Сіз мындасыз:

Шетел фильміндегі жалғандық
Шетел фильміндегі жалғандық

«Жалдамалылар» фильміндегі жалғандық

 

 

Өткен жылы әлемдік кинонарыққа АҚШ режиссері Кристофор Рейдің «Mercenaries» (Жалдамалы әйелдер) атты бір жарым сағаттық «туындысы» жол тартты. Иә, Американың күнде шығып жатқан көп қырып жоюды насихаттаушы фильмінің бірін неге ауызға алды деп ойлап отырған боларсыздар. Бұл жолғы «ән» «бұрынғы әннен өзгерек» болып тұр. Себебі бұл Қазақстанға тікелей қатысты. Кино оқиғасының барлығы дерлік Қазақстан территориясында өтеді. Міне, әңгіме осы жерден басталады.

 

 

Оқырманға түсінікті болу үшін кино оқиғасын қысқаша айта кетсек:

АҚШ президентінің қызын қазақстандық қарақшылар қолға түсіреді. Осы қолға түскен қызды құтқару үшін Америка ауыр жазамен түрмеде отырған төрт баскесер әйелді босатады. Осы төрт әйел Қазақстанға келіп, президент қызын құтқару операциясын жүргізеді. Қазақстанға келген америкалық баскесер әйелдер мұндағы жағдайды көргенде «шок» болады. Бүкіл елді бір ғана қатын басқарады. Тұтқындағы қызды босату үшін америкалық баскесерлер «қазақстандық жігіттерді» қынадай қырып, сабап, өлтіріп кетеді. Қазақстандық деп ойнаған жігіттердің көбі түрі азиялтықтарға ұқсайтын қаба сақалдар. Әлгі төрт әйел әйтеуір қызды құтқарады, ең соңында. Кино миссииясы да сол ғой.

 

Енді осы киноның сорақылығына келейік:

Жалдамалылар Қазақстан территориясына кірген сәтте өңшең бір қираған құрылыс, тек қана қарулы ковбойлар, жол таңдамайтын джиптер жүреді. Сол кезде бойы мыртиған бір «қазақ қызы» жүгіріп келеді де, «Ой, америкалықтар, сендер бізді құтқаруға келдіңдер ме? Менің Америкаға барғым келеді, мені өздеріңмен бірге ала кетіңдерші?» деп жалынады. Сонда біздің «құтқарушымыз» Америка ма?

Мұнан кейін Президенттің қызымен бірге қазақстандық қарақшылар «Қазақстанның барлық қыздарын» қамауда ұстайды. Мұның не десе, «еркектерді басқару үшін әйелдерін жезөкшелікпен басқару керек»,- дейді фильмдегі басты рольдердің бірін сомдаған Бриджит Нильсен, қазақстандықтарды басқаратын қатын.

Бір кезде «Бораттан» көрмегенді көрген едік, ендігі сорақы осы фильм болып тұр. Кино соңында құтқарылған Президенттің қызы өзін құтқарушы жалдамалыларға алғыс айта отырып былай дейді; «Сендер мені ғана емес, барлық қазақстандық қыздарды құтқардыңдар!» Сонда әрбір фильмі адам санасына ықпал етуде ерекше орын алатын американдықтардың біздің еліміз жайлы түсінігі осындай болғаны ма? Олардың бізді өздерінің қиялынан туған азғындатушы фильмдеріне арқау ететіндей қандай себептер бар?

Бұдан өзге де кинодағы сыңаржақтық толып жатыр. Қазақты сонша төмендетіп, дамымаған, артта қалушы ел етіп көрсету, және өздерін «Қазақстанды құтқарушылар» ретінде танытудың астарында не жатыр? Жалпы осы фильмді жарыққа шығарушыларға біздің Сыртқы Істер Министрлігі тарапынан ескертулер берілгені жөн!

 

Ержан Жаубай, Астана

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Май 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жоғарыға