Сіз мындасыз:

Елімізде үш ай ішінде 58 мың көлік техникалық байқаудан өтпей қалды
Елімізде үш ай ішінде 58 мың көлік техникалық байқаудан өтпей қалды

Биыл алғашқы үш айда 58 мың көлік алғашқы техникалық байқаудан өтпей қалды, деп хабарлайды Қазақия Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы алғашқы тоқсанда бұл көрсеткіш 24 мың автокөлік болған.

Биыл І тоқсанда техникалық байқауға барлығы 416,5 мың автокөлік құралдары келсе, оның 58 мыңы (52 мың жеңіл көлік, 3 мың жүк көлігі және 2,5 мың автобус) бірден техникалық байқаудан өтпей қалды.

Негізгі себеп — тежегіш жүйесінің істемеуі (21 мыңға жуығы), меңгеріп басқару (3,7 мың), сыртқы жарық беру (18 мың), қозғалтқыш (4 мың), қозғалтқыш бөлігі мен аспа (2 мың) ақауы.

«Қазақстанның автокөлік құралдары олардың тіркелу орнына байланыссыз 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық байқаудың арнайы орталықтарында ғана техникалық байқаудан өтуі тиіс екенін еске саламыз. Бүгінгі таңда мұндай 399 орталық бар. Олар 43 қала мен 79 әкімшілік ауданды қамтиды», делінген министрліктің ақпар хатында.

Орталықтар ақпаратты автоматты түрде өңдеп отыратын «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде 2014 жылғы сәуірде қабылданған «Жол қозғалысы туралы» заңы бойынша техникалық байқауды өткізу процедурасын жетілдіру мақсатында мынадай өзгерістер енгізілді:

— жаңа автокөліктері үшін техникалық байқауды өту мерзімін 1 жылға ұзарту, яғни 4 жылға дейін;

— қағаз жүзіндегі техникалық байқаудау өту туралы куәландыратын бланктерден бас тарту;

— техникалық байқау барысында көлік салығын төлегендігі туралы құжатты ұсынуды жою;

— жол көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқау кезінде көліктің ақауларын
таппағаны үшін операторларды жауапкершілікке тарту;

— операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейту.

Бұл Заң 2014 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді.

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Октябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Жоғарыға