Сіз мындасыз:

Ә.Жақсыбеков Астананың әкімі болып тағайындалды
Ә.Жақсыбеков Астананың әкімі болып тағайындалды

Қазақия бұған дейін алдын ала деректерге негіздей отырып С.Ахметов Астана қаласының әкімі болуы мүмкін деп хабарлаған еді.

Алайда Ақорданың Туиттердегі ресми парақшасында қала әкімі болып Ә.Жақсыбеков тағайындалғандығы жария етілді. Жазбада «Мемлекет басшысы Астана қаласы әкімдігінің активіне жаңа әкім Ә.Жақсыбековты таныстырды»,-делінген.

Естеріңізге сала кетсек, Әділбек Рыскелдіұлы Астана қаласы қалыптасқан тұста, елорда мәртебесіне ие болған кезде шаһарды басқарған. Бұл 1997-2003 жылдар арасы.

 

 Әділбек Рыскелдіұлы ЖАҚСЫБЕКОВ

 

1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған.

1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды.

1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.

1997-2003 жылдары – Астана қаласының әкімі.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 жылғы  қаңтар — қазан аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі.

2008-2009 жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

2009-2014 жылар аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2014 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға