Сіз мындасыз:

«Көк» базарынан шу шықты
«Көк» базарынан шу шықты

Астанадағы «Көк» базарының жертөлесін жалға алған жиһаз жасаушылардың өнімдері суға шіруде. Әжетхана ішінде жарылған кәріз жүйесінен кеткен лас су 20 сантиметр тереңдік түзіпті. Одан хабардар базар әкімшілігінен қайран болмаған соң, ашынған саудагерлердің бізге шағымдануына тура келген. 

Жалпы аумағы екі жүздей шаршы метрді құрайтын жертөленің іші әлі де абыр-сабыр. Саудагерлер судан шыққан шудың толастамауына ең алдымен базар басшылығы, сосын өз кәсібін адам басынан 30 теңге алу арқылы-ақ дөңгелетіп отырған әжетхана қожайыны кінәлі деседі. Себебі, олар жарылған кәріз құбырын қалпына келтіру-келтірмеу туралы жақ ашпаған. Қолқаны қапқан нәжіс иісі аралас суды саудагерлердің өздері сыртқа шелектеп тасығанмен, оның қазіргі зардабы көзге ұрып тұр. Қабырға іргелері айғыз-айғыз. Жиһаздардың 70 пайыздайы қайта жасауға жарамсыз. Саусақ ұшы тисе, омырылып қалады.

«Мұнда бізге ешқандай жағдай жасалмаған. Үш жылдан бері жанайқайымызға құлақ түрген ешкім болмады. Өткенде осы жерге қарасты әкімшілік өкілдерін шақырдық. Біреуі ғана келіп, үндеместен кетіп қалды. Біз бұл жерде қалтамыздан қаржы шығарып, бір жапырақ нанымыз үшін жүрміз. Ал, онымен шаруасы жоқ күзетшілері мына жертөлеге тек ақша алар кезде ғана бас сұғады. Басқа күндері қарасын көрсетпейді. Шыдамның да шегі бар ғой, тіпті!»,- дейді жеке кәсіпкер Толқын Асхатқызы.

Жиһаздардың жалпы шығыны миллион теңгеден асып жығылған. Оларды жасап, саудаға шығарған он екі адамның ендігі талабы–базар басшылығына әжетхана иесі тарапынан шығынды өтетіп алу. Өйтпеген жағдайда, өздерін бес айдың орын жалдау ақысынан босатқанын қалайды. Бұл талапты естіген «Көк» базарының бас директоры Қайырлы Тәукен алдымен олардың арыз жазуы керектігін айтады.«Біз бұл кісілердің осында жұмыс істеуіне 6 жылдық келісімшарт жасасқанбыз. Ұзақ мерзімге. Дүние-мүліктеріне зиян келгеніне ашуланып жатқандары орынды, әрине. Бірақ, ешқайсысы шағымдарын жазбаша түрде әкеліп тапсырмаған. Әуелі жазсын. Сосын біз оған сүйеніп, әжетхананы жалға алған адамды қабылдауымызға шақырамыз»,- дейді ол.

Осылайша, қос тарап өзара келіскендей болды. Шығынға шырылдаған топ өтініштің қаралу мерзімі ұзап кетпес деген сенімде. Әліптің артын бағып, сынған жиһаздарының қайтадан қалпына келуін тілеп отыр.

 

Еркеғали БЕЙСЕНОВ, Астана

 

Белгіленді: 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға