қарай тұра безді.
Ертесінде Польша елшілігіне бардық. Кім екенімді, не үшін келгенімді бір әйел қызметкерге айтқан едім, бір сағат өте темір қақпаның есігі әзер ашылды. Ауызғы бөлмеде күзетші үсті-басымызды тінтіп жатқанда әріден сұр бұжыр бетті тарамыс денелі жігіт шығып: «Қазақстаннан келген сіз бе?», деді. Мен Украинаны және әлем елдерін мезі еткен орыс шовинизмін бәсеңсітер жолдарды, т.б. ұсыныстарым барын айттым. Сол қарсаңда Ресей билігі Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңудің 70 жылдығын атап өту сылтаумен орыс халқының шовинизмін одан әрі қоздыруға кірісіп жатқан. Мен Польша БАҚ-тары арқылы «1939 жылы қыркүйекте гитлерлік Германия мен сталиндік КСРО Польшаны бірлесіп басып алуынан Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанын, сондықтан фашизмді жеңудің 70 жылдығын тойлауға Ресейдің моральдық құқығы жоқ екенін, осы соғыста миллиондап қырылған орыс халқына «жеңдік» деп көкірек қаққаннан гөрі, соғысқа арандатқан үкіметіне қарғыс айтуы орынды екенін мәлім еткім келетінін білдірдім. Сөйтсем әлгі қайыстай қатқан поляк жігіті: «Оны білеміз. Сізден елшілік ешқандай қағаз қабылдамайды. Польшаға барғыңыз келсе шекарашыларға барып айтыңыз!», – деп безілдей жөнелді.
Елшіліктен шыққанда Волков: «Осылардың қашқақтауына қарағанда біреулер сіз туралы теріс мәлімет айтқан сыңайлы», деді. «Мықты барлау мекемелері бар мемлекеттердің қызметкерлері біреулердің таратқан өсегіне емес, менің нақты істерім туралы өз зерттеулеріне сенуге тиіс емес пе!?» дедім оған. Қазіргі бақай-есеп поляктарды орыс, неміс отаршылдарының қысымымен шет елдерде жүріп қайтыс болған күрескерлер Огинский, Костюшко, Мицкевич, Шопендердің аруағы атсын деп еліме оралмаққа Борисполь әуежайына тарттым.
Айтқандайын, Шевченко деген генералмен сөйлесу кезінде: «Украина мен оны қолдаушы АҚШ, т.б. НАТО блогі мемлекеттері қазір Ресей президенті В.Путинмен араз бола тұра, оның одақтасы Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен аса тату болуы қалай?» дедім. Генерал жымиып: «Гитлермен соғыс кезінде де Швейцария келіссөздер жүргізетін бейтарап аймақ болды ғой, Қазақстан да сол сияқты..», деп күмілжіді. «Бірақ, Қазақстан бейтарап ел емес, Ресейдің одақтасы ғой!? Сондай-ақ, Н.Назарбаев Ресейдей жауларыңыз күшейсін деп оған одақтас етпекке Қырғызстанға 100 млн. долларды қазақтың аузынан жырып берсе, ал сіздермен соғысып жатқан сепаратист Луганск облысына осыдан бір ай бұрын 70 миллион теңгенің жәрдемін жіберді емес пе?! Оның руласы казак полковнигі А.Асылбеков Қырымға барып Қазақстан туын көтеріп Ресейдің Қырымды Украинадан тартып алуын қолдайтынын білдіріп, құттықтап қайтуына қалай қарайсыздар?», – деген едім, генерал үндемеді. Менің Украинаға келгендегі қоймақ маңызды сұрағымның бірі осы еді, түсінікті болды!..
Киев маңындағы Борисполь әуежайынан ұшарда «Стань мандрівним послом. Роскажи світу правду про ситуацію в Украіні!» деп жазылған үлкен тақтаға көзім түскен еді. Сол өтінішті орындап, Украинадағы көргендерімді жұртшылыққа баяндап отырмын.
(Елге оралғаныма екі ай өте Украинадан: «Уважаемый Кожа-Ахмет Хасен Каримжанулы! …Предоставленная Вами информация учтена уполномоченными подразделениями СБ Украины в оперативно-служебной деятельности», – деген хат келді. Дәл сол кез П.Порошенконың Польшаға барып «ІІ-дүниежүзілік соғыстың басталуына Сталиннің де кінәсі болды» деп теледидардан сөйлегенін естідім. Ау, мұны орыстар да айтып жүр, сөйте тұра соғыста жеңгендеріне де мақтануда. Мұны: «Сендер бастаған соғыстан зардап шеккен Польша, Ұлы Британия, АҚШ жеңісті тойласа жарар, ал КСРО-Ресейдің тойлауға моральдық құқы жоқ!», деген тұрғыда айқанда (және оны мен сияқты, Ресейдің одақтас елінің азаматы айтса), орыстың бірталайына ой салып, үкіметтің 70-жылдық тойы сылтауымен шовинизмді қоздырмақ пиғылына нұқсан болар еді).

