Сіз мындасыз:

Қарағанды автобустарында интернет тегін
Қарағанды автобустарында интернет тегін

Қарағанды автобустарында тегін интернет іске қосылды.  «WiFi Bus» жобасының аясында қалалық автобустарға “3G WiFi-роутерлерді” әлемдік желіге тегін қосуға мүмкіндік беретін арнайы аспаптар орнатылды. Қазір Қарағандыда «№3 автобус паркінің» 24 автобусы осындай қондырғымен жабдықталды, алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарда бар.

«Смартфондардың, планшеттердің және басқа да құрылғылардың танымалдылығының айтарлықтай артуы адамдардың кез-келген жердегі жоғары жылдамдықты мобильді интернетке деген қажеттелігіне әкелді. Біз мұндай жобаны республикалық көлемде ашқан алғашқы компания болып табыламыз. Қала тұрғындары үшін жоғары жылдамдықты интернет ұсына отырып, біз оларға өз танымы мен қызығушылығы деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік ұсынамыз»,-деді “Beeline Қазақстан” компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко.

«Автобуста желіге тегін қосылу – жұмысқа немесе оқуға барар жолдағы уақытты ұтымды пайдалану мүмкіндігі. Біз осындай қызықты да пайдалы жобаны іске қосқан “Beeline Қазақстан” компаниясының бастамасын қолдаймыз. Бұл бастама қалалық қоғамдық көліктегі қызмет сапасын жақсартып, жолаушылар санын арттыра түсетіні күмәнсіз»,-деді Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бірнеше қаласында 100-ден астам автобус өз жолаушыларына тегін интернетті пайдалану мүмкіндігін ұсынуда. Бастапқыда жоба сынақ ретінде Петропавл қаласында іске қосылды, ке-
йіннен бұл тәжірибе Көкшетау, Түркістан, Орал қалаларында өз жалғасын тапты. Бүгінгі таңда Қостанай, Атырау қалаларында сынақ жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатса, Алматы, Астана, Қызылорда, Павлодар және басқа қалаларда дайындық жұмыстары басталып кетті.

Дәулет Асауов, Қарағанды

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға