
Қытайдың Хайнан провинциясындағы Дапу қаласында 300-дей балада қанқұрамында қорғасынның мөлшерден көп екендігі анықталды, деп хабарлайды Қазақия сайтына сілтеме жасай отырып.
Жергілікті тұрғындар балалар қалаға жақын жердегі зауыттың қалдықтарынан уланып қалды десе, билік өкілдері балалар «қарындашты шайнауын» қою керек деп отыр.
Қауіп жайында жергілікті коммунистік партия өкілдігі жария етті. Олардың айтуына қарағанда, қан құрамында қорғасынның мөлшері үш еседен асып кеткен.
Қалдықтарында қорғасыны бар кәсіпорын Meilun Chemical Materials компаниясына тиесілі. Қазір онда тексеру жүргізіліп жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қала басшысы Дапу Су Гэньлинь телеарналардың біріндегі бағдарламада қан құрамында қорғасынның мөлшерден көп болуы оқушылардың графиті бар қарындашты аузына салғанын шығар деп уәж айтқан. Әлеуметтік желі пайдаланушылары осы сөзді сынға алып әкімнің ақылының қалыпты екендігіне шүбә келтірген. Өйткені, қытай тілінде қорғасын мен графит сөздері өте ұқсас. Қала басшысы улануға себеп болған қандай зат екендігіне мән бермеген.


















Жауап беру