***
Елге келсем тағы да президенттікте Н.Назарбаевты қалдыру «сайлауы» (санынан халық та, ол да жаңылған) мерзімінен бұрын жүріп жатыр екен. «Нәтижесін «сырттағы қожайындар» шешіп қойған осынау бос «ойынға» шығындалар қаржы мүгедек, зейнеткер, студенттерге берілгені жөн», – дегендей мәлімдеме жасау ойыма келген. Алайда, олай десем, өздерін оппозиция, демократ санайтын біреулердің: «Хасен билікке сатылыпты! Назарбаев сайлаусыз-ақ президент бола берсін дейді!», деп шулары айдан анық еді.
Сонымен, әдеттегідей, НАТО елдері мен Ресей бір ауыздан қолдайтын Назарбаевты сайлау басталды. БАҚ-тарымыз Бельгиядан келген бақылаушы, Европа Парламентінің вице-президенті Рышард Чарнецкийдің: «По прибытии сюда я читал статьи в международных газетах, что на этих выборах в Казахстане будет небольшое число голосующих — это оказалось неправдой. Мы сами можем наблюдать огромную толпу избирателей на каждом участке, очереди. Поздравляю Казахстан с таким отношением к демократии и процессу выборов»,- деген сөзін, бақылаушы ретінде келген Литва Республикасы Сеймі депутаты Гедеминас Яковонистің: «Я давно наблюдаю за Казахстаном слежу за вашей политикой. мне очень нравится, что у вас столько людей приходят голосовать», — дегенін жазыпты, дәл бір литвалық пен бельгиялық поляк КСРО кезінде биліктің қалайша халықты сайлауға 100 пайыз қатыстырғанын ұмытып қалғандай. Ресеймен дұшпандасып отырған Евороодақтан, Литвадан келгендер мерзімінен бұрын сайлау өткізудің өзі заңсыздық екенін біле тұра Ресейдің одақтасы Н.Назарбаевқа соншама көлгірсуі де баршасы бір қожайынның қызметкерлері екенін тағы дәлелдегендей.
«евРоссийская интеграция» тақырыбымен 22.04.2015 ж. Интернетте берілген «Штаты не отговаривали Кыргызстан от вступления в Евразийский союз» деген мақалада: «Вашингтон никогда не отговаривал Бишкек от вступления в ЕАЭС, сообщил сегодня на пресс-конференции министр иностранных дел Кыргызстана Эрлан Абдылдаев. По его словам, выбор страны также поддержали в Евросоюзе: страны Европы уважают самостоятельный выбор, который сделал Кыргызстан. «Они считают, что если Кыргызской Республике это принесет пользу, то они будут только поддерживать. При этом говорилось много о том, что сегодня нужно налаживать более тесные взаимоотношения между Евразийским экономическим союзом и ЕС. Поле очень большое», — заметил министр, слова которого передает агентство K-News.
Абдылдаев добавил, что решение Кыргызстана о вступлении в союз России, Беларуси и Казахстана также поддержал соседний Китай.
По его словам, Бишкек провел несколько раундов переговоров с США.
«Ни на одном из них мы не слышали каких-то предостережений на счет вступления [в Евразийский союз]. Китай сказал, что уважает наш выбор. Это объективный и нормальный процесс», — заключил министр» – делініпті.
Міне, 2005 жылдан бері менің «Ресей империясын әрі қарай бөлшектеу қажет» деген ұсыныстарыма АҚШ, НАТО құрамындағы елдер, Жапон, т.б. елшіліктерінің, Украинада менің «Соғыстарды тоқтату үшін Евразиялық одақтан Қазақстанды шығару, Қырғызстанды ендірмеу қажет», дегеніме жауап бермеу себебтері – алдыдағы болар Үшінші дүниежүзілік соғыста түркістандықтар Ресей жағындағы «командада ойнап» қырылуға тиістігін «Әлемдік билік» әлдеқашан жоспарлап, шешіп қойған екен. Н.Назарбаевқа Ресейге Қазақстанды, Қырғызстанды интеграциялауына «батасын беріп» жүрген Ресейдің «жауы» – АҚШ-тың өзі екен.
Ай бұрын бір ресейлік саясатшы телеарнадан: «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталмас бұрын Ресейге біраз территорияларды қосып алуына мүмкіндік беріледі», деп сөйлеген еді. Ол территориялар Оңтүстік Осетия, Абхазия, Қырым екен. Осы арқылы «Астыртын әлемдік билік» батыс халықтарын «Ресей қайтадан өзге елдерді жаулауға кірісті» деп шошытып, ал орыс халқын «КСРО империясының шекарасын қалпына келтіреміз» деп үміттендіріп шовинистік науқасын қоздырумен соғысқа арандатып «алтын миллиард» жоспарын орындамақ. Кеше ғана Уфадағы жиында Шанхай бірлестігіне Индия, тіпті үнемі АҚШ-тық саясат ұстанып келген Пакистан да қосылуына қарай, қырғын аймағы бұрынғы екі дүниежүзілік соғыстардан да ауқымды болмақ. Биліктің жоспарлаған қырғынына қарсы адамдарды «патриот емессің, сатқынсың, дезертирсің!» деп жазғыру, жазалаулар, ал көнбістікпен қаза болғандарды «патриот, ержүрек, батыр» деп дәріптеу тағы да басталмақ.
