Сіз мындасыз:

Қазақтың “мәңгілік  досы” жоқ!   
Қазақтың “мәңгілік  досы” жоқ!  

Қазақтың мұнайлы астанасы — Атыраудың Азамат Тәжияқов есімді бір жеткіншегі Американың Бос­тон қаласына оқуға барады. Кенет, 2013 жылдың сәуірінде қалада жарылыс орын алады. Сөйтсе, әлгі адам өліп, біразы жарақат алған жарылысқа Азаматтың жерлес тартып, аралас-құралас болып жүрген қазақстандық жерлестері Джохар мен Тамерлан Царнаев қатысты болып шығады. Әрине, буыны бекімеген жас жігіт пен оның досы Диас Қадырбаев мұндай сұмдықтан шошып кетеді.

Жігіттер бөлмелерінде Царнаевтың қалдырып кеткен рюкзагы мен ноутбугын «бәледен аулақ» деп, қоқыс жәшігіне лақтырып жібереді. Бәлекеттің бәрі осыдан басталады…

Американың құқық орындары Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаевқа «Сендер қылмыскер Царнаевтың заттарынан құтылу арқылы оның қылмысының дәлелін әдейі жойғыларың келді» деп кінә тағып, қамауға алады.

Байғұс қазақ қайда жүрсе де, арампиғыл мен қаскөйге жем болуын қоймайды. Ағайынды Царнаевтың бірі өліп, бірі қамалса да, екі арада қазаққа қиянат жасап жатыр…

«Дінің кім?» деп сұрғанда: «Әлхамдуллаһ, әлімсақтан мұсылманмын!» деп жауап беретін қоңыр қазақ, Американың тажал тырнағынан құтылу үшін өзі туралы: «Я формально мусульманин, но не придерживаюсь никаких канонов ислама и шариата» – деуге мәжбүр…

Америка — жер бетіндегі нағыз тажал мемлекеттің бірегейі. Ол ешкіммен санаспайды, ешкімді аямайды да. Американың жалғыз Ұстанымы: қай мағынада, қандай салада болсын – Америкадан ешкім асып кетпеуі керек!

Сондықтан, Америкаға Ливия мұсылмандарының жақсы өмір сүргені мүлдем ұнамады. Американың барлық барлау қызметтері ондаған жылдар бойы Ливияда соғыс отын тұтандырып, елді тұтастай басып алудың неше түрлі тәсілдерін іздеп-әзірлеумен болды.

Басқыншыл Америка: «Ливияда әділдік пен демократия жоқ. Диктатор Муамар Каддафи өз халқын аштықтан қырып жатыр!» – деп атой салған Ливияда Муамар Каддафидің билігі кезінде жағдай мынадай болды:

  1. Білім алу мен денсаулық сақтау саласы мүлдем тегін.
  2. Ірі салықтар мен төлемдер жойылды.
  3. Пәтерақы төлемдері алынып тасталды.
  4. Жарық беру де судай тегін.
  5. Дәріханалардың бір бөлігі тегін дәрі-дәрмектер таратып отырды.
  6. Дәріні қолдан жасағандар үшін өлім жазасын тағайындады.
  7. Медбикенің айлығы – 1 мың АҚШ доллары көлеміне өсті.
  8. Ішімдіктер сатуға тиым салынды.
  9. Бензиннің бағасы судың бағасынан да арзан болды, 1 литр бензин – 0,14 АҚШ доллары тұрды.
  10. Шаңырақ құрған жас отбасыларына пәтер сатып алуға – 64 мың АҚШ доллары бөлінді.
  11. Дүниеге келген әрбір сәбиге – 7 мың АҚШ доллары берілді.
  1. Отбасының әрбір мүшесіне мемлекет жыл сайын 1 мың АҚШ доллары мөлшерінде жәрдемақы төледі.
  2. Көлік пен пәтер сатып алуға несиелер пайызсыз берілді.
  3. Көпбалалы отбасылар үшін негізгі және күнделікті азық-түлік өнімдерін ең төменгі бағамен сататын дүкендер жүйесі құрылды.
  4. Сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сатқаны үшін қатаң талап қойылып, көп айыппұл салынды, тіпті, қамауға да алатын болды.
  5. Жұмыссыздардың жәрдемақысы (жұмыссыздық дотациясы) ай сайын — 750 АҚШ доллары көлемінде төленді.
  6. Жаңа кәсіп көзін ашқан адамға бір мәрте 20 мың АҚШ доллары мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
  7. Шетелге оқу мен тәжірибе жинақтау шығындарын мемлекет түгелдей өз мойнына алды.
  8. Көлік сатып алсаңыз – 50 пайызын мемлекет төледі, ал, көлік сатып ал­ған Отан қорғаушы жауынгерлер үш­ін мемлекеттің жәрдемі 65 пайызға жетті.
  9. Муаммардың биліктегі 40 жылында Ливия халқы 3 есеге өсті.
  10. Балалар өлімі 9 есеге азайды.
  11. 2 Елдегі адамдардың өмір сүру мер­зімі 51,1 жылдан 74,5 жасқа дейін өсті.
  12. Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда – 14 192 АҚШ долларын құрады.
  13. Муаммардың билігі кезінде Ливияның оңтүстігіндегі негр нәсілділер еркіндік алып, адами құқықтарын толық пайдалануға қол жеткізді.
  14. Риэлторлық қызметке (жер телімдері мен ғимараттарды алыпсатарларға) мүлдем рұқсат берілмеді.
  15. Халықаралық (әртүрлі құйтұрқы тәсілдермен жұмыс істейтін) ұйымдар елден қуылды.
  16. Кадаффи Ливияны әлемдік банк жүйесінен шығару жөнінде шешім қабылдады, осы жолға 12 араб елі де түскісі келді.
  17. НАТО-ның әскери базаларын жауып тастады.

 

…ҚЫСҚАСЫ, Америкада шоғырланған әлемнің барлық мемлекеттерін қысымда ұстау саясатын ұстанған аса қатыгез дүниежүзілік рекэт жүйесіне қарсы шығып, халқының тағдырында жердегі жәннәтті орнатып үлгерген Муаммар Каддафидің жүрегі нағыз қайсар арыстанның жүрегіндей еді!..

Амал қанша?!.

 

…Расында, өздерін «демократияның атасымыз», «өркениеттің көкесіміз» деп көкитін Американың қылығы мынадай болғанда, қазақ – озбыр орыс пен қатал қытайдан шаңның тозаңындай да жақсылық күтпей-ақ қойсын! Біздің болашағымыз – қазақтың мығым, мықты бірлігінде!

Қазақтың мәңгілік досы жоқ, бірақ, қазақ Мәңгілік ел болып қалуы үшін, мәңгілік мүдделерін қызғыштай қорғауы керек!

 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға