Сіз мындасыз:

Қанша қазақ қырылды?
Қанша қазақ қырылды?

 

 

Канада тарихшысы Р. Пирс «1867-1917 жылдардағы Орта Азиядағы отаршылдық саясаты» еңбегінде аштықтан қаза тапқандардың санын келтіріп, ұжымдастыру барысында қолданылған зорлық пен отырықшыландыру ашаршылыққа әкеліп, бір миллионнан астам қазақтар қырылғанын жазған. Ал 1917-жылғы халық санағының мәліметтері бойынша қазақтар саны:

 

Ұлы жүз — 1 миллион 170 мың.

Орта жүз — 2 миллион 080 мың.

Кіші жүз — 1 миллион 790 мың.

 

Үш жүзді қосқанда — 4 миллион 980 мың. Егер қазақтардың балаларды санақтан жасырып қалуға тырысатынын және елдің есебін алушылар жердің шалғайлығынан кейбір алыс ауылдарға бармай қалуы әбден мүмкін екендігін ескерсек, 1917-жылы атамекенінде кемінде 5 миллион қазақ болды деп айта алатын секілдіміз. Оның 30 пайызы — 1 миллион 500 мың адам. Осынша жан 1921-1922 жылдардағы аштықта көз жұмған.

 

1917-жылы елде 5 миллион қазақ болса, оның 1 миллион 500 мыңы 1921-1922 жылдардағы аштықта қырылған. Сонда тірі қалғаны — 3 миллион 500 мың. Бұл 1926-жыл. 1932-жылғы аштықта алғашқы зұлматтан әупіріммен сау қалған 3,5  миллион адамның тең жартысы апат болғаны  дәлелденіп отыр. Ендеше 1939-жылы 1 миллион 750 мың қазақ қана  жер басып жүрген.

 

Келтірілген көп деректерден соң аз-кем аялдап алып, әр жылдардағы аштықтың барлық құрбандарын есептеп көрейік. Иманың қасым болатын көрсеткішке тап келесің. Қазақ халқы 3 миллион 250 мың адамнан айырылған. Жанұшырған шындық осындай.   Біздің осы есебіміздің дұрыс екендігіне шетелдер ғалымдарының деректері де дәлел. Батыс зерттеушісі Р.Монвест 1931-1932 жылдардағы ашаршылықта 1 миллион, М.Олкотт   1,5 миллионнан астам адам өлді дейді.

 

«Қазақстан Ұлттық энциклопедиясындағы» аштық құрбандары туралы мәліметтерге де назар аударсақ, онда 1930-1933 жылдардағы аштық құрбандары 2 млн 200 мың адамнан асып түсті делінген.

Осы 2 млн 200 мыңға 1921-1922 жылдардағы зұлматтың 1 млн 500 мың боздағын қоссаңыз, 3 млн 700 мың болып шығады.  Сонымен нәубетті жылдардың адам шығыны — 3 млн 200 мың немесе 3 млн 700 мың. Кейбір тарихшылар шетелдерге ауды деп есептейтін 1 миллион адамды осы көрсеткішке қоссақ та, одан аштықтың қасіреті азаймайды.

 

 

 

 А. Смайыл, Парламент депутаты

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Май 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жоғарыға