Р.Эпперсон кітабында 1961 жылғы «Гудзон есебінде» жазылған «соғыстың көрінбейтін функцияары» туралы: «Они явно указываются в отчете, и все эти функции имеют одну общую цель: “Война дает как древнему, так и современному обществу спорную систему стабилизации и управления национальными экономиками. Еще не был испробован никакой альтернативный метод управления сложной современной экономикой, который показал бы, что он, пусть даже отдаленно, сравним по масштабу или эффективности. Войны выполняют определенные функции, существенные для устойчивости нашего общества; до тех пор, пока для этого не созданы другие способы, военная система должна сохраняться и совершенствоваться по эффективности”.
Далее в отчете уточняется, каковы “невидимые функции” войны:
Война…является основной организующей силой в большинстве обществ. …Возможность войны обеспечивала любому правительству чувство его внешней необходимости, без которого никакое правительство не может долго оставаться у власти.
Исторические данные обнаруживают целый ряд примеров того, как неспособность …режима сохранять правдоподобие военной угрозы приводила к его распаду.
Война… обеспечивает анти-общественным элементам приемлемую роль в структуре общества.
Более молодые, и более опасные из этих враждебных общественных группировок контролируются Системой Избирательной Воинской Повинности.
Как средство управления… можно снова поддержать призыв на военную службу.
Уровень призыва имеет тенденцию следовать основным колебаниям уровня безработицы…
Человек уничтожает избыточных особей собственного вида организованными боевыми действиями.
Война является основной побудительной силой для развития науки…
Война является…общим социальным избавлением…для рассеяния общей скуки.
Война… дает возможность физически дряхлеющему старшему поколению сохранять свой контроль над более молодыми, уничтожая их в случае необходимости.
Превосходное резюме отчета содержится в романе Taylor Caldwell, названном «Обряд невинных». Она писала: “…в терзаемом мире не будет мира, а только череда запрограммированных и систематических войн и катастроф — пока заговорщики не достигнут своей цели: опустошенный мир, желающий подчиниться плановой Марксистской экономике и всеобщему и смиренному порабощению — во имя мира” – депті.
«Әлемдік биліктің» мынадай сұмдықтарына жұрт я сенбейді, я мұны сау адамның істер ісі емес дейді. Р.Эпперсон да: «Заговорщики успешны потому, что нравственный гражданин не может принять заключение, что существуют люди, способные на самом деле желать проведения невероятно вредоносных действий против своих сограждан», – дейді. Ал қазақта: «Алтынның буына мас болу», – деген сөз бұрыннан бар. Дүниеқоңыз қалталы жандардың өмірге сау адамның көзімен қарай алмайтындығы, психикасы бұзылатыны медицинада дәлелденген мәселе. Ал қазірде әлемдегі бүкіл мемлекеттердің басында билік пен байлықты қатар иемденгендер отыр. Бұл – бүкіл адамзатты психикасы науқас мастанғандар «басқаруда» деген сөз.

ІV. Не істеу керек?

 

Әрине, адамдардың бірін-бірі қанауы, соғысулары бұрыннан келе жатқан мәселе ғой дерміз. Алайда бүгінгі заман соғыстарында қолданылатын қарулар адамды қырумен шектелмей, Жер планетасының ауасын, суын, топырағын улап бүкіл тіршілікке қауіп төндіреді. Өзінің, ұрпағының тағдыры үшін адамзат бұған тоқтау қойуға міндетті.
Мен жоғарыда айтқан 2014 жылы ақпанда жазып, Адамгершіл (гуманистік) «Жаңа сана» атаған жобамда әлемдегі барша келеңсіздіктермен күресте адамзат Жаратушысы оған өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп берген артықшылығы – Адамдық санасына сүйенуді ұсынғанмын. Қазіргі өркениет адамның емес, оның тас дәуірінде қолына ұстаған аң аулайтын келтегінің «өркениеті», сол құралы «дамытылып» бүгінде ядролық қаруға айналса, ал адамның өзі 1-2 мың жыл бұрын Сократ, Баласағұн, Абайлар сынаған деңгейден өспегенін, енді адамзат «джунгли заңымен» өмір сүруін қойып, санасын адамдығын арттыруға бұрмаса Жер планетасын өмір сүруге жарамсыз етерін, т.б. ойлар айтып, сондай-ақ «Әлемдік биліктің» қатерінен құтылар бірқатар пікірлер жазған едім. Бірнешеуін ықшамдап айтайын:
1. Әлемдегі күллі мемлекеттердің елбасыларын «Әлемдік билік» тағайындайтын-дықтан осы мемлекеттерге бір-бірінен еш қауіп жоқ екен. Ендеше әлемдегі барша мемлекеттердің әскерлері таратылып, тек қоғамдық тәртіпті бақылаушы полиция ғана қалуға тиіс; соғыс қаруларын шығаратын бүкіл өндіріс орындары жабылып, қаруға бөлінген қаржылар халықтың денсулығын, мәдениетін, еңбекақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын, студенттердің стипендиясын көтеруге, елге қажетті тұтыныс заттарын шығаратын кәсіпорындар ашуға жұмсалуы керек. Құс үркіту үшін қолдан қару жасағаны, оны біреуге бергені үшін қылмыстық жазаға тартатын заң әр мемлекетте бар.Сондықтан миллиардтаған сомаға қару жасап, өзге халықтар бірін-бірі қырсын деп сататын мемлекеттер халықаралық сотпен жауапқа тартылуға тиіс.
Халықты үрейде ұстау, әрі қырып санын азайту үшін билік қарусыздануға (демилитаризация) өз еркімен бара қоймайтындықтан мұны орындаттыруға әлемнің барлық елінде халық Антимилитаристік қозғалыстар құруды жедел бастауға тиіс;
2. Мақтаулы «батыстық» көппартиялық негізінде сайлау жүйесі мемлекетте (әсіресе посткеңестік тоталитарлық биліктің қызметкерлері ауыспай қалған елдерде) билікке халықтың бақылау орнатуын қамтамасыз етуге жарамсыздығын, керісінше, авторитарлық, диктатуралық жүйе орнауына тосқауыл бола алмайтын «иілгіштігін» көрсетті. Нәтижесінде, жүгенсіз кеткен билік халықты «Әлемдік биліктің» экономикалық бұғауына түсіріп, коррупция, әлуметтік теңсіздік жылдан-жылға өршіп ел тәуелсіздігіне қатер төнуде. Сондықтан, жедел түрде «европалық көппартиялы сайлау» жүйесінен бас тартып, билікке халық бақылауын орнатардай өзге жүйені іздестіру қажет. (АҚШ, Европа саясатшыларының сол елдерді халық сайлаған президент, парламент емес, «Әлемдік билік», 50, 150 адам басқаруда» деген сөздері, бұл елдерде де әлгі жүйенің белсіздігін көрсетті).
Биліктің көппартиялықты, сайлауды иммитациялап оңшыл да, солшыл да ондаған партияларды өзі құрып, оппозиция етіп те ойнатқанын, ал биліктің келісімінсіз құрылған ұйымдардың ішіне жансыздарын енгізіп дау-дамай тудырып іріткені, сайлауда бәрібір «жеңілдіретіні» сан рет көзбен көрген, бастан өткізген шаруа (ҚР Орталық сайлау комитететінің басшысы З.Балиеваның бірде Парламент депутаттарына: «Не забывайте, как вы сюда попали!» дегені бар!). Сондықтан бұдан ары да «партия құру ойынын» жалғастыру – «Әлемдік» те, жергілікті биліктің де «диірменіне су құю», халықты оларға алдап беру болмақ.
Әрине, адамзат баласы бір-бірімен қырғи-қабақ соғыспай, бір орталықтан басқарылғаны да жөн шығар. Бірақ, «Әлемдік билікке» әділдігімен емес, өсімқорлықпен жиған ақшасының күшімен келген, алтынның буына мастанып психикасы науқасқа ұшыраған ауру-кеміс жандарға, адамзат тағдырын қалайша тапсырмақпыз!? Келешекте Жер бетінде 1 млрд. адам ғана қалдырып, өзгесін жоқ қылуды жоспарлауды «басқару» деп айтуға бола ма?! Олар ХХІ ғасырда да адамзатты үрейде ұстау (соғыс, терроризм, күнкөріссіз қалдыру, т.б) арқылы «басқаруды» жалғастыруын қояр емес…
Лорд Aктон: «Власть развращает; абсолютная власть развращает абсолютно», – дегендей, ашкөздігімен олар қазірдің өзінде Жер шарын экологиялық апатқа тақалтты. (Билік пен байлыққа мастанған қанаушылардың мығым болу себебі – жұрттың көпшілігі «Кез келген адам бай бола алады», деп дәметтіргенге сеніп, олармен ниеттес болудан).
Р.Эпперсон «Әлемдік биліктің» «басқаруына» балама ретінде “Библиялық христиандықты” ұсынады. Алайда, осы «Астыртын әлемдік билік» ғасырлар бойына қалыптасып, қазіргідей күшейуге Библиядағы: “Не давай в роcт брату твоему ни се¬реб¬ра, ни хле¬ба, ни чего-ли¬бо другого, что возможно от¬да¬вать в рост; ино¬зем¬цу от¬да¬вай в рост, что-бы гос¬подь бог твой бла¬го¬сло¬вил те¬бя во всем, что де¬ла¬ет¬ся ру¬ка¬ми твои¬ми на земле, в ко-то¬рую ты идешь, что¬бы владеть ею (Второзаконие, 23:19, 20); “И бу¬дешь гос¬под¬ство¬вать над многими на¬ро¬да¬ми, а они над то¬бой гос¬под¬ство¬вать не бу¬дут” (Вто¬ро¬за¬ко¬ние, 28:12); “То¬гда сы¬но¬вья инозем¬цев будут строить сте¬ны твои и ца¬ри их бу¬дут слу¬жить те¬бе ибо во гне¬ве мо¬ем я пора¬жал те¬бя, но в бла¬го¬воле¬нии мо¬ем бу¬ду милостив к те¬бе. И бу¬дут от¬вер-зты вра¬та твои, не бу¬дут за¬тво¬рять¬ся ни днем, ни но¬чью, что¬бы бы¬ло при¬но¬си¬мо к те¬бе дос¬тоя¬ние на¬ро¬дов и при¬води¬мы бы¬ли ца¬ри их. Ибо на¬ро¬ды и цар¬ст¬ва, ко¬то¬рые не за¬хо¬тят слу¬жить те¬бе, по¬гиб¬нут, и такие наро¬ды совер¬шен¬но ис¬тре¬бят¬ся.” (Иса¬ия, 60:10-12)»,– деген жолдарды басшылыққа алып, орындау арқылы жетіп отыр ғой!?
