
Шетелде шамамен 4 млн қазақ тұрып жатыр. Брифинг барысында Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Қазақия ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«Болжам жасау қиын, бірақ айтарым, былтыр квота алынып тасталғанның өзінде Қазақстанға 30 мыңнан аса қазақ тарихи отанына оралған. Бұған дейін 18 мың қазақ деп хабарланған еді, осыған орай түрлі сұрақтар туындауы мүмкін. Оған себеп, елге енгендердің ресми саны туралы статистикалық мәліметке тек тұрақты мекендеу үшін рұқсат қағазын алғандар ғана ілігеді. Сондықтан бұл сан үнемі құбылып тұрады, жылдың басында келгендер құжат алып үлгеріп, соңында келгендер сәл кешіректеу алады», — деп атап өткен Аслан Қаржаубаев.
Комитет басшсының орынбасарының айтуынша, 3,5-4 млн қазақ Қазақстаннан тыс жерде тұрып жатқан көрінеді.
«Этникалық көші-қон рәсімдері оңтайландырылғаннан кейін елдердің Қазақстанға көшіп келуге деген ниеттері жиілеп жатыр. Биыл көшіп келушілердің саны жоғары болады деп болжай алмаймын, себебі заң келесі жылы ғана күшіне енеді деп күтілуде. Бір жылдары оралған қазақтардың саны 50 мыңнан асып жығылған болатын. Негізінен, этникалық қазақтар Өзбекстанда, Қытайда, Ресей мен Моңғолияда тұрып жатыр», — деп қосты А. Қаржаубаев.




















Жауап беру