Сіз мындасыз:

Қаппаровтың өлімі – уысындағы уранға қатысты ма?
Қаппаровтың өлімі – уысындағы уранға қатысты ма?

 

 

Ресми мәлімет бойынша, Нұрлан Қаппаров 26-наурызда Қытай астанасы Бейжіңге (Пекин) сапарында көз жұмған, түскі ас кезінде жүрегі тоқтап қалған деседі… Бұл өзі құдайдан келген ақ өлім бе, әлде пенде баласының бәзбіреуісінің қолынан келген қып-қызыл қиянат па, оны әзірге дәнекүс қоғам ажырата алар емес. Бір білетініміз – тұп-тура жұмсақ креслодағы көп жамбастың біразы жасап тастаған тоғыз ондық тоқсанның қақ жартысы 45-те тағы бір қазақ азаматы қиылып кетті. Сонымен, байтақ Қазақстан дал болып, байыбына бара алмаған Нұрлан Қаппаров кім еді? Кім үшін қызмет еткен? Шынымен, жиылып жұрт айтқандай «жақсы адам» ба еді?..

Әрине, бұл жерде «кім еді?» деген сұраққа сіз кідірместен, күле отырып: «Қазатомөндіріс» басшысы ғой. Бір кездері ол Қазақстандағы ең қалталы 50 байдың қатарында болмап па еді?», – деп тап өзіме қайыра сұрақ қоятыныңыз да ақиқат! Өйткені, адамдар бір-бірін байлық пен мансап арқылы таниды емес пе?!

Тіпті едел-жедел елудің ішінен қойып кеткен іскерлігімен «Forbes» журналының назарына іліккені бар: есепке салып, шотқа қақса, Қаппаров байлығы жобамен 120 миллион долларды құрап кеп жіберген. Бір елді «ұстап тұратын шамамен 500 бай болады деуші еді: демек, қазақ бар-жоғы «Forbes»-тің назарына ілінген елудің нақ біреуін жоғалтты. Бұл — бір деңіз!

Екіншісі – ең маңыздысы! Оны, тіпті әлеуметтік желідегі бір оқырманның пікірі растап тұрғандай. «Уранды бiлмеймiн, құлаған протонның экологиялық шығынын есептеп, «Ресейге айыппұл төлетемiз» деп жүргенде-ақ «әй, осы жiгiт ұзамайды-ау» деп ойлап едім (Бақтыбай ЖАЙЛАУ).

Тұп-тура осылай айтқан Бұл лепес туған жұртының жарықтық Нұрланның «Ресейге айыппұл төлетем» деген ерлігін еске алған түрі емес пе (мұның да «жас өлімге» жанама себеп болмасына кім кепіл)?! Ал біз бұған қоса, Бақтыбай ағамыз айтып қалған, «Қазатомөндірісі»-нің қанжығасындағы уран төңірегінен іздестіріп көрсек: бәлкім, «ең маңызды» адамдық сұлбасы сол болар ма еді, кім білсін?!

«Дала мен Қала» газетінің дәйегіне жүгінсек, Америкалық іскер журнал «Bloomberg» Қаппаровтың қазасын Сингапур Премьер Министрі Ли Куан Ю және АҚШ федералды қорының бұрынғы басшысы Лайла Грэмлимен бірге өткен айдағы орны толмас ең қайғылы қазалардың тізіміне қосқан көрінеді. Әрі, басылым Қаппаровты уран өндіруде алдыңғы орында тұрған өндіріске жетекшілік еткенін айтып, наурыз айының басында оның “Қазатомөндірісті” атом электрстанцияларына арналған жанармай шығаратын ең ірі өндіріс орнына айналдырамын деген уәдесін еске салады.