Бұған қоса, діннің де кісіні о дүниедегі қыл көпір, мүңкір-нәңкір тергеуі, тамұқ отымен қорқыту арқылы «тәрбиелемек» болуы, биліктің «үрейде ұстап басқару тәсіліне» ұқсас. Ал ислам, христиан, будда діндарлары Жаратушының бір екенін мойындай тұра, оған сыйынуда әр қайсысы өзінікін жөн деп, сол үшін ғасырлар бойына соғысуда. Тіпті, бір діннің ішінде сүннит-шейіт, католик-православный, т.б. болып бөлінудегі мақсат та халықтың бір бөлігіне билік жасау арқылы материалдық артықшылықтар көру ниетіндегі шаруа. Осы діндер пайда болған жүздеген жылдар бойғы кезең діннің адамзат қоғамындағы әділетсіздіктерге тоқтау қоя алмайтыны айқын болды. Бұл діннің адам қоғамында мүлде пайдасы жоқ деген сөз емес, тек өзге де жолдарды іздеу қажеттігін көрсетеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кездері ол әлемді қамтып басқаруды міндетіне алып, Жерде бейбітшілік пен әділеттілік орнайды деген үміт болған. Алайда, о баста БҰҰ құрылу мақсаты “Берлин — Рим — Токио” ұжымдастығындағы мемлекеттерді ауыздықтау болғандықтан, 1945 жылы мақсат орындалысымен, келешекте БҰҰ әлемдік ауқымда атқарар қандай да бір айқын концепция жасалынбады.
Академик Ерментай Сұлтанмұрат өзінің «Әлемді трансформациялау» атты жобасында әр елдің халқы өзі «Халықтық Конституция» жасап, оның мүлтіксіз орындалуын жаңарған БҰҰ қадағалауға тиіс деген ой айтады. Иә, «жаңартылған» БҰҰ халық санын соғыспен қырып азайтпай, өркениетті түрде – әр мемлекеттің ресурсына сәйкес туу көлемін белгілеп, қадағалау, т.б. арқылы реттеуіне болар еді.
Бірақ, қазіргі БҰҰ-да әр мемлекеттен кім өкіл болатынын «Әлемдік билік» тағайындаған елбасылар шешіп отырғандықтан, мұндай БҰҰ сол «Әлемдік билікке» жұмыс істейді. Сондай-ақ, әлгіндей елбасылар «Халықтық Конституция» жасалуына, халық билікке дәл қазіргідей толық тәуелді жағдайда, жол бере қоймайды. Ол үшін
«европалық көппартиялы сайлау» жүйесінен бас тартып, билікке халық бақылауын орнатардай механизмі бар өзге жүйені іздестіру қажет.
Осыған орай «Азат» қозғалысының Батыс Қазақстан бөлімінің төрағасы Аманжол Зинуллиннің «Қассақ» («Тек қана осы жолмен») жобасы назар аудартады. Ол Қазақстан Парламентінің сенаты Президент немесе оның қалта-парламенті тағайындаған депутаттардан емес, қазақтың әр руы өз ортасында таңдаған ең арлы, әділетті деген азаматтарынан құрылса, ал Мәжіліс көппартиялық негізде сайланса деген пікір айтады. (Бұл туралы «Жұмадағы жүздесу» газетінің 21-28.05.2010 ж. санынан, сондай-ақ Н.Әміреқұловтың «Очерки теории степного государства» еңбегінен () оқи аласыздар).
У.Черчилл: «Демократиялық жүйенің кемшіліктері бар, бірақ адамзат одан артық жүйені әлі ойлап тапқан жоқ»,– дегенде, ол әрине, ғасырлар бойына хан билігін тежеп ұстай білген қазақтың «Билер Кеңесі» жүйесінің болғанын білмегені анық. Ал қазақтың билері ханның тізімімен емес, көп жылдар бойғы өзінің турашыл, әділдігімен халық сынынан өтіп қана «Кеңеске» енетін еді. Билердің хан алдында тайсалмай сөйлеуінің негізгі сыры – артында қолдаушы руы, өзін-өзі қамтамасыз ететін шаруашылығы (экономикасы) тұрғандықтан. Ал қазіргі «батыстық» жүйемен құрылған Парламент депуттатарында мұндай тірек жоқ әрі биліктің тағайындауымен «сайланатындықтан» олардан қоғамның шынайы жағдайын айтардай батылдық күту бекершілік. Бүгін, тоталитарлық КСРО-лық та, нәтижесі адамзатты чиптендіруге әкелген «батыстық демократиялық» та сайлаулардан түңілген, авторитарлық, диктаторлық жеке басқа табындырар билікке тоқтау қояр өзге механизм қалмаған шақта, шынымен де, неге Сенатты (я парламентті) әр қазақ руы: «Осы халыққа адал қызмет қылады, мүлікке сатылып ру намысына нұқсан келтірмейді» деп, өз ортасында таңдаған «тура биілерден» құрмасқа? (Бұл – әр диаспора өкілі отырған қазіргі «Халықтар ассамблеясына» келеді). Әр рудың таңдаулы өкілінен тұрар мұндай Сенат (парламент) өз тегін ұмытып сүреңсіз тобырға айналған елдер құра алмас, ал тектік жады әлі жойыла қоймаған қазақ, қырғыз, түркімен, т.б. халықтардың қолға алуына әлі де кеш емес.
