Сіз мындасыз:

Шаханов неге шырылдайды?
Шаханов неге шырылдайды?

Қоғам қайраткері, қазақтың күрескер перзенті, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, «Жалын» журналының бас редакторы, ана тіліміздің бірден-бір жоқтаушысы Мұхтар ШАХАНОВ қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына 25 жыл толу құрметіне байланысты ұлт жанашырларымен басқосу өткізді. 

Адуынды ақын, асыл азамат қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін ұлықтау үшін Алматы қаласы әкімдігінің халықтық митингіге рұқсат бермей қойғандығын, қазақ тілінің әлі күнге дейін өз Отанында өгей баланың күйін кешіп келе жатқан қасіретті жағдайын тебірене тілге тиек етіп, егер мемлекеттік тілдің қорғаушылары рұқсатсыз бас қосса, биліктің шараға қатысушыларды жаппай қамауға алып, жаза қолданатындықтарын айтып, сес көрсеткендігін ашық та ашына сөз етті.

Басқосуға арнайы келген қазақ оппозициясының серкесі Серікболсын Әбділдин жүйелі ойларымен қатысушы­ларды дүр сілкіндірді. Ақын Мырзан Кенжебай теледидардың болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде ерекше қызмет атқаратынын, еліміздегі барлық телеарналардың тәңертеңнен кешке дейін Ресей саясатын ашық жүргізіп отырғанын, өскелең қазақ ұрпақтарының қайтадан орысша шүлдірлеуге көшкенін, бір сөзбен айтқанда, бүгінгі биліктің берекесіз әрекеттері қазақтарды қасақана орыстандыруға бағыт алғандығын, т.б. өзек­ті мәселелерді ортаға салды.

«Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың, танымал кинорежиссер Еркін Рақышевтың, ақын Жұмаш Көкбөрінің ортаға салған келелі ойлары жұртшылық көңілінен шықты. Әсіресе, Жұмаш Көкбөрінің Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың барша түркі дүниесінің асыл қазынасы, мыңдаған жылдық тарихы бар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кесенесі тұрған жердің байырғы атауын жойып, Тохтархан Қожағапанов дейтін қалталы кәсіпкердің небәрі бригадир болып қарапайым жұмыс істеген әкесі Жұманның атына ауыстыру жөніндегі облыстық ономастика комиссиясының арнайы шешіміне  қолдау көрсет­кендігін мәлімдеуі – жиналған жұрттың ашу-ызасын туғызды.

Кәсіпкер Т.Қожағапановтың Таңсық дейтін мекенде туған шешесінің атына мешіт тұрғызып, ендігі жерде қасиетті жердің атауын жойып, өзінің әкесіне алып беруге ұмтылуы – түсініксіз жағдай. Қазақ тілінің жанашырлары облыс әкімі Б.Сапарбаев пен кәсіпкер Т.Қожағапановтың бұл өрес­кел әрекетін аяқсыз қалдрмайтындықтарын, мұндай масқара басбұзарлыққа қасқая қарсы шығатындарын және бүкіл халықтан қол жинайтынын ашық мәлімдеді.

Шынында, Мұхтар Шахановтың шырылдайтындай жөні бар-ау

 

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, Алматы қаласы

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

1 пікір
 

  • Талғат

    01.10.2014 - 14:23 Ответить

    қазіргі билік басында отырған жандар қазақ халқының болашағына, қазақ тіліне мойынын бұрғысы да келмейді, елімізде «орыстандыру» саясаты өте жүріп жатқан сыңайлы, қайда барсаң да алдыңнан шығатын «шүлдір, шүлдір»….

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Октябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Жоғарыға