Сіз мындасыз:

Павлодарда бір үйде бес адамды пышақтап кеткен
Павлодарда бір үйде бес адамды пышақтап кеткен

Павлодарда көпқабатты үйдегі пәтердің бірінде бес мәйіттің табылды. Көз жұмғандардың қатарында екі баланың мүрдесі бар. Жан түршігерлік оқиғаның жай-жапсары енді мәлім болды, деп хабарлайды Қазақия өңірлік  порталына сілтеме жасай отырып.

«Алдын ала болжам бойынша жан тапсырған азаматтардың барлығы аяусыз пышақталған.Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті азамат қазіргі таңда ауруханада жатыр. Ал адамдарды өлтірген сәтте күдікті жарақатталғанға ұқсайды», — деп жазады «Звезда Прииртышья» газеті.
Қайтыс болған әйелдің жоқтығын оның жұмыс берушісі, яғни жергілікті дүкен қожайыны байқаған. Жұмысшының жоқтығына алаңдаған ол оның үйіне барған және бұл жөнінде оның туыстарына хабар берген.
— Отбасы бұл пәтерді жалдап тұрады. Бүгін оларға туыстары келіп, мәселенің мән-жайын анықтамақшы болды. Дегенмен пәтер ішіне кіре алмады. Нәтижесінде құтқарушылар шақырылды, — дейді куәгерлердің бірі Талғат Серікбаев.
Оқиға орнына жеткен полицейлер отбасы мүшелері пышақ жарақаттарынан қайтыс болғанын анықтады.
— Олардың қатарында кәмелетке толмаған ұл мен қыз бала бар. Шамамен 10-12 жаста. Әйелдің денесінде пышақ жарақаттарынан бөлек тұншықтыру белгілері байқалады. Мәйіттер бірнеше бөлмеде жатқан, —  дейді Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев.
Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Марат Қожаевтың айтуынша, көз жұмған отбасы мүшелері мен ауруханада жатқан азамат бір-біріне туыс болып табылады.
— Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиға орын алған тұрғын үйдің дәлізі полиция қызметкерлірінің бақылауында, — дейді М. Қожаев.

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға