1. Адамгершілік – жағымды сөз бен мейрімді кескін арқылы ғана көрініс таба бермейді.
2. Күн сайын мына үш сұрақты өзіме қоямын: Адам баласы үшін шын ниетіммен тырыса алдым ба? Достарыммен емен-жарқын сырласа алдым ба? Өзіме қажет өситеттерді орындап жүрмін бе?
3. Ата-бабаңды, өмірден өткендерді сыйлай білгенде ғана игілік атаулы жаңаша түрде қалыптасады.
4. Билік иесі әр ісін игілікке ғана негіздей алса, жамыраған көп жұлдыздың ішіндегі Темірқазық іспетті жарқырап, халықтың құрметіне бөленбек.
5. Егер заңды барынша қатайтып, жазалауды ғана алға тарта берсек, халық сақтыққа көшкенімен ар-ұяттан айырылып қалады. Ал, иманға, игі іске бағыттап, салт-дәстүрге негіздеп басқарсақ, халық ибалы болады, тәртіпті қастерлейді.
6. Ісі игі, санасы сау адам ешкімнің қару-жарағына айналмайды.
7. Сананы оятпаса, білім – тұл, біліммен табылмаған сана – қатерлі.
8. Жат жанның идеясымен жүрген адам орға түседі.
9. Халықты соңыңнан ерту үшін тоғышар, бұзықтарды басқаруға ең адал адамды тағайында. Егер арамдығын біле тұра ақымақтың ақылдарды басқаруына жол берсең, онда сенің сөзіңе ешкім құлақ аспайды.
10. Адамгершілігі бар адам ғана жақсыларды шын сүйе алады, жамандарды жек көре де алады.
11.Адам баласы нәпсіқұмарлығының салдарынан ғана оңбай қателеседі. Біреудің мінін аңғарған адам ақылды жан.
12. Егер біреу азық-түліктен, киім-кешектен мұқтаждық көрерін алға тартып, алыс сапардан бас тартса, ондай қорқақтың сәлемін алудың да қажеті жоқ.
13. Құт-берекелі мықты адам игілікке ұмтылады. Түкке тұрмайтын пенделер ауласын ғана мақтап, отыра береді. Жазадан қорықпау – ақылдылықтың нышаны. Рақымшылық пен кешірім дәметушілер – ынжықтықтар.
14. Пайда мен ұпайды қаншалықты қатты көздесең, өзіңе соншалықты көп қауіп-қатер төндіресің.
15. Жақсы адам әділдікке ұмтылады, жаман адам тегін олжаға құнығады.
16. Жақсыны көрсең сонымен теңесуге тырыс, санасызбен жолықсаң, сырыңды ішкі ойыңмен ғана бөліс.
17. Ата-анаңның жасына келгенде олардың не үшін қуанып, қандай нәрсеге алаң болғанын түсіне бастайсың.
18. Уәдеде тұра алмаудан қорықсаң, үнсіз қала бер.
19. Қаншалықты сабырлы болсаң, соншалықты аз қателесесің.
20. Адам баласы турашыл, әділдігінің арқасында ғана мәнді өмір сүреді. Егер сенің айналаңда алаяқтар мен жемқорлар тәуір тіршілік етіп жатса, ол кездейсоқтық әрі уақытша көрініс.
*** *** ***
Біреулер мені:
Тілдеген сайын – өткір пышақша өршелене түсемін.
Мақтаған сайын – қанаттанып биікке самғаймын.
Бәсекелескен сайын — қамшыны басып, алға ұмтыламын.
Қолдаған сайын – рухтанып күш аламын.
Жек көрген сайын – қателігімді көріп, жөнге саламын.
Жақсы көрген сайын – игі қасиетке қол созамын.
Өмірде маған қатысты барлық қатынас күш-қуат сыйлайтындықтан:
Өзімнің жұртқа керек екенімді білген соң – еңсемді тіктеп, жадырап жайнап жүремін!















Жауап беру