«Ойбай, рулықты жандандырсақ қазақ ұлт ретінде бөлшектеніп кетеді!» – деушілер табылар. Қазақ атанып мемлекет құрғанымызға 550 жыл толса, соның 450 жылында (КСРО-ға дейін) рулық жүйемізді ұстанып «бөлінбей-ақ» келдік емес пе?! Нағыз бөлшектеніп пышырау деп қазіргі, бір отбасынан шыққан екі ағайынды кісілер бір-біріне қарайласуға халі жоқ дәл осы кезді айтуға болады. Бүкіл тірлігі биліктің бақылауына түскен халқымыз «еркін» дегенді білдіретін «қазақ» атауының мағынасына сәйкес өмір кешуден қалғалы қашан. Сондықтан рулық жүйені жаңғырту «бөлшектену» емес – тексіз тобырға айналдырып бөлшектеуге қарсы қазақтың төменнен бастап қайта біріктіруге кірісуі болмақ. Қазақтай, баршасы түрк руларынан құрылған халық та емес, әртүрлі этностардан бола тұра Ауғанстан халқының ағылшын, орыс, АҚШ жаулаушыларына қарсы тұра білуі – өзін-өзі басқару мүмкіндігіне ие рулардың одағынан тұратын мемлекеттің пәрменділігін көрсетсе керек.
Мыңдаған жылдар бойына түрк руларының ұйысуымен талай мемлекет құруымызды қамтамасыз етіп келген дәстүрлі ұлттық-демократиялық механизмімізді бір ғасыр бұрын отыршылдар бұзғандағы мақсаты – халқымызды тегін білмес, бас біріктіре алмас тобырға айналдырып билу болғаны әшкереленіп отыр. «Олар сөйтті» деп, Кеңес үкіметі кезінен басталған жалған-шыны белгісіз «трайбализм-рушылдықты» (шын мәнінде өз ата-бабамыздың аттары мен ел болу, мемлекет құру жүйесін) жамандауды жалғастыру – отаршылдар ойын жүзеге асыруға қызмет ету болмақ.
1992 жылдан бері жер-жерде қазақ рулары құрылтайлар өткізіп рубасыларын («президент» деп атап) сайлауы, том-том шежірелерін шығаруы еріккеннен емес, күндердің күні жателдік жүйелердің кризиске тірелетінін тәңірі сездіргеннен болар!? Ендеше мемлекет құрудың дәстүрлі жолын бүгінгі заманға икемдеп пайдалануды ойластырған жөн. Сол, құрылтайлар өткізген рулардың Президенттеріне әр аудан, ауылдардан белгілеген көмекшілер жүйесі арқылы бұл жұмысты (Сенатқы, жергілікті Мәслихаттарға өкілдерін таңдауды) тап бүгіннен бастап кетсе болады. Міне, осындай, халық өзі, үкіметтің араласуынсыз, өз ортасынан таңдап Парламентке жіберген өкілін (делегирование), егер міндетін дұрыс атқармаған жағдайда кері шақырта да алатын болады. Ал «өзі сайлаған» президентке, депутатқа импичмент жасай алмайтын бүгінгі халық жағдайы – тормозы да, рулі де істемейтін көлікпен құлдырап келе жатқан бақытсыздай.
3. Әлемдік және жергілікті биліктердің экономикалық бұғауынан құтылар жол – халық өзін-өзі басқаруға (самоуправление) көшіп, үкіметтің өз тіршілігіне жаппай бақылау жасауын мейлінше азайту. Кезінде Алашордашылар большевиктерге: «Қазақ қоғамында тап күресі жоқ» деп, рулас туыстарымен өзін-өзі басқарып, әлеуметтік мәселелерін де шешіп отырған елді «коллективтендіреміз» деп мүлкін алуды, партияларға бөліп бір шаңырақтағы аға мен ініні қарама-қарсы қоюды қолдамаған.
РФ президенті В.В.Путин халықаралық дискуссиялық «Валдай» клубының конференциясында: «Мировая система «сдержек и противовесов», сложившаяся в годы холодной войны, разрушена при активном участии США, однако доминирование одного центра силы привело только к растущему хаосу в международных отношениях»,– деді. Егер қандайда бір жеке мемлекет әлемдік системаның ықшам моделі болып табылады десек, ондағы «бір орталық күштің» (үкіметтің, диктатордың) басымшылығы да қоғамда күйзелістің өсіп-өршуіне әкелетінін көрсетіп отыр. Бұл туралы АҚШ Конституциясын жазушылардың, алғашқы президенттерінің бірі Томас Джефферсон: “Наилучшим правительством является наименее управляющее”, -деген ғой.
Сондықтан, билікті халық бақылауында ұстудың, халықтың биліктен мейлінше экономикалық тәуелсіз болуы, өзін-өзі басқаруы формаларын көпшілік болып ойластыруымыз қажет Мысалы ресейлік Г.Попов «Альтернатива из ХХ-века» атты мақаласында («Время искать альтернативы» тарауы): «Н.И.Махно сумел разработать развернутую альтернативу большевизму. Всеобщему огосударствлению военного коммунизма Ленина и национализации всей земли Махно противопоставил собственность трудящихся… Махно выдвинул анархо-коммунистическую идею общества как «вольной федерации самоуправляемых коммун» – без классовых и национальных различий», – деп жазады.
Өзін-өзі басқару түрін Дон, Запорожье, Жайық казактарындағы өз атаманын үкіметтің араласуынсыз сайлауы, шаруашылықтарын жүргізу жолдары, т.б істерінен таба аламыз. Столыпин реформасына дейінгі орыс шаруаларының «общинасы» ауыл шаруашылығында жараса, ал батыс мемлекеттеріндегі муниципалдық басқару өндіріс орындары бар қалаларда қолдануға келеді.
Мәскеу түбіндегі бірнеше ауыл 2013 жылы-ақ өзін-өзі басқаруға көшіпті. Бұл туралы «Жители Домодедова провозгласили республику» деген мақалада («Ведомости», 22.08.2013): «Инициативная группа жителей Домодедова объявила о создании Русской демократической республики на территории городского округа и обратилась к Евросоюзу с призывом признать их право на самоопределение. Как пишут «Ведомости», пока они не собираются выходить из состава РФ, но планируют добиваться признания особого статуса. Так, в обращении говорится, что власти нарушили принципы демократического общества, «проигнорировав результаты референдума 2007 года, когда почти 100% жителей Домодедова проголосовали против строительства платной дороги в черте округа», и в 2009 года строительство началось и поселок Матвеевка оказался «под угрозой сноса. Жители Шебанцева пожаловались на давление «коррумпированных чиновников»: они лишены водоснабжения, потому что местные власти «продали деревенскую водонапорную башню в частные руки. Жители деревни Данилово недовольны, что «давно уже лишены возможности свободно посещать лес, собирать грибы, пересекать поля и купаться в озере, так как все принадлежит олигархам».
Инициативная группа требует переноса платной дороги за пределы округа и соблюдения их права собственности, а также признания их права на самоопределение в связи с игнорированием российскими властями их волеизъявления. Они будут добиваться соблюдения приоритетного права местных жителей на управление своей территорией», – деп жазылған.
Бүгінде қазақ оқығандары 1928-29 жылдардағы сталиндік коллективтендіру қазақтың дәстүрлі өзін-өзі экономикалық қамтамасыз ету жүйесін жойып халықты зор апаттарға ұшыратқанын жиі айтады. Ал сол, Сталин қиратқан жүйемізді заманға икемдей отырып қалпына келтіруге қазір кім бөгет?
Халықтың өзін-өзі басқару үлгілері ретінде АҚШ-тағы мормондар, гуттериттер, Алтайдағы «рерихшілдер», Израильдегі, Индиядағы қауымдастықтардың да басқару және экономикалық қамтамасыз етілуі жолдарын зерттеп, пайдалануға болады.
4. Халықтың өзін-өзі заңдық тұрғыда басқаруының қазаққа тән формасы – билер институты. Ешкім тағайындамайтын, сайламайтын билер халық ішінен шығып, өзінің турашылдығымен беделге ие болған. Тіпті, Ресей отарында да 1917 жылға дейін үкімет соттары тек мемлекеттік қылмыстарды қарап, ал қазақ ішіндегі дау-дамайда халық билерге жүгініп келген. Қазір екі адам төбелессе, малы ұрланса да үкімет органдары тергеп, екі жақтан да пара сорып жұтатады, бермесе – түрмелерді толтырады. Посткеңестік елдерде жазалаудың сталиндік жүйесі әлі де сақталынғандықтан сотталғандар санынан алдыңғы қатардамыз. Түрмеге қамалушылар санын азайту, тәртіп сақтау органдарындағы қоррупцияны тыйудың пәрменді жолы оларға балама – халықтың мемлекетке қатысы жоқ қылмыстарда «билерге жүгінуі» дәстүрін қалпына келтіру. (Мысалы, Алматы облысы Қаскелең қаласы тұрғыны Асылхан А. 16 жыл бой Шапырашты руының биі болып жұмыс жүргізіп келеді). Билер соты қазақ елінде туа біткен, теңдесі жоқ ерекше құбылыс, тарихта «сот билігінің алтын ғасыры» деп баға берілгенін мойындаған қазіргі үкіметіміз «Дәстүрлі сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі», т.с.с. тақырыптарда ғылыми жиындар өткізуде. Алайда, бұл үшін, билерді үкімет тағайындамай, өз дарынымен халық ортасынын шығуына бөгет жасалмауға, сондай-ақ, әділдігімен танылған биге (сотқа) сол ауданның ғана тұрғыны жүгіне алады деген тәртіп күшін жоюға тиіс.
