Сіз мындасыз:

Шовинистердің дауысы қатты шыға бастады
Шовинистердің дауысы қатты шыға бастады

Еуразиялық одақтың күшіне енетін мерзімі жақындаған сайын ел ішіндегі де, сыртындағы да орыстардың дауыстары зорая бастады. Тіпті, Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық әрекетіне қарсы өркениеттер әлемінің санкция жариялауы да олардың көр көкіректерін баса қойған жоқ. «Қазақта мемлекет болмаған» деген сықпыттағы гөй-гөйді тек Путин, Жириновскийлер ғана бықсытып отырған жоқ, қалың орыстың ішінде оны қолдаушылар көп.

Жақында қолымызға осы мазмұндағы бір хат түсті. Онда қазіргі Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Кенесары ауылында туған (бұрын Көкшетау облысының Александрова селосы-авт), бүгінде РФ Тверь облысында тұратын В.Г.Букреев деген біреу Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа хат жазып, «ауылдан Кенесарының атауын алып тастап, бұрынғы Александров­ты қойсаңыз, дұрыс болады» деген сипатта «ақыл» айтыпты (хаттың ксерокөшірмесін қоса беріп отырмыз-авт).  Естуімізше, бұл хат Президент әкімшілігіне жолданыпты, ол жақтағылар «мәселе жергілікті жерде шешілсін» деген болуы керек, хатты ауданға жолдапты. Енді хаттың мәтінінен үзінді келтірейік (сөзбе-сөз аударма-авт): «…Қа­р­ақшы Кинесарыдан (хат­та солай жазылған-авт) қа­р­ақшы аз Подолькоға де­йін (әлгі бейбағың хаттың маң­дайына осылай деп айдар тағыпты-авт.)

 

 

 

…Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Мен Шучье ауданындағы Александровка мектебін 1985 жылы бітірдім. Село 1917 жылға дейін станса бастығы болған Александровтың тегімен аталған. 70-80 жылдарды кеңшарды Аз.Подолько басқарды. Өтпелі кезеңде кеңшарда ескі православ шіркеуі жоғалды, ..тракторлармен бірге МТШ жанып кетті, мүмкін тракторларды сатып, сосын МТШ-ты артынан жағып жіберді ме, ол жағы белгісіз. Аз. Подолько солтүстікке көшерде ұлтшылдық алаяқтық жасап кетті. … Шучье ауданы Бурабай кентінде тұрған Кенесарының тағдыры Подольконың тағдырына ұқсайды. Тек,  Кенесары революция кезінде мезгіл-мезгіл Бурабайдағы шатқалдың ішінен Көкшетау мен Шучьенің трассасына шығып, ауқатты адамдар мен мемлекеттік қазынаны тонап тұрған» …Мына көксоққанның қай революцияны, қай трассаны айтып жатқанын түсінбедік. Осыған қарағанда Кенесары хан Қазан төңкерісі кезінде өмір сүрген деп ойласа керек. Әрі қарай – «Одан кейін үңгірге барып тығылып жататын. Артынан ешкім қуып шықпады ма деп тың тыңдайды. Қуғыншы жоқ екеніне көзі жеткен соң ғана тау арасынан шығып Бурабай кентіне келеді. Шалқып өмір сүрді. Әр түрлі үйлерде тұрды. Тарихта оның тонаған заттарын кедейлермен бөлісті деген дерек жоқ, сондықтан оны “жапа шеккендердің қорғаушысы” деп атауға болмайды. Сөйте тұра, оның атпен шауып келе жатқан ескерткіші Шучье селосы жолының бойында орнатылып қойылған. Кинесарының кезінде Шучье қаласы казактардың станицасы болды және егер ол өзін дұрыс ұстамаса, оны қамшымен ұрып және қамап тастар еді.

…Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз Қазақстанды ондаған жылдар бойы басқарып келесіз. Бұрынғы Совет одағында сіз өзіңізді ақылды басшы екеніңізді көрсеттіңіз. Ресей Федерациясымен дос­тықты нығайтып жатырсыз… Александровканың атауын ауыстыру оқиғасы Ресей Федерациясымен достықты жақсартпайды, нығайтпайды, өйткені ол орыс халқының намысына тиеді! Сондықтан, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден сұрайтынымыз, төмендегідей тапсырма беріңіз:

  1. Кенесарының атауын алып тастап, бұрынғы Алексан­дров­каға қайта ауыстырылсын.
  2. Жұмысшылар мен колхоз­шылардың мүсінін Қатаркөл се­лосына апарсын және орта мек­тептің жанына орнатып: «Сү­йікті мектебіне қайырымды оқушысы Аз.Подолькодан ес­­кер­т­кіш» деп жазылып қойсын.
  3. Кенесарының мүсіні Бурабай кентінің маңайына орнатылсын, оның «жұмыс орны» сол депті.

Құрметпен, Букреев».

Букреев В.Г. даулет асау

 

Букреев Қазақстаннан 2000 жылдардың басында кетіпті. Ауылдастары оны “пәлеқор”, “шатақ шал” дейді. Өзі елде жоқ шовинист, қазақтарға қаны қас көрінеді. Енді көрмейсіз бе, Ресейде жатып, ши жүгіртіп жатқанын. Басқасы басқа, Президентке мән айтып қоятынын қайтерсің? «Қазақтар күн көрсетпеді» деп барған жерінде жамандап жүретіндер де осылардың сортынан болады.

Советтер Одағы құлағаннан кейін, коммунист басшылары көтензорлықпен жасап берген баяғы «ұлы орыстық» мәртебесі жоғалып, мұндайға көр кеуделері лажсыз шыдап жүрген шовинис­тердің үні өшуге айналып еді, енді, міне, Еуразиялық Одақ келгелі олардың даусы қайтадан, қатты шыға бастады. Басқасы басқа, орыстың қаусаған шалдарының өзі қайта құтырайын деді. Мұның сыры неде екен? Тек, осылар бірдеңені біліп даурығысып жүрмесін де.

Дәулет АСАУ

 

Жариялаған: Қазақия газеті

55 пікір
 

  • еркебулан

    06.11.2014 - 19:19 Ответить

    4. Букреев богымды жемесiн!

  • Нағыз Қазақ

    07.11.2014 - 01:08 Ответить

    Осы хатты президентке жеткізіп жүргендер де, оны жергілікті әкімшілікке жібергендер де АҚЫМАҚ!!! Өзімізді сонша қорлап, қорлатып!!! СОРЛЫ ҚАЗАҚ сорың арылмады ау бір!!!!

  • Сауран

    07.11.2014 - 10:34 Ответить

    Біздің елден кеттіме енді ауызын сасытып әнгі көтеріп керегі жоқ,ондай шалдарға,екі елдің арасынан дау шығармас үшің ауызын жаптыру керек,қорғасын құйып.

  • Жанибек

    07.11.2014 - 10:37 Ответить

    Ондай сатқын адамдарды тындай берсек не болды,айтқанын істеп орыс аттарына ауыстырып жүре берейкпе не. Біздің қойылған қазақ және еңбегі сінген адамдардын атты болады Қазақстанда.

  • Айдар

    07.11.2014 - 11:04 Ответить

    Мына шалың қатырады екен ? Аңыз әңгіме айтып отырғой қартайған шағында.

  • Айғаным Жансерикова

    07.11.2014 - 11:05 Ответить

    НАҒЫЗ ҚАЗАҚ дұрыс айтасын, осындай хатты елбасына жеткізудің не керегі бар, біз ондай бассыздыққа жол бермейміз.

  • Айсұлтан

    07.11.2014 - 11:05 Ответить

    ЕАЭО жарқы көргелі, орыстар қайта жанданды дегенге мен келіспеймін, егер кімде кім біздің тәуелсіздігімізге нұқсан келтірсе біз осы одақта шегініп шығуға құқылымыз.

  • Зиялы

    07.11.2014 - 11:05 Ответить

    Бұл хатты оқып алып күлкім келді, как будто ол Путинге ресейдегі қазахи атауды орысшаға ауыстыр дегендей айтып отыр ғой.

  • Майданбек

    07.11.2014 - 11:05 Ответить

    Кенесарының атын жоққа шығарып, қайдағы бір орыстың сөзін тыңдап орыс атауын беремізбе ? Алжыған шал .

  • Жомарт

    07.11.2014 - 12:27 Ответить

    Неліктен бұл мырзаның бізге бұлай айтып отырғаны түсініксіз, біз мәселен Ресейден Орынбор қаласына байланысты ешқандай да мәселе айтып отырған жоқпыз. Сондықтан мұны мен біздің елдің ішкі жұмысына араласу деп түсінемін.

  • Жәйдар

    07.11.2014 - 12:30 Ответить

    Мын шал қазақтың тарихын өте жасқсы білетін адамдай айтыпты ғой, кенесарыны көріп, сонымен бірге тұрған адамдай.

  • Досжан

    07.11.2014 - 12:31 Ответить

    Қазақ жерін, қазақ атауын тек қазақстандықтар ғана белгілеуге, оған ұсыныс жасауға құқығы бар.

  • Берикбол

    07.11.2014 - 12:31 Ответить

    Біздің елдің суын ішіп, нанын жеп, енді бізге ақыл айтады, мұнысы қалай болғаны?

  • Асылбек

    07.11.2014 - 12:33 Ответить

    Менің ойымша мұндай мәселені бірден жауап тастау керек, ешқандай да жауап жазудың керегі жоқ.

  • Қанай

    07.11.2014 - 12:35 Ответить

    Мұндай шовинистік пиғылдағы ойлар үдемелеп келеді. Мұндайларға бір мінез көрсетіп қою керек сықылды. Алла ауыз бірлігімізден айырмасын елімізді. Жолымыздан тайдырмақ ниеттегілерге тиісті шаралар қолдану керек.

  • Cержан

    07.11.2014 - 12:35 Ответить

    Бұл азаматтың бұлай хат жазғанына жол болсын. Қазақтың жерінде батырымыз Кенесарының аты тұрмаса, басқа қай елде тұрады?! Мұндайларға құлақ аспау керек.

  • Самат

    07.11.2014 - 12:37 Ответить

    Біздің елден көшіп кеткендердің сөзін елей берсек, біздің мемлекеттілігімізге нұқсан келтіреміз.

  • Канат

    07.11.2014 - 12:47 Ответить

    Бұл хатты оқып, бір жақсылап күліп алдым. Біздің Елбасымызға мұндай тапсырма беру бұл бірінші оның білімсіздігінің төмен екендігін көрсетеді.

  • Азамат

    07.11.2014 - 12:50 Ответить

    Путин мен Жириновский осыған тектес әңгімелерді бастап берді, енді жандайшаптары қоштап, бықсытып отырғандығының белгісі ғой.

  • Арман Омарбек

    07.11.2014 - 13:08 Ответить

    Бұл не деген бассыздық!!! Елімізде тұрып көшіп кеткесін аузына келгенін айта беретіндей бұл адамда ешқандай да адамгершілік қасиеттің қалмағандығын білдіреді.

  • Биржан

    07.11.2014 - 13:10 Ответить

    Мына пәтшағар, бізге тапсырма беріп отырғаныкы несі? Ол өзін сонша кім деп сенізіп отыр екен?

  • Орынбасар

    07.11.2014 - 13:12 Ответить

    Ол Тверь емес, Тварь облысында тұратын сияқты ғой.

  • Данияр

    07.11.2014 - 13:17 Ответить

    Біз неліктен сонша осы сөзге бола шамданамыз, жазса жазсын, енді мұны біз орындамайтын шығармыз. Егер әрбір ит біздің қорамызды сығалап, тауықтарымызды ұрлап кете берсе, біз өзіміздің меншігімізді қалай қорғамақпыз.

