
1960 жылы 24 қазанда Байқоңырда Р-16 зымыранын ұшыруға бір күн қалғанда артиллерияның бас маршалы Митрофан Иванович Неделин түс көріп, Қазақ даласының пірі — Қара қойшыдан ескерту алған екен. Атеист маршал оған мән бермепті. Осы трагедия кезінде маршал қасындағы жүзден аса адамдармен бірге өлім құшты..
Мен бұл оқиғаны 1988 жылы Байқоңырда қызметте болған бір прорабтан естіген едім. Бұл жігіт 1960 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында жұмыс істеген екен. Сол апаттан бір күн бұрын, кездейсоқ маршал Неделиннің өз адъютантына көрген түсін айтқан кезінде жанында болыпты.
— Сен білесің бе, мен бүгін түнде бір ерекше түс көрдім. Мен жатқан қонақүйге бір бейтаныс біреу келді. Денесі алпамсадай, зор денелі.
Мен маршалдың Құдайға сенбейтінін білемін ғой, маршал оны айтқан кезде оған ерекше мән беріп айтқандай көрінді маған. Бейтаныс адамның киімі қара, қой терісінен тігілген, жергілікті қазақ қойшыларының киімі сияқты. Басына кигені шошақ басты қара қалпақ. Бірақ, қойшыға ұқсамайды, қарулы сом денелі екені сыртынан-ақ көрініп тұр. Жәй адам емес екендігі бірден аңғарылады, грек олимптері жайлы аңыздардағы аспаннан түскен Құдайлардың бірі сияқты. Жаңағы адам Неделинге қарап:
— Уа, қолбасшы, аспанға жіберуге дайындап жатқан от зымыранды жібермеуді сұраймын. Жаңа Ай туғанша күте тұр! Оның себебі, аспанда даланың әруақтары аң аулап жүр, от зымыран олардың аң аулауына кедергісін тигізеді. Егер от зымыранды жіберсең әруақтар оны құртып жібереді, сол кезде көп адам өледі, сен де өлесің! — деп сөз қатыпты
— Мен саған сенбеймін, маған қызметімді атқаруға кедергі жасама! Сен қайдан келдің, сені кім жіберді? — депті оның сөзін бөлген Неделин.
— Әрине маған сенбей тұрғаныңды түсінемін. Жарайды, ондай болса өзің біл, — депті бейтаныс.
Осы әңгімеден кейін маршал екеуі ашық далаға шығыпты. Алпауыт бейтаныс жерден ауыр тасты алып зеңбіректің аузына салып аспанға атыпты. Сол заматта аспаннан от жауын шашып Қара қойшы мен маршалдың үстін жауып кетіпті. Осы кезде маршал Неделин оянса көргені түсі екен.
Неделин ешқандай ырымға, түске сенбейтін адам болғандықтан қазақ даласының қасиетті пірі – Қара қойшы жайлы естімеген болса керек. Бірақ оны білген күнде де аңызға сенетіндерден емес еді. «Далалықтар не айтпайды!»
23 қазанға белгіленген зымыранның ұшуы 24-е қалдырылыпты. Себебі әуелі 21-і күні жанармай багі тесіліпті, 22-і күні зымыранның мембранасынан ақау шыққан.
Зымыранның апаты 24 қазан күні ұшуға жарты сағат қалғанда болған. Жаңағы жөнделген ақаулар тізбегінде ұшқын пайда болып, екінші сатыдағы двигатель уақытынан бұрын от алады да, от жалын бірінен бірі жалғасып, басқа сатыларды от алдырады. Сол заматта қопарылыс болып, жан жағы оншақты метрді қамтитын, от жалын орайды. Ресми түрде 92 адам өлді деп саналады, бейресми деректер бойынша жүзден астам, ішінде маршал Неделин де бар.
Содан үш жылдан кейін, осы оқиғадан сабақ алмаған ғарыш басшылығы континентаралық Р-9А зымыранын ұшыруды, тағы да 24 қазанға белгілейді. Тағы да қопарылыс, тағы да адам өлімі… Қара Қойшы өз сөзінде тұрып, оларды тағы да жазалапты..
В. Крюков














Жауап беру