Жүсіпбек Аймауытов
(1889-1931)
Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешені шешенін сөзден тоқтатса, мардымсып, бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай.
Қазақта қашаннан білгіштің соңынан ергіштік береке бар.
Адам сүю, күю, азап шегу үшін жаралады екен.
Әлихан Бөкейханов
(1866 — 1937)
Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар.
Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс.
… біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, құқына тартысу; жылау салты артта қалды. Ендігі – рәсім құқы үшін жылау емес, құқын талас-тартыспен қорғау.
Міржақып Дулатов
(1885-1935)
Әрбір адам шенеунік болуы мүмкін. Бірақ, әрбір шенеунік қазақ бола алмайды.
Азаттық таңы атты. Тілекке Құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудан арман қалған жоқ.
Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.



































Жауап беру