  • Лаура

    07.11.2014 - 13:19 Ответить

    Негізінен бұл адамның есі дұрыс пе екен? Одан есі дұрыс деген анықтама сұрау керек. Кім біліпті оның қандай адам екенін.

  • Гани

    07.11.2014 - 13:22 Ответить

    Біздің Ресейдегі елшілік қайда қарап отыр? Осы мәселені бізге жібермей өздері шешулері керек еді.

  • Женисбек

    07.11.2014 - 13:26 Ответить

    Енді Жириновский қалып, қайдағы бір алқаш бізге ақыл айтатын болғаны ма?

  • Раушанбек

    07.11.2014 - 13:30 Ответить

    Менің ауылда бір ағам бар, өзі сондай еліміздің белсенді патриоты десем де болады, ол мынаны естісе, онда әлгі орыстың «әдемі сөздермен» дымын қалдырмас еді.

  • Парасат

    07.11.2014 - 16:14 Ответить

    кайдағы бір орыстың сандалғаны қалай?

  • Алуа

    07.11.2014 - 16:16 Ответить

    бұл орыс айтты не айтпады не? халқым мән бермейміз.

  • Шынар

    07.11.2014 - 16:19 Ответить

    мынаныкы есіктен келіп төр менікі дегендейғой, тапсырма беріңіз деп қояды тіптен

  • Айдын

    07.11.2014 - 16:22 Ответить

    Қазақстанда туып-өсіп жетіліп алып, орыстың істеп отырғанын қара

  • Мажит

    07.11.2014 - 16:39 Ответить

    орысты демалдыру керекқой жақсылап

  • Ерсін

    07.11.2014 - 17:13 Ответить

    Мына пікір жазатын жерге «сіздің пікірлеріңіз» емес, «сіздің пікіріңіз» деп жазылу керек.
    Тақырыпқа келетін болсақ ол қыртпасын. Қазақтың қанша хаттары президентке жетпей жатқанда қайдағы біреудікі жетіп барыпты. Орыстан оттай қорқатын қорқақтардың ісі. Намыс, жігер дегеннен жұрдай ездердің жасағандарына ызаланасың.

  • Жайнагуль

    08.11.2014 - 11:37 Ответить

    совсем на голову сели! Пусть у себя в РФ командует!

  • Саят

    08.11.2014 - 11:39 Ответить

    русские везде в мире себя так ведут, как будто все им обязаны. и в США, и в Европе, и в Турции. собака дает, караван дальше идет

  • Аскар Б

    08.11.2014 - 11:47 Ответить

    Оставление русских, колонизаторских названий в суверенном Казахстане является не проявлением дружбы с народом- прилагательным, а лишь унижает достоинство коренного народа- казахов

  • Мурат

    08.11.2014 - 12:17 Ответить

    интересный вольный (безграмотный) подход к истории. Он что, свечку держал в делах Кенесары? Пусть сначала голову вернут, потом поговорим

  • Аскар Б

    08.11.2014 - 12:22 Ответить

    Письмо сочинил по заказу. Видно не вооруженным взглядом. Шито белыми нитками. Автор что, современник Кене сары? !!))) Смеялся над такой интерпретацией.

  • Аззер

    08.11.2014 - 12:41 Ответить

    Да, Кенесары не был лапочкой и покладистым. Не любил он русских. заявляю это как потомок его сподвижников. Иногда и им было сложно с ним. Но, он все правильно делал. А указывать нашему Президенту извне никто не вправе, ни какой-то дед, бросивший Казахстан в сложные годы, ни Президент РФ.

  • Титан

    08.11.2014 - 12:44 Ответить

    ,,B период революции выезжал На трассу,, — посмеялся от души!

  • Алло

    08.11.2014 - 12:46 Ответить

    Если русский народ плохо знает историю, как свою, так и соседей, это не значит, что казахи тоже обладают плохой исторической памятью. Советская власть не смогла ее стереть. Тем более сейчас открываются все более новые данные не из российских источников

  • Серикжан

    10.11.2014 - 08:56 Ответить

    Букреев атты бір білгір елбасымызға хат жолдаған екен, өзінше бір тарихыи оқиғалардың куәсі болған адамдай білгірсініп, бізің ел көлденең көк аттылардың қалауын жасайтын орын емесқой.

  • Нұрмағамбет

    10.11.2014 - 08:56 Ответить

    Кенесары қазақтың ұл, батыры, өзімізің бабалырымызды ұлықтай білу бізге міндет, елбасымыздың осы ісі де кемеңгерлік болған, тура сол жерге батырымыздың ескерткішін қоғаны.

  • Жасұлан

    10.11.2014 - 08:57 Ответить

    Айтқаныма көніп, айдағанымызға жүреді деп ойлап қалан ау тәиірі.

  • Сымбат Сұлтанқызы

    10.11.2014 - 08:58 Ответить

    Алысқа барып сәлем жолдап жатқан оның жүрегі де тас екен.

  • Жалын

    10.11.2014 - 08:58 Ответить

    Ол сондай мықты болса осында тұрғанда неге осындай іске араласпады екен, біздің қай батырымыз қандай іске араласса да елімен жерін қорғау жолында жүрген ғой, олардың орны бөлек біз үшін.

  • Айгерим Шаленова

    10.11.2014 - 09:10 Ответить

    Мен ойлап отырмын ол қандай адам екен деп, елбасымыздың өзіне хат жолдағанына қарағанда олда осал адам емес екен ау, дегенмен бұл сөзім оны тілегі орындалса екен дегенім емес.

  • Қуаныш

    10.11.2014 - 09:10 Ответить

    Көкшетау Абылай ханның үш жүздің басын қосқан қазақ үшін тарихи орны маңызды орын, ол жерден хандықтың алғашқы жылдары бастау алған, ол жердің әрбір орнында қазақтың батыр ұлдарының ескерткіші мен мұндалап тұруға тисті.

  • Кушкинбай

    10.11.2014 - 18:53 Ответить

    Шалдың сандырағы ой салады. Төрінен көрі жақын адамға бұның бәрінің керегі не? Әдейі арандату үшін ұйымдастырылған болып шықпасына кім кепіл? Атқамінерлер ай қарап отыр ма? Ұлтаралық наразылық тудыруға тырысқандар қалай да тиесілі жазасын алуы керек. Елшіліктегілердің қолынан келетін болар бұл мәселе.

  • Жазира

    11.11.2014 - 14:50 Ответить

    Господин Букреев остановите себя, вы кто такой чтобы приказывать нашему президенту, что да как делать?

  • Салауат

    11.11.2014 - 14:51 Ответить

    Жаль что он не особо дружит с историей

  • Салима

    11.11.2014 - 15:01 Ответить

    Читая его письмо вспомнила статью Ильи Азара, который перевернул всю правду

  • Апатай

    11.11.2014 - 15:03 Ответить

    Наоборот все русские названия городов, улиц надо переименовать на казахские

  • Мемеко

    11.11.2014 - 15:04 Ответить

    Нельзя давать повода шовинистам

  • ойпырмау

    13.11.2014 - 14:49 Ответить

    Президент әлі Буреевтің тілін алып, Кенесары атауын Александровқа ауыстырып жіберсе таң қалмаймын. Бір-екі орыс кемпірі шағымданды екен деп, Астанадағы автобустардың аялдама хабарлауларын бірден екі тілге көшіртіп жіберді емес пе (оған дейін тек қазақша хабарланатын). Мекеме-ұйымдардың да атауы екі тілде жазылсын деп әмір бергеннен кейін, тек қазақша жазғандардың біразы қайтадан орысшаны қосқаны да көз алдымда

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға