Сіз мындасыз:

Мұқаддамның  әңгімесі
Мұқаддамның әңгімесі

Уақыт деген тез өтеді ғой, әсіресе жұмыс көп болса.. 1985 жылы Мәскеуде аспирантурада оқып жатқан кезім. Жеңістің 40 жылдығына бүкіл кафедра болып дайындала бастадық. Арамызда сол жеңісті жақындатуға үлес қосқан ұстаздарымыз да бар. Солардың бірі – Дмитрий Дмитриевич Калафати деген профессор болды. Онша сөзге жоқ, бір тоға, түсі сесті кісі еді. Тұйықтығын айтайын, үш жылдың ішінде ол кісінің біреумен әңгімелесіп отырғанын көрген емеспін. Кафедрада аспиранттары жоқ, өзімен өзі. Жеңіс күніне арналған бас шара 7 мамырға белгіленді. Сол күні таңертең коридорда профессор Калафатимен кездесіп қалдым, құттықтадым. Ол кісі маған қарап тұрып: «Мен саған бір әңгіме айтуым керек» — деді де өзі отыратын жеріне мені шақырды. Менің түсімді танығанымен, атымды білмейді.

-Жас жігіт, рахмет құттықтағаныңа. Мен саған осыдан 44 жыл бұрын болған, есімде ерекше сақталған бір оқиғаны айтқым келіп отыр. 1941 жылдың күзі болатын, мен ол кезде уыздай жас лейтенантпын. Төрт офицер қоршаудан шығып келеміз. Ортамызда жараланған полковник шеніндегі полк командиріміз бар. Бір күні түнде «Тоқта! Кім келе жатқан!» деген дауыс тоқтатты. Бізді тоқтатқандардың сөзі орысша, киімі біздікі, түрлері азиялықтар. Қаруларымызды сыпырып алды, алдарына салып командирлері отырған палаткаға алып келді. Командирі аға лейтенант, оның да түрі азиялық. «Кімсіңдер! Баянда!» деп бұйрық берді. Арамыздағы үлкеніміз майор жауап берді: -Жолдас аға лейтенант, біз де сіздер сияқты қоршауда қалып қойып, содан шығып келеміз..

— Тоқтат! Аға лейтенанттың даусы саңқ ете қалып майордың сөзін бөліп: — Мен қоршауда емеспін! Мен уақытша жауланған өз жерімізде тұрмын! Сүйтті де жараланған полк командиріне қарап:
-Жолдас полковник, менің батальоным таң ата шабуылға шығады. Қажет деп тапсаңыздар бізбен бірге қоршаудан ұрыспен шығуларыңа болады. Полковник оған рахметін айтып «Біз сендерге қосымша жүк болғымыз келмейді, аз адамбыз ғой. Біз өтіп кететін кішкентай саңылау көрсетсең болды, сол жермен шығып кетейік.. Аға лейтенант картамызға қай жерден өтіп кетуге болатын жерді көрсетіп, сол жермен шығып кеттік..

Александр Бектің кітабын оқығаннан кейін ғана жаңағы аға лейтенанттың Бауыржан Момышұлы екенін біліп отырмын. 1941 жылдың күзіндегі жағдай өте ауыр еді ғой. Міне, сол кездегі жаппай шегініс, жаппай жеңіліс кезінде жеңіске деген сенімнен таймаған, сабыр мен жігерді қатар ұстаған адамдарды сирек көрдім. Мұны саған айтып отырған себебім – ол сенің қандасың Бауыржан Момышұлы» деген кезде жүрегімді мақтаныш сезім кернеп профессорға ерекше мейірлене көз салдым.

С. Жүсіп

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Октябрь 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Жоғарыға

Яндекс.Метрика