
Қызылордада жеке дүкендердің бірінен жылан шықты, деп хабарлайды Қазақия. Оқиға орнынан ұзындығы жарты метрдей жыланды ұстаған құтқарушылар оның улы емес екендігін анықтады. Бауырымен жорғалаушылардың бұл түрі шөлейт жерлерді мекендейді және оның қаладағы дүкенге қалай кіріп кеткендігі де белгісіз.
Құтқарушылар жыланды қаланың сыртына апарып босатып жіберді. Осыған ұқсас оқиға қалада бесінші рет қайталанып отыр.















Жауап беру