5. Кешелері КСРО, Куба, т.б. елдерде бүкіл халықты (тотальный социализм) күштеп социалист етті. Ал бүгін билік жаппай (тотальный) капиталист болыңдар деп, барша халықтың жағдайы, мінезімен санаспауда. (КСРО кезінде билікте отырып жымқырғандар болмаса, қарапайым көпшілікте капитал қайдан болсын?!). Мұндай «бұйрықпен» социализм, капитализм орнатпақ болу халық наразылығын тудыратыны дәлелденген жай. Ендеше неге бір мемлекеттің ішінде осы екі түрлі жүйенің де белгілері бар жоба жасамасқа!?
Егер әр адам өзін-өзі қорғауға басқалармен бірдей құқықты болса, онда әр адамда өзгелермен бірлесіп ортақ қатерден қорғану құқығы да болмақ. Сондықтан «Өзім ешкімді қанамаймын және өзімді ешкімнің қанауына жол бермеймін!» деген ұстанымдағы адамдар (үкіметтен өзіне тиесілі жер телімін, қазба байлықты сатудан түсетін, т.б. үлесін алып) өзін-өзі басқаратын қауымдарға бірігуге тиіс. Адамгершілік, қанағаттық идеясын ұстанған мұндай қауымдастықта әр адам өзі үшін аптасына неше күн, күніне неше сағат жұмыс істеймін десе ерікті, ал бәсекеге түсіп, «миллионер болмақ» кісіге қауымнан шығуына жол ашық болуы керек. Осылай ғана ежелден келе жатқан – адамның бірін-бірі қанауы, күштеуі тыйылмақ.
Өмірге тек біржақты материалдық пайдакүнемдікпен қарамайтын, өзін-өзі басқаратын қауымдастықтар құрылғанда ғана бұрын-соңды қоғамды зерттеуші ойшылдар жасаған жобалар (мысалы: әл-Фарабидің «Әділетті қала», Кампанелланың «Күн қала», Е.Сұлтанмұраттың «Әлемді трансформациялау», С.Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», ҚазҰТУ ұстаздары С.Әденов, Қ.Котошева, Қ.Нұрғалиевтың «Ұлт және мемлекеттік билік түрлері», М.Әуелбайдың «Алтын ғасыр», т.б. адамгершілік іліміне қатысты еңбектер) іске асырылмақ
Сонымен, әлемдегі орын алып отырған келеңсіздіктен құтылу үшін «Астыртын әлемдік билік» пен жергілікті биліктердің «ойындарына» қосылмай, олардың ісіне керісінше әрекеттер жасалуы керек екен: билік авторитаризм, диктатура арқылы қоғамды уысында ұстамаққа жанын салса, ал халық өзін-өзі басқару жолын таңдауы; билік дүниеқоңыздықты мадақтаса – халық адамгершілікті, қанағатшылдықты уағыздауы; билік халықты ұлтын, тегін ұмыттырып сүрең тобырға айналдыруға күш салса – халық өз тарихын, тамырын білу арқылы тектілік жадын сақтауға ұмтылуға тиіс.
Ата-бабаларымыз Ақордадан бөлініп «қазақ» (еркін, бостан) атанғанына биыл 550 жыл толып отырғанда «Астыртын әлемдік биліктің» адамзатты жаппай чиптеуіне, соғыстарымен Жер шарына қауіп төндіруіне балама етіп халық өзін-өзі басқаратын «Адамгершіл» бағдарламамызды ұсынуымыз және іске асыруға кірісуіміз – халқымыздың мінезінің әлі де «Қазақ» атына сай екенін әлем жұртшылығына дәлелдемек. Бүгінгі, алмағайып кезеңде елімізді құрдымға құлаудан құтқаруды 550 жыл бұрын Қазақ мемлекетін құрған шығыс түрк (қазақ) рулары ұлттық дәстүрлі жүйемізді қолданып қайтадан өз қолына алып, нығайтуға міндетті. Осы істің маңыздылығын түсіне біліп, Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың өзі жеделдетіп халықты жұмылдырар болса құба-құп.
Мақала тақырыбы «Астыртын әлемдік биліктің» бар-жоғын зерттеу болғандықтан, мен Адамгершіл «Жаңа сана» жобасындағы халықтың өзін-өзі басқаруы мәселесі жайында жалпылама ой тастадым. Мемлекетте авторитарлықтан ада билік жүйесі қандай болмақ, қауымдастықтар ішіндегі экономикалық тетіктер, т.б. туралы ретіне қарай тағы айтармыз.
Оқырмандарда халықтың өзін-өзі басқаруына, биліктің тотальды бақылауын бәсеңдетуіне қатысты пікірлер болса нақты, қысқаша жазып менің поштама я: 050060, Алматы. Гагарин даңғ. 181, 20. мекеніне хатпен жіберуге болады.

Хасен Қожа-Түрк (Қожа-Ахмет). 10.07. 2015.

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Сентябрь 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Жоғарыға

Яндекс.Метрика