Сіз мындасыз:

Қазақ жеріне құлаған зымыран үшін Ресей өтемақы төлеуге дайын – Қ.Көшербаев
Қазақ жеріне құлаған зымыран үшін Ресей өтемақы төлеуге дайын – Қ.Көшербаев

 2013 жылы Қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыран тасымалдағышы үшін Ресей тарапы өтемақы төлеуге дайын, деп хабарлайды Қазақия  агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Бұл мәселенің анық-қанығы қараша айында Байқоңырда өтетін Үкіметаралық отырыс барысында белгілі болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті»,-деп жазады агенттік тілшісі. 

 

«Мен облыс әкімімін, Байқоңырда ракета құлап жатса, халыққа зардабы тиіп жатса, менің құзырымда емес деп мен қалай немқұрайлы қараймын? Протон құлады, ең бірінші соның жанына барған мен және журналистер. Бұл жерде шығын құнын біздің мамандар 13,9 млрд теңге деп есептеп берген. Бірақ, есептеу медотикасы дұрыс көрсетілмеген екен. Себебі, біздің мамандар бір медотикамен есептесе, Ресей мамандары басқа методикамен есептейді. Сондықтан, зиянды есептеу әдісін келісу үшін қараша айының соңында Байқоңырда Үкіметаралық мәжіліс өтеді. Сол отырыста экология мәселелері бойынша Үкіметаралық келісімге қол қойылады. Сол келісім мен отырыс аясында осы мәселе шешіледі. Біз келіссөздер аяқталып, сол Байқоңырда болған жағдайлардың бәріне Қазақстан Республикасының экология мәселесіндегі заңдылықтары толыққанды жүретін болады»,-дейді әкім.

«Екіншіден, шығынды есептеу әдісін келісетін боламыз. Бізге келген зиянды мамандарымыз 13,9 млрд теңге деп есептеп бергенін айттым. Ресей тарапы шығынды төлеуге дайынбыз, бірақ, әдісті келісейік деді. Сол әдісті қараша айында Үкіметаралық келісім шешеді деп ойлаймын»,-деп түсіндірді Қырырмбек Көшербаев.

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға