Сіз мындасыз:

Төлеевтердің мерейтойы 
Төлеевтердің мерейтойы 

Батырлық пен даналық, білімділік пен біліктілік, шет елде жүріп-ақ ұлтына, дініне қарамастан, өзге халықтың өкілдерін соңынан ерте білген көшбасшылық секілді бүкіл қасиет бір бойына жинақталған Амангелді Түлеевті кім білмейді? (Негізі, Амангелді ағамыздың атасының шын есімі – Түлей, әкесі «қалың түлей ормандай ұрпағым көбейсе екен» деген ниетпен қойған – «Қазақия»)  Ал, Амангелдінің әкесі Молдағазы Төлеев те кезінде ақты ақ, қараны қара деп айта білген, сол үшін қудаланған тұлға болған. 

Міне, осы тұлғаларға арналып биыл Ақтөбе облысында үлкен шара өткізілмекші. Шараны ұйымдастыру алқасының мүшесі Өтеміс Әкімовты сөзге тартқан едік.

— Әкелі-балалы Төлеевтерге байланысты мерекелік жиынның Ақтөбе, Ойыл топырағында ұйымдастырылу себебін білсек?

— Төлеевтерді еліміздің қай өлкесінде ұлықтаса да артық етпейді. Өйткені, олар Алаштың айтулы азаматтары болып саналады. Биыл Амангелді Төлеевке 70, әкесі Молдағазының туғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойларға байланысты, 10 тамызда Ойыл ауданының орман шаруашылығы алқабында мерекелік жиын ұйымдастырғалы отырмыз.

Амангелді Төлеевті жұрттың бәрі біледі. Ол Ресейдегі көрнекті тұлға, қоғам қайраткері. Кемер облысын ұзақ жылдар бойы басқарған қандасымыз, бауырымыз.

Молдағазы Төлеев 1914 жылы Ойыл өңіріндегі Қарағандысай деп аталатын жерде дүниеге келген. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында осы ауданда тергеуші болып жұмыс істеді. 1934 жылы С.Масатов деген жергілікті азаматқа «Бұрын Адай көтерілісіне қатысқан, шаруашылықтың он бес саулығын асыл тұқымды қошқарға алмас-
тырып жіберді, Жапониямен байланысы бар» деген айып тағылады. Ойыл аудандық прокуратурасының тергеушісі Молдағазы Төлеев, судья Тілеген Шарагөзов, Көкжар жәрмеңкесінің бастығы Ажайып Сұбханқұлов жаланың орынсыз екенін дәлелдеп, Масатовты ақтап шығады. Бірақ, арандатушылар айылын тартпай, қылмыстық істі қайта қозғайды. Бұл үшеуіне «халық жауына» жақтасты деген айып тағылады. Ажайып ұсталады, Тілеген науқастығына байланысты сотталмайды, бірақ қызметінен босатылады, ал Молдағазының Қарақалпақ асып, қашып кетуіне тура келеді.

Амангелді Төлеевке әкесіне қатысты және әкесі туып-өскен Ойыл өңірі туралы мәліметтер жіберіп, 70 жасқа толуымен құттықтап, жеделхат салдық. Бізге құттықтауымыз үшін алғысын білдіріп, жауап жолдады.

Мерейтойды атап өтудегі мақсатымыз — халқымыздың ұлдарын ұлықтау, олардың жүрген жолдары мен істеген істері кейінгі ұрпаққа өнеге болсын деген ұстаным.

Бердібай Кемал, Ақтөбе

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға