
Өткен 2013-14 оқу жылын- да Қазақстанда 2 581 607 оқушы мектепте оқыпты. Соның 1 666 268-і (64,5 %) қазақ тілінде, 816 965-і орыс тілінде, 2001-і ағылшын, 96 373-і өзге тілде оқыған. Билік айтып жүрген 70-80 пайыз қазақша оқиды дегенді көре алмадық. Сол қазақша оқи- тын оқушының 1 630 452-сі (97,8 %!) қазақ баласы екен де, небәрі 2,2 пайызы ғана өзге этностың балалары екен. Яғни, қазақтан өзге этностар қазақша оқығысы келмейтін сияқты. Енді нақтылай айтай- ық. Қазақ баласының 1 630 452-і қазақша оқығанымен, 247 686-ы орысша, 1037-сі ағылшынша оқып, 223-і тіпті этникалық топтар тілінде оқыған. Өзбек балаларының 6874-і қазақша, 21 939-ы орысша, 76 907-і өзбекше оқыпты. Орыс баласының 4179-ы қазақша, 348 405-і орысша оқыпты. Әзірбайжан баласының 4 мыңы қазақша, 16,5 мыңы орысша оқыпты. Қырғыз баласының 1 200-і қазақша, 3 200-і орысша оқыпты. Тәжік баласының жартысы қазақша, жартысы орысша оқыған. 4 сыған қа- зақша оқығанымен, 800 сыған баласы орысша оқыған. Ұйғыр баласының 5 мыңы қазақша оқығанымен, 24 мыңы орыс- ша оқыған. Түріктердің де 3 мыңы қазақша, 11 мыңы орысша оқиды. Башқұрттар, лезгиндер, аварлар, құмықтар – бәрі де орысшаға ұмтылған. Бұл — Статистика агент- тігінің ресми мәліметтері. Яғни, көп ұлтты Қазақстан халқының 35 пайызының баласын қазақша оқытуға я бейілі жоқ, я мүмкіндігі жоқ, я мектебі жоқ. Экрандар мен газеттерге шығатын «қазақша сайраған» туыстар шынымен көзбояуға ұқсайды. Билікте осы ағыстарды талдап, қоры- тынды шығарып, жағдайды өзгертуге ұмтылған жан бала- сы көрінбейді. Бұл оқушылар он-жиырма жылдан соң, бел- сенді түрде қоғамға шығады. Сол кезде қазақ тілді орта мен өзге тілді ортаның ақпарат- тық майданы әлі жалғасатын болады. Билікте жігер, Үкімет- те ниет болмаған соң осы!
Болат МҮРСӘЛІМ















Жауап беру