
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша «Астана» футбол командасы Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақия Азаттыққа сілтеме жасай отырып.
Өз тарихында алғаш рет ел чемпионы болған команданы болгариялық маман Станимир Стойлов жаттықтырады.
«Екінші орынды ресейлік маман Владимир Газзаев жаттықтыратын «Ақтөбе» командасы алды. Бұл команда он жыл қатарынан Қазақстан чемпионатында жүлде алып келеді»,-делінген жазбада.
Үшінші орынды словакиялық маман Владимир Вайсс жаттықтыратын алматылық «Қайрат» клубы иеленді. Бұл команда былтыр да қола жүлдегер болған.
Енді «Астана» командасы алдағы жылы Қазақстан атынан Еуропа чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысады.
Ал «Ақтөбе», «Қайрат» және Қазақстан чемпионатында төртінші орын алған Шымкенттің «Ордабасы» командалары Еуропа лигасының іріктеуіне жолдама алды.




















Жауап беру