Сіз мындасыз:

Мемлекеттік қарыз өсіп жатыр
Мемлекеттік қарыз өсіп жатыр

Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 26,5 млрд. теңгенi құрады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрi Руслан Дәленов мәлiм еттi. «1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4 трлн. 074 млрд. теңгенi құрады. Доллармен есептесек, шамамен 26,5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде шығады. Бұл IЖӨ-нiң 1,9 пайызына тең. Айтарлықтай төмен көрсеткiш», — дедi Р. Дәленов.  Сонымен қатар мемлекеттiк кепiлдiк аясында алынған қарыздар 121 млрд. теңге болып отыр. «9 айдың қорытындысы бойынша үкiметтiк қарыз бен оны жабу көлемi қауiпсiз деңгейде. Бюджетке салынған қарыз ауыртпалығы бюджеттiң пайдасымен салыстырғанда ойдағыдай шекте — 9,7 пайыз деңгейiнде тұр. Еске салайын, ең шектi лимит 15 пайызды құрайды. Бiзге еш қауiп жоқ. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның 2013-2014 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнде қарыз көлемi төмен елдердiң iшiнде Қазақстан жоғары 14-орынға ие болды», -деп атап өттi вице-министр.

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға