Сіз мындасыз:

Бас шайқатқан бассыздық…
Бас шайқатқан бассыздық…

…Бірде пойызға бізбен бірге бір «қызық» жолаушы отырды. Купедегі үш жолаушы сөмкелерімізді айқара ашып, барымызды шығарып, ішіп-жеп жатырмыз. Бірақ, әлгі төртінші жолаушымыз – «қызық» жолаушымыз нәр тартқан жоқ.

«Ау, іш, же, бауырым» деп асты-үстіне түсіп жатсақ та, кеу­десін басып «рахмет» деген ишара білдіреді де қояды. Үн жоқ, мылқау. Қара су да ішпейді. Ауық-ауық терезеге, сосын, сағатына қарайды. Шығады, кіреді. Ұйқысы тағы жоқ . Байыз таппай дызақтап жүр. «Ауру» екен дедім, аяп…

Пойыз Қызылордаға жақындағанда ішке ит еріткендер кірді. Есірткі тексеретіндер екен. Бір кезде құлағы салпылдаған сабалақ ит біздің купелесі­мізге арпылдап, тап берсін. «Қызық» жолаушымыздың түрі боп-боз болып кетті. Полиция келіп, бізді шығарды да, оны тексеруге кірісті.

Кейін бізді шақырды. Кірдік. Тамақ ішетін үстелдің үстінде бір пакет жатыр ораулы су-су, адам көргісіз күйде. Сөйтсек, «қызық» жолаушымыздың асқазанында есірткі деген бәле бар екен. «Жіптің ұшы аузында, тісіне ораулы болады екен» – дейді бір жолы сапарласым.

Есірткі тасымалдаудың жол­дары мен тәсілдері де жаныңды түршіктіреді. Бір әйелдің есірткіні өз құрсағына жасырғандығын, келесі бірінің тоқ ішегіне тыққандығын, тіпті, «Операциядан шықтым, ауру адаммын» деп тызылдып, өзінің денесін тілдіріп, есірткі салып, тігіп тастағанын да естідік. Бұлар титтей тиынды місе тұтқан тасымалдаушылар ғана, ал, «балық – басынан шіріп» түйені түгімен жұтатындар тым биікте отырады…

Бар гәп – «шатырыңның» қуатттылығында, мысалы, біреу 1 гр есірткімен 3 жылдық қапас өмірді арқалап кетсе, келесісі 3 гр марихуанаға 18 мың теңге айыппұл төлей салады.

Сыр өңірінде есіріктердің есін кетіріп, санасын улайтын «көк өлім» аталған – көкнәр да қаптап өседі. Қармақшы ауданының Далдабай елді мекенінде екі жігіт ала жаздай есірткі егіп, ақырында, піскен өнімнің жапырағына елтіген екеу бірі-бірімен қан жоса төбелесіп, арты адам өліміне ұласты. Ботабай деген жерден 25 шақырымда, қалың жиденің арасында бір топ есірткешілер «егін жинау» науқаны үстінде ұсталды.

Есірткіні жинаудың тәсілдері де көп. Мәселен, бір жабайы тәсілі бойынша, күн тас төбеге шығып, ми қайнайтын аптапта адам тырдай жалаңаш шешініп, есірткі алқабының арасымен арлы-берлі андыздап жүгіреді. Қара су болып терлеген денеге есірткі майы жабысып қалады да, оны пышақпен қырып, кір-кір, шаң-шаң түйіршектерін домалатып, тазалап алады. Мұндай есірткіні сорған сорлы ауру болмай қайтсін?!.

Есірткінің тағы бір аты – «Қарасора». Өйткені, ол қара сор — қалың жерде қаулап өсіп, мол жеміс береді. Қара сор жерге еккен есірткінің уыты да қатты болады. Тез піседі. Тез кебеді. Тез жиналып алынады…

Бір қызығы, есірткі егіп немесе таратып-сатқандардың сот мәжілістерінде кінәлілердің бар­­лығы дерлік қылмыстарын мой­ын­дап, жан-жағына жалтақ-жалтақ етіп, бас шұлғып жа­та­­ды. Қылықтары — алдын-ала сце­­на­рийі жазылып, енді сахнада қойыл­ып жатқан спектакль секілді…

Байқайсың, байқайсың да – басыңды шайқайсың…

Белгіленді: 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Октябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Жоғарыға