Сізше бұдан нені аңғаруға болады? Бұл бұған дейін тек уран өндіруді мандат-мақсат еткен «Қазатомөндірісі» тарихындағы сенсация болмас па еді: Қаппаров наурызда айтқанын іске асыра алғанында?! Әттең, оған білте ғұмыр жетпеді, жалп етіп өшті…

 

Осыдан аз күн бұрын «ДАТ» газетінде осы өлімнің жалпыға жұмбақ жай-жапсары жайлы журналист Владимир Харченконың «Нурлана Каппарова убици агенты российских спецслужб?» деген мақаласы жария болды. Онда “Қаппаровты улап өлтірді деген сыбыс тарады” делінген. Әрі біраз қисынның бетін ашқан. (№13 (284) сәуір. 2015).

 

Бақсақ, бұл саланы аяғынан тұрғызғысы келген екеудің де ісі оңға баспаған, тасы өрге домаламаған іспетті. Мәселен, бір кездері Мұхтар Жәкішев: «Уран қоры бойынша екінші орында тұрған (Австралиядан кейін) Қазақстан 2009-жылы уран өндіруде бірінші орынға шығады» деп мәлімдеп кеп жіберген болатын. Нәтижесінде сол межелі 2009- жылы осы сөз уранның орынын қайдам, өзінің орынынан қаңбақша ұшырған, құрықталып кете барған.

Ал осы Жәкішев орынтағынан омақаспаса, нендей жаңалық болатын еді дейсіз ғой? Оны тағы манағы сөз басында тілге тиек еткен «Bloomberg» журналы 2008-жылдың сәуірінде жазып қойыпты: «Қазақстан үшін қазіргі уран көздері 70 жыл бұрынғы Сауд Арабиясы анықтаған мұнай қорындай маңызға ие болады” деп.

Қазақы жатық ұғымға жықсақ, осы Америкалық журналдың «көзі» сөйтіп уранға тимей, Қазатомөндірісі басында қызарып жүрген Жәкішев Мұхтарға тиіпті (көз қызылға тиеді: қызарып жүрудің өзі үлкендер жағы жиі айтатын «от еді», «жалын еді»-нің нақ өзі – Қ.Қ.).

Жәкішев құрықталғаннан кейінгі «Қазатомөндіріс»-ке қожалық еткен Владимир Школниктің жыры – бір төбе-ақ! «Қолынан келіп, қонышынан басқан» Школниктің арқасында уранның қызығын Ресей көріп, қарық болғаны да, БАҚ-тың біраз шулап басылғаны да – осы тұс!

Қаппаровтың қара басына «бәле боп жабысқан» Мұхтардың жобасы мынау еді: «Бұл жоба табиғи уранды экспорттаудан ядролық жанармай жасауға көшу болатын. Іс жүзінде уран тасымалына қарағанда, бұдан түсетін табыс та толымды болар еді», – дейді «ДАТ» газетінің тілшісі.

Сонымен қатар, «Соңғы 10 жылда Қазақстан уран өндіретін көшбасшы елге айналды. Жерімізде уранның 12 пайызы шоғырланған. Ал, Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың дерегінше, Қазақстанда қазіргі күні 17 уран кеніші жұмыс істейді, алайда олардың тек 5-і ғана “Қазатомөндіріске” тиесілі. Өзгесін біздің ел шетелдік әріптестермен бірігіп игереді. Оның ішінде Ресей де бар».

Сараптап көріңізші, бұл жерде кімнің мүддесі тұрғанын?

 

P.S.: ақиқатында Қаппаровтың шынымен кім болғанын, мұнымен біз толыққанды айтып шыға алдық деп айтудан аулақпыз: әмсе, Нұрлан марқұмның бұл өмірге қо-
йылған құмсағат-ғұмырынан да сан шындықтың суырылып, сусып шығатыны да – шындық! Әзірге «жақсы адам еді» деп топырақ салған жұрттың көңіліне осы жазбамыз да аз медет болар деген үміттеміз!

 

 

Қозыбай ҚҰРМАН, Алматы

 

фотосы

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Май 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жоғарыға